Латын тілі үнді еуропалық топтың ең көне тілдерінің бірі. Латын тілі Апеннин жарты аралында көне Лаций (қазір Лацио) мекенінде орналасқан Latini тайnасының атынан шығып отыр. Аңыздарға қарағанда біздің заманымыздан бұрынғы 753 жылдары осы аралда ағайынды Ромул және Рем Рома (Рим) мемлекетін көтерген. Рим мемлекетінің шапқыншылық - басқыншылық саясатының арқасында оның шекарасы барған сайын кеңейіп, Жерорта теңізінің бассейінінде ғана емес, жақын жатқан жерлердің бәрін бағындыруының арқасында Рим мемлекетінің шекарасы үлкейіп, отарланған елдеріне латын тілінің де ықпалы жүре бастады. Бірақ, осыған қарамай, б.э.д. 146 жылдары өзі бағындырған Греция жеріне латын тілінің әмірі жүрмеді. Керісінше, Греция және Шығыс елдерінде латын тілі тарихы тереңде жатқан, мәдени деңгейі биік жергілікті тілдерді бағындыра алмай, эллин (грек) мәдениетінің ықпалына енді. Рим империясында грек философтары, дәрігерлері, жазушылары дәріс оқыды. Сауатты римляндықтар міндетті түрде грек тілінде сөйлескен мектептерде грек тілін оқытты, өйткені грек тілі ғылымның көп саласына жол ашты. Сөйтіп, грек тілі латын тілінің қойны-қонышынан бірақ шықты. Кірме грек тілі латындандырылды 54 және латын әліпбесінің кеңеюіне алып келді. Латын әліпбесіне Y (ипсилон) және Z (зета) дeген екі әріп қосылды.
Латын тілі тарихында келесі кезеңдер көрініс береді: