Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі


Беттің бүйірлік аймағы (regio facialis lateralis)



Pdf көрінісі
бет25/107
Дата08.02.2022
өлшемі3,67 Mb.
#98183
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   107
Байланысты:
85548-sisabekov k.e. tanabaev b.d

 
Беттің бүйірлік аймағы (regio facialis lateralis) 
Беттің бұйірлік аймағында үш кіші аймақты ажыратады: ұрт аймағы, құлақ маңы-
шайнау аймағы (шықшыт) және беттің терең аймағы. 
Ұрт аймағы (regio buccalis) жоғарыдан – көзұясының төменгі қырымен, төменнен-
төменгі жақсүйектің төменгі қырымен, алдынан – мұрын-еріндік және мұрын-ұрттық 
қатпарлармен, артқы жағынан шайнау бұлшықетінің (m.masseter) алдыңғы қырымен 
шектеледі. 
Қабаттары.
Терісі жұқа, тер және май бездеріне бай. Тері асты шелмай қабаты 
жақсы дамыған, оның құрамына фасциялық жұқа жапырақшамен қапталған, айтарлықтай 
көлемді майлы кесек (corpus adiposus buccae) кіреді. Ол ұрт және шайнау 
бұлшықеттерінің арасында жатады, одан өсінділертүрінде майлы тармақтар маңайына 
таралады. Май өсінділері самай, көз, таңдай айналасына жететін кездері болады. Май 
кесегінің қабыну процестері осы өсінділер арқылы көршілес аймақтарға таралуы мүмкін. 
Тіпті адам едәуір арықтаған кезде де майлы кесек сақталады. Майлы кесек астында ұрт 
бұлшықетін жауып тұратын ұрт- жұтқыншақ фасциясы орналасқан, ол бұлшықеттен 
артқа қарай жұтқыншақтың бүйірлік қабырғасына жалғасады. Ұрт ымдау бұлшықетінің 
ішкі беті ауыз қуысы кіреберісінің кілегей қабығымен жабылған. Жоғарыда айтылғандай, 
кілегей қабықта 2-ші жоғарғы үлкен азу тістері тұсында құлақ маңы (шықшыт) сілекей 
безі түтігінің тесігі ашылады. Бездің түтігі ауыз қуысына ашылғанға дейін, беткей 
қабаттардан майлы кесек және ұрт бұлшықеті арқылы өтеді. Ұрт бұлшықеті жиырылған 
кезде сілекей түтігін қысып, ауыз кіреберісіне құйылатын сілекей мөлшерін реттеуге 
қатынасады. 
Аталған аймақтың шелмайында бет артериясы өтеді, ол мойын жақтан төменгі 
жақсүйектің астыңғы қырын шайнау бұлшықетінің алдыңғы шеті тұсында иіліп өтіп


34 
ауыз бұрышына, одан әрі көздің медиалды бұрышына қарай бағытталады. Ол бұл 
аймақта жоғарғы және төменгі ерін артерияларын (a.labialis sup. et inf) береді, олар 
(a.transversa faciei, a.buccinatoria, a.infraorbitalis) артерияларымен анастомоздар жасайды. 
Веналық қан бет венасы және төменгі жақсүйек арты веналары арқылы ағып шығады да 
көз ұясы, қанат тәрізді веналық өрімдерге қосылады. Лимфа тамырлары негізінен бет 
венасымен қатар жүреді. Олар лимфаны төменгі жақсүйек асты, құлақ маңы, мойынның 
терең лимфалық түйіндеріне алып барады. Аймақтың терісі үшкіл нервтің 
тармақтарымен, ал ымдау бұлшықеттері бет нерві бұтақтарынан нервтенеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет