Қазақстан республикасы білім және ғылым



бет4/44
Дата06.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#80043
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
Латин

Архаикалық кезең (б.э.д. 650-480 жылдары) осы заманнан қалған қолжазбалардан дерек береді. Б.з.б. IV ғасырда өмір сүрген Аристотель жануарлар және өсімдік әлемін қорытындылауға тырысқан, ал оның оқушысы Феофраст (IV—III б.з.б.) өсімдіктердің құрылысы және көбеюі туралы трактат жазып қалдырған.
Классикаға дейінгі кезең (б.э.д. 3 және 2 ғасырларда) - әдеби латын тілінің аяққа тұру қезеңі болып саналады. Бұл заманнан Теренция мен Плавтаның комедиялары, Энния мен Невияның поэзиялары, Катонның «Жер игеру» туралы трактаты хабар береді.
Латын тілінің ең жоғары биігіне жеткен кезеңі, бұл б.з.б. I ғасырда император Августың билік құрған кезеңі - «Алтын кезең». Алтын немесе классикалық кезең, латын тілінің грамматикалық, синтаксикалық және стилистикалық мәресіне жеткен кезеңі. Бұл заманның көрнектілігін шыңырау биігіне жеткізген Цицерон, Цезарь сияқты жазушылар, Вергилий, Гораций және Овидий сияқты ақындар болатын. Ғалым Диоскорид (б.э.д. I г.) 400-дей өсімдік туралы мағлұмат беріп кеткен. Соңынан көптeген жануарлар мен өсімдіктердің аты латындандырылып, зоологиялық және ботаникалық номенклатураға енгізілді. Көне Римде табиғаттану ғылымына философ Лукреций Кар (б.з.б. 1 ғ.) «De rerum natura» («Заттардың-табиғаты туралы») поэмасымен, натуралист Плиний Старший (б.з.б. I f.) «Historia naturalis» («Естественная история») атты ғылыми еңбeгімен, энциклопедист Авл Қорнелий Цельс (б.з.б. 1 ғ.) «De medicina» («Медицина туралы») атты сeгіз томдық қолжазбасымен латын тілінің қорына өшпес із қалдырды. Латын тілінің алтын дәуірінің ең жарқын қөрінісі — Вергилийдің Гомерге еліктеп жазған Енеида жыры. Соған ұқсас үрдістерді Горацийдің шығармаларынан байқауға болады: оның одалары мен сатиралары грек үлгілерімен жазылған. Овидий де сол сияқты мифологиялық тақырыптарға көлемді жырлар жазған. Ол «Махаббат өнері» (Ars Amatoria) деп аталатын жырдың да авторы. Тибулл мен Проперцийлер де грек үлгілеріне нeгізделген шығармалар жазды.
Латын тілінің «Күміс дәуірі» (б. з. 14-117 ж) классикалық латын тілі дәуірінен шeгінген уақыты. Бұл кезде латын әдеби тілінің фонетикалық, морфологиялық заңдылықтары және орфографиялық анықтамалары толық деңгейіне жеткен кезеңі болатын. Бұл заманның көрнекті жазушылары - Петроний, Марциал, Тацит, Сенека и Ювенал.
Келесі кезеңді латын тілінің соңғы дәуірі (б.з. 2-5 ғасырлар) алады. Бұл дәуір латын тілі Еуропаның басқа да елдерінің тілдерімен араласып кеткен кезеңі. Бұл кезеңде тарих, заң, жер игеру, сәулет өнері дамып, әдеби шығармалар көп жазылды. Біздің заманыздың 5 ғасырында Рим империясы құлдырағаннан кейін де, латын тілі әдеби және сөйлесу құндылықтарын жойған жоқ. Бара-бара Еуропа елдері бір-бірінен алшақтап, әр елде ұлттық тіл пайда бола бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет