Сульфаттар. Бұлардың сульфидтерден айырмашылығы күкірт отттекпен
қосылып күрделі құрамды анион [SO
4
]
2-
құрайды., демек оттек жетіспейтін
жерлерде (төменгі қабаттарда) күкірт жеке анион құраса (S
2-
) оттек жеткілікті
болғанда (жер бетінде) комплексті ион құрайды.
Сульфаттардың сусыз және сулы түрлері бар. Төменде солардың ішіндегі
ең маңыздылары қарастырылады.
Англезит-PbSO
4
. Химиялық құрамы: Pb–68,3 %, SO
3
– 26,4 %. Қаттылығы
2,5-3,0, меншікті салмағы 6,1-6,4. түсі сарғыш сұр, қоңырқай келеді.
Англезиттің ірі кристалдары сирек кездеседі. Ол қорғасынды
минералдары бар кендердің тотыққан беттерінде құралады және церусситтен
көрі сиректеу кездеседі. Оның өз алдына жек кен орындары жоқ, демек қоры аз.
Гипс- СаSO
4
2H
2
O. Қаттылығы 1,5-2, меншікті салмағы 2,3. түсі ақ, кейбір
кристалдары су тәрізді мөлдір болады. Гипс өте бағалы құрылыс материалы
болып табылады. Сонымен қатар, түрлі көркемдік, скульптуралық өндірісте
қолданылады.
Барит – BaSO
4
. Грекше барос – ауыр деген сөз. Ақ түсті минералдар
ішіндегі ең ауыры. Химиялық құрамы: BaO – 65,7 %, SO
3
– 34,3 %. Қаттылығы
3-3,5, меншікті салмағы 4,3-4,5. Түсі кейде ақ немесее сұр түсті болады.
Жаратылысы шаротермалдық. Барит химиялық тұрақты минерал. Барит
әр түрлі шаруашылықтың саласында қолданылады: 1) мұнай өндірісінде
(бұрғылау ерітіндісінде ауырлатқыш ұнтақ ретінде); 2) химиялық өндірісінде
шикі зат ретінде; 3) резеңке және қағаз өндірісінде толтырушы және
ауырлатқыш ретінде; 4) бояу өндірісінде әр түрлі бояулар алуға; 5) медицинада
(рентген сәулесінен сақтану үшін); 6) радиолампаларды жасауға (барий
түрінде).
Қазақстанда оның кендері қорғасын шығатын жерлерде кездеседі.
Целестин – SrSO
4
.
.
Химиялық құрамы: SrO –56,46, SO
3
–43,6. Түсі
көгілдір ақ. Қаттылығы 3-3,5, салмағы –4,0. Ол көбінде шөгінді тұнба жыныс-
тар арасында кездеседі.
Целестин стронций металының тұзы ретінде пиротехникада қызыл
жалын алуда, бояу, шыны өндірісінде қолданылады.Сол сияқты стронций
металы мыстың сапасын арттыруға қолданылады.
Целестин көбінде шөгінді жыныстар арасында қабаттас кездеседі.
Фосфаттар. Минералогиялық ғылымы жағынан қарағанда фосфаттарға
жататын минералдар саны көп. Бірақ басым көпшілігі сирек кездеседі де,
практикалық маңызы жоқ. Сондықтан тек олардың ішіндегі маңыздыларына
тоқталамыз.
Апатит – Ca
5
(F
1
Ci)[PO
4
]
3
. Грекше апатио – алдаймын деген сөз. Себебі
оны басқа минаралдармен шатастыруға болады.
Мұнда фтор мен хлор мөлшері ауысып атырады; соған қарай ол фтор-
апатит және хлор-апатит болып екіге бөлінеді. Оларда P
2
O
5
–41-42%. Көп
тарағаны – фтор-апатит.
Қаттылығы 5, меншікті салмағы 3,2.
50
Апатит магмалық тау жыныстарымен байланысты. Және басқада көпте-
ген тау жыныстарының үгілуінен құралады.
Оның шөгінді жыныстар арасында кездесетін қара сұр түрін фосфорит
деп атайды. Теңіздік шөгінді фосфорит кендері ең ірі кендер түрі болып
табылады.
Форфорит өте құнды минералдық тыңайтқыштар. Апатит химиялық
өндірістерде (фосфор қышқылын жасауда, сіріңке жасауда қолданылатын
фосфор өндіруде, керамикада, фтор қосындыларын алуда) қолданылады.
Қазақстанда негізгі кен орны Қаратауда орналасқан.
Монацит – (Ca, La….)[PO
4
]. Бұл сирек кездесетін минерал. Химиялық
құрамы: Ce және La – 50 – 68 %, P
2
O
5
– 22,315 %. Қоспалардың ішінде ең
құндысы – торий тотығы (ThO
2
). Бұл тотық көбірек болса (10 – 20%)
минералдың радиоактивті қасиеті болады.
Бирюза – CuAl
6
PO
4
]
6
.
(OH)
8
.
H
2
O. Химиялық құрама: CuO – 9.57 %, Al
2
O
3
–
36,8 %, P
2
O
5
– 34,12 %, H
2
O – 19,47 %. Қаттылығы 5-6, меншікті салмағы 2,6-
2,83. Түсі мөлдір көк, аспан түстес немесе сәл жасыл сұр болады.
Бирюзаның
ірі кристалдары әдемі түріне қарай көркемдікке
қолданылады. Нашар түрлері бояу жасауға жұмсалады.
Вивариант – Fe
3
(PO
4
)
2
.
8H
2
O. Мұны ағылшын минерологы Вивиан
ашқан. Химиялық құрамы: FeO – 43 %, P
2
O
5
– 28,3 %, H
2
O – 28,7 %. Қаттылығы
1,5-2, мортты минерал меншікті салмағы 2,95. Түсі көгілдір, түссіз, мөлдір
болады. Агрегаттары тұтас масса түрінде көп кездеседі. Бірақ, оның ірі кен
орындары жоқ.
Вольфраматтар. Вольфраматтарда көбінесе темір, марганец, кальций
металдары болады, сиректеу мырыш пен қорғасын кездеседі. Осы
аталғандардан ішінен тек өндірістік маңызы бар екі минералды қарастырайық.
Вольфрамит – (Mn,Fe)[WO
4
]. Химиялық құрама:(Mn, Fe)O – 25 %, WO
3
–
75 %. Қаттылығы 4,5-5,5. Меншікті салмағы 6,7-7,5. Түсі қоңырқай қара.
Вольфрамиттің ірі кристалдары (20 см, одан да ірі) призма немесе жұқа
тақша ретінде кездеседі. Ол жоғары температуралы гирдотермалық кварцты
желілерде көп кездеседі (касситерит, молибденит сияқтылармен бірге жүреді.
Вольфрамит влоьфрам металын өндіретін ең басты минералы болып
табылады. Вольфрамды қатты болаттар қорытуда, өте қатты қорытпаларға
қосуға («победит» т.б.), электротехникада лампалар сымын жасауға,
керамикада бояу жасауға қолданылады.
Біздің елімізде ол Қалба тауларында (Шығыс Қазақстан) Ақшатауда
(Орталық Қазақстан) кездеседі. Шетелдердегі кендері бірсыпыра мемле-
кеттерде бар.
Шеелит – CuWO
4
. Швед химигі Шееле атымен қойылған. Химиялық
құрамы: CaO – 19.4%, WO
3
– 80.6%. Қаттылығы 4,5. Түсі сарғыш сұр. Меншікті
салмағы 5,8-6,2.
Шеелит негізінде гидротермалық минерал. Ол көп жерлерде вольфра-
митпен бірге кездеседі. Бұдан да вольфрамит өндіріледі.
Әдебиет: 1-нег. [26.-285], 2-нег [95-102]
51
Бақылау сұрақтары:
1. Оттекті тұздарға жататын минералдар тобы.
2. Өндірістік маңызы бар карбонатты минералдар (аттары, формулалары)
3. Өндірістік маңызы бар сульфатты минералдар (аттары, формулалары)
4. Фосфордың негізгі минералдары. Фосфордың ең үлкен кендерін
құрайтын минерал, негізгі қолдану орны.
5. Вольфрам
қандай
минералдардан
алынады.
Вольфрамның
қолданылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |