Білім беру деңгейлері - білім беру бағдарламаларының үздіксіздігі мен сабақтастығы принципі негізінде мынадай білім беру деңгейлері белгіленді: мектепке дейін тәрбиелеу мен оқыту; орта білім беру; кәсіптік жоғары білім беру; жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру.
“Білім туралы” Заң - білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы аядағы мемлекеттік саясатының негізгі принциптерін белгілейді және Қ. Р. азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған құжат. 1999-шы жылғы маусымның 7-сі күні қабылданды. 389-1 ҚРЗ.
Гимназия - негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушылардың олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес тереңдеп, салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы орта білім беретін оқу орны.
Доцент-жоғары оқу орнының оқытушысының ғылыми атағы.
Кәсіптік лицей /профессиональный лицей/-жалпы орта, бастауыш кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және біліктілігі жоғары деңгейдегі жұмысшы кадрларын даярлауды жүзеге асыратын оқу орыны.
Колледж - орта кәсіптік білімі бар мамандар даярлаудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.
Лицей - негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, жоғары сатыдағы оқушыларды кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге асыратын жалпы орта білім беретін оқу орны.
Магистр- лат. magister- мұғалім, тәлімгер; жоғары кәсіптік білімнің тиісті білім беру бағдарламасын меңгерген адамдарға берілетіна кадемиялық дәреже мен біліктілік.
Несие – оқушының оқу жұмысы көлемiнiң бiртұтас өлшем бiрлiгi.Бiр несие мiндеттi түрде өздiк жұмыстың 2 академиялық сағатымен жалғастырылатын, академиялық ағымындағы аптадағы аудиториялық жұмысының 1 академиялық сағатына тең;
Достарыңызбен бөлісу: |