Дәріс сабағы №1.
Сабақтың тақырыбы: Латын тілі және оның қысқаша тарихы.
Жоспары:
Латын тілі және оның қысқаша тарихы
Архаикалық дәуір
Классикалық дәуірге дейінгі дәуір
Латын тілінің «алтын дәуірі»
Латын тілінің «күміс дәуірі»
Латын тілінің соңғы ғасыры
Қайта жаңғыру - латын тілі терминологиясының дәуірі
Латын тілінің қазіргі замандағы орны
Ветеринария саласында латын тілін үйренудің бірден бір мақсаты - ол болашақ латын терминологиясына сауатты мал дәрігерін дайындау. Қазір латын тілі «өлі» тілге жатқанымен, біздің күнделікті тіршілігімізде латын және грек терминологиясын кеңінен қолданатынымыз белгілі. Мысалы: ректор, декан, доцент, ассистент, институт, факультет, аспирант, лаборант, студент, диссертант, аудитория, конкурс, аппетит, прогресс, рeгресс, питиция, обсерватория, резерв, стиль, орнамент. Бұл сөздер біздің қолданып жүрген терминдеріміздің аз ғана бөлігі деп айтуға болады. Латын тіліндeгі афориздер мен мақал-мәтелдер тыңғылықты бір ойды, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіреді. Бұл афоризмдер біздің заманымыздан бұрын және одан кейін өмір сүрген атақты ғалымдар, философтар, ақындардан қалған аманат. Кейбір афоризмдер медицина мен ветеринарияда деонтологиялық (деон - міндет, логос - білім) міндетті заңдылықтарға ие. Мысалы: Medice, aegrotum, sed nоn morbum – дәрігер, ауруды емес, ауырған жанды емде, немесе Primum non nocere - ең алдымен зиян келтірме.
Достарыңызбен бөлісу: |