Қазақстан республикасы білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет49/51
Дата26.09.2019
өлшемі8,78 Mb.
#48889
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
2 - filosofiya t l alar bejnes nde
Жаттығулар^, Жаттығулар^, Sapy Bakytzhan presentation, 4 chapter appendix, Әңгіме - Кішкентай адам, қызыл, Kairbaeva Malika, Shlataeva Dilyara, Kurakbaev Aibolat, Kaliev Aidar, Vacine, Lab - Exploring Nmap (2), 21-22.07.2022, Эссе ТАРИХ, Final exam instructions 2022 FALL, George B. Thomas Jr., Maurice D. Weir, Joel R. Hass-Thomas\' Calculus Early Transcendentals (13th Edition)-Pearson (www.IraniData.com)

Әдебиет

 

1.  Қазіргі  Шығыс  философиясы.  20-томдық  /«Әлемдік  философиялық 

мұра», 18-том. «Жазушы», — Алматы: 2008. 5-359 бб 

2.  Шығыс  философиясы.  «Мәдени  мұра»  сер.,  ОҚ.  «Жазушы»,  — 

Алматы: 2009. 89-96 -бет. 

3.  Намбудирипад Е.М. Махатма Ганди и гандизм. Изд-во иностр. лит., — 

Москва: 1960 

4.  Комаров  Э.Н.,  Литман  А.Д.  Мировоззрение  Мохандаса  Карамчанда 

Ганди. «Наука», — Москва: 1969 

5.  Мартышин О.В. Политические взгляды Мохандаса Карамчанда Ганди. 

«Наука», — Москва: 1970 

6.  Бессмертный  лотос:  Слово  об  Индии  /Сост.  А.Сенкевич.  «Мол. 

Гвардия», — Москва: 1987 

7.  Открытие Индии: Философские и эстетические воззрения Индии XX в. 

/Редкол.: Э.Комаров, «Худож. лит.», — М: 1987 

8.  Горев  А.В.  Махатма  Ганди  2-е  изд.  «Международные  отношения»,  — 

Москва: 1989 

9.  Девяткин  С.В.  Искусство  сатьяграхи  //Опыт  ненасилия  в  XX 

столетии. /Под ред. Р.Г.Апресяна. «Аслан», — Москва: 1996 

10. Рыбаков Р. Б. Ненасильственная борьба за мир без насилия (Ахимса в 

индийской  традиции  и  в  учении  М.К.Ганди)  //«Пацифизм  в  истории. 

Идеи и движения мира», ИВИ РАН, — Москва: 1998. 

        

485 


 

ДЖАВАХАРЛАЛ НЕРУ 

 

(14 қараша 1889ж. Аллахабад, 

Британдық Үндістан – 27 мамыр 

1964ж. Нью-Дели, Үндістан) 



 

          —  Үнді  Ұлттық  Конгресінің 

және 

 

Үнді 



ұлт-азаттық 

қозғалысының  сол  қанатындағы  

көшбасшы-лидерлерінің 

бірі, 


(сондай-ақ,  Пандит  (Ғалым)  Неру 

деген атымен де белгілі)   15 тамыз 

1947 

жылы 


Үндістан 

өз 


Тәуелсіздігін  алғаннан  кейінгі 

тағайындалған 

елдің 

алғашқы 


премьер-министрі.  

           

Оның  әкесі  Мотилал  Неру 

елдегі  ең  ірі  Үнді  Ұлттық 

конгрессі 

партиясының 

жетекшілерінің  бірі  болды.  Ол  өзінің  баласы  Джавахарлалды  атышулы 

Харроудағы ағылшын мектептерінің біріне оқуға жібереді. 1912 жылы Неру 

Кембридж университетіндегі заң факультетін тәмамдап, Үндістанға келді. Ол 

Аллахабадта  орналасып,  сонда  әкесінің  адвокаттық  канторында  жұмыс 

істеді.  Бір  жағынан  ол  Үнді  Ұлттық  конгресінің  мүшесі  бола  отырып, 

Үндістанды отаршылдардан тазарту үшін жан аянбай араласты. Өзінің туған 

жерінде  Ганди  ілімдерімен  таныса  жүріп,  европалық  идеялары  мен  үнді 

дәстүрлерін  байланыстыра  отырып,  содан  нәтиже  шығаруға  тырысты. 

