Қазақстан республикасы білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет50/51
Дата26.09.2019
өлшемі8,78 Mb.
#48889
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
2 - filosofiya t l alar bejnes nde
Жаттығулар^, Жаттығулар^, Sapy Bakytzhan presentation, 4 chapter appendix, Әңгіме - Кішкентай адам, қызыл, Kairbaeva Malika, Shlataeva Dilyara, Kurakbaev Aibolat, Kaliev Aidar, Vacine, Lab - Exploring Nmap (2), 21-22.07.2022, Эссе ТАРИХ, Final exam instructions 2022 FALL, George B. Thomas Jr., Maurice D. Weir, Joel R. Hass-Thomas\' Calculus Early Transcendentals (13th Edition)-Pearson (www.IraniData.com)

                                                  Әдебиет

 

1.  Фэнь Юлань. Краткая история китайской философии. — СПб: 1998. 

2.  Алтай  Ж.,  Қасабек  А.,  Мұхамбетәлі  К.  Философия  тарихы  /XX-ғас. 

Шығыс философиясы.«Раритет», — Алматы: 2006.167-169 беттер. 

3.  Китайская философия: Энциклопедический словарь. — Москва: 1994. 

4.  Немировская Л. Философия. Курс лекций. — Москва: 1995. 

5.  Степанянц  М.Т.  Восточная  философия:  Вводный  курс.  /Избранные 

тексты. —  Москва: 1997. 

6.  Қазіргі Шығыс философиясы. «Жазушы», — Алматы: 2008. 

 

 

 



 

 

 



 

        

495 


 

        


       Қазіргі  кезде  даошылдық  өзінің  дамуындағы  жаңа  кезеңге-  яғни 

ғибадатханадан  тыс  «фәнилік»  ілім  ретінде  психо-техникалық  деңгей 

өздігінен  құнды  әрі  анықтаушы  саналатын  кезеңге  қадам  жасады  деуге 

болады. «Даостық йоганың» мұндай ренессансы қай дәрежеде даошылдықты 

қайта жаңғыртуға пайдасы болатыны әзірге белгісіз. 

       Неоконфуцийшілдер  әуелгі  конфуцийшілдікте  әлі  аса  дами  қоймаған 

онтологиялық,  космологиялық  және  гносеопсихологиялық  мәселелермен 

айналысқан.  Даошылдық  пен  буддизмнен  бірнеше  абстрактілі  ұғымдар  мен 

тұжырымдарды  алған  жаңа  конфуцийшілдер  оны  этикалық  түсіндіру 

жолымен  сіңірген.  Конфуцийшілдіктің  моральдық  басымдылығы  жаңа 

конфуцийшілдікте  этикалық  әмбебаптылыққа  айналды  және  оның 

шеңберінде  болмыстың  кез  келген  қыры  моральдық  категория  тұрғысынан 

түсіндіріле  бастады,  бұл  адами  мәндердің  жүйелі  өзара  сәйкестігі  арқылы 

көрініс  тапты.  Жаңа  конфуцийшілдіктің  қазіргі  түсіндірушілері  мен 

жалғастырушылары  мұндай  көзқарасты  бір  мезетте  теология  болып 

табылатын «моральдық метафизика» деп анықтайды (Шығыс философиясы. 

/Қытай  философиясы.  «Раритет»,  —  Алматы:  2006.  170-бет).  Көне  қытай 

философиясымен  сусындаған,  әрі  өзара  тығыз  сабақтастық  орнатқан  қазіргі 

заманғы  қытай  философиялық  ғылымы  өзінің  қазіргі  жүргізіп  отырған 

саясатынан да көрініс тапты.  

 

 


        

496 


 

 

 



           Қазіргі  заманғы  жапон  философиясының  ерекшеліктеріне  тоқталатын 

болсақ, 30-шы жылдардың соңында жапондықтар философиясындағы негізгі 

философиялық  бағыт  –  экзистенциализм  болып  саналды.  Прагматикалық 

философия  соғыстың  соңында  жапон  зиялыларының  арасында  кеңінен 

таралған  болатын,  бірақ  кейіннен  құлдырауға  түсті.  Ал  неоплатонизм  және 

оның 


кейінгі 

модификациялары 

аналитикалық 

философия 

және 

семантикалық  философия  түрінде  соңғы  жиырма  жылда  болған,  ал 



экзистенциализм  соңғы  соғыс  жылдарынан  кейін  де  тұрақты  позицияда 

сақталып, жапон қоғамының әртүрлі рухани өмірінің сферасында қалыптаса 

бастады.  Осыдан  келіп,  экзистенциалистік  позициялар  Жапонияда  жалпы 

бүтіндей  әлеуметтік-экономикалық,  саяси-идеологиялық  факторлардың 

әрекетімен  анықталады  (Алтай  Ж.,  Қасабек  А.,  Мұхамбетәлі  К.  Философия 

тарихы  /XX-ғасырдағы  Шығыс  философиясы.  «Раритет»,  —Алматы:  2006.  

183-беттер).  Оны  біз  қазіргі  заманғы  жапон  философтарының  ішіндегі  ең 

танымал  деген  -  Нисида  Китаро мен  Дайсэцу  Тэйтаро Судзукидің өмірінен, 

жазған еңбектерінен және философиялық көзқарастарынан көре аламыз. 


        

497 


 

НИСИДА КИТАРО 

 

(17 маусым, 1870ж. Кахоку, Жапония 

–  7 маусым, 1945ж. Камакура, 

Жапония) 

 

          — 



қазіргі 

заманғы 


жапон 

философиясының басты өкілі.  



Философиялық шығармалары: 

     «Ізгілікті тану», «Бейболмыстың сана 

шеңберіндегі анықтамасы» және т.б.  

          Оның  басты  мақсаты  –  Шығыс 

мәдениетінің  ерекшелігін  тану  болды, 

ол – оның философиясында жатыр.  



Философиялық көзқарастары: 

           Шығыс  философиясының  басты 

ұғымы  –  бейболмыс  деп  санайды. 

Бейболмыс 

– 

бұл 


дзэн 

іліміне 


байланысты.  Философия  мен  дзэн-буддизм  қосылады.  Дзэн  –  дегеніміз 

«Мен»,  реалды  өмір,  онымен  санаспауға  болмайды.  «Мен»  тікелей  әлемде 

пайда  болған  жоқ  және  одан  бөлініп  ешқайда  шыға  аламайды.  Мүмкіндігі 

жоқ.  Ол  тек  ешқашан  жоғалмайды,  сондай-ақ  қажеттілік  те  туындамайды. 

Сондықтан да оған осы әлемнен сыртқа шыға аламын деп ұмтылмауы керек. 

Н.Китароның қарастырған проблемалары – «Сана проблемасы», «Ойлау мен 

тәжірибие»,  «Ойлаудан  түсінікке  ауысу»,  «Өзіндік  сана  мен  терістеудің 

шектелуі және жапон мәдениетінің проблемасы» болды. 

        Нисида  Китаро  философиясында  буддизм  сектасының  мистикасы 

«Дзэн» дегенде, ол дүниеде әлемнің бар екеніне сенеді. Қайғыру істің реалды 

жағы. Орын мен уақыттың нақтылығының сыртында ғылым да, өмір де жоқ. 

Нисида  Китаро  фидеистер  мен  тееистер  сияқты  реакционистік  идеяларды 

жақтады.  Оның  «диалектикалық  терістеу»  мен  «диалектикалық»  жөніндегі 

ойы  буддистік  және  мистикалық  өсиеттерге  сай  келеді.  Адам  (творение) 

жаратушы  ретінде  Жаратушымен  бірге  абсолютті  бір  бүтін  және  нақты 

фактылы  және  тарихи  қажетті,  тек  абсолюттік  көрінісінің  кезеңі  немесе 

«диалектикалық  жалпылық»,  сондықтан  да  адам  Құдай  образы  болып 

табылады. 

          Ол  алғашында  Аристотель  философиясына  сүйенеді.  «Бірақ,  –  дейді 

Нисида,  –  Аристотельдің  логикасын  нақты  болмыстың  логикасы  деуге 

болмайды».  Сосын  ол  Гегельге  сүйенеді,  бірақ  Гегельдің  логикасы  әрі 

абстрактылық  терістеудің  диалектикасы  емес.  Оның  ойынша,  заттың 

обьективтік  қарастырылуының  ғылыми  әдісі  диалектикалық  болып 

табылмайды.  Бұнда  нисида  Китаро  оны  феноменализмге  жақын  дейді. 

Көптеген  проблемалар  жөнінде  феноменалистік  көзқараста  ойлау  мүмкін 

емес,  ғылыми  позицияда  бола  отырып,  нақты  ақиқат  болмыс  туралы,  дәл 

осылай  феноменология  позициясы  бойынша,  ақиқат  обьективті  болмыс 


        

498 


 

жөнінде ойлауға болмайды. Ол Канттың таным теориясына да жүгінеді, бірақ 

ол  да  қанағаттандырмайды.  «Мен»-ді  Китаро  Кантқа  сай  логикалық 

формадан шықпай көрсетеді. Ең алдымен, қарама-қайшылықтан, форма мен 

мазмұн  байланысынан,  субьект  пен  обьект  байланысынан  шығады.  «Менің 

заттар  туралы  ойлау  әдісім  логика  субьектісіне  сүйенеді»,  –  дейді  ол.  Бұл 

таным  теориясының  интеллектуалистік  әдісі.  Заттар  туралы  жалған 

обьективтік ілім жоқ, ал абсолютті бейболмыс бар. 

       Маркс  пен  Энгельсті  оқып,  марксизмге  терістеушілік  білдірді,  яғни 

қарсы болды. Бұл әлемде қоғам мен мемлекет адамның өмірінде ерекше, ол 

адамдық өмірді қалыптастыруға ұмтылады, олар реалды күштерге сүйенеді. 

Өзінің  ойлауының  нәтижесінде  көрінетін  заттар  бар,  яғни  бұл  тек 

мистикалық қабылдаудың сезінуі болып табылмайды, керісінше, бұл екінші 

рет  болмыстың  негізін  ашу  болып  табылады.  Оны  ойша  саралау  деп  те 

атайды.  Бірақ  ол  бергі  өмірден  шығады.  Біз  адамдар  индивидиум  ретінде 

мәңгілікке әсерден бөліне алмаймыз. 

       Нисида  Китароның  идеялық  позицияларын  бірден  анықтау  қиын.  Ол 

жастық  шағынан  бастап  шығармаларында  буддистік  секта  –  «Дзеннің» 

әсерінде  болды,  бірақ  ол  Батыс  философиясын  да  оқыды.Оның  кезінде 

социалистік  идеялар  прогрессивті  болды.  Оның  идеялары  ұлттық  және 

рухани идеялар. Нисида халықтық идеялар ағымының дәл ортасында тұрды. 

Европа идеялары Жапониядағы қазіргі рухтың өсуіне өз әсерін тигізді.  

       Егер  тарихи  байланыстыру  жөнінде  айтсақ,  Нисида  Китаро  Галилейден 

кейінгі Батыс философтарына мән бермеуіміз керек дейді, керісінше, «Дзэн» 

іліміне  көп  мән  беріп,  соған  сүйенуіміз  керек  деп,  өзінің  ұстазы  Ходзе 

Токиеси және жақын досы Судзуки Дайсэтсу ілімдерін жақтады. 

        Нисида  Китаро  бойынша,  философия-  обьективтік  бақылаудың, 

анализдің,  түсінудің,  сын  әдісінің  іргелі  теориясы,  тарихы  және  адам 

әрекетінің  қалыптасуы.  Нисида  философиясы  соңғы  кезеңге  дейін 

Аристотельдің  әсерінде  болды.  Яғни  обьективті  логикалық  болды.  Оның 

философиясын  абстрактылы  мистикалық  және  метафизикалық  деп  атауға 

болады. Адамның өзіндік санасы өзінің қалыптасқан кезеңіне қайтіп оралады 

және  әрі  қарай  ұмтылады,  демек,  онда  басқа  болмыс  байқалады.  Ол  өзімен 

өзі, ал нақты түрде абстрактылы өзіндік сана «жоқ». 



Философиялық афоризмі: 

  Өзгеге қарап, өзіңді түзе (жапон мәтелі). 

 

Әдебиет: 

 

1.  Михалёв  А.А.  Проблемы  культуры  в  японской  философии.  К.Нисида  и 

Т.Вацудзи. ИФ РАН. —Москва: 2010. С.77 . 

2.  Алтай  Ж.,  Қасабек  А.,  Мұхамбетәлі  К.  Философия  тарихы  /XX-

ғасырдағы Шығыс философиясы. «Раритет», —А: 2006. 177-180 бет. 

3.  Қазіргі Шығыс философиясы. «Жазушы», —Алматы: 2008. 

 

 


        

499 


 

ДАЙСЭЦУ (ТЭЙТАРО) СУДЗУКИ 

 

 (8 қазан, 1870ж. Исикава жанындағы 

Канадзава қаласы, Жапония – 12 шілде, 

1966ж. Жапония) 



 

          — 

қазіргі 

заманғы 


жапон 

философтарының бірі.  



Шығармалары: 

      «Дзэн-буддизмнің 

негіздері»  деген 

еңбегінде  ең  негізгі  мәселе  –  философия 

мен  дзэннің  қарым-қатынасы  мәселесі 

жөнінде айтылады. 

          1892  жылы  Токио  университетінің 

филология  факультетін  тамамдады.  Жас 

шағында 

Энгаку-дзидегі 

Риндзай-сю, 

үлкен 


Камакура 

ғибадатханасындағы 

дзендік мектептің оқушысы болды. 1909-1920 жылдары білім алғаннан кейін 

Гакусюин  Университетінде  және  Токиодағы  императорлық  университетте 

сабақ  берді.  1921  жылдан  кейін  20  жылдай  Отани  университетінде  дәріс 

оқыды,  сонда  профессорлық  ғылыми  дәрежесін  алды.  1936  жылы  оқытушы 

ретінде  әрі  тәжірибие  алмасу  мақсатында  Ұлыбританияда  болып,  сондаю, 

буддизм туралы дәріс оқыды. Көп жылдары АҚШ-та және Европада болды, 

буддизм  жөнінде  Колумбия,  Гарвард  және  т.б.  да  көптеген  университеттер 

мен колледждерде дәріс сабақтарын жүргізді. 



Философиялық көзқарастары: 

           Негізінен  ол  буддизм  махаянасын  зерттеді.  Шығыс  мәдениетінің 

құбылыстарына, 

адаптация 

проблемасына 

басты 


назар 

аударды. 

Философияға  және  мәдениеттануға  қызығушылықтың  орталығы  Чань-

буддизм  мектебі  болып  табылады.  Чань-буддизмнің  «жасырын»  санасын 

ашып,  батыс  дәстүріне  түсінікті  етуге  тырысты.  Судзуки  чань-буддизм 

текстеріне түсіндірме жасап, бір жүйеге келтіруге тырысқан болатын. Оның 

пікірінше,  Чань-буддизм  адам  мен  қоғамға  міндетті  түрде  ортамен  өзара 

байланыс,  динамикалық  процесс  ретінде  қажет.  «Чань,-  дейді  ол,-

әрқайсымызға  «өмірдің  суретшісі»  болуға  мүмкіндік  береді.  Егер  кімде-кім 

дзэнді  күнделікті  өмірде  сезінбесе,  мәнін  дұрыс  ұқпаса,  онда  оның  ілімі 

түсініксіз және құпиялық мағынаға ие болады». 

       Сонымен, дзэн ілімі абсолютті абсурд және мағынасыз немесе оның ішкі 

шындығын  жасыру  мағынасында  өте  шиеленісіп  кеткен.  Дегенмен,  дзэн 

ілімі,  қолдаушылардың  айтуларына  қарағанда,  мұның  парадокстары  арнайы 

жасырылмаған.  Бұл  парадокстар  мына  себептен  пайда  болды:  адам  тілі 

тереңде жатқан шындықты ұғыну барысында әлсіздеу болды, шындық затқа 

айнала  алмады.  Адамдар  өздерінің  ішкі  қайғыруларына  нақты  бір  айқын 

ұғымды қолдана алмайды. «көмір қара» – бұл өзінен өзі түсінікті, бірақ дзэн 

бұған қарсы шығады. «Көмір қара емес» – бұл да түсінікті. Мұны түсінуіміз 


        

500 


 

үшін,  сұрақтың  мәніне  дұрыс  үңіле  білуіміз  керек.  Осымен  байланысты 

дзэндегі  жеке  тәжірбие  «барлығы»  болып  табылады.  Жеке  тәжірбие  жоқ 

болғандықтан,  кез-келген  идея  бізге  түсініксіздеу  болуы  мүмкін.  Жас 

нәрестеде  ешқандай  айқын  идея  жоқ,  ол  егер  болған  жағдайдың  өзінде  де, 

шындықпен  үйлеспей,  түсініксіз  болады.  Сондықтан  заттарды  толығымен 

және  айқын  тану  үшін  жеке  тәжірбие  керек  деп  қорытындылауға  болады. 

Өмір  жайлы  мәселе  қозғағанда,  онда  жеке  тәжірбие  міндетті  түрде  қажет. 

Мұндай  тәжірбиесіз,  оның  мәнінсіз  заттар,  ұғымдар  ешқашан  дұрыс  бола 

алмайды.  «Дзэн-буддизмнің  негіздері»  деген  еңбегінде  ең  негізгі  мәселе- 

философия  мен  дзэннің  қарым-қатынасы.  Дзэн  деген  ілім  –  бүкіл  Шығыс 

философиясының  жиынтығы.  Дзэн  біздің  қарапайым  ұғымдағы  философия 

емес.  Дзэн  –  мистицизмнің  ерекше  бір  түрі.  Мистика  –  деген  тыныштық, 

ұстамдылық  (невозмутимость).  Дзэн  дегеніміз  –  мистицизмнің  мағынасы. 

Дзэнді  түсінбей  мистицизмді  түсінбейміз.  Дзэннің  мәні  –  адамның  ішкі 

күйіне  ешбір  делдалсыз,  тікелей  араласу.  Батыс  адамы  дүниемен  тікелей 

қатынас  жасамайды,  табиғатпен  тікелей  араласпайды.  Өздерінің  сыртқы 

қасиеттеріне көп мән береді. Шығыста адам мен табиғат бір-бірімен тікелей 

қатынаста болады. 

         Дзэн  және  буддизм  екеуі  бір-бірімен  қарым-қатынаста.  Бірінші,  дзэн 

діндер  философиясының  рухы  болып  табылады.  Екінші,  буддизм  –  дзэннің 

бір көрінісі, Дзэнде барлық рухтың негізі жатыр. Яғни буддизмнің бір өрнегі 

болып  табылады.  Будданың  барлық  айтқан  сөздері  абстракция  болып 

табылады.  Дзэн  нақты  болу  керек.  Нақты  болу  үшін  не  істеуіміз  керек?  Ол 

үшін  буддизмнің  рухы,  метафизикалық  жоғарылықтан  өмірдің  практикалық 

негізіне  жеткізуіміз  керек.  Дзэн  қандай  да  бір  болмасын  догматикадан, 

стереотиптен алыс. Дзэн – барлық философияның кристаллизациясы. 

         Дзэннің  негізгі  идеясы  сыртқы  процестер  мен  контактісіне  кірумен 

байланысты,  яғни  тікелей  түрде  іске  асыруы  тиіс.  Дзэн  өзінің  рухани  күйін 

буддизмнен  бөлмейді,  бірақ  ол  барлық  діндер  мен  философияның  рухы 

болып  табылады.  Дзэнді  аяғына  дейін  танып-білсең,  онда  табиғаттағы 

абсолютті  үйлесімділікті  тани  түсесін.  Дзэн-буддизмнің  мәні  –  өмірге  жаңа 

көзқараспен қарауға үйретеді. 

Философиялық афоризмдері: 

  Ат  үстінде,  төсекте  және  түзге  шыққанда  бәрінен  жақсы  ойланасың 

(жапон мәтелі). 

  Көзжұмбай берілуден опасыздыққа дейін бір-ақ елі (жапон мәтелі). 

  Басты назарды жұмысқа емес, қызметкерге аударыңыз! (жапон ұраны). 

  Шыдамдылық – өмір бойына берілетін қазына (жапон мақалы). 

  Егер  сен  жолыңда  кедергіге  кездеспесең,  онда  сен  қалыптасқан 

жоқсың. Оны алтынға сатып ал (жапон даналығы). 

  Адамның мінезін оның қан тобы бойынша анықтау: 

1-жақсы достар; 

2-максималистер, стресс жағдайында жиі болады; 

3-өктем және шығармашыл адамдар; 

4-ойшылдар; (жапон психологтарының көз жеткізген пікірлері). 


        

501 


 

Әдебиет: 

 

1.  Шығыс философиясы. «Раритет», —Алматы: 2006. 180-183 беттер  

2.  Алтай  Ж.,  Қасабек  А.,  Мұхамбетәлі  К.  Философия  тарихы  /XX-

ғасырдағы Шығыс философиясы. «Раритет», —Алматы: 2006. 

3.  Судзуки //Буддизм как культурно-исторический феномен. Словарь 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


        

502 


 

 

 



 

            Қазіргі  азиялық  мұсылман  елдерінің  философиялық  ойлау  жүйелері 

тез  дамып  келеді. Оған  көптеген  ғасырлар бойында  Таяу  және  Орта  шығыс 

елдеріндегі  қоғамдық  өмірдің  барлық  жағына  –  мәдениетке,  өнерге  және 

білімге  ислам  идеологиясының  әсері  көбірек  болса,  енді  егемендік  алу, 

дербес  өмір  сүруі,  ежелден  бергі  рухани  тарихының  қайта  жаңғыруы  себеп 

болуда    (Алтай  Ж.,  Қасабек  А.,  Мұхамбетәлі  К.  Философия  тарихы  /XX-

ғасырдағы  Шығыс  философиясы.  «Раритет»,  —Алматы:  2006.  184-беттер). 

Қазіргі мұсылман философиясы өзгеруші әлемнің бағыттары мен үрдістеріне 

сәйкес  дамиды,  бірақ  оның  негізгі  ережелері  өзгеріссіз  қалып,  өз  кезеңінің 

тірегі  болып  табылады.  Ең  алдымен,  бұл  ғылым  мен  діннің  синтезі. 

Мұсылман  философиясында  дайындалған  сенім  мен  зерденің  үндескен 

бірлігі мынадай бағыттардың  

  мұсылмандық модернизм 

  мұсылмандық экзистенциализм 

  мұсылмандық феноменология 

  мұсылмандық сұхбаттасу 

  мұсылмандық антропология 

  мұсылмандық персонализмнің дамуына әсер етті. 


        

503 


 

         Қазіргі  мұсылман  философиясының  бастауы  фәлсафа  (ортағасырлық 

мұсылман философиясы) және басқа исламдық парадигма негізінде дамыған 

философиялық-діни ағымдар болып табылады. 

        Қазіргі 

заман  шындығы  жаңа  жағдайдағы  герменевтика  мен 

компаративистика  сияқты  бағыттарға  жол  ашты.  Нәтижесінде  Шығыс  пен 

Батыс  философиясының  жалпы  мәселелерінің  іске  аса  қоймаған  бағыттары 

пайда  болды.  Әрқашан  басты  болып  табылатын  адам  мен  Құдайдың 

байланысы 

жайлы 

ислам 


философиясындағы 

жағдай 


мұсылман 

антропологиясының  дамуына  әсер  етті.  Қазіргі  мұсылман  философиясының 

барлық  бағыттары  адамгершілік  философиясы  арқылы  орындалды. 

Адамгершіліктің  метафизикалық  мәнін  қайта  құру  –  адамгершілік 

императивтері  мен  материалдық  қажеттіліктердің  арақатынасы  мәселесін 

қарастырған исламдағы аксиологиялық дискурсты дамытты. 

        Мұсылмандық  философия  өзін  түрлі  философиялық  бағыттарда 

Батыспен  сұхбаттасуға  тырысушы,  бірегей,  адам  онтологиясы  мен 

экзистенциясының  негізгі  мәселелерін  қарастырушы  ретінде  көрсетеді. 

Мұсылман философиясының бағыттылығы философиялық антропология, тіл 

философиясы,  дін  философиясы,  ғылым  философиясы  мәселелерін 

дайындауда жаһанданған әлем жайындағы өзінің бірегейлігін сақтай отырып, 

оның келешегі мен мүмкіншіліктері жайлы айтады. 

        Ашылу  мен  жаңаруға  тырысу,  сұхбаттасуға  қабілеттілік  Ирандағы, 

Египеттегі, 

Қазақстандағы, 

Ресейдегі, 

АҚШ-тағы, 

Германиядағы, 

Франциядағы,  Түркиядағы  әртүрлі  мұсылмандық  дискурстарды  дамытты. 

Мұсылман  философтары  қазіргі  кезде  тек  мұсылман  елдерінде 

тұрмайтындықтан  бұл  мәселе  одан  да  қиындай  түседі,  сол  елдің  дәстүріне 

тән философиялық талдау жасауға қажеттілік туады. 

       Атақты  мұсылман  философтары  жаңа  тарихи  жағдайда  тарихи-

философиялық  әлемдік  процестегі  компаративистика  мен  герменевтиканы 

іске  асырады.  А.Аффифи  И  Мадкур,  Ф.Рахман,  С.Х.Наср,  А.Бадави, 

А.Лахбаби,  М.З.Махмуд,  О.Амин,  М.Байрактар,  О.Фаррух,  А.К.М.Али, 

М.Уалиуддин, 

А.Маудуди, 

М.Мотаххари, 

С.М.Хаменей, 

М.Айдын, 

Х.Алтынташ,  М.Хамидуллах,  С.М.Хатами,  М.Фахри,  Х.Улкен  және 

басқалары  классикалық  мұраға,  Афгани,  Абдо,  Риданың  модернистік 

исламдық  іліміне  сүйене  отырып,  қазіргі  философиялық  логиканы  және 

әлеуметтік-саяси  шындықты  бейнелейтін  тұтас  философиялық  бағыттарды 

құрады. 

         Бір  кездері  басталған  философияны  жаңартудың  модернистік  жобасы 

қазір постмодерн тарихы аясында дамуда. Қазіргі мұсылман философтары да 

батыстағы  жаһандық  мәселелерге  алаңдауда.  Мұсылман  философтарының 

модернистік,  экзистенциалдық,  ғылыми,  сұхбаттық  жобалары  адамның  осы 

әлемдегі Құдайды, Әлемді, Басқаны және өзін түсінуге бағытталған (Шығыс 

философиясы. «Мәдени мұра» сер., ОҚ. «Жазушы», —Алматы: 2009. 358-360 

беттер).  Міне,  қазіргі  заманғы  мұсылман  елдеріндегі  философиялық 

тұлғалардың еңбектерінің басты құндылығы да осында. 

 


        

504 


 

АЛЛАМА МУХАММАД ИКБАЛ 

 

(9 қараша, 1877ж. Сиялкот, Британдық 

Үндістан –  21 сәуір, 1938ж. Лахор, 

Пенджаб, Британдық Үндістан) 

 

              —  қазіргі заманғы мұсылман елдері 



философиясының өкілі, ақын, философ және 

қоғам қайраткері. 

           Лахорда  оқыды,  кейін  Англия  және 

Германияда  білім  алды.  Оның  еңбектері 

1890-шы 

жылдардың 

соңында 

шыға 


бастады.  Тек  Үндістандағы  емес,  сондай-ақ 

бүкіл  әлемдегі  мұсылман  жұртшылығына 

үндеу жасады. 

Философиялық шығармалары: 

          Парсы  тілінде  «Мен  деген  құпия»,  1915;  «Өзіндік  құпиялар»,  1918; 

«Шығыс  үндеуі»,  1923;  «Джавидтің  еңбегі»,  1932.  Оның  бірқатар  еңбектері  

«Керуен қоңыраулары» (1924) урду тілінде жазылды. Оның шығармашылығы 

гуманизм мен патриотизмге толы еді.  

          Оның  өмір  сүрген  отаны  –  Үндістан.  Негізгі  еңбегі  –  «Персиядағы 

метафизиканың  дамуы»  зорастризмді,  оның  философиялық  космологиялық 

ілімдерін  пайымдауға  арналған.  Жанның  мәні  туралы  Икбалдың  айтқан 

ойларының  мәні  зор.  Ол  жан  үш  бөлікті  модельден  тұрады  деп  есептейді  –

ақыл,  жүрек  және  рух.  Жүрек  танымының  ең  жоғары  құралы  ретінде 

саналады, ол ақыл мен рухты байланыстырады. 

Философиялық көзқарастары: 

         Икбалдың  Мани  және  Маздак  туралы  айтқан  ойлары  ерекше.Мани 

жарық  принциптеріне  он  идеяны,  ал  қараңғы  принциптеріне  бес  идеяны 

жатқызады.  Маздак  болса,  осы  принциптерді  қолдай  отырып,  Құдай-

жаратушы  еске  сақтау,  даму,  түсіну  қабілеттерімен  айрықшаланады  дейді. 

Бұл қабілеттер жеке адамның қасиеттері көрінеді. 

      Икбал  өзінің  «Персиялық  дуализм»  деген  еңбегінде  бірнеше  нақты 

тұжырымдар  жасайды.  Парсылардың  исламға  дейінгі  ойлары  бірқалыпты, 

үзіліссіз  дамыған.  Екіншіден,  дүниедегі  өмір  сүрушілердің  бірлік  принципі- 

оның  нағыз  философиялық  негізі;  үшіншіден,  универсумның  монистік 

принциптік  қозғалу  басы  зорастризм  жақтастарының  сұхбаттасынан  нәр 

алады;  төртіншіден,  исламға  дейінгі  парсы  ойында  пантеистік  бағыттар 

болмаған. 

        Көне  философия  ислам  тарихындағы  ұлы  мәдени  күш  бола  тұрса  да, 

грек  философиясы  мұсылман  ойшылдарының  дүниетанымын  кеңейтсе  де, 

жалпы  алғанда,  олардың  Құран  туралы  түсініктерін  көлегейлейді,  бұрынғы 

зерттеушілер  грек  философиясының  негізінде  оқыды.  Құран  рухани  мәні 

жағынан  антиклассикалық деп  түсіну  үшін де  оларға  200-жыл керек болды. 

Икбалға евроцентристік көзқарастар ұнамады. Ол оған арабтардың Жерорта 


        

505 


 

маңы  елдерін  жаулап  алуын  қарсы  қойды.  Осының  негізінде  европалық 

өркениет  дамыған,  бірақ  қазіргі  кезде  ол  өзінің  жасампаздық  күшінен 

айырылды.  Икбал  Европада  болған  кезінде  өзін  нағыз  мұсылман  ретінде 

сезінгенін,  ал  өз  діндестерінің  бөлінгендерінен  қатты  күйзеліске  ұшырадым 

деп жазды.  

         Икбалдың 

дүниетанымы 

қалыптасуында 

бұрынғы 


мұсылман 

ойшылдарының,  әсіресе  ортағасырлық  сопышылдық  қалдырған  мұра  басты 

орында  тұрды.  Ол Джамал ад-Дин  Румиді  (1207-1273) өзінің  рухани ұстазы 

ретінде  санады.  Икбалдың  философиялық  жүйесі  оның  үнді  қалаларында 

1928-29  жылдары  оқылған  дәрістер  циклы  және  «Исламдағы  діни  ойлардың 

құрылымы»  деген  атпен  шыққан  жеке  кітабының  негізінде  жазылған.  Өз 

жүйесінде Икбал мынадай үш идеялық тұғырнаманы келтіреді:  

  исламның басқа діни жүйелерінен жорамалдық басымдылығын; 

  мұсылман ойын соңғы бес ғасырда мойындады; 

  ислам  «құрылымын»  сенім  рационализациясы  бағытында  міндетті 

түрде  «ғылым  мен  сенімнің  үйлесіміне»  жеткенге  дейін  тарату 

керек. 


      «Дін дегеніміз өте маңызды мәселе; ол тек бір ғана ой, бір ғана іс-әрекет 

емес;  ол  –  адам  болмысының  көрінісі.  Сондықтан  философия  дінге  баға 

береді,  оның  бейнелі  жиынтығы  процесінің  негізі  боларлықтай  күші  барын 

мойындау керек», – дейді Икбал. 

      Адамдардың  алдында  тұрған  жалғыз  жол  –  құрмет  сақтау,  бірақ  қазіргі 

білімдерге  тәуелсіз  көзқарас  білдіре  отырып,  ислам  ілімін  осы  білімдер 

қатарында  ұғыну  керек.  Тіпті  бұл,  осы  кезге  дейінгі  ғалымдардың 

көзқарасына  қарсы  болған  күнде  де,  ақиқаттың  мистикалық  танымынан  бас 

тартқандығы  Икбалдың  толыққанды  философиялық  идеяларының  мәресі 

болды. 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет