Латын афоризмдері:
Invia est in medicina via sina lingua latina - латын тілісіз медицинаға жол жоқ
Ars longa, vita brevis - өмір қысқа, өнер мәңгі
Homo homini lupus est — адам адамға қасқыр (жау)
Homo sum, humani nihil a me alienum puto — мен адаммын, адамға тән нәрсе маған жат емес
Бақылау сұрақтары:
Латын тілінің шығу тарихы
Латын тілінің дәуірлері
Әр дәуірден өшпес еңбек қалдырған ғалымдар
Латын тілінің қазіргі замандағы ор
Дәріс сабағы №2
Сабақтың тақырыбы: Латын әліппесі.
Дәріс жоспары:
Латын әліппесімен танысу
Дауыстардың жіктелуі
Дауыссыз дыбыстар мен «j» әрпінің айтылуы
Дифтонгтердің айтылуы
Дауыссыз дыбыстардың айтылуы
Дауыссыз және дауысты дыбыстардың айтылуы
Дауыссыз дыбыстардың қосындыларының айтылуы
Қазіргі кезде жаңа латын әліппесінде 25 әріп бар
Жазылуы
|
Транскрипция
|
айтылуы
|
жазылуы
|
Транскрипция
|
айтылуы
|
А, а
|
а
|
а
|
N,n
|
эн
|
н
|
В, b
|
бэ
|
б
|
O,o
|
о
|
о
|
С, с
|
цэ
|
ц/к
|
P, p
|
пэ
|
п
|
D, d
|
дэ
|
д
|
Q, q
|
ку
|
к
|
Е, е
|
э
|
э
|
R, r
|
эр
|
р
|
F, f
|
эф
|
ф
|
S, s
|
эс
|
с
|
G, g
|
ге
|
г
|
T, t
|
тэ
|
т
|
H,h
|
га (ха)
|
гх
|
U, и
|
у
|
у
|
I, i
|
и
|
и
|
V, v
|
вэ
|
в
|
J, j
|
йот (йота)
|
й
|
Х, х
|
икс
|
кс
|
К,к
|
ка
|
к
|
У, y
|
ипсилон
|
и
|
L, l
|
эль
|
л
|
Z, z
|
зэт
|
з
|
M, m
|
эм
|
м
|
|
|
|
Латын терминологиясында кейде Ww— дубль вэ дeген әріп кездесіп қалады. Ол неміс тіліндeгі [в] немесе ағылшын тіліндeгі [у] сияқты айтылады.
Wassermann [Вассэрманн], Webster [Уэбстэр], Wilson [Уйлсон]
Биологиялық, биохимиялық, фармацевтикалық және химиялық номенклатураларда жануарлар мен өсімдіктердің родтық аты үлкен әріптермен жазылады:
Lacerta [ляцэрта] - кесіретке, Urtica [уртика] - қалақай, Arthropoda [артропода] — буынаяқтылар;
химиялық элементтердің аты мен катиондар - Ferrum [фэррум] — темір Natrii chloridum [натрий хлоридум] — натрий хлориді;
биохимиялық субстанциялар мен биохимиялық препараттар - Serotoninum [серотонинум] - серотонин, Tetracyclinum [тэтрациклинум] - тетрациклин.
Дауыстардың жіктелуі:
Латын тілінде дыбыстар дауысты (а, е, i, о, u, у) және дауыссыз (b, с, d, f, g, h, к, l, m, n, р, q, r, t, v, х, z) болып бөлінеді.
J әрnінің және дауыссыз дыбыстардың айтылуы
Жеке дауыстылар a, е, і, о, u монофтонгтар деп аталады және олардың айтылуы мен аталуы бірдей болып келеді: arenosus [арэнозус] — құмды, Rana [рана] — бақа, Triticum [тритикум] — дән.
Y (ипсилон) әрпі грек тілінен енген және дауысты i болып айтылады. Бұл әріп француз тілінде «игрек» («грек и») деп аталады: pterygoideus [птеригоидэус] — қанат тәрізді, symbiosis [симбиозис] — симбиоз, zygota [зигота] — зигота.
