Қазақстан республикасы білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет48/51
Дата26.09.2019
өлшемі8,78 Mb.
#48889
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
2 - filosofiya t l alar bejnes nde


Әдебиет

 

1.  Шығыс  философиясы.  «Мәдени  мұра»  сер.,  ОҚ.  «Жазушы»,  — 

Алматы: 2009.75-бет. 

2.  Рерих  Н.К.  Шри  Рамакришна  //Душа  народов.  «Международный 

Центр Рерихов», — Москва: 1995—104 с. 

 


        

474 


 

ШРИ АУРОБИНДО ГХОШ 

 

(15 тамыз, 1872ж. Калькутта 

(Британдық Үндістанда) – 

 5 желтоқсан, 1950ж.) 



 

           —  үнділік  философ,  ақын, 

революционер  әрі  Үндістанның  ұлт-

азаттық қозғалысын ұйымдастырушы, 

йогин, 

гуру 


және 

интегралдық 

йоганың негізін салушы.   

Шығармалары: 

        Философтың 

шығармаларында 

йога  мәселесі  үлкен  орын  алады, 

соған  байланысты  арнайы  трактат 

жазды,  ол  «Йога  синтезі»  деп 

аталады. 

            Ол 

бес 

жасында 


Дарджилингтегі 

ирландық 

монастырлық  мектепке  барады.  Екі 

жылдан  кейін  (1879ж.)  ол  Англияға  аттанады  да,  жиырма  жасында 

Кембрнидждегі  Корольдік  колледжді  бітіреді.  Ол  батыстық  білім  алып 

Үндістанға  1893  жылы  оралады.  Шри  Ауробиндо  санскрит,  қазіргі  үнді 

тілдерін, Үндістанның философиялық жүйелері мен ежелгі киелі кітаптарын 

– Упанишада, бхавад Гита, рамаяна, веданы зерттеумен айналысады. Келесі 

он үш жылдың ішінде Шри Ауробиндо Бароды қаласының (қазіргі Вадодара) 

әкімшілігінде  әртүрлі  қызметте  болады,  жергілікті  университетте  ағылшын 

және  француз  әдебиетінен  сабақ  береді.  1906  жылы  ол  Калькуттадағы 

Ұлттық  колледждің  ректоры  болады.  Үндістанға  келген  кезден  бастап  Шри 

Ауробиндо  елдегі  саяси  ахуалды  байқап  жүреді.  1905  жылы  Бенгалияны 

бөлуге  қарсы  наразылықтан  кейін  Шри  Ауробиндо  ашық  түрде  ұлт-азаттық 

қозғалысқа қосылады. Сегіз жыл бойы (1902-1910ж.ж.) ол елдегі саяси өмірге 

белсенді  араласады,  сол  үшін  екі  рет  тұтқындалып,  ақталады.  Екінші  рет 

тұтқындалып,  алипор  абақтысына  қамалғанда  (1908-1909ж.ж.)  Шри 

Ауробиндо  рухани  нұрлануды бастан  кешіреді,  содан  оның  өміріндегі  жаңа 

бір  кезең  басталады.  1910  жылы  Шри  Ауробиндо  саяси  және  қоғамдық 

белсенділікті  қойып,  рухани  қызметпен  айналысады.  Ондай  «қызметтің» 

мәнісі  сананың  кәдімгі  адами  ақылдан  тыс  жататын  деңгейлерін 

(өлшемдерін) зерттеу және адам табиғатының саналы эволюциялық өзгерісін 

дайындау  болатын.  Ол  йогамен  айналысу  үшін  Үндістанның  оңтүстігіндегі 

француз колониясы болған Пондишерриге қоныс аударады. Шри Ауробиндо 

1950  жылы  өмірден  өткен  соң,  оның  жұмысын  Ана  ретінде  белгілі  Мирра 

Альфасса (1878-1973ж.ж.) жалғастырады. 

 

 


        

475 


 

Философиялық көзқарастары: 

        Ауробиндо  Гхоштың  философиялық  жүйесі  «синтез»  ұғымының 

төңірегінде  құралған,  яғни  ол  «синтез»  ұғымын  барлық  салада  қолданады. 

Батыс  пен  Шығыстың  мәдениетін  салыстырғанда,  материя  мен  рухты 

салыстырғанда  қарастырады.  Яғни  ол  өз  жүйесін  «интегралды  йога»  деп 

анықтайды.  «Интегрализм»  оның  дүниетанымдық  мәселелерінің  басқарушы 

принципі болып табылады. 

          Оның  ойынша,  өмір  –  материя  мен  рухтың  күресі.  «Өмір  материямен 

ұдайы күрес жағдайында болады және ол күрес өмірдің жеңілісімен аяқталып 

отырады. Араздық ақыл пайда болғаннан бастап тереңдей түседі, себебі бұл 

араздық өмірмен де, материямен де жауласады. Олардың тар шеңбері, түптеп 

келгенде, ақылдың аздаған жеңісіне де әкеледі». 

        Бірақ,  Ауробиндоның  философиялық  жүйесінде  интегрализмнің  негізгі 

обьектісі  болып  үндінің  діни-философиялық  дәстүрлері,  оның  ішінде 

веданталар мен йогаға ерекше көңіл бөледі. 

        Бұл мәселелерге көңіл бөлген себебі, веданта мен йога «интегрализмнің» 

негізгі бастамасы болып табылады. Соның ішінде йога мәселесі үлкен орын 

алады,  соған  байланысты  Ауробинда  арнайы  трактат  жазды.  Ол  «Йога 

синтезі»  деп  аталады.  Бұл  «синтез»  ең  алдымен  «йога»  ұғымының 

этимологиясына  негізделген  (үнді  тілінен  аударғанда,  «йога»  -  бірлік,  одақ 

дегенді  білдіреді).  Сондықтан  Ауробиндоның  бүкіл  философиялық-діни 

жүйесі «интегралды йога» деп аталады. Бұл жүйенің негізгі мақсаты  – адам 

өмірінің барлықсаласында құдыреттілік, қасиеттілік орын алып, тұрақтануы, 

яғни  адамның  табиғатын,  іс-әрекетін,  ақыл-парасатын  рухани  дамытып, 

тазарту. 

       Рухани  тазарту  арқылы  адамдар  абсолютпен  жақындасады.  Ол  абсолют, 

Ауробиндо  бойынша,  абстрактылы,  (безличный)  Брахман.  Брахман-  барлық 

жерде  өмір  сүретін  субстанционалды  басталыс.  «Барлық  шындық,  олардың 

барлық  бөліктері  мен  көріністері  –  Брахман.  Брахман  –  бұл  абсолют, 

трансценденттік  байланыстан  тысқары,  космостан  жоғары  болмыс,  ол 

космостың тірегі, космикалық «Мен» өмір сүруінің негізі». 

        Сонымен  қорытындылай  айтсақ,  Ауробиндо  Гхоштың  қарастырған 

мәселелері – адамның рухани тазалығы, Пара-Брахманмен жақындасып, өзін-

өзі жетілдіруі. 

  

Әдебиет: 

 

1.  Шри Ауробиндо. Беседы с Павитрой. — Киев: 1992.  

2.  Шығыс  философиясы.  «Мәдени  мұра»  сер.,  ОҚ.  «Жазушы»,  — 

Алматы: 2009. 101-102-бет. 

3.  Алтай  Ж.,  Қасабек  А.,  Мұхамбетәлі  К.  Философия  тарихы. 

«Раритет», — Алматы: 2006. 174-175 беттер 

4.  Сатпрем.  Шри  Ауробиндо  или  Путешествие  сознания.  —  Бишкек: 

1992. 


        

476 


 

 

БХАГВАН ШРИ РАДЖНИШ 



(ОШО), ЧАНДРА МОХАН 

РАДЖНИШ 

 

(11 желтоқсан, 1931ж. Кучвада деп 



аталатын шағын деревняда (Мадхья-

Прадеш штаты, орталық Үндістан) 

–  19 қаңтар, 1990ж. Пуна,Үндістан) 

 

           —  XX-ғасырдағы  ұлы  үнді 



ойшылы. 

           Ол  адамның  бақытты,  азат 

өмір  сүруін  аңсап,  надандықпен, 

соқыр  наныммен,  қоғамның  жалған 

құндылықтарымен, 

бюрократтық 

мемлекетпен, 

бюрократтанған 

шіркеу  билігімен  (клерикализммен), 

отбасылық 

тәртіптің 

руханисыздығымен  күресті  мақсат 

тұтатын  ілімін  дәріптеген.  Ол 

медитацияның музыкамен, қозғалыспен, тыныстаумен байланысты көптеген 

жаңа жүйелерін жасаған. 

Философиялық шығармалары: 

           Ошо кітап жазбаған, ол ілімін нақты аудиторияға немесе, тіпті, нақты 

адамға  қаратып,  әңгіме  арқылы  жеткізген.  Материалды  контекстілік    түрде 

жеткізген  кезде,  оның  бір  бөлігі  әрқашан  жаңаша  берілетініне  таңдануға 

болмайды,  сондықтан  кейбір  әңгімелер  бұрын  айтылған  нәрседен 

өзгешеленуі  мүмкін.  1969-1989  жылдар  аралығында  Ошомен  болған 

әңгімелерді оның ізбасарлары жүздеген кітап түрінде басып шығарды. 

           Ошо әлемнің көптеген елдерінде ашырамдарды ашқан. АҚШ-та болған 

кезінде Раджнишпурам деген қаланың негізін салған.  

           Раджниш  1931  жылы  11  желтоқсанда  мата  сататын  саудагердің 

джайналық  отбасында  дүниеге  келген.  Жеті  жасқа  дейін  ол  нағашы  ата-

әжесінің тәрбиесінде болады.  

          Ошоның  айтуынша,  ол  1953  жылы  21  наурызда  Бханвартал 

(Джабалпур) саябағында медитация жасап отырғанда, рухани нұрға бөленеді. 

«Бұл жарылыс сияқты нәрсе. Сол түні менің ішімде қуыс пайда болды, кейін 

ол  қайтадан  толды.  Мен  тіршілікті  тоқтатып,  болмысқа  айналдым.  Сол  түні 

мен өліп, қайта тірілдім. Бірақ жаңа туған адам, өлген адамнан мүлде өзгеше 

болатын.  Олардың  араларында  ешқандай  байланыс  жоқ.  Менің  түрім 

өзгермеді, бірақ қазіргі және бұрынғы «мен» арасында ешқандай ортақ нәрсе 

қалмады.  Апат  болған  адам,  соңына  дейін  апат  болады,  одан  ешнәрсе 

қалмайды».  


        

477 


 

        Ошо  1957  жылы  Саугар  университетін  ерекше  дипломмен  бітіріп, 

философия  ғылымының  магистрі  деген  дәреже  алады.  Ошо  әуелде  Райпур 

санскрит  колледжінде  философиядан  дәріс  оқиды,  кейін  1966  жылы 

Джабалпур  университетінде  философия  профессоры  атағын  алады.  60-шы 

жылдары  ол  Ачарья  Раджниш  (Раджниш  ұстаз)  деген  есіммен  Үндістанды 

аралайды,  оның  шығыстың  әйгілі  мистиктері  туралы  дәрістері  мыңдаған 

аудиторияны жинайды. 1962 жылы ол 3-10 күндік медитациялық лагерьлерді 

ұйымдастырады.  1966  жылы  ол  университеттегі  оқыту  қызметін  тастап, 

уақытын  Үндістанның  барлық  жерлерінен  келетін  рухани  ізденушілерге 

арнайды.  

Философиялық көзқарастары: 

           Шри  Раджништің  адамның  шынайы  табиғаты  мен  оны  қарастыру 

тәсілдеріне  қатысты  көзқарасын  баяндағанда  сақтық  пен  саналылық  қажет: 

«Мен сендерді үйрету үшін емес, ояту үшін келдім».  

         Бхагаван 

Шри 


Раджништің 

халықаралық 

коммунасы 

өзінің 


өміршеңдігін Үндістанда да, одан тыс жерлерде де дәлелдеп берді. Ошоның 

ашрамдары  –  діни  ашкетизм  мен  оқшауланудың  орталықтары  емес, 

тәжірибелік  медитацияның,  шығармашылық  пен  жасампаздықтың  нағыз 

мектептері. Өйткені Ошо айтатын саньяса – өмірді жаншудың немесе жоққа 

шығарудың  жолы  емес,  оны  жаппай  қабылдаудың,  барлық  мүмкін  деген 

көріністердің толыққанды жолы. 



Философиялық афоризмі: 

  Менің саньясам – дәстүрлі саньяса емес. Бұл мүлде жаңа ұғым – немесе 

мүлде  ұмытылған  тұтас  ескілік.  Сіздер  оны  қалай  атасаңыздар  да 

жарасады; ол бір мезетте жаңа әрі көне. 

 

Әдебиет: 

 

1.  Шығыс  философиясы.  «Мәдени  мұра»  сер.,  ОҚ.  «Жазушы»,  — 

Алматы: 2009. 107-108-бет. 

2.  Бхагаван Шри Раджниш (Ошо). Оранжевая книга. — Москва: 1993. 

3.  Грицанов 

А.А. 

Эзотеризм. 

Энциклопедия./ Статья 

«Ошо». 

«Интерпрессервис»; «Книжный Дом», — Москва:  2002. — 1040 с 

 

 

 

 

 

 

 


        

478 


 

 

ВИВЕКАНАНДА СВАМИ 



(НАРЕНДРАНАТХ ДАТТА) 

 

(12 қаңтар, 1863ж. Калькуттаның 

Симла ауданында (батыс Бенгалия)             

– 4 шілде, 1902ж. Белур) 

 

         —    көрнекті  үнді  философы 



және қоғам қайраткері,  

          Свами 

Вивекананданы 

веданта  философиясының  ең  әйгілі 

және ықпалды рухани көшбасшысы 

ретінде  миллиондаған  үндістер 

құрмет 

тұтады. 


Ол 

Шри 


Рамакришна 

Парамахамсаның 

басты  шәкірті  әрі  Рамакришна 

Ордені  (Рамакришна  Матх)  мен 

Рамакришна  Миссиясының  негізін 

қалаушы болған.  

          1879  жылы  Нарендра  Калькуттадағы  Президенттік  колледжге  оқуға 

түседі.  Сонда  бір  жыл  оқығаннан  кейін  шотландиялық  Шіркеу  Колледжіне 

ауысып,  философиямен  айналысады.  Бір  курс  бойы  логиканы,  батыстық 

философияны және европалық мәдениетті зерттейді.  

          Шамамен,  сол  жылдары  Нарендраны  Құдай  туралы  мәселе  мазалай 

бастайды.  Сол  себепті  ол  Кешаб  Чандра  сен  басқаратын  Брахмо  Самаджға 

мүше болады. Бірақ Самадждың мінәжаттары мен діни әндері оның Құдайды 

білуге  деген  қызығушылығын  қанағаттандырмады.  Ол  Брахмо  Самадждың 

көшбасшыларынан – Құдайды көрдіңдер ме деп сұрайтын. Бірақ оған дұрыс 

жауап  ала  алмайтын.  Сол  кезде  колледж  профессоры  У.Хасти  оған 

Дакшинешварда тұратын Рамакришна туралы айтады.  

            Вивекананда  –  Шри  Рамакришнаның  шәкірті.  Нарендра  алғаш  рет 

Шри  Рамакришнамен  1881  жылдың  қараша  айында  кездесті.  Ол  оған  басқа 

діни көшбасшыларға қоятын сұрағын қойды, сонда Рамакришна мүдірместен 

«ия, мен құдайды сені көріп тұрғандай көргем, ол бұдан анық еді» деп жауап 

береді.  Нарендра  таң  қалды  және  оның  өтірік  айтпағанын,  өзінің  жеке 

тәжірибиесіне  сүйенгенін  сезді.  Бұдан  кейін  ол  Рамакришнаға  жиі  баратын 

болды.  


           Нарендра Шри Рамакришнаны, оның аяндарын бірден мойындамайды, 

бірақ  оны  елемей  кетуге  болмады.  Нарендраның  көзі  жетпей,  ешнәрсеге 

сенбейтін  әдеті  болатын.  Ол  Шри  рамакришнаның  айтқан  сөзі  мен  жасаған 

әрекетін  тексерумен  болды,  бірақ  ұстазы  оның  жағдайын  түсініп,  бәріне 

шыдайды,  көңілді,  мейірімді  болды.  Ол  нарендарға  күмәніңді  қой  демеді 

және Нарендраның дәлелі мен зерттеуін шексіз шыдамдылықпен қабылдады.  



        

479 


 

           Уақыт  өте  келе  Нарендра  Шри  Рамкришнаны  мойындап,  оны  шын 

жүрегімен  қабылдайды.  Шри  Рамакришна  басқа  шәкірттерге,  негізінен 

екіұдайылық  философиясы  мен  бхакти  жолын  түсіндіретін,  ал  Нарендраға 

екіұдайылықтың болмауын, адвайта-ведантаны үйрететін. 

           Шри  Рамакришнадан  бес  жыл  білім  алған  Нарендра  енді  мазасыз, 

шыдамсыз  жігіттен,  Құдайды  тану  үшін  бәрінен  бас  тартуға  дайын  тұрған 

байыпты,  кемел  адамға  айналды.  Шри      Рамакришна  1886  жылы  қайтыс 

болды,  ал  Нарендра  мен  біраз  шәкірттер  монах  антын  қабылдап,  фәнилік 

өмірден бас тартты. 



Философиялық көзқарастары: 

        Вивекананда  танымал  әрі  бірегей  ойшыл  болатын.  Оның  әлемдік 

философиялық  ойға  қосқан  ең  маңызды  үлесі  –  адвайта-ведантаның 

идеяларын  асқан  философиялық  және  рухани  идеялар  ретінде  ғана  емес, 

сонымен  бірге  таза  өмірлік,  қоғамдық,  тіпті,  саяси  маңызы  бар  идеялар 

ретінде көрсетуі еді. 

        Свами Вивекананда Ведантаның барлығы азат болмайынша, ешбір адам 

азат  бола  алмайды  деген  ұстанымдағы  ағымға  жататын.  Тіпті,  жеке  басын 

құтқаруға  ұмтылу  да  қате,  өйткені  шынымен  нұрланған  адам  басқаларды 

құтқару  қызметімен  ерекшеленуі  тиіс.  Ол  Рамакришнаның  Матхын 

(ғибадатхананы)  және  Миссиясын  «Атмано  Мокшартхам  Джагаддхитая  Ча» 

(Өзінің  азаттығы  мен  әлемнің  игілігі  үшін)  деген  ұранның  негізінде 

ұйымдастырған. 

       Вивекананда  әулиелікке  жетуге,  риясыздық  пен  өзіне-өзі  сенуге 

шақырды.  Ол  брахмачарьяны  (целибатты,  яғни  үйленбеуді)  насихаттады. 

Өзінің балалық шағындағы досы, Шри Прия Натх Синхпен болған әңгімеде, 

ол өзінің денелік және ақыл-қуатының, шешендігінің сырын брахмачарьимен 

байланыстырды. 

        Десек  те,  Вивекананда  дін  мен  мемлекеттің  (шіркеу  мен  мемлекеттің) 

арасын  ашуды  талап  етті  және  бұл  мұратты  өзі  негізін  қалаған  ұйымы  да 

қатаң ұстанды. Қоғамдық дәстүрлер діннің ықпалымен қалыптасса да, қазіргі 

кезде дін неке, мұрагерлік және т.б. мәселеге араласпауы тиіс. 

      Мінсіз  қоғам  брахмандық  білімді,  кшатриялық  мәдениетті,  вайшьялық 

тиімділікті  және  шудралардың  теңестіру  мінезін  иеленгені  абзал.  Олардың 

қайсібірі  басым  болса,  түрлі  біржақты  дамыған  азаматтық  қоғамдардың 

пайда  болуына  әкеліп  соғады.  Вивекананда  дін  немесе  қайсібір  сол  тектес 

күшті  мінсіз  қоғамды  құруға  пайдалануға  қарсы  шығады,  өйткені  ол  жеке 

адамның деңгейіндегі өзгерістерге сай, табиғи түрде дамуы тиіс. 

 

Әдебиет: 

 

1.  Вивекананда С. Практическая веданта. Избранные труды. — М: 1993. 

2.  Шығыс философиясы.,ОҚ.«Жазушы», — Алматы: 2009. 84-86 -бет. 

3.  Вышеславцев Б.П. и др Христианство и индуизм. — Москва: 1994. 

4.  Роллан Р. Жизнь Рамакришны, жизнь Вивекананды. — Москва: 1991. 

 


        

480 


 

МОХАНДАС КАРАМЧАНД 

«МАХАТМА» ГАНДИ 

 

(2 қазан 1869ж, Порбандар, Гуджарат 



–  30 қаңтар 1948ж, Нью-Дели) 

 

     —  ұлы  үнді  ойшылы  әрі  саяси 



қайраткер,  бейбітшіл  қызметімен, 

зорлық  жасамау  және  адамға  қызмет 

ету  мұраттарын  дәріптеумен  және 

Үндістанның 

азаттыққа 

жетуде 


атқарған  қызметімен  бүкіл  әлемге 

танымал тұлға. 

          Гандидің 

идеяларының 

өзектілігі  қазіргі  заманда  арта  түсті, 

өйткені  қазіргі  әлемде  зұлымдық  пен 

зорлық,  қан  төгу  әлі  де  өте  көп 

кездеседі.  Үндістанның  ұлт-азаттық 

қозғалысының 

көшбасшысы 

әрі 

идеологы 



болған 

Мохандас 

Карамчанд (Махатма) Ганди 1869 жылы Порбандар балықшылар отбасында 

(қазіргі Үндістанның батыс бөлігіндегі Гуджарат штатында) дүниеге келген, 

ол  саудагерлер  кастасы  –  баньяға  жататын.  Гандидің  әкесі  Катхиявар 

түбегінің  бірқатар  княздіктерінде  министр  болған.  Ганди  индуизм  дінінің 

салттары  қатаң  сақталатын  отбасында  өсті  және  бұл  жағдай  оның  дүниеге 

деген көзқарасына әсерін  тигізді.  Жеті  жасында  Ганди  атастырылып, он үш 

жасында Кастурбай Маканджиге үйленеді. 

           Үндістанда  білім  алған  Ганди  1888  жылы  Англияда  заң  оқуына 

(адвокаттар бөліміне) түседі. 1891 жылы оқуын бітірген Ганди еліне оралады 

да,  1893  жылға  дейін  Бомбейде  адвокаттық  қызметпен  айналысады.  Ол 

бірнеше  ашрам  –  рухани  коммуна  ұйымдастырады,  оның  бірі  Дурбанада 

феникс-фарм, басқасы Йоханнесбург маңында – Толстой-фарм деп аталатын. 

1904  жылы  ол  Индиан  Опинион  апталық  газетін  шығара  бастайды.  Ганди 

1893-1914  жылдары  Оңтүстік  Африкада  гуджараттық  сауда  фирмасының 

юристконсульті болады. Бұл жерде ол үндістерді нәсілдік кемсітуге, оларды 

жәбірлеуге  қарсы  күресті  ұйымдастырады,  ол  үшін  бейбіт  шерулер  өткізіп, 

петициялар жазады. Атап айтқанда, 1906 жылы ол «сатьяграха» (санскритше 

–  ақиқатты  қолдау)  деп  аталатын  азаматтық  бойұсынбау  кампаниясын 

ұйымдастырады.  Сатьяграха  кампаниясы  үшін  ол  жиі  тұтқындалады  –  1913 

жылы  қарашада  төрт  күннің  ішінде  үш  рет  қамалады,  өйткені  ол 

Трансваальдағы  екі  мың  үнді  шахтерлерінің  шеруін  басқарған.  Шеру  сол 

кезде  Оңтүстік  Африкалық  Одақтың  қорғаныс  министрі  болған  Смэтспен 

келісімге  келгеннен  кейін  тоқтайды.  Бірақ,  нәтижесінде  оңтүстіктегі  үнді 

жұмысшылары  кейбір  кемсітетін  заңдарды  алып  тастауына  қолдарын 

жеткізеді.  1914  жылы  Ганди  Оңтүстік  Африкадан  еліне  оралады.  Отанына 


        

481 


 

оралған  соң  Ахмадабадтың  маңында  жаңа  ашырамды  ұйымдастырады  және 

Үнділік  Ұлттық  конгресс  партиясына  өтіп,  Үндістанның  ұлт-азаттық 

қозғалысының  жетекші  көшбасшыларының  біріне,  конгресстің  идеялық 

басшысына айналады.  

           Ганди  төменгі  касталардың  жағдайын  жақсартуға,  әйелдердің  теңдігі 

мен саяси белсенділігін арттыруға, діни төзімділікке және халықтың қолөнер 

кәсібін, ең алдымен, отандық өндірістің символы ретінде тоқмашылық өнерді 

дамытуға үлкен мән берген. Ганди мен оның жақтастары үшін тоқмашылық 

жоралық  сипат  алып,  ұршық  ҮҰК  (Үнді  Ұлттық  Конгресі)  символына 

айналады.  

              Ганди  1918  жылы  алғашқы  рет  аштық  жариялау  акциясын  өткізеді. 

1919  жылы  ағылшындар  үндістердің  азаматтық  бостандықтарын  шектеу 

мерзімін  ұзарту  туралы  Роулеттің  заңдарын  қабылдағанда,  Ганди  бүкіл 

жалпы  үнді  сатьяграханы  жариялайды.  Ганди  мен  оның  жақтастары  бүкіл 

Үндістанды  аралады,  халық  көп  жиналған  митингілерде  ағылшындардың 

үстемдігіне  қарсы  күресуге  шақырып,  сөз  сөйлейді.  Ганди  мұндай  күрестің 

зорлықсыз  түрін  ғана  ұсынып,  революциялық  халықтың  кез  келген  зорлық 

түрін  айыптайды.  Ол  сондай-ақ  таптық  күреске де  қарсы болып, әлеуметтік 

жанжалдарды қамқорлық негізінде сарапшылық сот арқылы шешуді ұсынды. 

Бұл ұстаным үнді буржуазиясының мүддесіне сай келді, сондықтан ҮҰК оны 

толығымен қолдады.  

              Халықтың  ұлт-азаттық  қозғалысына  қатысуы  Гандидің  басты  еңбегі 

болып  табылады,  сондықтан  халық  оны  жақсы  көріп,  Ганд  Махатма  («Ұлы 

жан») деп атады. 

Елдің  мыңдаған  тұрғыны  наразылығын  зорлыққа  бармай  білдірді,  бірақ 

көптеген  жерде  көшелерде  тәртіпсіздік  орын  алды.  Ағылшындықтар 

репрессияға  кіріседі,  ол  Амритсарда  379  адамның  өмірін  қиған  қырғынға 

ұласады. Амритсардағы оқиға Гандиді Британия империясының қарсыласына 

айналдырады. Екінші жалпы үнді сатьяграханы Ганди 1920 жылы бастайды. 

Ол  өз  отандастарын  британдық  тоқыма  тауарларына  байкот  жасап,  қол 

станогында  мата  шығаруға  шақырады.  1922  жылы  ол  бүлік  шығаруға 

үндегені үшін тұтқындалып, оны алты жыл бас бостандығынан айыруға үкім 

шығарылады (ол 1924 жылы бостандыққа шығады). 

                     Гани  сатьяграхамен  шектелмей,  сындарлы  деп  аталатын 

бағдарлама жасайды. Ол касталық бөлінуге қарсы кампания ұйымдастырды, 

мұсылмандар  мен  индустарды  бірлікке  шақырады,  әйелдердің    қорғап, 

бастапқы  білім  беру  үшін,  алкогольдік  ішімдіктерге  тыйым  салу  үшін, 

адамның жеке гигиенасы үшін күреседі. 

                 ҮҰК  1929  жылы  26  қаңтарда  Ұлттық  тәуелсіздік  күні  деп 

жариялайды және Ганди үшінші жалпы үнді сатьяграханы басқарады. Келесі 

жылы  ол  тұзға  салынатын  салыққа  қарсы  наразылық  айтады.  1932  жылдың 

басында  ол  тағы  да  абақтыға  жабылады.  Ганди  жақындауға  болмайтындар 

кастасына қатысты саясатқа қарсылық білдіріп, алты күн нәр татпайды. 1933 

жылы  аштық  жариялау  21  күнге  созылады.  Ағылшын  билігі  аштық 

жариялағанда  оны  түрмеден  шығарады,  өйткені  Гандидің  өліміне  қатысты 



        

482 


 

айыптаудан  қорқады.  Оның  жұбайы  Кастурбай  да  белсенді  түрде  саясатқа 

араласып, бірнеше рет тұтқындалады. 

                 Ганди  1936  жылы  өзінің  ашырамын  Севаграмға  (Орталық 

Үндістан)  көшіріп,  сол  жерде  «Хариджан»  (Құдайдың  балалары)  деп 

аталатын  апталығын  шығарады.  Құдайдың  балалары  деп  ол  жолауға 

болмайтындар  кастасын  атаған.  1942  жылы  ҮҰК  «Үндістаннан  кетіңдер» 

деген  резолюция  шығарады  және  Ганди  соңғы  жалпыұлттық  сатьяграхи 

кампаниясының  жетекшісі  болады.  Ол  әйелімен  бірге  тұтқындалып,  Пуна 

абақтысына  жабылады.  1943  жылдың  ақпан  айында  ол  21  күндік  аштықты 

жариялайды.  1944  жылы  оның  әйелі  қайтыс  болады  және  Гандидің 

денсаулығы  да  нашарлайды.  1944  жылы  мамыр  айында  ол  бостандыққа 

шығады.  

                 БҰҰ  2007  жылы  Махатма  Гандидің  туған  күнін,  яғни  2  қазанды 

Зорлық жасамаудың халықаралық күні деп белгілейді, өйткені Ганди зорлық 

жасамау идеясын нақты саясатта жүзеге асырған адам болатын. 



Философиялық көзқарастары: 

                Енді  Гандидің  негізгі  идеялары  мен  өмірлік  қағидаларына 

тоқталатын  болсақ,  Гандиде  философиялық  жүйе  анық  әрі  жүйелі  түрде 

берілген  тұтас  философиялық  жүйе  де,  философиялық  трактаттар  да  жоқ. 

Сонымен қатар, Ганди өзінің көзқарастарын ауыстырып отырған және оны ол 

ашық  мойындаған,  өйткені  қатып  қалған  ақиқаттарды  жақтамады.  Осыған 

байланысты  оның  рухани  қалыптасуы  мен  дамуындағы  негізгі  бағдарларды 

жеке қарастыру қажет болады. 

                 Ең  әуелі  Гандидің  көзі  тірісінде  де,  қазір  де  оның  тұлғасы  мен 

шығармашылығына деген көзқарастың әртүрлі және қарама-қайшы болғанын 

атап өту қажет. Ганди қатты сынға да, келемежге де жиі ұшыраған адам. 

               Үнділік  ілімдер,  негізінен,  рухы  жағынан  сананы  кеңейтуге, 

супраменталдық, нирваналық және осыларға ұқсас күйлерге жетуді көздесе, 

Христос  ілімі  жанды  кеңейтуге  шақырады.  Сана  бір  нәрсені  білуге,  тануға, 

дамуға  және  өзінің  санадан  тыс,  супраменталдық  қабілеттерімен  тәңірмен 

теңесуге  ұмтылады,  ал  христиандық  ілімде  жанды  кеңейту  туралы,  яғни 

әлемге және адамға деген көзқарасты өзгерту туралы айтылады. Айтпақшы, 

Гандидің «махатма» деген есімінің екі мәні бар. «Маха – Атма», «Ұлы жан» 

деп  бейнелі  түрде  Мохандас  Гандиді  Рабиндранат  Тагор  атаған.  Бірақ, 

«Махатма»  деп  Үндістанда  адамзаттың  жерден  тыс  кураторларын,  жерден 

тыс  тәлімгерлерді,  «Шамбала»  деп  аталатын  нәрсенің  өкілдерін  атайды. 

Барша  Агни  Йога,  Құпия  Доктрина  (Брахма  Видья),  Артур  Синнеттің 

кітаптары – Махатмалардан аян арқылы бізге жеткен ілімдер. 

                   Гандидің  мұраты,  оның  негізгі  идеясы  –  толстойдың  мұраты 

сияқты,  яғни  өзін-өзі  іштей,  адамгершілік  тұрғыда  жетілдіру,  өміріне 

махаббаттың,  зорлық  жасамаудың,  зиян  келтірмеудің  қағидаларын  енгізуге 

талпыну.  Бұл  адамгершілікке  бүкіл  адами  өмірді,  оның  барлық  салаларын, 

оның  ішінде  саясатты,  әлеуметтік  қатынастарды  бағындыруға  талпыну. 

«Қоғамдық  өмірдің  жағдайлары  адамдарда  адамгершілік  даму  деңгейімен 

анықталады».  Махатма  Гандидің  бұл  негізгі  ұстанымы,  оған  қарама-қарсы 



        

483 


 

нәрсені,  яғни  қоғамдық  өмірдің  белгілі  бір  материалдық  жағдайы  жасалса, 

адамдар  да  жақсы  болады-мыс  дегенді  айтатын  тұжырымдамаларға, 

теорияларға, доктриналарға қарсы тұрады. 

                 Маркстің  «адам  барлық  қоғамдық  қатынастардың  жиынтығы» 

деген формуласын, қоғам нағыз адами қатынастардың жиынтығы болуы тиіс 

деп өзгерткен дұрыс. Махатма Ганди мәселені осы тұрғыда қарастырды. Ең 

алдымен  адам  өзгеру  керек  –  сонда  қоғам  да  өзгереді.  Адамдар  адам 

болмайынша немесе соған ұмтылмаса, қоғам өзгермейді. Адамгершілік даму 

жолында  жасалатын  алғашқы  маңызды  қадам  –  бұл,  әрине,  «сену»  деген 

сөзбен  белгіленетін  нәрсе.  Әдетте,  сенімді  бір  нәрсенің  бар  болуына  сенім 

деп түсінеді. Бірақ сенімнің мұндай қарабайыр түсінігі нақты, дәл емес. Бір 

нәрсенің бар болуына сенім – таза сенім емес, білім. Ал сенім (толық немесе 

киелі сенім) - шексіз сенім арту болады. Бәріне де сеніммен қарау: Құдайға, 

адамдарға, әлемге, қоршаған шындыққа. 

              Сондықтан Ганди былай дейді: «Адами мінез-құлықтың ең тиімді әрі 

лайықты  тәсілі  –  адамдардың  сөзіне  сену.  Басқаша  айтқанда,  ішкі  рухани 

даму  жолындағы  маңызды  қадамның  бірі  –  өзінің  нақтылыққа  деген  теріс 

көзқарасын оң көзқарасқа ауыстыру. Біз, ойша болса да, бір нәрсеге көңіліміз 

толмайды,  өкпеліміз,  қызғанамыз,  көре  алмаймыз,  ыза  боламыз,  біреуді 

сыртынан жамандаймыз. Біз үнемі алаңдап, қорқып жүреміз. Енді алдымызда 

өте  ауыр  міндет  пайда  болады.  Егер  біз  адам  боламыз  десек,  өзіміздің 

нақтылыққа деген көзқарасымызды өзгертуіміз керек. Мысалы, қорқынышты 

қуаныш,  өмірге,  адамдарға,  айналадағы  оқиғаларға  деген  ризашылық 

алмастыруы тиіс. Үрей қуанышқа өзгеруі тиіс. Қайталаймын, бұл, әрине, өте 

күрделі нәрсе, біз оның жалпы сұлбасын ғана беріп отырмыз. Бірақ, мынадай 

нәрсені  түсінген  абзал:  бізге  қатысы  бар  нәрселер,  ауыртпалық  әкелетін 

нәрселер  –  біздің  осалдығымызды,  осал  тұсымызды  көрсетеді.  Бір  жеріміз 

ауырса,  сол  жер  осал  және  сол  жерді  емдеу  қажет.  Сонымен,  айналадағы 

шындықтың  барлық  өткір  әсерлері  біздің  нені  түзеуіміз  керек  екенін 

көрсетеді,  демек,  біз  ызаланбай,  соларды  бізге  көрсеткен  нақтылыққа  риза 

болуымыз  керек.      Мұның  бәрін  философиялық  тілмен  айтқанда,  біздің 

витальді мәніміз рухани бастауға толы болу керек. Психикалық нәрсе рухани 

нәрседен басым болуы тиіс. Басқаша айтсақ: жан ақылдан биік тұру қажет. 

               Ганди  шығармаларында  өмір  сүруге  үйрену  керек,  адам  болуға 

үйрену  керек  дегенді  үнемі  айтатын.  Адамдар  өзімшіл  талабынан,  үрейден, 

өзімшілдіктен бас тартып, айналасындағы адамдарға зиянын тигізуді қойып, 

жасампаздықпен айналысу қажет. 

               Ганди  өзінің  өмірлік  әрекеттерімен  аталған  ақиқаттарды  тануға 

ұмтылады.  Түйсіну  арқылы  немесе  Бхагавадгитаның  дүниетанымына 

сүйеніп,  ол  өмір  бойы  алға  жылжуға,  шынайы  рухани  дамуға  ұмтылған. 

Оның  адамзат үшін  жасаған  еңбегі  зор.  Сондықтан,  Ганди  XX-ғасырдың  ең 

ірі тарихи тұлғасы ретінде даусыз мойындалу керек.  

Философиялық афоризмдері: 

  Өз тіліне әлі келмеген адамда шынайы шындық болмайды. 



        

484 


 

  Еріксіз пайда болатын ой – ақылдың сырқаты, оны ауыздықтау ақылды 

ауыздықтағанды  білдіреді  және  бұл  желді  ауыздықтағаннан  да 

қиынырақ. 

  Егер біз өзіміздің барлық міндеттерімізді орындасақ құқықтарымызды 

көп  іздемейміз.  Ал  өз  міндеттерімізді  орындамай,  құқықтарымызға 

ұмтылар  болсақ,  олар  бізден  шалғайда  жылтыраған  шамдай  алыстай 

түспек. 


  Егер біз өз жақынымызды жақсы көрмесек, ешқандай өзгерістер, тіпті 

олар революциялық сипатта болсын, бізді жақсылыққа бастай алмайды. 

  Зорлық – шын мәнінде ішкі әлсіздік сезімнің белгісі. 

  Жек  көруді  –  махаббатпен,  жалғандықты  –  шындықпен,  зорлықты  –

шыдамдылықпен жеңу керек. 

  Үнемі жетілуге ұмтылу – әркімнің құқығы. Ол – оның жеке наградасы. 

  Газет  –  ұлы  күш,  бірақ  та  ешбір  кедергісі  жоқ  жойқын  тасқынның 

жағадан  асып,  егінді  жоятыны  сияқты  журналистің  бақылауға 

бағынғысы  жоқ  жүйрік  қаламы  тек  бүлдіруге,  күйретуге  әкеліп 

соқтырады. Сырттан бақылаудың себеп-салдары бақылаусыздықтан да 

бетер болады. Бақылау іштей жасалса ғана пайда әкеледі. 

  Мәңгілік ақиқаттар өздерінің мәңгілік екендігіне қарамастан үнемі еске 

түсіріп отыруды қажет етеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет