Қамқорлықтың түрлері: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерьлерінің, ғылыми техникалық және көркем шығармашылық үйірмелерінің жұмысын кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу, отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаториялардың, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, өйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру. Отбасындағы басты мәселелердің бірі баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру: баланың тәртібі, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу әрекеті, бос уақытын, ұйымдастыру.
Педагогикалық ұжымның міндеттері:
ата-аналардың белсенді педагогикалық көзқарасын қалыптастыру;
ата-аналарды педагогикалық білім-білікпен қаруландыру;
ата-аналарды бала тәрбиесіне белсенді қатыстыру;
ҚР Гуманитарлық академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы Қалыбекова Асма Ахметқызы былай деп
жазған: «Бізде ұзақ уақыт бойы баланың тәрбиешісі-мектеп, ал отбасы оның көмекшісі, одақтасы деп келдік. Алайда, өмір тәжірибесінің көрсетуінше, тұлғаның ең басты тәрбиешісі отбасының өзі екен. Бұдан шығатын маңызды қорытынды: ата-аналар мектеп педагогтерінен кем емес деңгейде педагогикалық білім-біліктермен қарулануы тиіс» Шынымен қай маман болмасын өнімнің сапалы болып шығуы үшін өз білімдерін толықтырып отырады. Ал ата-ана педагогикалық білімді қайдан және қалай алмақшы? Осы орайда ата-анамен жүргізілетін жұмыс формасын дұрыс ұйымдастыру қажеттігі туындайды.
Ата-анамен жүргізілетін жұмысты ұйымдастырудың формалары
Ата-аналарды мектеп басқару ісіне қатыстыру
Сынып кеңесі, сыныптағы ата-аналар комитеті;
Мектеп кеңесі;
Қиын балалар мен жағдайы төмен отбасына шефтік көмек көрсету;
Қоғамдық бақылау комитеті (қоғамдық ұйыммен өзара әрекет ету).
Достарыңызбен бөлісу: |