Отаршылдық  билік  оны  бірнеше  рет  бар-жоғы  10-жылдай  түрмеге  жапты. 

Компаниялардың  британ  товарларына  қарсы  байкот  жариялауға  белсене 

араласты.

  

            



1927 жылы Неру ҮҰК (Үндістан Ұлттық конгресінің) төрағасы болып 

сайланады. 1938 жылы партиядағы адамдардың саны 5 млн-нан артып кетті. 

Сол  уақытта  мұсылмандар  мен  үнділіктер  арасында  жанжалдар  ушығып 

кеткен  болатын.  Мұсылмандар  «Алланың  ақ  жолына  түскендердің  елі»  -

тәуелсіз Пакистан мемлекетін құруды талап етті. 

 

                         



1946  жылы    Неру  Үндістанның  уақытша  үкіметінің  вице-

премьері  болып  сайланды.  Ал,  1947  жылдың  маусымында  —  тәуелсіз 

Үндістанның үкіметтің алғашқы басшысы және сыртқы істер және қорғаныс 

министрі  болды.  15  тамыз  1947  жылы  Неру  Делиде  тәуелсіз  Үндістан 

республикасының туын көкке көтерді. 1948 жылдың ақпанында Үндістаннан 

британ  әскерлерінің  контингенттері  кете  бастады.  1947-1948  жылдары 

Кашмирге  байланысты  Үндістан  мен  Пакистан  арасында  соғыстар  жүрді. 

1947  жылы  Нерудің  жақтастары  парламентте  86%  -  орынға  ие  болды.  1950 

жылдың  қаңтарында  Нерудің  басшылығымен  Үндістан  зайырлы  және 

демократиялық республика болып жарияланды.  



        

486 


 

                     Елдің  ішкі  саясатында  Неру  Үндістан  халқын  ынтымақ-бірлікке 

шақырды,  мұсылмандар  мен  үндістерді,  билік  үшін  жауласып  жүрген  саяси 

партияларды  бір  ымыраға  келуге  шақырды,  ал  экономикада  –  жоспарлау 

принциптері мен рыноктық экономикаға жол бастауға шақырды. 

                 Әлемдік  беделге  ие  болған  Неру  саяси  блоктарға  қосылмау 

жөніндегі  саясаттың  авторына  айналды.  Сөйтіп,  ол  бейбітшілік  орнатуға 

батыл қадамдар жасады. 

            1955  жылы  Неру  ССРО-ға  ресми  сапармен  келді.  27  мамыр  1964 

жылы жүрек талмасынан қайтыс болды. 

 

Философиялық афоризмі: 

  Ақиқат  құдықтың  түбінде  жатады,  бетіндегінің  бәріне  өтірік  билік 

жүргізеді.  Кейде  жасырын  түрде,  кейде  ұят  дегенді  сыпырып  тастап 

ашықтан-ашық. 



Әдебиет: 

 

1.  Қазіргі  Шығыс  философиясы.  20-томдық  /«Әлемдік  философиялық 

мұра», 18-том. «Жазушы», — Алматы: 2008.  

2.  Агни  Йога  или  Учение  Живой  Этики.  –В  5-ти  томах.  Предисловие, 

комментарий, словарь. «РИПОЛ классик», — Москва: 2004  

3.  Безант А. Древняя мудрость /очерк теософических учений/. — Москва: 

1992. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

        

487 


 

 РАБИНДРАНАТ ТАГОР 

 

 (7 мамыр, 1861ж. Калькутта  

– 7 тамыз, 1941ж. сонда) 

 

        —  атақты  үнді  жазушысы, 



ақын,  сазгер-композитор,  суретші, 

қоғам қайраткері. 

          Шығармаларын 

бенгал 


тілінде  жазды.  Әдебиет  саласы 

бойынша  Нобель  сыйлығына  ие 

болған  (1913ж.).  Үндістан  және 

Бангладеш 

мемлекеттерінің 

әнұранының авторы. 

          Үнді 

ақыны  Рабиндранат 

Тагор  Калькуттада  туды  және 

дәулетті  отбасындағы  он  төрт 

баланың  кішісі  болатын.  Оның 

әкесі 


Махариши 

Дебендранат 

Тагор 

(санскр. 



Девендранатха 

Тхакура),  Үндістандағы  қасиетті  жерлерге  мінәжат  етуге  жиі  шығатын 

брахман еді. Шешесі Шарада Деви Тагор 14 жасқа толғанда қайтыс болған. 

Анасынан  айырылған  жасөспірім  Тагор  қарапайым  әрі  жалғыздықтан 

зарыққан  өмір  кешті.  Ол  енді  сегіз  жасынан бастап  өлеңдер  жаза бастайды, 

алғашқыда үйде, сосын жеке мектепте, атап айтқанда Калькуттадағы Шығыс 

семинариясында,  Бенгальдық  академияда  және  оған  дейін  педагогикалық 

училищеде оқыды. Онда ол бенгал  тарихы  мен мәдениеті жөнінде  көптеген 

мағлұматтар  алады.  1873  жылы  әкесімен  болған  бір  саяхатта  ол  солтүстік 

Үндістанның ең табиғаты керемет жерлерді көріп, елдің көпғасырлық тарихы 

мен мәдениетінен ләззат алады.  

                  Сол  жылы  ол  Англияға  Лондондағы  Университет  колледжіне 

құқықты оқу үшін барады, бір жылдан соң диплом ала алмастан Үндістанға 

қайтып  оралады,  кейбір  уақыттары  Калькуттада  тұрады,  онда  ол  ағаларына 

арқа  сүйеп  отырып  бірталай  өлеңдер  жазды.  1883  жылы  ол  Мриналини 

Девиға үйленеді, одан екі ер бала және үш қыз бала сүйеді.  



Шығармалары: 

«Кешкі әуендер» (1882), «Таңғы әуендер» (1883), «Ақынның тарихы»  (1878),  

және т.б. 

                         

1890  жылы  әкесінің  өтініші  бойынша  Тагор  Шығыс 

Бенгалиядағы  Шелайдехо  елді-мекенінде  басқарушы  болып  сайланды.  1901 

жылы  Тагор  Шантиникетанға  қоныс  аударады,  Калькуттаның  маңынан 

мектеп  ашады.  1902  жылы  Тагор  жан-жолдасынан  айырылғаннан  кейін 

«Естелік»  сияқты  лирикалық  өлеңдер  жинағын  бастырып  шығарды.  1903 

жылы туберкулез ауруынан қыздарының бірі қайтыс болады, ал 1907 жылы 

холерадан ақынның кіші баласы дүние салады. 


        

488 


 

                        1912 жылы үлкен баласы АҚШ-қа оқуға аттанды, өзі Лондонға 

барып, біраз өлеңдерін ағылшын тілінде бастырып шығарады. Тек Үндістан 

ғана емес, бүкіл әлем оның шығармаларымен танысты, сол үшін де оған 1913 

жылы Нобель сыйлығы берілді. Дүниежүзінің ғалымдары оған «Шығыс пен 

Батысты  жақындастырушы  тұлға»  деп  баға  берді.  Нобель  комитеті  бөлген 

қаржыны  Тагор  Визва-Бхарати  мектебіне  аударды,  кейін  бұл  оқу  орны 

бірінші  дүниежүзілік  соғыс  аяқталғаннан  кейін  ақысыз  білім  беретін 

Университетке айналды.  

                Тагор Үндістанның төрт бірдей университетінің құрметті дәрежесі, 

Оксфорд университетінің құрметті докторы атағын алды. 1941 жылы ол ұзақ 

науқастан кейін Калькуттада дүние салды.  



Философиялық афоризмдері: 

  Адамның шын арқа сүйері  – өзі өмірімен жанды байланысты болатын 

әрі сол жанның өзімен бірге өсетін мұраттары. 

  Адамға  әсемдік  сезімін  дарытпайынша,  одан  нағыз  азамат  шығара 

алмайсың. 

  Тәңіріңнің өзі сыйлады мені, 

Болғаны үшін өз сөзім. 

Иіліп едім сүйем деп сені, 

Салмай да қойды ол көзін. 

  Адам аңға айналған кезде нағыз жыртқыштан да қауіптірек. 

  Жалынға  оның  жарығы  үшін  алғыс  айт;  бірақ  елеусіз  қалған 

шырағыңды ұмытпа. 

  Сен – Лотос жапырағының астындағы шықтың ірі тамшысысың, ал мен 

–  оның  жоғарғы  бөлігіндегі  кішкентай  ғана  тамшымын  деді  Шық 

тамшысы Көлге. 

                                                  Әдебиет: 

 

1.  Открытие Индии: Философские и эстетические воззрения Индии XX в. 

«Худож. лит.», — Москва: 1987 

2.  Степанянц  М.Т.  Восточная  философия:Вводный  курс.  /Избранные 

тексты. — Москва: 1997. 

3.  Шаймерденұлы  Е.  Ақиқат  айнасы  (философиялық  афоризмдер)/ 

Р.Тагор. «Өлке», — Алматы: 2004.  

4.  Чаттерджи С.Датта Д. Индийская философия. —  Москва: 1966 

 

 


        

489 


 

           Адамзаттың  рухани  мәдениетінде  өзінің  бірегей,  қайталанбас 

қабілетімен  ерекшеленетін  Үндістан  –  адам  санымен  және  көне  тарихымен, 

қазіргі  технологияны  қарқынды  дамытумен  басқа  елдердің  назарын  өзіне 

аударып отырған алып мемлекет.  

         Қазіргі  үнді  философиясының  ықпалы  мен  таралуының  басты  себебі, 

оның  өзіндік  бірегей  ерекшеліктеріне  байланысты.  Ол  жиырмасыншы 

ғасырдың  батыс  философиясынан  да,  үнділік  ежелгі  және  орта  ғасыр 

классикалық философиясынан да ерекшеленеді. Жаңа заманның үнділік ойы 

ең  өзекті  деген  жалпы  адамзаттық  мәселелерді  қарастырады,  сондықтан 

қазіргі  жаһандық  дағдарыс  жағдайында  ол  белгілі  бір  бағдар  беретіндей 

қабылданады. 

          Аталған ерекшеліктер қандай? Соңғы бір жарым ғасырда үнділік ойдың 

айқын сипаты мен тәлімдік тұжырымдары қандай болып келеді? 

         Өзінің «Рамакришна өмірі» деп аталатын кітабында Ромен Роллан үнді 

мәдениетінің  мәні  мен  оның  батыстық  мәдениеттен  түбірлі  ерекшелігін  дәл 

тапқан,  өйткені  Үндістанның  мыңдаған  жылдық  тарихы  Ең  Биік  тұрған 

Шындықты  игеруге  ұмтылған  халықтың  тарихы  болады;  Батыс  адамы 

физикалық 

табиғатты 

бағындырған 

кезде, 


Үндістанның 

халқы 


трансцендентті шындыққа ұмтылған. 

          Ерте  замандарда  ең  жоғары  білім  эзотериялық  еді,  яғни  оны  даналар 

ғана  білетін.  Бұл  білім  «млечха»  (бөтен)  және  надан  адамдардың  қолына 

түспеуі мұқият қадағаланатын. Бірақ қазіргі адамзат сыртқы нәрсенің соңына 

түсіп,  өзіндік  адами  қасиеттерден  оңай  айырылатын  жағдайға  жетті. 

Сондықтан  Үндістанның  жаңа  заман  ойшылдарының  қосқан  үлесінің  ең 

басты  ерекшелігі,  олардың  ежелгінің  тылсым  білімін  жария  етіп,  дәлірек 

айтсақ, Ғаламның пайда болу құпиясы мен адамның мәні туралы білімнің бір 

шетін ғана ашумен байланысты. 

        Жаңа заманның үнді философиясы өмірмен тығыз байланыста дамыған. 

Бұл  жерде  «өмір»  дегенде  біз  әлеуметтің  жетілуін,  экономикалық  өсуді, 

өнеркәсіп  не  ауыл  шаруашылық  өндірісін  емес,  экзистенциалдық,  тұлғалық 

мағынадағы  өмірді  меңзейміз,  ол  –  нақты  жеке  адамдардың  тіршілігі  мен 

дамуы, адамның өмірі. 

         Үндістанның  философиясымен  үстірт  танысқан  кезде  оның  басқа 

өткендегі  және  қазіргі  діни-философиялық  қозғалыстардан  ерекше 

болатынын аңғаруы қиын емес. Ол – оны жасағандардың интернационалды, 

көпұлтты  құрамы.  Е.П.Блаватская  мен  Рерихтар  –  орыстар;  Г.Олкотт  пен 

А.Синнетт 

(Блаватскаяның 

серіктестері, 

Теософиялық 

қоғамды 

ұйымдастырушылар)  –  ағылшындар;  Шри  Ауробиндо  ісін  жалғастырушы 

Мирра  Альфассаның  (Ана)  әкесі  –  түрік,  анасы  –  мысырлық;  ал  Шри 

Ауробиндо мен Ананың шәкірттері Павитра мен Сатпрем  – француздар. 

         Үнді  ойшылдарының  жалпы  планетарлық  дүниежүзілік  дін  туралы 

идеялары,  олардың  дүниетанымдық  әмбебап  сипаты  төзімділікке,  рухани 

келісімге,  мәдени  бірлікке  шақыратын  бүгінгінің  үндеулерін  жүзеге  асыру 

үшін  негізге  алынуы  мүмкін  (Шығыс  философиясы.ОҚ.  «Жазушы»,—А: 

2009. 117-бет). 


        

490 


 

 

     Қазіргі  заманғы  Қытай  философиясында  екі  негізгі  дін  және  екі  басты 



философиялық  бағыттар  бар,  олар:  конфуцийшілдік  және  даошылдық. 

Конфуцийшілдік пен даошылдықтың жалғыз Құдайдың маңында топтасатын 

монотеистік  діндерге,  айталық,  иудаизмге,  христианшылдық  пен  исламға 

ешқандай  қатысы  жоқ  және  бұл  екі  осы  философияның  басқалардан  негізгі 

айырмашылығы  болады.  Конфуцийшілдік  Құдайға  көңіл  бөлмеген  соң  дін 

болып  есептелмейді  және  даошылдықты  да  дін  деуге  келмейді,  сондықтан 

оларды Қытайдың философиялық ілімдері деп есептейміз. 

        Конфуцийшілдік 

пен  даошылдықтан  әйгілі  «инь»  мен  «ян» 

тұжырымдамасындағы  қараңғы  мен  жарықтың,  қатты  мен  жұмсақтың, 

әйелдік  пен  еркектіктің  қуаты  көрініс  тапқан  табиғаттың  үйлесімділігіне 

деген  берік  сенім  өз  бастауын  алады,  осы  екі  бағытта  барлық  қытай 

сенімдерінің  тамыры  жатыр.  Бұл  философиялардан  тағы  бір  өте  маңызды 

идеяның, яғни Қытайдың келешектегі философиясы мен дінінде қамтылатын 

адамдар  игілігіне  деген  қамқорлық  идеясының  бастау  алатынын  ұмытпау 

қажет. Тарихшылардың айтуынша, нақ сол философия, сол сенім Қытайдың 

болашақ  философиясының  дамуына  негіз  болған,  дәл  солай  олардың  саяси, 

әлеуметтік,  материалдық  мәдениеті  де  Қытайдың  болашақ  өркениетінің 

гүлденуіне негіз болды. 


        

491 


 

ХУ ШИ (ХУ ШИ-ЧЖИ) 

 

(17 желтоқсан, 1891ж. Шанхай            

– 24 ақпан, 1962ж.Тай-бэй) 

 

           —  XX-ғасырдағы  атақты 

қытай философы.  

         1926  жылы  Шанхайда  оның 

төрт  томдық  жинағы  жарық 

көрген.  1917  жылы  ол  Колумбия 

университетінде 

26-жасында 

«Ежелгі 


Қытайда 

логикалық 

әдістің  дамуы»  атты  докторлық 

диссертация қорғайды. Бұдан басқа 

да  философиялық  еңбектері  бар, 

олар 


Қытайда 

бірнеше 


мың 

данамен басылып шықты. 



Шығармалары: 

«Қытай  философиясының  тарихы» 

(1992) деген көлемді еңбегі бар. 

          Ху 

Ши 

Конфуцийдің 



«Өзгерістер  кітабын»  логикалық  еңбек  деп  бағалайды.  Философияның  өз 

әдісіне  тәуелді  болатынын,  батыс  пен  шығыс  философиясына  тән  құбылыс 

екені олардың тарихи дамуынан көрінетіндігін Ху Ши атап көрсетеді. Соңғы 

900-жылда  қытай  философиясы  тарихынан  логикалық  әдістің  философия 

дамуына  тигізген  терең  де  жан-жақты  әсерлерін  ол  таппайды.  Ал  қазіргі 

Қытайда философия мен ғылымның дамуы оларға сәйкес келетін логикалық 

әдістің  жоқтығынан  зардап  шегуде  дейді.  Сун  және  Син  заманаларындағы 

жаңа  мектептер  кезінде  ғайып  болған  конфуцийшылдыққа  жаңа  түр  беруде 

және  оларға  тән  емес  екі  логикалық  (дедуктивті  және  индуктивті) 

методтарды пайдаланып, қайтадан тірілте бастағанын айтады Ху Ши.  



Философиялық көзқарастары: 

        Қытай  философиясының  болашағын  ол  конфуциялық  идеалдардың 

моралистік  және  рационалистік  тұсауларынан  босану  бағытымен 

байланыстырады.  Оның  пікірінше,  бұл  жолда  біздің  жыл  санауымыздағы 

үшінші, төртінші және бесінші неоконфуциялық  мектептерінің қайта өрлеуі 

үлкен  рөл  атқарады.  Сонымен  қатар  Батыстың  ғылым  мен  логикалық 

әдістерінің жетістіктерін кең пайдалану қажет. 

      Ол  қытай  философиясы  дамуының  бірінші  кезеңін  философия  әдісін 

анықтау  үшін  зерттейді.  Ху  Ши  әуел  бастан-ақ  Қытай  философиясында 

логика дамып, ал мораль теориясы, саясат, білім мәселелері логика териясы 

мен  әдісін  айқындау  жолында  көмекші  роль  атқарғанын  пайымдайды.  Осы 

жолда  Қытай  екі  кезеңнен  –  ақындардан  софистер  ғасырына  және 

софистерден  логика  ғасырына  өтті  және  бірінші  софист  ретінде  Лао-цзыны 

атап көрсетеді. 



        

492 


 

         «Өзгерістер  кітабындағы»  ең  маңызды  логикалық  доктрина  ретінде  Ху 

Ши  Сян  идеясын  сипаттайды.  Идеалды  форма  Конфуций  логикасының 

негізгі  бөлігі.  Бұл  идея  Аристотельдің  формалды  себептеріне  немесе 

Ф.Бэконның  форма  туралы  ұғымына  жақын  келеді.  Екінші  –  пайымдау 

теориясы – цы. Конфуций бұл теорияны рационалдандырды дейді Ху Ши. 

          Ежелгі  Қытайдағы  логикалық  әдісті  дамытуға  Мо  Дидің  де  үлесі  бар. 

Ху  Ши  оның  пайымдаудың  үш  заңы  туралы  ойларын  қарастырады  және 

Конфуцийдің  логикалық  әдісімен  салыстырады:  таным,  себеп,  форма, 

дедукция мәселелерін айқындайды. Кітаптың соңғы бөлігінде эволюция және 

логика  мәселелерін  зерттегенде,  Ху  Ши  Гегель,  Спенсер,  Бергсон  сияқты 

европалық  ойшылдармен  қатар,  Чжуан-цзы  логикасын  да,  Сюнь-цзының 

логикалық идеалдарын да жан-жақты қарастыруға күш салады. 

 

                                                  Әдебиет: 



 

1.  Шығыс философиясы.«Раритет», — Алматы: 2006. 165-166 беттер 

2.  История  философии:  Энциклопедия.  «Интерпрессервис»;  «Книжный 

Дом». — Минск:  2002. 

3.  Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлі К. Философия тарихы. /XX-

ғасырдағы Шығыс философиясы. «Раритет», — Алматы: 2006.  

4.  Китайская философия: Энциклопедический словарь. —  Москва: 1994. 

5.  Степанянц  М.Т.  Восточная  философия:  Вводный  курс.  /Избранные 

тексты. —  Москва: 1997. 

6.  Қазіргі Шығыс философиясы. «Жазушы», — Алматы: 2008. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

        

493 


 

ФЭН ЮЛАНЬ (ФЭН ЧЖИШЭН)

 

 

(4 желтоқсан, 1895ж. Хэнань 

провинциясы, Танхэ – 26 қараша,  

1990ж. Пекин) 

 

         – 



XX 

ғасырдағы 

қытай 

философиясындағы 



ең 

ірі 


кәсіби 

философтарының бірі.  

         1915  жылы  Пекин  университетіне 

түседі.  1919  жылы  АҚШ-та  білім  алып, 

Колумбия  университетінде  философия 

ғылымының  докторы  деген  атақ  алады 

(1924  жылы).  Ең  алғашқы  еңбектерінде 

Фэн 


Юланьға 

Лян 


Шуминнің 

мәдениеттану 

идеялары 

әсер 


еткен 

болатын.  Ху  Шидан  бір  ерекшелігі,  жаңа  неоконфуцианство  ілімін  жасады. 

Қытай мен Батыс философиясындағы идеяларды жүйелеуге талпынып, Сунь 

конфуцианствосы  мен  позитивизмнің  негізін  салып,  өз  үлесін  қоспақшы 

болды.  

Шығармалары: 

«Өмір  идеяларын  салыстырмалы  зерттеу»  деген  шығармасында  бір-біріне 

ұқсас әртүрлі мәдениеттердің тенденцияларын қарастырады. 

Философиялық көзқарастары: 

         Фэн  Юланның  көзқарасы  бойынша,  шын  метафизикалық  философия 

ізденіс  обьектісіне  ең  абстрактылы,  ең  жоғарғы  принциптерді,  қоғамдағы 

адамдардың  күнделікті  өмірімен  байланыспайтын  абстрактылы  нәрселерді 

алады. «Философия деп жазды ол, – физикалық реалдықпен емес, керісінше, 

шындықпен жұмыс жасайды. Сондықтан ол біздің позитивті білімімізді, бізді 

қоршаған  әлемді  тану,  кеңейтіп,  ұғайту  жағдайында  емес.  Метафизикалық 

дәстүр реалды заттар мен құбылыстарды тану барысында әлемнің белгілі бір 

шектеулерінен  шығып  кете  алады».  Фэн  Юланның  пікірінше,  бұған  Қытай 

философиясы  жата  алады.  «Философияның  ең  негізгі  мәні,  –  дейді  Фэн 

Юлань,  –  субьектінің  моральдық  жағынан  өркендеуінде,  тұлғаның  жоғарғы 

жетістікке  жетуінде.  Адамдар  бірдей  қайталана  беретін  әрекеттер  жасауы 

мүмкін,  бірақ  әртүрлі  өмір  сферасында  соңғысы  бірде-бір  құндылыққа  ие 

болмауы  мүмкін».  Мұндай  сфераларды  Фэн  Юлань  төртке  бөледі:  табиғи 

немесе нәрестелік, утилитарлы, моральды және трансцендентті. 

          Табиғи  ортада  тұрған  адам  өзінің  әрекетін  әлі  тани  алмайды.  Олар 

инстинкттер немесе қоғамдық дәстүрлер арқылы анықталады. 

         Утилитарлы ортада тұрған адам өзіне пайда болу үшін билік жүргізеді. 

Өзінің  жасаған  әрекетіне  толығымен  есеп  беріп,  тек  өзінің  қызығушылығы 

арқылы  жұмсайды.  Егер  кімде  кім  өзін  қоғамның  бір  мүшесі  екенін 

мойындап,  моральды  ортада  тұрса,  оның  істеген  әрекетінің  бәрі  этикалық 

мағына  береді.  Егер  адам  өзінің  айналасындағы  нәрсені  танып,  өзін  тек 



        

494 


 

қоғамның  бір  мүшесі  ғана  емес,  сол  қоғамның  азаматы  ретінде  таныса, 

мұндай жағдайда адам трансцендентті ортада болады. «Өмірдің утилитарлы 

және  табиғи  ортасы,  –  деп  жазды  Фэн  Юлань,  –  адамға  туа  салысымен 

берілген,  ал  моральды  және  трансцендентті  ортасы  адамның  рухымен 

жаратылған.  Индивидтің  өзі  белгілі  бір  тәртіпке,  жауапкершілікке, 

талаптарға  сай  болуы  керек.  Қытай  дәстүрлері  бойынша  философия 

функциясы  мынадан  көрінеді:  өмірдің  екі  жоғарғы  сферасына  жетуге 

көмектесу  керек.  Өмірдің  моральды  ортасында  болу  үшін  міндетті  түрде 

моральды  жетілген  адам  болу  керек.  Трансцендентті  сферада  болу  үшін 

міндетті  түрде  данышпан  болуы  шарт.  Философияның  өзі  қалай  данышпан 

болуды  үйретеді».  Фэн  Юланның  пікірі  бойынша,  данышпан  деген  бір 

құдыреттілік те емес, оның әрекетінде қандай да бір жоғарғы күштер де жоқ, 

басқа адамдарданерекшелігі бір керемет нәрсе жасауда емес. Оның мәні адам 

болмысының шындығын тереңдей түсінуінде. 

         Қазіргі  метафизикалық  жүйе  позитивті  әдістен  басталып,  негативті 

әдіспен  аяқталмаса,  философия,  түптеп  келгенде,  сәтсіздікке  ұшырайды. 

Дегенмен,  ол  позитивті  әдістен  басталмаса,  философия  туралы  ең  қасиетті 

нақты  түсінік  қалыптаспайды.  Қытай  философия  тарихында  позитивті  әдіс 

ешқашан  толығымен  дерлік  дамымады,  практикада  ол  жиі  лақтырылып 

тасталды.  Сондықтан  қытай  философиясында  нақты  түсінік  жоқ.  Нақты 

түсінікшілік  философияның  ақыры  емес,  бұл  ең  қажетті  сәт.  Оған  әрбір 

философ  мұқтаж  болып  отыр.  Ал  батыс  философиясы  тарихында  негативті 

әдістің  толық  дамымаған  түрі  жоқ.  Бұл  екі  әдістің  бірігуі  болашақ 

философияның туындауына септігін тигізді».  

          Жалпы,  Фэн  Юлань  барлық  қытай  философиясы  тарихына  тоқталып, 

оны  гностицизм  тарихы  ретінде  қарастырды,  ал  Батыс  философиясын 

рационализм тарихы ретінде қарастырды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет