Кезекшілікті қабылдап алу мен тапсыру
Сырқатты емдеуде бірізбен келе жатқан тәртәптің ең маңызды сәттерінің бірі-кезекшілікті екінші адамға өткізу.Егер алмасатын адм келмесе, мейіркеш қызмет орнын (посты) тастап кетуге қақысы жоқ.Өз кезекшілігінде дәрігердің барлық белгілеулерін орындап, сырқатты тиісті тәртіппен күтуі тиіс. Кезегі келген мейіркеш жұмысын тапсыратын мейіркеш екеуі палаталарға кіріп, ауыр науқастарды байқап және арнайы дәптерге орындалмаған жұмыс көлемін, сырқаттың аты-жөні мен палатаның нөмірін көрсете отырып, жазып алуы, сондай-ақ палатаның тазалығын, сырқаттың жеке-дара гигиенасын сақтауын қадағалауы тиіс. Мейіркеш термометрлерді, шприцтерді дәрі-дәрмектерді, А және Б шкафтарының кілттерін қабылдайды, наркотиктердің бар екенін тексеріп журналға қол қояды. Кезекті қабылдап алған мейіркеш түнге қажетті киім мен жаймаларды шаруашылықты жүргізетін мейіркештен кіші қызметкердің алуын қадағалайды, алдын ала жасалып қойған дәрігерлік белгілеулер тізімімен танысады. Медициналық мейіркеш алмасу кезеңінің соңында сырқат (алдымен сөткенің басындағы санын, келесі тәулік басындағы аурулар санын жасайды)
Достарыңызбен бөлісу: |