МЕЙІРБИКЕ! Науқасқа дәрі-дәрмектерден көбірек Сіздің сезімталдығыңыз, моральді қолдауыңыз, жанкүйерлігіңіз керек. Емделушіге әртүрлі психикалық сөз әсерлерінен болатын эгрогенияны атау қажет – осы науқасқа басқа науқастың, науқастардың қолайсыз сөзбен әсерлері. Осындай жағдайларды невротикалық адамдар күшейтуі м.мкін, «болған» науқастар, олар дайындалған «дәрігерден» артықпыз деп ойлайды. Науқастар ауруханаға түсіп(емханада, санаторийде), өздерінің қасына адамдар жинайды, басқа науқастарға агресивті түрде өздерінше оңды-солды, кеңестер, нұсқаулар береді, өздерінің тыңдаушыларын депрессияға, толқуға ұшыратады.
Емделушінің өзіне әсері (жақсы, жаман ойлауы) эгогения деп аталады. Этика проблемасын қарағанда, медицина қызметкеріне негізгі жалпы сұрақтарды бөлу керек: ол медицина қызметкерінің қай салада болса да сақтауын қажет етеді.
Эго дегеніміз:
-ішкі мәдениеттің ережелерін сақтау, тәртіпті сақтау, қоғамдық жағдайларға үнемділікпен қарау, татулық, әріптестік сезім;
-сыртқы мәдениет ережелерін, тәртіпті сақтау, сыпайылық, әдептілік, жақсы сөз, сәйкес келетін киім (сыртқы жинақтылық, денесінің, киімінің, аяқ киімінің тазалығын сақтау қажеттігі, бас киім, артық әсем заттар және косметиканың болмауы, ақ халат, медициналық қалпақ). Осылардың бәрінен медициналық этика құралады.
Мейірбике өз іс-әрекетінде емделушілермен қатынасудағы жалпы психологиялық принциптерді ұстауы тиіс, олар:
1.Қазіргі денсаулық сақтау жүйесіндегі принциптерді нақты, бұлжытпай орындау.
2.Барлық емдеу-диагностикалық процестердің кезеңдерінде емделушіге жекешелік көзбен қарау.
3.Процестің адамгершілігі.
4.Барлық жүргізілетін емдік диагностикалық манипуляцияларда, рационалды ұқыпты, ғылым бойынша нақтылау.
5.Мейірбикенің шыншылдығы, абыройлығы, кәсіби борышын бұлжытпай орындауы.
6.«Қауіп төндірме».
7.Мейірбикенің науқасқа осындай қарым-қатынасы аурухана психика ортасындағы зақымдалуынан сақтап, тез сауығып, еңбекке жаралуына әсер етеді.
8.Емдік-диагностикалық процедуралар және емделушілерді күту әдістерін анықтау және терең кәсіби білім мен жетілдірілген практикалық дағдылар.
1.Құпияны сақтай білу.
2. Кәсіби сапалардың сәйкестігі.
3. Науқастың психологиялық ерекшелігін білу.
Сіздің сүйкімді күлкіңіз – Сіздің науқастарыңызға денсаулық эпиксирі.
Осы принциптердің орындалуы мейірбикенің мінез-құлқының түрлерін үш негізгі топқа бөледі:
1.Моральді белгілер: сезімталдық, сыпайылық, шыдамдылық, сжылы шырайлық, шыншылдық, жылы көзбен қараушылық, нәзіктік, мейірбандық, жанашырлық.
2.Эстетикалық белгілер: сыпайылық, қарапайымдылық, жинақылық, емдеу мекемелерінде мерекелік жағдайды тудырушылық.
3.Интеллектуалды белгілер: кәсіби эрудиция, бақылаушылық, емдік-диагностикалық манипуляцияларда логикалық ойлау қабілеті.
Достарыңызбен бөлісу: |