Әдебиет:
1. Асмус В. Ф. Демокрит. МГУ,— Москва: 1960.
2. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы /Антикалық
философия, «Раритет», —Алматы: 2006. 38-41 беттер.
3. Верлинский А.Л. Дата рождения Демокрита у Аполлодора и Фрасилла
(Заметки о методах античной хронографии) //Сб. статей. — СПб.,
1997. — С. 100—127.
4. Виц Б.Б. Демокрит. «Мысль»,— Москва: 1979.
5. Зубов В.П. Развитие атомистических представлений до начала XIX
века. «Наука», — Москва: 1965.
6. Лысенко В.Г. Атомизм вайшешиков и атомизм Демокрита (Опыт
сравнительного анализа) //Древняя Индия. Историко-культурные
связи. — Москва: 1982. — С. 187—201.
7. Шаймерденұлы Е. Ақиқат айнасы (философиялық афоризмдер)/
Демокрит. «Өлке», — Алматы: 2004.
8. Антикалық философия. 2-томдық, —Алматы: 2005. 566 –бет.
104
ЭЛЛИНДІК ЖӘНЕ РИМДІК ФИЛОСОФИЯ
– антика философиясындағы эллиндік кезең б.д.д. шамамен VIғ.
ортасынан б.д.V-IVғ.ғ. аралығын қамтиды. Ұлы Александр Македонский
құрған мемлекет ыдырап, формалды түрде орталық Македонияға бағынған,
шын мәнінде, өзін-өзі басқаратын көптеген кішігірім патшалыққа (Египет,
Сирия, Кіші Азия, Грекия, т.б.) айналды. Ал б.д.д.IIғ. күннен-күнге
мемлекеттік күші өсіп келе жатқан Рим Македонияны оның бағынышты
аймақтарымен қоса өзіне бағындырып, Рим империясының отарына
айналдырды.
Бұл
саяси
өзгерістер
сол
кездегі
философиялық
концепциялардың мәні мен мазмұнына әсер етпей қойған жоқ. Сонымен
қатар эллиндік және римдік философияға ежелгі грек және Шығыс
халықтарының (әсіресе Кіші Азия) өте бай рухани байлықтарының әсері зор
болғандығы белгілі. Әсіресе Шығыс халықтарына тән мистикалық әдет-
ғұрыптар, астрология, гороскоп, т.б. да сенімдерін, Шығыстың кейбір
құдайларын (Исида – Даметра, Кабела (Жер-Ана) – Афродита, Артемида,
т.б.) өз құдайлары ретінде мойындап, оларға табыну сияқты діни сенімдері
Грекия, рим халықтарының сол кездегі мәдениетінің өзектілерінің бірі
болды. Діндегі сияқты, философияда да жеке тұлға мәселесі алдыңғы шепке
шығып, жалпы этикалық проблема ретінде көптеген ойшылдардың
еңбектерінде көрініс тапты. Б.д.д. IV-IIIғ.ғ. осы проблемаларға жауап іздеген
негізгі екі философиялық ағым пайда болды. Олар стоиктер мен
эпикуршылардың философиялық ілімдері еді (Алтай Ж., Қасабек А.,
Мұхамбетәлі К. Философия тарихы/ Эллиндік және римдік философия,
«Раритет»,—Алматы: 2006. 48-бет). Сөйтіп, философия өзінше бір сипат
алып, жаңа бір деңгейге көтерілді, бұл көбіне сол кезеңдерде өмір сүрген
философиялық тұлғалардың еңбектерімен, ондағы тың идеялармен,
көзқарастармен байланысты болды.
105
ЗЕНОН КИТИЙСКИЙ
(ЗЕНОН-СТОИК)
(б.д.д. 346/336/333 – 264/262 ж.ж.)
— көнегрек философы. Киниктер
мектебінің түлегі, б.д.д.300ж. бері —
философиялық
стоиктер
мектебінің
көшбасшысы.
Осы мектептің өкілдерін стоиктер
деп атап кеткен. Басты өкілдері: Зенон,
Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий және т.б.
Философиялық көзқарастары:
Стоиктердің пікірінше, әлем –
біртұтас дене. Біртұтас денелі әлем
құдаймен пара-пар деп қарастырады.
Оны өзін жандандыратын тынысы
(пневма) жайылған. «Пневма» – идеалды немесе абстракция емес, ол –
материалды (ұсақ) бөлшек. Ол – әлемнің жаны, ақыл-ойы. Ал денелер – оның
модификациясы. Әлемде болып жатқан өзгерістер қатал қажеттілік заңына
бағынғандықтан, ол мақсаттылық жолымен дамиды, ал жеке заттар,
заттардың бөлшектері, құбылыстардың өзгеруі, дамуы біртұтастыққа, оның
жетілуіне тікелей байланысты. Стоиктер Гераклит сияқты әлем оттан
жаралады және ол әлсін-әлсін қайтадан отқа айналады дей отырып, бұл
құбылыстың себебі біртұтас әлемнің өзінің логос заңына бағынғандығында
жатыр жатыр деп есептеген.
Біртұтас әлемге тән қажеттілік заңын стоиктер қоғамдық өмірге де
таратады. Осыдан келіп, олар бостандық және адам өмірінің ең жоғары
мақсаты сияқты мәселелерді өз ілімдерінің өзекті проблемалары деп санаған.
Бостандық ұғымын стоиктер қажеттілік ұғымы арқылы түсіндіруге
тырысады. Қажеттілік («тағдыр») талассыз айқын болатын заңдылық
болғандықтан, бостандықтың болуы мүмкін емес. Адамдардың іс-әрекеттері
бір-бірінен ерікті немесе еріксіз жасалғандығына қарап ажыратылмайды.
Себебі олардың тек қажеттілікке байланысты болатындығы белгілі,
керісінше, олар бір-бірінен болмай қоймайтын, заңды қажеттілікті өз еркімен
немесе амалсыздан (зорлықпен) орындауларымен ажыратылады. Қажеттілік
заңына байланысты тағдыр біреулерді алға жетелесе, оған қарсы
болғандарды сүйрелейді.
Ал адамдар, бір жағынан, қоғамдық жандар, екінші жағынан, біртұтас
әлемнің бір бөлігі болғандықтан, олардың өзін-өзі сақтауға талпынысы,
айналып келгенде, мемлекеттік игілік үшін қамқорлық деңгейіне дейін,
кейбір жағдайда әлемдік біртұтастық алдындағы өз міндетін түсінуге дейін
көтереді. Осы себепті данышпандар өз игілігінен гөрі мемлекеттік игілікті
жоғары қойып, қажет болған жағдайда, ойланбастан өз өмірін қиюға дейін
106
барады. Стоиктер білімнен данышпандықты жоғары қойып, білімді
данышпандыққа жетудің бірден-бір жолы деп уағыздады.
Қандай да болсын әдептілік іс-әрекеттер өзін-өзі сақтауға
бағытталғандықтан, жаман әдепсіздік іс-әрекеттер адамның өз табиғатын
құртуға жетелесе, дұрыс, жақсы, әдепті іс-әрекеттер адамды тағдырға
көнбеуге, ешқандай сырт күш алдында бас имеуге бастайды, сөйтіп, адам
бақытының кепіліне айналды.
Әдебиет:
1. Ахутин А.В. Античные начала философии. «Наука», — СПб: 2010.
2. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы/ Эллиндік
және римдік философия, «Раритет», — Алматы: 2006. 48-49 беттер.
3. Асмус В.Ф. Античная философия. «ВШ»,—Москва: 1998. С. 10—13.
4. Батыс философиясының антологиясы. «Сорос-Қазақстан»,
—Алматы: 2002.
5. Бейсенов Қ. Философия тарихы. —Алматы: 1992.
6. Антикалық философия. 2-томдық, —Алматы: 2005. 566–бет.
107
ЭПИКУР
(б.д.д. 342/341ж.ж. Самос –
б.д.д.271/270ж.ж. Афина)
— көнегрек философы, материалист.
Афинадағы эпикуреизмнің негізін қалаушы.
Философиялық шығармалары:
«Эпикурдің бағы», оның жазған 300-ге
жуық еңбегінің тек аздаған бөліктері ғана
сақталған. Оның философиясы үш бөліктен
тұрады: табиғат пен ғарыш туралы ілім
(«Физика»), таным туралы ілім («каноника»)
және адам, оның мінез-құлқы туралы ілім
(«эстетика»).
Философиялық көзқарастары:
Оның пікірінше, атомдар – дүниенің алғашқы бастамасы. Оларға,
Демокрит атаған қасиеттерден басқа, көлем, салмақ сияқты мәнді қасиеттер
тән. Салмақтың арқасында атомдар еркін «құлайды» және жолдан ауытқиды.
Осылай «өздігінен еркін ауытқитын атомдар» – қозғалыстың себебі және
қайнар көзі. Солардың арқасында атомдар өзара байланысқа түсіп, жекелеген
денелер пайда болады. Космоста сансыз көп жекелеген әлемдер бар.
Осы әлемдердің арасындағы бос кеңістікте мәңгі өлмейтін, бақытты
құдайлар өмір сүреді. Олар әлем және адамдар жағдайын ойламайды. Өмірге
келіп және одан кететіндер тек тіршілік иелері мен жан ғана. Жан жіңішке,
жеңіл, домалақ және тынымсыз атомдардан тұрады. Табиғатты танып-білу
басты мақсат емес. Бірақ табиғат туралы білім адамдарды соқыр сенім мен
діннен босатуға және өлім алдындағы қорқынышты жеңуге мүмкіндік береді
де, олардың бақытқа және шаттыққа кенелуіне жағдай туғызады.
Бақыт пен шаттықтың мәні құмарлықта жатыр. Адам үшін
құмарлықтың қайсысының болса да жамандығы жоқ, бірақ көп түрлі
құмарлықтың ішінде рухани құмарлықтың орны ерекше, себебі ол
басқалардай емес, өте тұрақты және сыртқы әсерлерге тәуелді емес. Адамдар
ақылдың күшімен және ешқандай жаманшылық бұза алмайтын сабырлылық
пен салмақтылықты сақтай отырып (атараксия) құмарына жетулері керек.
Негізгі идеясы:
— Эпикурдың этикалық ілімінің негізінде кейінірек эпикуреизм деген
ілім және өмір сүру тәсілі кең өріс алды. Бұл ілімнің басты идеясы – өмірдегі
құмарлықтардың ішінде материалдық қуаныштарға еш ойланбастан бірінші
болып жол беру.
Философиялық афоризмі:
Өзің істей алатын нәрсені құдайдан сұрап қайтесің.
108
Әдебиет:
1. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы/ Эллиндік
және римдік философия, «Раритет», —Алматы: 2006. 49-50 беттер
2. Гончарова Т.В. Эпикур. — 2-е изд., «КомКнига», — Москва: 2010. 336
3. Шахнович М.М. Парадоксы теологии Эпикура. —СПб: 2000
109
ЛУЦИЙ АННЕЙ СЕНЕКА
(б.д.д.5ж., Кордуба – б.д.65ж., Рим)
—
атақты римдік стоик-
философ, император Неронды тәрбиелеген,
сол заманда мемлекет тіршілігіне ықпалы
өте күшті болған ақын әрі қоғам
қайраткері.
Нерон жағымсыз саясат жүргізе
берген соң, Сенека саясаттан бас тартып өз-
өзіне қол жұмсаған.
Философиялық шығармалары:
«Утешение к Марции», «О гневе»,
«Утешение к Гельвии», «Утешение к
Полибию», «О кратковременности жизни», «О досуге», «Жанның
тыныштығы туралы» немесе «Жанның жайлылығы туралы», «О
провидении», «О стойкости мудреца», «Бақытты өмір жайлы» және т.б.
Философиялық, саяси-әлеуметтік көзқарастары:
Өз шығармаларында Сенека:
қайырымдылық идеяларын дәріптеді;
Қоғамдық өмірге араласпауға, өзіңмен өзің болуға, өзіңнің
рухани дүниеңмен шектелуге шақырды;
тыныштық пен бейғамдықты қалады;
адам мен адамзаттың қабілеттігіне, мүмкіндігіне шәк келтірмеді,
мәдени және өркениеттік прогрестің болашағын болжады;
мемлекетті басқару жүйесінде, қоғамдық өмірде философтар мен
даналардың рөлін көрсетіп, қарабайыр, сауатсыз жұртты,
«тобырды» менсінбеді;
ең жоғары игілік деп әдептілік мұрат пен адам бақытын санады;
философияны теориялық, абстракциялық жүйе жағынан емес,
практикалық, мемлекетті басқару, қоғами үрдістерді реттеу,
адамдардың бақытқа жету жолдарын зерттеу жағынан бағалады.
Философиялық афоризмдері:
Уақыттан басқаның бәрі бөтендікі, біздікі емес.
Рухы әлсіз адамның қолынан бай болу келмейді.
Зор дүние – зор құлдық.
Кедей деген дүние-мүлкі аз адам емес, соны қалай көбейтсем екен деп
жанталасып жүргендер.
Байға қарағанда кедей көбірек күледі және атақсыздау келеді.
Маған белгілі мағынада құл емес адамды көрсетші.
Кеме қай портқа баратынын білмесе, желі оңынан тумайды.
Нашар өнім алғаннан кейін де себу керек.
Жек көрушіліктен қатты қорқатын адам басқара да алмайды.
Егер әрі қарай өсу болмаса, батар күн де алыс емес.
110
Ұлы істерге талаптанып, жолы болмағандардың өзін құрметтей біл.
Екі жүздіге көрсетілген сенім оған опасыздық етуге мүмкіндік береді.
Ұсақ қателіктерден ірі кемшіліктерге өту қиын емес.
Есте ізгі істерге қарағанда, реніш ұзақ сақталады. Ізгілік тез ұмтылады,
ал реніш, өкпе есте тайға таңба басқандай тұрып алады.
Әдебиет:
1. Краснов П.Л. Анней Сенека, его жизнь и философская деятельность.
Серия «ЖЗЛ».— СПб: 1895. — 77 с.
2. Иманқұл Н., Бөрібаев Т. Іліми Философия. «Парыз», —Астана: 2009.
37-38-беттер
3. Грималь П. Сенека, или Совесть империи. /Пер. с фр. (ЖЗЛ). «Молодая
гвардия», — Москва: 2003.
4. Титаренко И.Н. Философия Луция Аннея Сенеки и ее связь с учением
Ранней Стои. — Ростов-на-Дону: 2002
111
МАРК ТУЛЛИЙ ЦИЦЕРОН
(3 қаңтар б.д.д.106ж., Арпинум
– 7 желтоқсан б.д.д.43ж.,
Формия)
— көнеримдік саясаткер әрі
философ, тамаша шешен-оратор.
Цицеронның
ата-анасы
байқуатты адамдар болды. Ол он
бес
жасында
Римге
оқуға
аттанады. Қалың жұрттың алдында
алғаш рет б.д.д. 81-80 жылдары сөз
сөйлеп, елді тәнті етті. Оның бұл
монологы сол кездің билеушісі
Сулланың қатігездіне қатысты
болды. Ал б.д.д. 70 жылы
сулландық алаяқ Верреске қарсы
сот процесінде сөз сөйлеп, жеңіске
жетті. Саяси сахнаға шамамен б.д.д. 66 жылдары шықты. Б.д.д. 63 жылы
Римнің бірінші сенаторы мен консул қызметін атқарды.
Бірінші труимвират орын алғаннан кейін Цицеронның рөлі қоғам
арасында сәл төмендеді. Тіпті б.д.д. 58-57 жылдары қуғын сүргін де көрген
еді. Цезар мен Помпей арасындаға азаматтық соғыста екі тарапты
татуластырғысы келіп, барынша тырысса да, ол әрекетінен ештеңе шықпады.
Ақыры екі жақ бір-бірін қырып-жойып, түбі Цезарь жеңіске жетті. Бұдан
кейін Цицерон саяси алаңнан алыстап, өзімен-өзі өмір сүруге талпынды.
Алайда б.д.д. 44 жылы Цезарь өлтірілгеннен кейін, республикандықтардың
көсемі, сенат басшысы болып қайта оралды.
Алайда тыныш өмір баста ұзақ тұрақтамады. Б.д.д. 43 жылы екінші
труимвират басталды. Бұл қырғын көтерілісті бастаған – М.Антоний,
Октавиан Август, Лепид деген кісілер еді. Ақыры осы алапаттың
нәтижесінде дарынды оратор репрессияға ұшырап, алғашқылардың бірі
болып өлтірілді. Бұл б.д.д. 43 жылдың 7 ақпаны еді (қазіргі Гаэта қаласының
маңы).
Философиялық шығармалары:
Марк Туллийдің артынан түрлі үзінділерді есептемегенде, 58 саяси
монологы, риторикадан, саясаттан, практикалық философиядан, теориялық
философиядан жалпы саны 19 трактаты қалды («Мемлекет туралы», «Заңдар
туралы», «Тускуландық сұхбаттар», «Міндет пен парыз туралы», «Жамандық
пен жақсылықтық шегі туралы», «Құдай туралы»). Сонымен қатар 800-ден
аса хаттары мен қанатты сөздері сақталған.
Философиялық афоризмдері:
Адам неғұрлым адал болса, соғұрлым басқаларды арамдыққа аз қияды.
Даналыққа үйреніп қою жеткіліксіз, оны пайдалана білу керек.
112
Надандық дегеніміз – ақылдың түні: айсыз және жұлдызсыз түн.
Бір нәрсені үйренгісі келген адамдарға оларды үйретіп жүргендердің
беделі жиі бөгет жасайды.
Қағаз қызармайды.
Дана адамдардың ісіне – ақыл, ортан қол кісілердің ісіне –тәжірибие,
надандардікіне – қажеттілік, жануарлардікіне – табиғат түрткі болады.
Ақылды адамға қателесу, ал ақымаққа – өз қателігін дұрыс деп дес
бермеу тән.
Әдебиет:
1. Письма Марка Туллия Цицерона. /Пер. В.О.Горенштейна. В 3 т.
переизд.: (Серия «Античная классика»). «Ладомир»,— М: 1994.
2. Цицерон. Философские трактаты. /Пер. М. И. Рижского. «Наука»,
— Москва: 1985. — 384 стр.
3. Цицерон. О пределах блага и зла. Парадоксы стоиков. /Пер.
Н.А.Федорова, РГГУ— Москва: 2000. С.480
4. Цицерон. Топика. / Пер. А.Е.Кузнецова. «Директ-Медиа»,— М: 2002.
5. Цицерон. Учение академиков. /Пер. Н.А.Федорова, вступ. «Индрик»,
— Москва: 2004. — 320 стр.
6. Стрельникова И.П. «Риторика для Геренния». //Кузнецова Т. И.,
Стрельникова И.П. Ораторское искусство в древнем Риме. «Наука»,
— Москва: 1976. — Гл. 2. С. 62-91.
7. Альбрехт М. фон. История римской литературы. Т. 1. — М: 2003.
8. Утченко С.Л. Цицерон и его время. — Москва: 1973; 2-е изд.1986.
9. Звиревич В.Т. Цицерон. Философ и историк философии. Изд-во
Урал.ун-та, — Свердловск: 1988. — 205 стр.
10. Грималь П. Цицерон. «Молодая гвардия»,— Москва: 1991.
11. Бобровникова Т.А. Цицерон: Интеллигент в дни революции. «Молодая
гвардия»,— Москва: 2006.
113
МАРК АВРЕЛИЙ АНТОНИН
(26 сәуір 121ж., Рим – 17 наурыз
180ж., Виндобона)
— әйгілі римдік философ-
стоик,
Эпиктеттің
ізбасары,
Антониндер әулетінен шыққан
161–180ж.ж. рим императоры.
Философиялық шығармасы:
«Өзіме арналған» деп аталады.
Негізгі идеялары:
Құдайға
шын
жүректен
сыйластықпен қарау;
Әлемнің бастамасы – Құдай
деп тану;
Құдайды барлық дүниені
біріктіруші және барлығын
жасаушы
белсенді
материалды-рухани күш деп
ұғыну;
Қоғами өмір болсын, мемлекет істері, әрбір жеке адам өмірі, оның
бақыты, жетістігін Құдайдың құдыретінен көру;
Жан мен парасатты бөліп қарастыру;
Сырттан келген әсерлерге қарсылық көрсетпеу, тағдырға бойұсыну,
көну;
Адам өмірінің шектілігі, жалғандығы туралы ойлау, өмірді бағалау,
оны мүмкіндігінше жақсы көру;
Қоршаған дүние құбылыстарына пессимистік көзқараспен қарау;
Философиялық афоризмдері:
Өзіңді-өзің қолпаштап әуре болмағайсың, қарапайым болсаң кем
болмайсың.
Жақсы адамды жанарынан танимын.
Түзелгіш емес, түзу болғанға не жетсін.
Ашушаң емес, мінезі жайлы және мейірбан адам ер келеді.
Жақсылық үшін жан алғаннан сақтасын.
Ағынан жарылған адалдық қанжардан да қауіпті.
Әр қадамын әрі-бері салмақтап, есепшотқа қағумен күні өткен кісіден
асқан мүсәпір жоқ.
Өкініш те, ашу да – әлсіздіктің белгісі.
Адалдық пен әділдікті сақтап өмір сүруден асқан құндылық жоқ.
Шалағай көзқарасты қанағат тұтпа.
Әр адамның бағасы оның ой-ниетінің құндылығымен
анықталады.Бойыңа қарапайымдылықты, парасаттылықты, ар
114
тазалығын, байсалдылықты, кішіпейілділікті, әділдікті, тақуалықты,
мейірбандықты, сүйіспеншілікті, тиісті істі орындаудағы
табандылықты жинауға тырыс.
Кез келген надандықтың ортақ кемшілігі – өзің білмейтіннің бәрін
жоққа шығару.
Алдым деп аспа, айырылдым деп саспа.
Өзін сабырға жеңдірген адам, ашуға бой алдырған адамнан күштірек.
Қолдан келмейтінге ұмтылу – көзсіздік.
Достарыңызбен бөлісу: |