Қазақстан республикасы білім және ғылым



Pdf көрінісі
бет58/66
Дата07.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#83195
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   66
Байланысты:
МТҚ

Түйіндеме 
 
Аты-жөні:
Есентемірова Арайлым Құрманқызы
 
Мекен-жайы:
Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 1, 2-пәтер. 

Үй телефоны:
25-28-79, жұмыс телефоны: 25-51-73 

Е-mail:
Жалпы ақпарат: 

Туған жылы, күні, жері:
1972 жылы 1 қаңтар, 
Сергеев ауданы.

Ұлты:
қазақ 

Жынысы:
әйел 

Отбасы жағдайы: 
тұрмыс құрған


Азаматтығы: 
ҚР азаматы
 
Білімі (қашан, қай оқу орнын бітірді, мамандығы) 

Жоғары,
Көкшетау мемлекеттік медицина
университеті, 1994 жылы, қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі 
Жұмыс тәжірибесі: 

жұмыс орнының атауы:
Көкшетау университеті 

мекен-жайы:
Көкшетау қаласы 

лауазымы:
филология факультетінің оқытушысы

жұмыс жасаған жылдары:
– 1994-2010жж.
Тілді білуі: қазақ және орыс тілдерін жетік,
ағылшын тілі - орта деңгейде
Компьютерді игеруі: Дербес компьютерді еркін
меңгерген, Интернетпен жұмыс жасай алады 
Жеке қасиеттері: жауапкершілігі жоғары,
ортамен тез тіл табысады, көшбасшылық 
және ұйымдастырушылық қабілеті жоғары 
Қосымша ақпараттар: 
Республикалық жас
ақындар мүшайрасының жеңімпазы 
Құштарлығы: кітап оқу, кесте тігу, жүзу 
Ұсыным хаты: 
Жұмыс орнынан мінездеме (тіркелген)
00.00.0000 ж.
қолы 
А.Қ.Есентемірова 


74 
Тақырып бойынша тапсырмалар:
1. Түйіндемеге тағы қандай мәліметтерді енгізуге болады деп 
ойлайсыз? Өз ойыңызбен бөлісіңіз. 
2. №4 қалалық емханаға жұмысқа тұру үшін түйіндеме 
жазыңыз. 
Бақылау сұрақтары:
1. Түйіндеменің адам өміріндегі маңызы? 
2. Түйіндеменің өмірбаяннан айырмашылығы неде? 
 
Тақырып №10 
Өмірбаян 
Өмірбаян – 
автор өзінің өміріне қатысты мәліметтерді 
хронологиялық тәртіппен құрастыратын құжат. Өмірбаянның 
типтік үлгісі жоқ, дегенмен кейбір бөлімдері мен құрылымы 
міндетті түрде қалыптасқан үлгі бойынша жазылады. Ол 
мақсатына байланысты қысқа немесе толық (жайылыңқы) 
нұсқада болуы мүмкін.
Әдетте өмірбаянда мына мәліметтер көрсетіледі: 

құжаттың атауы; 

автордың аты -жөні: 

туған жері мен мезгілі; 

білімі мен мамандығы; 

қызметіне қатысты мәліметтер; 

отбасы жағдайы мен отбасы құрамы; 

үйінің мекен жайы мен телефоны; 

толтырылған күні мен жеке қолы; 
Уақыт өтуіне байланысты жеке іс қағазына анкеталық 
өмірбаяндық 
мәліметтердегі 
өзгерістерді 
(неке 
туралы 
куәлігінің көшірмесі, тегінің өзгеруі) растайтын және кәсіби, 
іскерлік, жеке басының қасиеттерін сипаттайтын (мысалы, 
аттестаттау қағазы, пікірлер, қызметке тағайындау туралы 
ұсыныстар, анықтамалар, т.б.) құжаттар қосылып отырады. 
 


75 
Үлгі 
Өмірбаян 
Мен, Тілемісова Тоғжан Тілеужанқызы, 1988 жылы 
қыркүйектің 23 жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы Аягөз 
қаласында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. 
Әкем – Тілемісов Тілеужан, 1959 жылы Шығыс Қазақстан 
облысы Аягөз қаласында дүниеге келген, жеке кәсіпкер. 
Анам – Тілемісова Айғайша, 1960 жылы Шығыс Қазақстан 
облысы Аягөз қаласында дүниеге келген, құрылыс инженері. 
Өзім 1994 жылы Аягөз қаласындағы №58 орта мектептің 1 
класына бардым. Аудандық физика, математика пәндерінен 
өткен олимпиадалардың жеңімпазымын. №58 орта мектептің 
9-класын 2005 жылы бітірдім. Сол жылы Алматы қаласындағы 
Ортаазиялық техника-экономикалық колледжге экономика 
мамандығы бойынша оқуға түстім. Қазіргі уақытта осы оқу 
орнының 3 курсының оқушысымын. Қосымша мәліметтер: 
ағылшын, түрік (сөздік қолдану арқылы) тілдерін білемін. 
Арнайы курстан өту арқылы ЭЕМ бағдарламаларын 
меңгердім. 
Мекен жайым: Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 13 үй. 
25.02. 2011.
Қолы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет