Қазақстан республикасы білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет51/51
Дата26.09.2019
өлшемі8,78 Mb.
#48889
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
2 - filosofiya t l alar bejnes nde
Жаттығулар^, Жаттығулар^, Sapy Bakytzhan presentation, 4 chapter appendix, Әңгіме - Кішкентай адам, қызыл, Kairbaeva Malika, Shlataeva Dilyara, Kurakbaev Aibolat, Kaliev Aidar, Vacine, Lab - Exploring Nmap (2), 21-22.07.2022, Эссе ТАРИХ, Final exam instructions 2022 FALL, George B. Thomas Jr., Maurice D. Weir, Joel R. Hass-Thomas\' Calculus Early Transcendentals (13th Edition)-Pearson (www.IraniData.com)

Әдебиет

 

1.  Пригарина Н.И. Поэтика творчества Мухаммада Икбала. — М: 1978 

2.  Алтай  Ж.,  Қасабек  А.,  Мұхамбетәлі  К.  Философия  тарихы  /XX-

ғасырдағы Мұсылман елдерінің философиясы. «Раритет», —Алматы: 

2006.185-бет. 

3.  Аникеев  Н.П.  Выдающийся  мыслитель  и  поэт  Мухаммад  Икбал.  — 

Москва: 1959. 

4.  Гордон-Полонская Л.Р. Мусульманские течения в общественной мысли 

Индии и Пакистана. — Москва: 1963 

5.  Пригарина  Н.И.  Поэзия  Мухаммада  Икбала  (1900—1924  гг.).  — 

Москва: 1972. 

6.  Творчество Мухаммада Икбала. /Отв. ред. Пригарина Н.И. — Москва: 

1982 

7.  Қазіргі Шығыс философиясы. «Жазушы», —Алматы: 2008

 

           



        

506 


 

 СЕЙИД ХОСЕЙН НАСР 

 

(7 сәуір, 1933ж. Теһранда туған) 

 

            —  қазіргі  заманғы  атақты 



иран-мұсылман 

философтарының 

бірі.  

Философиялық шығармалары: 

«Үш 


мұсылман 

данышпаны», 

«Исламдағы  ғылым  мен  өркениет», 

«Ислам космологиялық доктринасына 

кіріспе», 

«Таным 


мен 

қасиет», 

«қазіргі  әлемдегі  дәстүрлі  ислам», 

«Схватка 

человека 

и 

природы: 



духовный 

кризис 


современного 

человека» 

(1968), 

«Знание 


и 

Посвящённый»  (Эдинбург,  1981), 

«Мусульманское 

искусство 

и 

духовность» (Нью-Йорк, 1987) және т.б. философиялық еңбектері мұсылман 



философиясында үлкен із қалдырған туындылар. 

         12-жасынан АҚШ-та тұрады. Әйгілі баптистердің орта мектебінде білім 

алады,  кейіннен  Массачусетс  технологиялық  университетінің  (МТУ) 

физикалық  факультетін  аяқтайды,  физика  саласынан  бакалавр  дәрежесін 

алады,  Гарвард  университетінде  «геология  және  геофизика»  мамандығы 

бойынша  оқиды,  1958  жылы  ғылым  тарихы  мен  философиядан  докторлық 

дәрежесіне  ие  болады.  Содан  Иранға  оралады.  1958  жылдан  1968  жылға 

дейін    (Гарвард  университетіндегі  оқытушылық  қызметіне  байланысты 

арасына  үш  жыл  салып)  С.Х.Наср  Тегеран  университеті  гуманитарлық 

ғылымдар  мен  әдебиеті  факультетінде  философия  тарихынан  дәріс  оқиды. 

1968  жылдан  1972  жылға  дейін  аты  аталған  факультеттің  деканы  болады, 

кейіннен  –  Шираздағы  университеттің  президенті,  сосын  Тегеран 

университетінің 

ректоры 


болып 

тағайындалады. 

С.Х.Насрдың 

басшылығымен  1973  жылы  философия  саласы  бойынша  Ирандық  шах 

академиясының іргетасы қаланады (қазір ол Иран философия институты деп 

аталады), ол осы оқу орнының директоры болып Батысқа қоныс аударғанша 

істеді. 

             Қазіргі  кезде  Иранда  философиялық  ойдың  негізінде  екі  бағыт 

қалыптасқан, оның біріншісі – Хайдегерлік бағыт. Оның негізгі өкілі Ахмад 

Фабрибидің,  ал  екінші  бағыт  –  Сеийд  Хосейн  Насрдың  есімдерімен 

байланысты. 

Философиялық көзқарастары: 

             Исламды  түсіну  дегеніміз  –  ол  осы  принциптерді  мойындау  болып 

табылады. Наср ислам мәнінің үш деңгейін – әмбебаптық, антропологиялық, 

гносеологиялық  деңгейін  көрсетіп  берді.  Бірінші  деңгейде,  қалай  болғанда 

да,  кеңістіктегі  барлық  жандар  –  «мұсылмандар».  Екінші  деңгейде  –  ислам 


        

507 


 

заңдарын  орындаған,  соған  сенген  адам  ғана  мұсылман  болып  есептеледі. 

Үшінші  –  ислам  түсінігіндегі  таза  биік  деңгейінде  мұсылмандар  ортақ 

мағынада  емес,  ерекшелігі  мен  бірлігіне  байланысты  анықтап,  гностик 

Құдаймен  бірге  тіршілік  етеді.  Яғни  құдайлық  интеллектісін  ол  өзінің 

мөлшері  интеллектісіне  аударады.  Ол  Құдаймен  бетпе-бет,  «оның  исламы 

және табиғат исламы – егіз». Наср бойынша, ислам гностицизімін европалық 

ақылмен  түсіну  өте  қиын.  Құран  –  табиғат  мәтінімен  оның  символикалық 

сөздерінде  айтылған  көшірмесі.  Ол  көбіне  басты  назарды  әртүрлі  діни-

философиялық типологиясының мұсылман әлеміндегі мектептеріне аударды. 

       Наср  «Білім  және  әулиелік»  деген  монографиясында  ислам  идеясы 

жөнінде алғашқы он тарауында айтып өтеді: 

  Исламды  түсіндіру  әртүрлі  мәністе  беріледі:  сайлау  түрінде  және 

салыстырмалы  түрде  (ислам  жәнетағы  басқа  діндер),  исламдағы 

философия және басқа әлемдік философия түрінде түсіндіріледі. 

  Әулие түрі – қасиетті таным және рационализм. 

  Ғылым мен сенім. 

  Дәстүрлі адам және прометейлік адам. 

     Бұл еңбегінде Наср Алла-тағаланы пайымдаушы, нағыз жоғары деңгейдегі 

метафизикалыққа  дейін  көтеруге  тырысады.  Ол  Оны  бір  мезгілде  жоғарғы 

болмыс  және  болмыс  трансцендентті  –  имманентті  болып  табылады  деп 

анықтайды.  Алланы  Қытайдағы  дао,  даоспен  сәйкестендіреді.  Мұхаммед 

Пайғамбар  уағыздаушы  ретінде  «Құдай  шапағатын»,  Құдай  еркіндігін 

шындық  арқылы  көрсетеді.  Осы  ислам  түсіндірмесінде  «адхирейлік  және 

прометейлік» адамның нақты анықтамасын береді: адхирейлер –  «аспан мен 

жер  арасындағы  көпір»  десе,  прометейлік  адам  –  бұған  қарсы  тезис.  Оның 

негізгі  сипаттамасы:  ол  –  жер  әлемін  жаратушы,  оның  негізгі  міндеті  –

Құдайды  ұмыту.  Қасиетті  сезімнен  айырылған  прометейлік  адам  өзі 

табиғаттың құлына айналады.  Олар  табиғатты  құртушы  ғана  емес,  сонымен 

қатар табиғатқа деген қасиетті қатынасты бұзушы болып саналады. 

       Осыдан кейін, Наср осы түрлердің мәдениеті мен өркениетін қарастыруға 

көшеді,  олар:  үнділік,  қытайлық  және  «әмбебап  адам»  мәселесіне,  яғни 

кемелденген адам идеясына ойысады. Оның көзқарасы бойынша, әрбір діни 

дәстүр  осы  адамның  бейнесін  және  басқа  діннің  пайда  болуын  бірге 

қалыптастырады.  Бұл  мынадай  қасиетті  кітаптарда:  Құран,  Таурат,  Авеста, 

сонымен  бірге  Буддада,  ведалық  кітапта,  Қытайдың  Инь-Ян  ілімінде 

баяндалады. Оларға осы негізде шығыстық философия және дін әсер еткен.  

 

Әдебиет: 



 

1.  Сейид  Хоссейн  Наср.  «Исламское  искусство  и  духовность».  Дизайн. 

Информация. Картография, —Москва: 2009. 

2.  Алтай  Ж.,  Қасабек  А.,  Мұхамбетәлі  К.  Философия  тарихы  /XX-

ғас.мұсылман елдерінің философиясы. «Раритет»,—А:2006. 196-198б 

3. 

Қазіргі Шығыс философиясы. «Жазушы», —Алматы: 2008.

    

 

        

508 


 

ДЖЕБРАН ХАЛИЛЬ ДЖЕБРАН 

 

(6 қаңтар, 1883ж, Бишари – 



10 сәуір, 1931ж, Нью-Йорк) 

 

           — 

шыққан-тегі 

ливандық, 

американдық философ, суретші, ақын 

әрі  жазушы.  Күллі  XX-ғасырдағы 

атақты 

араб 


жазушысы 

және 


философы.  Ол  –  философиялық 

романтизмнің негізін қалаушы. 



Философиялық шығармалары: 

 «Пайғамбар» 

(1923), 

«Нақұрыс» 

(1958)  деп  аталады.  Әлемнің  100-ге 

жуық тілдеріне аударылған. 

          1895  жылы  Джебран  Халиль 

Джебран 


анасы 

және 


туған-

туысқандарымен 

АҚШ-қа 

қоныс 


аударды. Олар Бостонда тұрды. 

          1904  жылы  Халиль  Джебран  «Эмигрант»  деп  аталатын  арабтілді 

газетке  өзінің  мақалаларын  жаза  бастайды.  1906  жылы  «Нимфы  долины» 

атты араб тілінде еңбегін жарыққа шығарады. 1908 жылы «Духовный мятеж» 

деген екінші еңбегі басылып шықты. 

          1908  жылы  Джебран  оқуын  жалғастыру  мақсатында  Парижге  қоныс 

аударады.  Европада  екі  жылдай  болып,  1910  жылы  АҚШ-қа  (Нью-Йорк) 

қайтады.  Джебран  Халиль  Джебран  осы  жерде  тұрып,  көптеген  дүниелерді 

жазды. Ол 1931 жылы қайтыс болды. 

Философиялық көзқарастары: 

             Джебранның  ойынша,  абсолюттік  поэзия  жасауға  болады,  ал 

абсолюттік философия құруға мүмкіндік жоқ, себебі өмір қозғалысы мәңгілік 

және көп ретте бейғам. Өмір рефлексиясы (ағысы) қалай өзгерсе, философия 

да  солай  өзгеруі  тиіс.  Ол  ақын  ретінде,  ақын  –  өмірді  рух  көзімен,  ал 

философ  –  зердемен  көреді  дейді.  Джебранның  философиясында  маңызды 

жайттар – Құдай, дін, өзінің сенімін өз әрекетінен бөліп алу мәселелері. Өмір 

мен  өлім  өзен  мен  көл  сияқты  біртұтас,  ажырамайды.  Джебранның 

философиялық романтизмі оның әлемдік философиялық классикамен, соның 

ішінде  ортағасырлық  араб-мұсылман  философиясымен  тығыз  байланысты. 

Ол философ пен ақын арасындағы қарым-қатынас туралы былай дейді: «Егер 

философ  болмысты  төмен  деп,  оған  абсолютті  билік  берсе,  онда  ақыл 

бақылаушы ретінде көрінеді. Ондағы ең негізгі дәлел – өмір қозғалысы мәңгі, 

сондықтан да философия да өмір рефлексиясы сияқты өзгеріп отыруы керек. 

Поэзия  рухани  жағынан,  ал  философия  пайымдауымен  көрінеді,  ғасырмен 

бірге өзгереді, адамзат талпынысына сәйкес келеді. 

           Джебранның тарихи-философиялық ойлауында маңызды орынды араб-

мұсылмандық  және  ортағасырлық  классикалық  философия  алады.  Ибн 



        

509 


 

Синаны  өз  заманының  ғұламасы  ретінде  бағалай  отырып,  оны  біртіндеп 

барлық  кезеңнің  ғұламасына  теңейді.  Өйткені  Ибн  Сина  өзінің 

философиясын біріктіріп, Шейх деңгейінде көтеріле отырып, барлық өмірін 

«алғашқы  шындық  қасиетін  ашуға»  арнаған  және  барлық  ұлы  поэмаларда 

Адам  елестетуі  көрінісі  феномені  өмір  сүреді:  жаңа  туған  танымдық  тілек, 

сұрақтар,  ақыл  мен  үздіксіз  бейнелеу  арқылы  Ибн  Синаға  рухтың 

құпиялылығын  ашу  кезеңі  туды.  Білім  адамды  Құдайға  деген  рухани 

сезіммен  елітуші  өмірлік  ақыл  болып  табылады,  оның  рационалистік 

дәстүрге  деген  сипаттамасын,  қызығушылығын  тудырған  ең  жақсы 

қорытынды болды. 

        Әл-Ғазали  шығармашылығында,  Джебранның  зерттеуі  бойынша,  Батыс 

пен  Шығыс  ғұламаларының  көзқарасы  сәйкес  келеді.  Ол  әл-Ғазали  мен 

Августин  Блаженныйды  қатар  қойып,  оларды  «ешбір  күмәнсіз  жандық 

туыстық»,  бірлік  бастауының  күрделі  жалғасы  ретінде  қарастырады.  Бұл 

бастаудың  мәні  –  жанның  түбіндегі  сезімдік  әлем  мен  ақылды  әлемге 

ұмтылу, 

сол 


арқылы 

философия 

мен 

метафизиканың 



сыртқы 

байланыстарының  құдыретті  әлемімен  сәйкес  келеді.  Джебран:  «Әл-Ғазали 

өз  ілімінде  сопылық  жолды  таңдаса,  ал  Августин  өмірін  шындықты  іздеу 

жолына  арнады»,  –  деп  атап  көрсетті.  Бірақ  Джебран  олардың  бірталай 

айырмашылықтарын  көрді.  Мұнда  ол  әл-Ғазалиға  барынша  мән  береді, 

өйткені  әл-Ғазали  Августиннен  қалған  мұраны  жалғастырып  қана  қоймай, 

арабтар  мен  гректердің  ғылыми  мұрасын  да  жоғары  деңгейге  жеткізген 

болатын. 

      Джебран  үнділік  мистиктерді  метафизикалық  байланыстыратын  кезең 

өзінен кейін пайда болғанын әл-Ғазалиден байқаған болатын. Джебран араб-

мұсылман  әлемінің  тарихын  екі  кезеңге  бөледі:  Ибн  Сина,  Ибн  Рушд,  Әл-

Ғазали  кезеңдері  философиялық-діни  поэтикалық,  ғылыми  ойлардың 

шарықтау кезеңі болып саналады. Классикалықтан кейінгі кезең - бұл рухани 

жеміссіз, ақылмен келген өнер ұмтылған кезде немесе адамзат билікке еліту 

тудырған уақыттағы исламның мұраларына түсіндірме жазған кезең. 

Философиялық афоризмдері: 

  Рас,  сен  шынында  да  ешкімге  ештеңе  берешек  емессің.  Сен  барыңды 

бәріне бөліп беруге тиістісің. 

  Мен  үшін  шындықты  ашудағы  сүлесоқтық  пен  сылбырлық  Шығыста 

тәлім-тәрбие деген атпен белгілі таза екіжүзділікпен, мекерлікпен пара-

пар. 


  Сөз  құрсауына  алынған  әрбір  ойымды  мен  өз  істеріммен  құтқарып 

алуға міндеттімін. 

  Өзгенің ғана кемшіліктерін көре білгеннен жаман кемшілік бар ма? 

  Тәкаппар болу – өзіне қажеттіден аз алу деген сөз. 

  Кішіпейілділік дегеніміз – қолдағы нәрсені бөлісу деген сөз емес, өзіңе 

аса қажет нәрсені өзгеге беру. 

  Үйренбесең өнерге де, даналыққа да қол жеткізе алмайсың. 

  Өз ақылы туралы жоғары пікір ұстанған адамды үйреткісі келген адам 

уақытын босқа жоғалтар. 


        

510 


 

  Іс  біткен  соң  емес,  оған  кіріспес  бұрын  ойлан.Адамның  сыртқы 

сұлулығы, егер ол ақылмен толықпаса, жануардікіне ұқсайды. 

  Меніңше, өзгені сүймегенді – өзге ешкім де сүймейді. 

  Бақытсыздықта борышына адал болу – ұлы іс. 

  Бәрін білуге ұмтылсаң, барлығынан мақұрым қаларсың. 

  Адамдар  жақсылықты  басқара  алмаған  және  оны  тиісті  дәрежеде 

пайдалана  алмаған  жағдайда,  ондай  жақсылықтан  жамандық 

туындайды. 

  Нашар  азаматтар  өздері  алған  құрметті  қызметке  неғұрлым  лайықсыз 

болса, олар соғұрлым ақымақ әрі тұрпайы бола түседі. 

  Біз  көңілді  болғаннан  күлмейміз,  қайта  күлу  біздің  көңіл  қошымызды 

келтіреді. 

 

                                                  Әдебиет: 



 

1.  Алтай  Ж.,  Қасабек  А.,  Мұхамбетәлі  К.  Философия  тарихы  /XX-

ғасырдағы Мұсылман елдерінің философиясы. «Раритет», —Алматы: 

2006. 202-204б. 

2.  Григорян  С.Н.  Из  истории  философии  Средней  Азии  и  Ирана.  —

Москва: 1960. 

3.  Шаймерденұлы  Е.  Ақиқат  айнасы  (философиялық  афоризмдер) 

/Д.Джебран. «Өлке», —Алматы: 2004.  

4.  Қазіргі Шығыс философиясы. «Жазушы», —Алматы: 2008. 

 

 



 

                 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



        

511 


 

          Қ

орыта  келе,  Шығыс  философиясының,  соның  ішінде  Қазақ  Елі 

философиясының  XX - ғасырда біршама жетістіктерге жеткенін байқаймыз. 

Рухани  дағдарыстағы  Батыс  Шығыс  философиясындағы  «Табиғатқа  қайта 

оралу!»  қажеттігіне,  «антроптық»  қағиданы,  яғни  философияның  негізгі 

мәселесі  ретінде  адам  мәселесі  болу  керектігіне,  «ортаңғы  жол»,  «ымыраға 

келу»,  «ақыл-ойдың  шектелгені»,  сондықтан  оны  ар-ұждан  талаптарымен 

ұштастыру  жөніндегі  ойларына,  ең  соңында,  жеке  адамның  қоғамнан  тыс 

болмысының  құндылықсыздығы  жөніндегі  т.с.с.  идеяларына  шынайы 

қызығушылықпен  қарайды  (Мырзалы  С.  Философия/  XX-ғас.  Шығыс  діни 

философиясы. «Бастау», —Алматы: 2008. 394-бет). 

        Шығыс халықтарының өзіндік тарихы, оның өмір салты мен әлеуметтік 

құрылымының 

ерекшеліктері 

осы 


халықтардың 

дүниетанымдық, 

философиялық  және  қоғамдық-саяси  көзқарастарының  өзгеше  дамуын 

тудырды.  

        Философияның  негізгі  мәселелері  Шығыста  да,  Батыста  да  бірдей  және 

оларды шешу жолдары да ұқсас, мысалы, көне Үнді елі мен көне Грекияның 

философиялық  бағыттарын  салыстыруға  болады.  Бірақ  философиялық 

зерттеу  әдістері кейде бір-бірінен өзгеше  болып келеді және философиялық 

ойдың  тарихи  дамуы  да  бөлектеу  (Шығыс  философиясы.  «Мәдени  мұра», 

ОҚ. «Жазушы», —Алматы: 2009. 5- бет). 

       Жалпы,  шығысты  түсіну  үшін,  мистицизмді  білу  керек.  Мысалы, 

жапондардың  ойынша  –  дзэнді  білу  шарт.  Осы  мистицизмнің  де  түрлері 

әрқилы  болып  келеді  –  рационалды,  иррационалды,  тыс  және  оккультный, 

ақылды  және  фантастикалық.  Шығысқа  тыныштық,  бірқалыптылық  тән,  ол 

әрқашан  мәңгілікпен  келіп  тіресе  береді.  Шығыстың  жаңа  методологиясы 

толығымен  дерлік  батыстық  ойлауға  қарама-қайшы.  Батыс  адамдары  үшін 

зат не өмір сүреді, не өмір сүрмейді. Олардың айтуынша, біз туылдық, демек, 

біз өлімге тағылынуымыз керек. Ал, Шығыс адамының ойлау типі өзгеше, біз 

ешқашан туылмадық және ешқашан өлмейміз. Туылу мен өлім жоқ, бастауы 

да, аяғы да жоқ. Батыс адамының ойынша, бастама болу керек, Құдай әлемді 

жаратуы  тиіс.  Ал,  Шығыс  адамының  ойынша,  жаратушы  Құдай  жоқ, 

заттардың бастамасы жоқ, логос та, сөздің бастамасы да жоқ. Бұдан шығатын 

қорытынды  –  Шығыс  адамына  тән  ойлау,  ол  адамның  ішкі  рухани  күйіне 

үңілу,  дүниемен  тікелей  қатынасты  қалау  (Алтай  Ж.,  Қасабек  А., 

Мұхамбетәлі  К.  Философия  тарихы  /XX-ғасырдағы  Шығыс  философиясы, 

«Раритет»,  —Алматы:  2006.  200-бет).  Нақтырақ  айтқанда,  көшпенді 

бабаларымыздың  дүниетанымы  бойынша  адамзат  баласы  табиғатқа  қарсы 

әрекеттерден бас тартып, қайта сол табиғаттың заңымен өмір сүрулері керек. 

 

 

 



 

 

 

 

        

512 


 

 



ҚОРЫТЫНДЫ 

 

           Адамзат  тарихындағы  ең  қасіретті  жиырмасыншы  ғасыр  бізге  оңай 

мұра  қалдырған  жоқ:  қырғын  соғыстар,  діни  экстремизм,  терроризм, 

ұлтаралық  соғыстар  мен  дінаралық  қақтығыстар,  рухани  азғындық, 

экологиялық  және  антропологиялық  апаттар.  Бірақ  үміттің  сәулесі, 

адамдардың  санасы  мен  ізгілікті  еркіне  деген  сенім  бізге  өмір  сүруге  және 

