Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмыстарының әдістемесі
Жоспар
1.Кәсіптік бағдар – оқушыларда мамандықты саналы таңдауға ішкі қажеттіліктер мен дайындығын қалыптастыру.
2.Мектептегі кәсіптік бағдар берудің негізгі бағыттары.
Мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау жақсы жасалған практикалық педагогикалық проблемалардың қатарына жатады. Өмір бойы қанағаттанған сезімге бөлейтін мамандықты қалай таңдауға болады? бұл проблема адамзатты өте ертеден-ақ ойландырған. 1575 жылы Хуан Уарте “Исследование способностей к наукам” (М., - 1960) деп аталатын тамаша кітабын жазды. Онада мемклекетке ол ерте жастан табиғаттың бергенің анықтай алатын және оны ақылмен басқара алатын дарындалақты анықтайтын ұлы-ойшыл адамдарды табуды ұсынған. Ал жас К. Маркс “Белгілі бір мамандыққа біздің қабіліттілігімізге қатысты шатасу - өзіне өшпенділік туғызатын қателік”, - деп жазды. Шынымен, қалай қателік жіберуге болмайды? Әрбір адамда кәсіп таңдау әртүрлі болады, алайда кәсіби өзін-өзі анықтау үдерісін үстүрт түрде ұсынуға болады. Қызығушылық. Бейімділіктер. Кәсіби бағытталу. Икемділік Мамандыққа қызығушылық таңдамалы қатынас ретінде қандай да бір мамандық туралы бір қызықты кітапты оқығаннан кейін, біреудің жасаған жұмысына бақылау жасауда, сондай-ақ “үйінде де өз туыстарымен бірге тұратын” ата-аналардан алған үлгіден пайда болады. Бейімділіктер – адамның белгілі бір іс-әрекетке тандамалы бағыттылығы, онымен шұғылдануды орнықты қажетсінуі. Адамның қызығушылықтары мен бейімділіктеріне тоқталғаннан кейін, онсыз ьейімділік пайда болмайтын қабілеттіліктерге де тоқталу орынды. Қабілеттіліктер – адамға белгілі бір іс-әрекеттің түрін табысты орындауға мүмкіндік беретін психологиялық ерекшеліктері. Қабілеттіліктерді дамыту баланың сәйкес талабына сүйене отырып жүзеге асырылады. Қабілеттіліктер іс-әрекет барысында ғана көрініс береді. Жасөспірімдердің техникалық қабілеттіліктері қандай да бір механизмді немесе тұрмыстық құралды жөндегенде немесе жетілдіргенде айқындалады. Әрине, оған дейін құрылымын зерделеу үшін бірнеше рет механикалық ойыншықтардың ішін ашып көреді.Осылайша жасөапірім өз еңбегі барысында алғашқы табысқа жетеді. Бұл қабілеттіліктің пайда болуына түрткі болады. Егер ол техникалық шығармашылықты жұмыстармен айналысатын болса, оның өзі пайда болған бейімділіктің дәлелі. Кәсіби бағыттылық-жеке тұлғаның іс-әрекетің бағдарлайтын орнықты мотивтердің жиынтығы.Кәсіби бағыттылық оқушының тұлғалық бағыттылығының желісі болып табылады және оның қызығушылығын, бейімділіктерін, идеяларын анықтайды. Қысқаша айтқанда кәсіби бағыттылық өмір сүру стилін, бос уақытын бөлуді, оқуды таңдауды, білім жинақтауды, белгілі бір оқу пәніне қызығушылықты, қарым-қатынасқа көңіл бөлуді және т.с.с., ең бастысы-икемділігіне қарай мамандық таңдауды талап етеді. Мұндай таңдау сирек кездеседі. Бұл өкінішке орай көп адамдарға тән немесе идеалды жағдаят. Кәсіп таңдау тұлғалық тенестірумен тікелей байланысты, ол үшін ұқсастырудың типті нұсқалары үшін канадалық психолог Д.Марше ұсынған жіктеме сәйкес келеді. Кәсіби бағдарлануда мұндай ұқсастықтар кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтау дайындықтарына сәйкес келеді. Бірінші идеалды нұсқасы-“пісіп жетілген ұқсастық”- өзін-өзі анықтау деңгейінде кәсіп таңдауға сәйкес келеді. Бұл кәсіби қызығушылық, қандай да болмасын іс-әрекетке қабілеттілігін айқындау негізінде бейімділіктің пайда болуы, кәсіби бағыттылық және икемділік негізінде мамандық таңдау ретімен жүзеге асырылатын кәсіп таңдаудың ең ұтымды нұсқасыы. Екінші нұсқа – “рөлдеуді сынау” немесе “белсенді ізденіс” - өзінің икемдулуктеріне қарай жұмыс кездестірмеген, бірақ әлі де үміттерін үзбей жүрген әрекет етуші жасөапірімдерге тән. Ол үшін олар үйірмелер, жас натуңралистер үйірмесі, әртүрлі студиялар сияқты өздеріне сүйікті іспен айналысуға мүмкіндік беретін орындарға барады. Олар белгілі бір үйірмеде атқарылатын істер қызығушылық тудырмайтындай болса, бірден екіншісіне кетеді. Кейде белсенді түрде өз мамандықтарын іздестіріп жүрген жастары келген адамдарды кездестіруге болады. Мұндай адамдар кішкене болса да қызықты жұмыс арқылы ғана қанағаттанған сезімге бөлінуге болатынын түсінеді. Ондай жұмыс оны игерген сайын адамды рахаттандырады. Үшінші нұсқасы-“алдын ала шешілген нұсқасы” немесе “байланған рөл”, оған ата-аналар сайлауын қолдану жағдаяты тән. Ондай түлектер үшін барлығын басқа адамдар шешіп қойған. Ол бәрінен бұрын компьютерге қызығушылық танытады, химияны ұнатпайды, “адам-техника” мамандығына бейімі бар. Ал, ол ата-анасының нұсқауы бойынша химиялық-биологиялық оныншы сыныпта оқуы тиіс. Мұнда оның нақты бір мамандыққа деген ешқандай қызығушылығы жоқ, ал дәрігер-ата-ана оның медициналық университетте оқығанын қалайды. Ал соңғы төртінші нұсқасы - белгісіз, ешқандай таңдауы жоқ, “диффузиялы” топқа кіретін оқушылар. Олардың саны аз емес. Осылайша ондай оқушыларды мектепте оқу аяқталатыны, оған белгілі бір мамандық таңдаудың қажеттігіг қызықтырмайды. Олар үшін оқу орнын өз баласының болашағы ойландырмайтын ата- ана таңдайды. Мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау технологиясын былайша ұсынуға болады: 1. Мақсат қою. Психологиялық-педагогикалық диагностикаға қарағанда кәсіби бағдарлауда қойылатын мақсат шындығында біреу ғана-оқушыларды кәсіби тұрғыда өзінің орнын өзі анықтағандағы жоғары деңгейдегі жетістігі. Осы мақсатқа жету жолдарының ұзақтығы әртүрлі болу мүмкін. Кейбір оқушылар үшін-бұл өзінің кәсіптік таңдауының дұрыстығын дәлелдесе, ал басқалары үшін өзінің бейіміне қарай мамандық таңдау мақсатындағы педагогтар мен ата-аналардың ұзақ жолы. 2. Оқушылардың бос уақыттарындағы кәсіби қызығушылықтарын, ниеттерін, құштарлықтарын, оқу сауалнама көмегімен зерделеу. Жоғары сынып оқушыларының кәсіптік мүдделерінің зерделеуі бойынша сауалдамаға қойылатын талаптар: - ол мектеп оқушысы жөнінде жалпы түсінік беретіндей сұрақтарды, яғни, атын, жасын, ата-аналарының мамандығын, олардың жұмыс орындарын және балаларының қандай мамандық тандауларының қажеттігі жөніндегі ойларын қамытуы тиус; - оқушылардың оқу пәндеріне деген қызығушылықтарын айқындау мақсатында олардың кәсіби тандауы мен оқу пәндеріне деген қызығушылықтарының және үлгерімдері туралы мәліметтердің сәйкестегін анықтайтын ұнататын пәндерімен ұнататын пәндерімен білу; - оқушының кәсіби бийімділіктері туралы мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік беретін бос уақытында немен айналасатыны, оқуға қызығушылықпен қарайтындығы жөніндігі ақпараттарды алу; - мамандық тандауда кім көмектесетінің және не әсер еткенің айқындау. Бұл ақпарат оқушыларды кәсіби қызығушылықтарының орнықтылығын анықтауға мүмкіндік береді. 