Eгер дауысты i дауысты а, е, о, u әріптерінің алдында тұрса, онда ол [й] болып - сол әріптермен қосылып орыс тіліндeгідей [я], [е], [ё], [ю] дыбыстарын құрайды: iaponicus [японикус] - япондық, maialis [маялис] — мамырлық, Iuniperus [юниперус] — арша
Кей сөздерде і әріпі дауыстылардың алдында өз алдына, жеке айтылады: Iodum [иодум] — йод
Дауысты [и] дыбысы келесі дауыстылармен қосылып басқа дауыс бергендіктен, XVI ғасырда латын әліппесіне дауыстылардың алдына қойылатын Jj- йот (йота) әріпі қосылды. Осылайша, iaponicus maialis, luniperus сөздері j әрпімен (japonicus, majalis, Juniperus) деп те жазыла алады. Бірақ, і әрпінің j әрпіне ауыстырылуы міндетті емес
Қосалқы дауысты дыбыстардың айтылуы
Латын тілінде дербес а, е, і, о, u, у дауыстыларынан басқа екі дауыстының тіркесiнен тұратын ае, ое, аu, еu дыбыстары бар. Классикалық дәуірде бұлардың бәрі де екінші сыңары буын құрай алмайтын дифтонгілер ретінде оқылған.
Ae дифтонгі [э] дыбысын береді: Algae [альгэ] — балдыр, arteriae [артериэ] — артериялар
Э ае, ое
Ое дифтонгі (э] дыбысын: amoeba [амэба] — амеба, Foeniculum [фэнй-кулюм] — фенхель
Au дифтонгі [ав] дыбысын: auris [аврис] — құлақ, caudalis [кавдалис] — құйрық жағы
Au ► ав
Eu дифтонгі [эв] дыбысын: Eucalyptus [эвкалйптус] — эвкалипт, pleura [nлёвра] — плевра
Eu ► эв
Eu дифтонгі сөздің соңында m және s дауыссыздарының алдында дифтонг құрмайды және буынға бөлінеді: calcaneus [кальканеус] — өкшелік, peritoneum [перитонэум] — ішперде (құрсақ қуысын қаптайтын кілeгейлі қабық).
Кейде биологиялық атауларда грек дифтонгі еі кездеседі де [эй] болып оқылады: Teichodectidae [тейходектидэ] — жүн жeгіштер, seirosporae [сэйроспорэ] — сейроспоралар
Кей жағдайларда ае немесе ое дифтонг құрмайды және әр дауыссызды жеке айту керек. Бұл үшін екінші дауыстының үстіне қос нүкте қойылады: аёr [аэр] — ауа, uropoeticus [уропоэтикус] — зәртүзгіш, Аlоё [алоэ] - алоэ, erythropoesis [эритропоэзис]— эритроциттердің пайда болуы, Aquila chrisaetos [аквиля хризаэтос] — бүркіт
Жаттығулар:
1. Сөздерді дұрыс оқыңыз:
A. abdomen, abdomenalis, abducens, abductor, abducens, abductor, abomasum, accessоrius, acutus, adductor, anterior, apertura, apex, apophysis, articulatio, assendens, auris, auribulla, avis
B. Basis, basilicus, biceps, bifurcatio, bigeminus, blastus, brachium, brevis, bucca, bulla, bursa
C. Caecum, caecalis, calcаneus, canis, caninus, caput, capitulum, cartilago, cauda, caudalis, cerebellum, cervix, cervicalis, claviculla, сlavicularis, colon, collum, columna, compositus, coxaе, cranium, cutis, cystis, cytus
D. Dens, densus, dentalis, derma, dessendens, dexter, diaphysis, dilatator, distalis, dorsum, dorsalis, duodenum, duodenalis, digistio
E. Encephalon, enteron, endocardium, epidermis, epicardium, epigastricus, epigastrium, epiphysis, epitelium, equinus, оesophagus, еxternus, extremitas, epiglottis, epiglotticus
F. Facies, facicalis, fascia, femur, femoralis, fibrosus, fibula, fissura, flexor, fundus, flexor, flexura, foramen, fossa, fovea
Достарыңызбен бөлісу: |