болашаққа  қатысты  жоспарлар  құруға  көмек  береді.  Бейбітшілікті,  саяси-

әлеуметтік тұрақтылықты, қауіпсіздікті қамтамасыз ету әлемдегі адамзаттық 

болмыстың шынайы рухани негіздерін сақтау мәдениет пен руханият арқылы 

іске асатыны даусыз. Қазіргі әлемді «үлкен ауыл» деп атайды, өйткені барша 

халықтар  мен  елдер  өте  тығыз  байланыста.  Әлемнің  бірлігі  бүгін  ерекше 

қасиетке  ие.  Бұл  бірлік  дәстүрдегі,  ғұрыптар  мен  нанымдардағы 

ерекшеліктерді  өшіру  есебінен  емес,  керісінше,  халықтарда,  мәдениеттерде, 

діндер мен жеке адамдарда сол өзгешеліктер мен ерекшеліктердің дамуы мен 

көрінісі  арқылы  жүзеге  асады  (Батыс  философиясы.  /«Мәдени  мұра»,  ОҚ. 

«Жазушы», —Алматы: 2009. 353-бет). 

            Жаһандану  –  адамзат  бұрын  басынан  кешпеген  алып  өркениеттік 

ығысу.  Философия  мұндай  іргелі  өзгерістерді  қабылдай  отырып,  оларды 

философиялық  тілмен  жеткізуге  ұмтылады.  Ондай  тіл  жаһанданудың  өзі 

сияқты  өте  күрделі.  Бірақ  философияның  дәуірдің  мәселесін  қабылдауы 

маңызды  нәрсе.  Бұл  постмодернизм,  халықаралық  философиялық  бағыт, 

оның ішінде басты рөлді философиялық тұлғалар иеленеді (Сонда. 407-бет). 

         Қазіргі  философияның  басты  міндеті  –  батыстық  философия 

негіздерінің  деконструкциясы  және  рационалдылықтың  жаңа  балама 

түрлерін табу. Мәселе «архаикаға өтуде», табиғатпен жоғалған бірлікті қайта 

қалпына  келтіруде  емес.  Мәселе  басқаша  қойылады:  ақыл  мен  өркениеттің 

барша  тапқан  құнды  нәрсесін  сақтай  отырып,  табиғатпен  тірі,  тікелей 

байланысты қайта қалпына келтіру қажет. Рационалдылық па? Ия, бірақ оған 

адам    әлем  қатынасының  байлығы  мен  толыққандылығы  қайтарылуы  тиіс, 

ол Батыста қалып, Шығысқа бару дегенді білдіреді (Сонда. 443-бет).  

         Жаһандану  заманындағы  еліміздің  күрделі  ішкі  және  сыртқы 

мәселелерін ұлттық мүдде тұрғысынан дұрыс шешуге мұрындық болатындар 

білікті  де  білімді  еркін  ой  иелері  –  тұлғалар,  соның  ішінде  философиялық 

тұлғалар кешенді проблемаларды шешуге қашанда қабілетті.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

        

513 


 

ЖАЗБА ҮШІН: 

 

    Қадірменді  оқырман!  Осы  аталмыш  еңбекке  байланысты  айтар 



ойларыңыз  бен  сын-пікірлеріңіз,  ұсыныс-тілектеріңіз  болса  мына  телефон 

нөмірлері арқылы тікелей хабарласуларыңызға болады:  

 

8 775 524 98 99 (автор), 8 714 2 54 57 02917-888 (баспахана). 

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТОТИН Б.Қ. 

 

ФИЛОСОФИЯ 

(тұлғалар бейнесінде) 

 

Подписано в печать  11.02.2013 г. 



Формат 60x84 1/16. Бумага офсетная. Гарнитура Times New Roman. 

Печать офсетная. Объем 22,55 п.л. Тираж 25 экз. Заказ 190 

 

 

 

 


        

514 


 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 

 

 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет