Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет40/48
Дата17.05.2020
өлшемі1,06 Mb.
#69177
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48
Байланысты:
Технологиялық минералогия пәнінінің дәрістері
Сөж 4
Берилл  –  Be

3

Al

2

[Si

6

O

18

].  Бұл  жер  қыртысындағы  берилий  бар 

минералдардың өте көп таралғандарының бірі.  

 Кристалдық бейнесі әдемі призма тәрізді болады. Ол әдетте жеке кристал 

түрінде кездеседі. Қаттылығы –5-8.  

 Оның түсі көбінесе жасылсымақ, ақ, сары, сарғыш жасыл, көгілдір, кейде 

қызыл  түске  боялады.  Түссіз,  мөлдір  түрлері  де  бар.  Ол  түстеріне  қарай 

мынандай түрлерге бөлінеді: 1) изумруд  – ақшыл жасыл түсті, 2) анвамарин  – 

көкшіл  көгілдір  бояулы;  3)  воробьевит  –  ал  қызыл  түсті;  4)  гелиодар  –  сары 

мөлдір түсті. 

 Берилий  минералдарының  ішіндегі  ең  әдемісі  екі  тотықтың  қосын-

дысынан туған – BeO

*

Al



2

O

3



 яғни BeAl

2

O



4

 ұны александарит деп атайды. Оның 

ірі  мөлдір  кристалдары  сирек  кездеседі,  олар  тек  Асылтас  ретінде  қолданы-

лады.  Мысалы,  күндіз  күн  сәулесінің  жарығымен  ол  жасыл  түсті,  ал  электр 

жарығында күлгін қызыл түсті  болып құбылады. Бұл қасиет  оның ішкі құры-

лысының ерекшелігіне байланысты. 

Таз  берилийден    рентген  түтіктерінің  шынылары  жасалады:  себебі  ол 

рентген  сәулесін  өте  жақсы  өткізеді.  Ол  және  тағы  басқа  құймалары  ядролық 

реакторларда нейтрондардың жылдамдығын азайту үшін қолданылады.  

Изумрудтың  және  аквамариннің  әдемі  боялған  мөлдір  түрлеріде  зергер 

ісінде қолданылады.  

Берилл  минералдарынан  берилий  алынады.  Ол  жеңіл  металл  меншікті 

салмағы  алюминийдікінен  1,5  есе  аз.  Оны  алюминиймен,  магниймен  қосып 

балқытса самолет құрылысына аса қажетті, әрі жеңіл, әрі берік қорытпа алына-

ды.  Балқу  температурасы  1284

0

С.  Ол  медицинада  да  пайдаланылады.  Берилл 



кендері Алтай өңірінде кездеседі.  

 Каламин  –  Zn[Si

2

O

7

](OH)

2

.

H

2

O.  Химиялық  құрамы:  ZnO  –  67.5%,  SiO

2

  – 



25 %, H

2

O – 7,5 %. Қаттылығы 4-5, меншікті салмағы 3,4-3,5.  



 Каламин  қорғасын-мырыш  сульфиті  минералдарының  бетінде  табиғи 

өзгеру-тотықтану  зоналарында  пайда  болады.  Ол  мырыш  минералы  болып 




 

53 


табылады.  Ол  қорғасын-мырыш  кендерінде  аз  болса  да  кездесетін  отырады.  

Мысалы,  ол  барлық  Алтай  кендерінде,  орталық  Қазақстанда,  Қаратау  кен 

орындарында бар. Жеке кен орындарын құрамайды.  

 Асбест  -   жылтырлығы  жібек  тәрізді  және  талшықты  минерал.  Ол  жібек 

сияқты жұқа, иілгіш, солқылдақ, берік жіп түрінде ажыратылады.  

Оның  кең  тараған  бір  түрі  Хризотил-асбест  –  Mg

6

[Si



4

O

10



](OH)

8

.  Грекше 



Хризотил-алтынды талшық, асбестус – жанғыш емес деген сөз. 

 Ол  өзінің  талшықты  құрылысының,  отқа  төзімділігінің  және  электр  мен 

жылулықты  нашар    өткізуіне  байланысты  кең  түрде  қолданылады.  Мысалы, 

театрларда қолданылатын отқа төзімді перделер, өрт сөндірушілердің киімдері 

үшін,  үйдің  төбесін  жабу  үшін,  автомобильдердің  тормоз  ленталарын  жасау, 

шарап тазалау ісінде асбесті сүзгілер жасау үшін қолданылады.  



Тальк  –  Mg

3

[Si

4

O

10

](OH)

2

.  Қаттылығы  1.  Меншікті  салмағы  2,6.  Түсі  ақ, 

ашық жасыл, ашық сары болады. Жылуды және электр тогын нашар өткізеді.  

Тальк  қолға  өте  ұнтақталған  ұндай  тиеді,  өте  жұмсақ  келеді.  Оның 

жапырақшалары иілгіш, бірақ серпімді емес.  

Тальк  қағаз,  фарфор,  құрылыс,  сонымен  қатар  резеңке  өнеркәсіптерінде, 

бұдан  басқа  парфюмер,  тері  және  фармацевті  өндірістерінде  өте  көп 

қолданылады.  

Хризакола  –  Cu

4

[Si

4

O

11

](OH)

2

.

4H

2

O.  Түсі  көгілдір,  жасыл  көк,  шыныдай 

жылтыр, қаттылығы 2-4, тығыздығы 2-2,3. Ол мыс кендерінің тотығу зонасында 

малахит,  аздрит,  куприт  сияқты  мыстың  тотықты  минералдарымен  бірге 

кездеседі.  

 Хризакола  мыс  минералдарының  ішінде  кеннен  өте  қиын  алынатын 

минералдың бірі. Жеке кен орнын құрамайды.  

 Бұл  соңғы  қаралған  силикатты  минералдардың  құрамына  негізінен 

силикатты топ болғанын байқадық. Жоғарыда химиялық элементтердің жердің 

беткі  қабаттарында  таралуы  қаралғанда  кремний  мен  оттегінен  кейін 

алюминийдің  үшінші  орында  тұрғанын  көрдік.  Соған  байланысты  құрамына 

кремний  тотығымен  қатар  алюминий  тотықтары  кіреді.  Мұнда  солардың  бір-

екеуінің  атымен  формулаларын  келтіріп  біраз  ерекшеліктерінде  тоқтала 

кетейік.    

Бұл  минералдар  слюдалар  тобына  жатады.  Олар  массивті  тау  жыныс-

тарында (көпшілігінде граниттерде) әсіресе, кристалды тақта тастарда өте көп 

тараған жыныс құраушы минералдар. Слюдалар өте анық білінетін бір бағытты 

жымдастықпен  сипатталады.  Сондықтан  олар  жұқа  серпімді  қабыршақтардан 

тұрады.  Ол  қабыршықтар  өзара  молекулалық  байланыстармен  бірігеді,  демек 

әлсіз  байланысты.  Қабаттарды  бір-бірімен  қолмен  оп-оңай  ажыратуға  болады. 

Төменде екі минералды келтіре кетейік. 



Мусковит  (калийлі  ақ  слюда)-KAl

2

[Si

3

AlO

10

](ОН)

2

.  Қаттылығы  2-3, 

меншікті  салмағы  2,76-3.  Түсі  сарғыш,  кейде  сұрғылт,  ал  қызылды  немесе 

жасылсымақ.  

 Мусковит  граниттерде  және  тақта  тастарда  жыныс  құраушы  минерал 

түрінде  кездеседі.  Ірі  кристалдары  пегматиттік  желілерде  кездеседі.  Жеке 



 

54 


кристалдарының  салмағы  16  кг-нан  асады.  Ірі  кристалдарынан  1м

2

  дейін 



пластина  алынады.  Жыныстарының  бұзылуына  байланысты  мусковит  уақ 

қабыршықтар түріне айналады, оны серицит деп атайды.  



Биотит  –  K(Mg,Fe)



[Si

3

AlO

10

]  (OH  F)

2

.  Аты  француз  физигі  Биотанның 

есіміне  қойылған.  Кең  тараған  минерал.  Қаттылығы  2,5-3,  меншікті  салмағы 

2,7-3,1. Түсі қара не жасыл қара. Жұқа топырақтары мөлдір болады.  

Биотит магмалық тау жынысының жыныс құраушы минералы. Сонымен 

қатар  ол  пегматиттік  желілерде  де  кристалданады.  Кристалдық  құрылысы 

мусковиттің құрылымына ұқсас. Кейбір өзгеріске түскенде магний мен темірді 

жоғалтып мусковитке ауысады, не калийді жоғалтып хлоритке ауысады. 

Бұл  екі  минералды  (және  олардың  ауысқан  түрлерін)  келтіріп 

отырғанымыз  бұл  минералдардың  кен  байытуда  айтарлықтай  маңызы  бар.  Ол 

маңыздылығы  сол-  кенді  ұнтақтағанда  шығатын  түйіршіктер  өте  аз  суланады. 

Соның  нәтижесінде  кендегі  бағалы  минералдарды  флотациялағанда  (кеннен 

бөлгенде)  олар  бірге  шығып  алынған  өнімнің  (концентраттың)  сапасын 

төмендетеді.  Осыған  байланысты  олардың  суланбау  қасиетін  төмендету  үшін 

арнаулы химиялық қосылыстар қолданылады. Олар басқа көптеген құрамында 

бағалы зат жоқ (не өте аз) тау-жыныстарымен бірге бөлініп тасталуы қажет. 

Сонымен  силикаттардың  көбі  тау-жыныстарын  құрайтынын  білдік. 

Олардың құрамында болатын кейбір металдар бағалы деп саналса да пайыздық 

үлестері  төмен  болғандықтан  маңызсыз  болып  табылады.  Сонымен  қатар, 

кейбірінің  құрамында  бағалы  заттар  болмасада  олардың  минералдарының 

түсіне қарай асыл тастар ретінде, басқада бір қасиеттеріне қарай әртүрлі өндіріс 

салаларында қолданыс табатынын білдік. 

Әдебиет: 1-нег. [284-316]; 2-нег. [75-94] 

Бақылау сұрақтары: 

1.  Силикаттардың негізі неден тұрады? 

2.  Силикаттар қандай тау-жыныстарында (магмалық және т.б.) кездеседі. 

3.  Қандай минералдар асыл тастар ретінде пай даланылады. 

4.  Изумруд, аквамарин қандай минералға жатады. 

5.  Қандай силикатты минералдың құрамында мыс бар. 

6.  Қандай силикатты минерал құрамында мырыш бар. 

7.  Асбест минералының ерекшелігі, не үшін қолданылады. 

8.  Тальк қандай өндірісте қолданылады. 

9.  Берилден қандай метал алынады, ол не үшін пайдаланылады. 

10.   Слюдалық  минералдардың  ерекшеліктері.  Олардың  кен  байытуда 

процеске әсері. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет