САРАЛАП ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ Әлихан Е.Қ. Мақсат бойынша саралау - Сыртқы саралау барысында белгілі бір мақсатқа сай түзету, жетілдіру, педагогикалық қолдау көрсету шаралары, оның ішінде дарынды балалармен жұмыс, қосымша шығармашылық тапсырмалар арқылы дамыту, мамандықты игеру немесе жоғары оқу орындарына дайындық жұмыстары жүзеге асырылады.
Нәтиже немесе жауап бойынша саралау - Тәжірибеде саралаудың бұл түрі кеңінен қолданылады. Нәтиже немесе жауап бойынша саралау барысында оқушыларға бірдей тапсырма ұсынылғанымен, түрлі деңгейдегі жауап күтіледі және қабылданады. Топта барлық білім алушыларды ынталандыру шаралары да ортақ, бірдей материал ұсынылып, бірдей міндет қойылады. Әр оқушы өз деңгейінде жауап беріп, жүргізілген жұмыс өнімі мен нәтижесі әртүрлі болады.
Ресурс немесе мәтін бойынша саралау - Саралаудың бұл түрі ілгері деңгейдегі, мазмұны терең ресурстармен жұмыс жүргізуге бейім балаларға арналады. Оқушылар бәріне ортақ бір сұраққа жауап бергенімен, күрделілік деңгейі әртүрлі ресурстарға сүйене отырып, өз жауаптарын негіздей алады.
Тапсырма бойынша саралау (деңгейлік тапсырмалар) - Саралаудың бұл түрі негізгі мазмұнды қамтитын түрлі тапсырмалар ойластыруды көздейді. Оқушыларға түрлі таратпа материалдарын, кеспе қағаздар мен жаттығулар ұсынуға болады. Кейбір мұғалімдер әртүрлі балаларға ұсынылатын деңгейлік тапсырмалардың әлеуметтік салдары туралы айтады.
Диалог негізінде саралау - Кез-келген білім алушы үшін маңызды ресурс - қағаз емес, электронды құрал емес, адами ресурс. Диалог негізінде саралау барысында мұғалім мен оқушы арасындағы сұхбатқа мән беріледі. Диалог арқылы саралаудың түрлі аспектлері бар.
Оқушыға жеке қолдау көрсету арқылы саралау - Саралаудың бұл түрі жоғарыда аталған диалог арқылы саралаумен байланысты. Себебі кейбір оқушылар белгіленген мақсатқа қол жеткізу үшін арнайы көмекті қажетсінеді. Көмек ауқымы мен деңгейі де оқушы қажеттілігіне сай сараланған болуы керек.
- Бұл қолдау мұғалім немесе басқа да үлкендер тарапынан көрсетілуі мүмкін. Оқушы қолдауды басқа оқушыдан, компьютерден немесе ақпараттық технологиялар арқылы алуы мүмкін. Қабілетті оқушыға жеке оқыту бағдарламасы бойынша қолдау көрсетуге болады. Қабілетіне, деңгейіне қарамастан әр оқушы қолдауға лайықты, сабақ жоспарын мұқият ойластырған мұғалім ғана педагогикалық қолдауды сараланған нұсқада ұсына алады.
Сабақтағы жылдамдық (темп)бойынша саралау - Кейбір оқушылар ақпаратты баяу қабылдайды, басқалардың қабылдауы жылдамдығы өте жоғары болуы.
- Сабақты жоспарлау барысында қанша тапсырма ұсынылатындығы және оларды орындау жылдамдығы ескерілуі шарт. Қабілетті білім алушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін – тапсырманы шұғыл және жоғары жылдамдықпен орындау маңызды.
Мазмұн бойынша саралау - Кейбір оқушылар бағдарлама бойынша негізгі тақырыппен шектелмей, қосымша ізденіп, бағдарламадан тыс ақпаратқа ұмтылады. Мазмұн бойынша саралау барысында сандық ақпаратқа емес, сапалық мазмұнға көңіл аударып, уақытты тиімді пайдалануға мән берген дұрыс.
Оқушының десбестігі мен жауапкершілігі бойынша саралау - Аталған саралау түрі оқушыға жеке қозғау көрсету арқылы саралауға ұқсас. Оқушының дербестігі мен жауапкершілігі бойынша саралау барысында өзара бағалау мен өзін-өзі бағалау оқу процесінің ажырамас бөлігі болып саналады. Қабілетті оқушылар қалыптастырушы бағалаудың аталған түрлерінің мәнін жылдам түсініп, тапсырманы нәтижелі орындайды.
Оқыту ортасы бойынша саралау - Кейбір оқушылар үшін аудитория ішінде өзін қалыпты сезінетін, алаңсыз жұмыс жасай алатын орны да маңызды роль атқарады.
Сол себепті, оқушы үшін қолайлы орынды немесе ыңғайлы топты анықтау –мұғалімнің міндеті. Мұғалім оқушының жеке қажеттілігіне сай олардың өз бетінше жұмысын белсендіретін нақты жұмыстар беруі қажет. Таңдау бойынша саралау - Таңдау бойынша саралау барысында оқушылар өзі үшін қызықты және өз мүмкіндігіне сай келетін тапсырманы таңдай алады. Оқушылар көптеген тапсырмалар тізімінің ішінен алға жылжуда өздері үшін бастапқы болып саналатын жұмыс түрін, ақпаратты, материалды, заттар немесе процесті таңдай алады. Сонымен қатар, олар жұмыс ауқымын кеңейтуді немесе өздері бейімдеуді таңдай алады.
Саралаудың бұл түрінің артықшылығы – дарынды балалар өз қызығушылықтарына, сұранысы мен қабілетіне сәйкес келетін жұмыс түрін таңдай алады. Қарым-қатынас формалары бойынша саралау(топтық жұмыс) - Ынтымақтастық оқыту – саралаудың тиімді тәсілі болып табылады. Шағын топтарда қабілеті орта оқушы өзінің құрбысынан көмек алуға мүмкіндігі бар, ал қабілетті оқушылар өз ойы мен идеясын жүзеге асыру арқылы топ жұмысына үлесін қоса алады.
Достарыңызбен бөлісу: |