3) Оқушылардың оқуға қызығушылықтарын зерделеу. Психологтар оқушылардың оқу пәндеріне қызығушылықтарын зерделеу үшін “қызығушылықтар картасын” жие пайдаланады. Ол жеке оқу пәндерінен қатысы іс-әрекеттердің түрлерін сипаттаудан тұрады (мысалы, “Физикалық тәжірибе жасаған ұнайды”). Біз оқушылардың қызығушылықтарын зерделеуге Л.Голомшток пен О.Мешковскаяның әдістемесін ұсынар едік. Олар “қызығушылықтар картасы” негізінде “қызығушылықтың бағыттылығын анықтайтын бағыт беруші диагностикалық сауалдама” жасады. Бұл әдістемені кәсіби бағдарға арналған кітаптардан табуға болады. 4) Оқушыларға еңбек объектісі бойынша біріктірілген мамандықтардың типтері, кәсіптік білім алу мүмкіндіктері жөнінде ақпараттар беру. Осы мақсат үшін “Мамандық қорғау”, тақырыбында әңгіме, әртүлі еңбек түрлерімен айналысатын адамдармен кездесулер сияқты кәсіби тұрғыда білім беретін әртүрлі әдістерді пайдалануға болады. Бұл жұмыстағы орталық буын “адам-табиғат”, “адам-техника”, “адам-адам”, “адам-таңбалы жүйелер”, “адам-көркем бейне” еңбек объектілері бойынша беогілі жіктемесін топтарға бөлудің түсіндірмесі болуы тиіс (қараңыз: Климов Е.А. Как выбирать профессию.-М., 1987.). 5) Оқушылардың кәсіби бейімділіктерін зерделеу. Осы мақсат үшін Е.А.Климовтың “дифференциально диагностический опросник” деп аталатын әдістемесін пайдалануға болады. 6) Мектеп оқушыларының қабілеттері мен жеке тұлғалық ерекшеліктерін кәсіби дигностикалау. Кәсіби бағдарлаудың осы кезеңін жүзеге асыруға кәсіби психологты тарту қажет, өйіткені оның көмегімен бітетін қиындығы жоғары жұмыстар кездеседі. Психологиялық диагностиканың әдістерін меңгерген сынып жетекшілері үшін оқушылардың бейімділіктерін, қабілеттерін және тұлғалық ерекшеліктерін зерделеу үшін диагностикалық әдістерді пайдалану бойынша материалдар ұсынуға болады. 7) Оқушыларға мамандыққы қарсы дәлелдер жөнінде мәліметтер. Мамандықтардың екі топқа бөлінетіні белгілі. Кейбір мамандықтар адамға қатаң тәртіп қоймайды және оны кез кеоген адам қызығушылығының, қабілетіне және жек тұлғалық ерекшеліктеріне сәйкес меңгереді. Ал басқа тобына жататын мамандықтар үшін бұл жеткіліксіз, яғни психикалық, физиологиялық және дене ерекшеліктеріне қатал талаптар қойылады. Соңғы топқа кіретін ұшқыш, ғарышкер, машинист және т.б. мамандықтардың адам ағзасына жағымсыз жақтарын білу де маңызды. Мұғалімге оларды арнай әдебиеттерден оқудың қажеті жоқ. Ол элементтер жағымсыз жақтар жөнінде қысқаша түсінік беру тиіс. Мысалы, көзі дұрыс көрмейтін оқушыларға оны талап ететін мамандықтарды таңдауы орынсыз. Жүрегі ауыратын адамдар биік жерлерде немесе жердің астында жұмыс істеуге болмайды. Омыртқалары немесе тірек-қозғалыс аппараттары ауыратын адамдар ұзақ уақыт жүруді немесе тұруды талап ететін жұмыстарды істеуіне болмайды. 8)Кәсіптік бағдарлаудың соңғы кезеңі - мектеп оқушыларына кәсіби кеңес беру- оқушының қызығушылықтарын, бейімділіктерін және қабілеттерін дамыту бойынша жұмыстардың соңғы кезеңі емес. Керсінше, кәсіби кеңес берудің басты мақсаты-кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтаудың белгілі бір деігейінің негізінде өмір долын дайындық бойынша оқушылар үшін жеке бағдарлама жасау. Кәсіби кеңес беруді ұйымдастыруда педагог міндетті түрде сақтауы тиіс бірнеше ереже бар: 1) педагог бір немесе бірнеше мамандықты ұсына алмайды. Бұл кәсіби бағдарлаумен айналысатын әлемдік психологтардың этикалық нормалары; 2) мамандықты таңдауда қателесуге болмайды, сондықтан педагог оқушыға сәйкес келіп тұрса да белгілі бір кәсіби әрекет жөнінде шешеім қабылдауға асықпауы керек. Мамандық таңдау мәселесі ашық болуы керек. Әрбір адам соңғы шешімді қабылдауы тиіс. Оқушы мамандығын өзі өз бетімен анықтауы қадет, ал педагогтар мен психологтар тек көмек көрсетуі тиіс. Оқушылармен әңгіме суретте көрсетілгендей сүлбе көмегімен жүргізген орынды. Е.А.Климов мамандық таңдаудың сегіз бұрыштың қабырғаларына немесе бұрышына сәйкес келетін сегіз жағын ұсынады. Әрбір қабырға оқушыға өзін-өзі анықтауға көмектесетін әңгіменің пәні бола алады. Осы тең құқықты және бәрі бірдей маңызды сегіз жақты жеке атап өтейік. 1.Жеке кәсіби жоспарлар (ЖКЖ). Мұнда оқушы таңдаған мамандық жөнінде әңгіме болып отыр. 2.Кәсіби таңдау бойынша ата-аналардың пікірі, Е.А. Климов бойынша үлкендердің ұстанған бағыты (КТ). Ата-аналар өздерінің балаларын жақсы біледі, сондықтан олардың пікірі де ескерілуі тиіс. Алайда кей жағдайда ата-аналардың пікіріне де сыни көзқараспен қарау керек. 3.Мұғалімдердің пікірі (МП). Кәсіпқой мұғалім білікті кеңес беруі мүмкін. Өйіткені ол оқушыға оның іс-әрекетіне және өз құрбыларымен жасаған қарым- қатынасына бақылау жасады. 4.Жасөспірім таңдаған мамандық туралы ақпараттың болуы (Ақп.). Мұнда оқушы өзі таңдаған мамандық пен еңбек шарттары жөнінде қаншалықты білетіні жөнінде әңгіме болып отыр. 5.Оқушылардың бейімділігі (ОБ.). Ол ең бірінші мамандықтар әлемінде оқушылар бағдарлана алу үшін көмек көрсету мақсатында айқындалады. Ұнатып отырған іс- әрекеттің жағымды және жағымсыз жақтары жөнінде болған әңгіме ғана қызықты болады. 6.Оқушылардың қабілеттілігі (ОҚ). Олар болашақ кәсіби іс-әрекеттің табыстылығының алғы шарттары ретінде міндетті түрде ескерілуі тиіс. 7.Талаптану деңгейі (ТД). Бұл оқушының мүмкіндіктері мен талабының сәйкестігі. Оқушының білімінің, интеллектуалдық дамуының және қабілдеттерінің деңгейі таңдалған мамандықтың қиындығына сәйкес болу ыкерек. Талаптану деңгейі жоғары да төмен де болуы мүмкін. 8. Мамандық таңдау бойынша жолдастарының пікірі (МТ). Мұның екі жағы бар. Біріншіден, тұлғаның белгілі бір жақтары мен қабілеттерін дамыту жөніндегі баланың құрбысының пікірі жеке оқушының мамандығын таңдауда ескерілуі мүмкін. Екіншіден, бір-бірінен бөлінгілері келмей қандай да бір оқуға “компаниямен” түсу мақсатын қою сияқты қателіктер жіберілмеуі керек. Кәсіби бағдарлану технологиясын құру оқу-тәрбие үдерісін технологияландыру оқу-тәрбие үдерісін жаңа сапалық деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін педагогикалық үдерістің заңдылықтарын терең зерделеумен қатар жүретін педагогика ғылымы мен практикасындағы заңды құбылыс екендігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |