Ќазаќстан Республикасы Білім жєне Ѓылым министрлігі



бет2/9
Дата12.09.2020
өлшемі139,5 Kb.
#77930
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Алгебра және сардар теориясы

Түсіндірме жазба

2019-2020 оқу жылында «Алгебра және сандар теориясы» пәні бойынша 0111000 «Негізгі орта білім беру» мамандығы 011111 3 «математика мұғалімі» біліктілігіне оқу жұмыс жоспары ҚР БжҒМ 22.01.2016ж. күнгі №72 бұйрығының 343-344 қосымшаларына және 31.03.2017ж №1 хаттамасымен Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданған үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес әзірленді.

Пәннің мақсаты – алгебра және сандар теориясы пәнінен білімдерін қалыптастыру арқылы іс жүзінде сапалы білімді іске асыру, шығармашылық қабілеттіліктерін арттыру және құзыретті мамандарды әзірлеу.

Пәннің міндеті: логикалық ойлау, дербестіктің және шығармашылық қабілеттіліктерді дамыту; білімді тиімді қолдану арқылы кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру және жетілдіру.

«Алгебра және сандар теориясы» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру үшін оқытуды ұйымдастырудың келесі түрлері ұсынылады: лекция, семинар, тәжірибелік сабақтар және басқалар.

Оқу материалы мазмұнының ерекшілігі мен күрделілігіне байланысты келесі оқыту әдістері ұсынылған: әңгіме, пікірсайыс, жағдайлық мәселелік есептерді шешу, іскерлік ойындар, ақыл-ой шабуылы, шағын топтардағы жұмыс, машықтық жұмыстар сайысы және оларды соңынан талқылау және басқалар.

Танымдық әрекеттерді ұйымдастыру нысаны ұсыныстық сипатта болады.

Бөлім мен тақырыптардың тізбесі оқытылатын тақырыптарды (бөлімдерді) кеңейту және (немесе) тереңдету жағына қарай өзгертілуі мүмкін.

Оқу жоспар бағдарламасы келесі пәндер бойынша білім алушылардың білімдеріне , іскерліктері мен дағдыларына негізделеді: математика; геометрия; математикалық логика.

Пәнді келесі пәндермен байланыстырып оқыту ұсынылады: педагогика; психология; математика; ықтималдықтар теориясы; математикалық логика; жаңа педагогикалық технологиялар.

Осы оқу жоспар бағдарламасы «Алгебра және сандар теориясы» пәнінің базалық мазмұнына және күтілетін деңгейіне қойылатын мемлекеттік талаптарды іске асыруға арналған техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары үшін жұмыс бағдарламаларын әзірлеуге негіз болып табылады.

Үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеуде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары циклға бөлінген оқу уақытының көлемін сақтай отырып:

Бағдарламаны меңгеруге бөлінген оқу уақытының көлемі - 80сағ.

теориялық білім алуға - 48сағ.

тәжірибелік сабақтарға - 32 сағ. бөлінген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет