Ќазаќстан Республикасы білім жєне ѓылым министірлігі



бет16/48
Дата12.12.2023
өлшемі0,53 Mb.
#196635
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   48
Байланысты:
Î?Ó ?ä³ñòåìåë³? êåøåí «Áàñòàóûø ìåêòåïòåã³ ä?íèåòàíó ï?í³í î?ûòó

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 6, 8, 9, 11, 14, 12, 25
Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 7, 16, 17, 18


Тақырып №4 Оқушыларды жан-жақты тәрбиелеудегі оның тұлғалық қасиеттерін дамытудағы оқу пәнінің рөлі
(2 сағат)

  1. Ғылыми көзқарасты қалыптастыру.

  2. Экологиялық тәрбие.

  3. Санитарлық - гигиеналық тәрбие.

  4. Еңбекке тәрбиелеу.

  5. Эстетикалық тәрбие.

1. Ғылыми көзқарасты қалыптастыру.
«Дүниетану» оқу пәні ретінде мектеп оқушыларына білім беріп, тәрбиелу үшін зор тәрбиелік мүмкіндіктерге ие. Білім беру мәселелері Қазақстан Республиқасының Мемлекеттік мазмұнымен айқындалады. Бастауыш сыныптарында оқитын оқушылар өлі және тірі табиғат жөнінде элементарлы мәліметтерге ие болып, өз еленің, өз облысының, өз ауданының адамдарының белгілі бір өнімдері мен еңбектері мен танысады. Табиғаттану білімі мен тәрбиелеудің мазмунына балалардың табиғат обьектілерін байқаулар жургізудің жолымен, өсімдіктер мен жануарларға тәжірибе жүргізудін жолымен тура зерттеулері, мектеп оқушыларын адамдардың еңбек қызметімен таныстыру, сонымен бірге мектеп оқушыларының еңбекке практикалық тұрғыдан қатысуы кіреді. «Дүниетану» курсын оқыту 1-ші сыныптан басталады. Төменгі сынып оқушыларын қоршаған дуниемен таныстыру кезінде оларда өлі және тірі табиғаттың алуан түрлі пәндері және олардың өзгеруі жоніндегі білімдер жинақталып, қалыптасады. Ал 2-ші сыныпта табиғатты тану білімдері кенейе түседі…
Табиғаттану білімдерін оқушылар (табиғат, оқулықтар, ғылыми-әйгілі әдебиеттер, оқытушының, ата аналарды мәліметтері, периодикалық басылым, кино, радио, теледидар) сияқты әртүрлі бастамалардан алады. Ақпараттардың мұндай кең диапазоны оқу-тәрбиелік мәселелерді аса сәтті турде шешуге мумкіндік береді. Оқу процесіндегі білім беру және тәрбиелеу мәселелері комплексті турде шешіледі. Оқытумен бірге жан жақты тәрбиелеу де жузеге асырылады, мұның негізінде мектеп оқушыларында ғылыми көзқарас, патриоттық және интернациональдық, экологиялық және эстетикалық, санитарлы-гигиеналық, физикалық және еңбек тәрбиесі қалыптасады. Тәрбиенің мақсаты мектеп оқушыларын еңбек мәдениетіне және еңбек адамдарына сыйластықпен қарауға дағдыландыру, оларды әртурлі мамандықтармен таныстырып және осылардың негізінде профориентациялық жумыстар жүргізу.
Ғылыми көзқарасты қалыптастыру тәрбиелеудің бір мәселесіне жатады. Осы мәселені шешу ушін зор мумкіндіктер «Дуниетану» курсының мазмұнында берілген. Ғылыми көзқарасты қалыптастыруға «Дүниетану» жөніндегі оқулық пен бағдарламаның мазмұны мумкіндік береді. Балаларға адамдардың еңбегі жөнінде, өлі және тірі табиғат жөнінде элементарлы мәліметтерді жеткізе отырып мұғалім табиғаттың обьектілері бір бірімен қалай байланысқанын, табиғатқа адамның еңбек әрекеті қалай әсер ететікдігін көрсетеді. Табиғаттағы өзгерістер жөніндей білімді оқушылар жануарлар мен өсімдіктерге тікелей бақылау жургізу процесінде жақсы меңгереді. Мұндай кезде балаларды бақыланған құбылыстарды түсіндіруде өз ойларын анық білдіруге уйрету өте маңызды. Тірі және өлі табиғаттағы өзара байланыстарды түсіну біртіндеп жиналады. Табиғат жөніндегі білімнің жуйелі түрде дамуы, «Байқау кунделігін» үздіксіз жүргізіп отыру мектеп оқушыларында тірі табиғаттың дамуы заңды қубылыс болып табылады деген пікірді қалыптастыруға мумкіндік береді. Бастауыш сыныптарында балаларға диалектикалық заңдар жөнінде тікелей тусініктемелер берілмейді, бірақ тусіндіру кезінде олардың саналы түрде меңгеруі үшін философиялық анықтамалар мен терминология беруді ұсынады. Тәжирибе мен бақылау жургізу кезінде жуйелі түрде оқушылардың басты назарын табиғаттағы өзара байланыстар мен заңдылықтарға аударту керек. Табиғаттану материалының мазмұны оқушылар алдына табиғаттағы өзгерістердің негізгі зандылықтарын ашып қана қоймай, сонымен бірге себеп салдарлы байланыстарды түсіндіріп және осының негізінде әрбір фактіге, процеске немесе қубылысқа негіздеме мен тусініктеме беруге мүмкіндік береді. Ол үшін табиғаттың кез келген қубылыстарына форма беріп көрсету арқылы обьектілерді сұрыптау және бұларды балалардың дұрыс ұғыну өте маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет