бет 5/6 Дата 16.09.2022 өлшемі 157 Kb. #149740 түрі Сабақ
Байланысты:
лабор 2к Мышьяк AsIII иондарын ашу реакциялары.
Күміс нитратымен реакция. AsIII тұздарына күміс нитратымен әсер еткенде сары түсті күміс арсенитінің тұнбасы пайда болады:
Na3 AsO3 + 3AgNO3 = Ag3 AsO3 ↓ + 3NaNO3
Тұнба HNO3 , CH3 COOH, NH3 ерітінділерінде ериді. Дегенмен аммиакты ерітіндіні қышқылмен бейтараптандырғанда қайтадан Ag 3 AsO3 тұнбасы пайда болады.
Иод J2 ерітіндісі As (III) ионын As (V) ионына дейін тотықтырады, мұны иод ерітіндісінің түссізденуінен оңай байқауға болады:
Na3 AsO3 + І2 + H2 O = 2HІ + Na3 AsO4
Мышьяк As V иондарын ашу реакциялары.
Күміс нитратымен реакция. AsV ерітіндісіне AgNO3 қосқанда қоңыр-қызыл түсті мышьяқтықышқыл күмістің тұнбасы түзіледі, ол HNO3 және NH3 қосқанда ериді:
Na3 AsO4 + 3 AgNO3 = Ag3 AsO4 ↓ + 3 NaNO3
Молибден сұйықтығы (амммоний молибдаты (NH 4 ) 2 MoO 4 +HNO 3 ) As (V) иондарымен сары кристалдық тұнба (NH4 )3 АsO4 ·12МоО3 ·6Н2 О береді, ол концентрлі HNO3 --те ерімейді, бірақ NH4 ОН пен сілтілерде ериді:
Na3 AsO4 + 12(NH4 )2 MoO4 + 24HNO3 = (NH4 )3 АsO4 ·12МоО3 ·6Н2 О↓ + 24NH4 NО3 + 6 Н2 О
Калий иодиді KІ қышқыл ортада As (V) иондарын As (III) иондарына дейін тотықсыздандырады, бұл кезде бос иод түзіледі, ол ерітіндіні сары түске бояйды:
Na3 AsO4 + 2 KІ + 2НС1 = І2 + Na3 AsO3 + 2КС1 + Н2 О
4 аналитикалық тобы катиондарына сапалық реакциялар 1-кестеде топтастырылған.
Кесте 1 4 аналитикалық тобы катиондарына тән реакциялар
Реактивтер
Al3+
Cr3+
Zn2+
Sn2+
SnIV
AsIII
AsV
NaOH немесе KOH
Al(OH) 3
ақ
Cr(OH) 3
жасыл
Zn(OH) 2
ақ
белый
Sn(OH) 4
ақ
AsO 3 3-
AsO 4 3-
артық сілтіде және қышқылдарда ериді
ерітіндіде
NH4 OH
Al(OH) 3
Cr(OH) 3
Zn(OH) 2
Sn(OH) 2
Sn(OH) 4
AsO 3 3-
AsO 4 3-
тұну толық емес, артық реактивте ериді
ерітіндіде
Ализарин
Алюминий лагы
-
-
-
-
-
-
Н2 О2 сілтілік ортада
[Al(OH) 4 ]‾. [Al(OH) 6 ] 3 ‾ ерітіндіде
CrO4 2-
сары
ерітіндіде
[Zn(OH) 4 ] 2 ‾
ерітіндіде
[Sn(OH) 6 ] 2 ‾ ерітіндіде
-
AsO 3 3-
AsO 4 3-
ерітіндіде
Bi(NO3 )3 сілтілік ортада
-
-
-
Bi
қара
-
-
-
Fe, Al, Mg
-
-
-
-
Sn
қара
-
-
AgNO3
-
-
-
-
-
Ag 3 AsO 3
сары
Ag 3 AsO 4
шоколадтүсті
Катиондардың бесінші аналитикалық тобы (Mg 2+ , Mn 2+ , Fe 2+ , Fe 3+ , Sb III , Sb V , Bi 3+ )
Бұл катиондардың аналитикалық тобына магний, марганец(II), темір(II және III), висмут(IІI), сурьма(II және III) катиондары жатады. Олардың топтық реагенті болып аммиактың сулы ерітіндісі алынады. Ол аталған катиондарды реактивтің артық мөлшерінде – аммиак ерітіндісінде ерімейтін гидроксидтер түрінде тұнбаға түсіреді.
Магний катиондарын Mg 2+ анықтау реакциялары
1. Күйдіргіш сілтілер мен аммоний гидроксиді магний тұздарының ерітінділерімен ақ аморфты тұнба Mg(OH)2 түзеді, ол қышқылдарда және аммоний тұздарының ерітінділерінде жақсы ериді:
Mg2+ + 2OНˉ = Mg(OH)2 ↓
Қышқылдарда еруі:
Mg(OH)2 + 2H+ = Mg2+ + 2Н2 O
Аммоний тұздарының ерітінділерінде еруі:
Mg(OH)2 + 2NH4 + = Mg2+ + 2NH4 OH
2. Аммоний карбонаты (NH4 )2 СО3 магний тұзының ерітіндісімен әрекеттескенде ақ аморфты NH4 Cl-дың артық мөлшерінде еритін негіздік тұздың (MgOH)2 CO3 тұнбасын береді:
2MgCl2 + 2(NH4 )2 CO3 + Н2 О = (MgOH) 2 CO3 ↓ + СО2 ↑ + 4NH4 Cl
2Mg2+ + 2CO3 2- + Н2 О = (MgOH)2 CO3 ↓ + CO2 ↑
3. Аммоний оксалаты (NH 4 ) 2 С 2 О 4 магний иондарымен (концентрлі ерітінділерден) ақ кристалды тұнба MgC 2 O 4 түзеді, ол минералдық қышқылдарда және аммоний тұздарында ериді:
MgCl2 + (NH4 )2 С2 О4 = MgC2 O4 ↓ + 2NH4 С1
Марганец иондарын Мn 2+ анықтау реакциялары
1. Аммиак NH 4 OH ерітіндісі Мn 2+ иондарымен Мn(ОН) 2 тұнбасын береді , тұнба аммоний тұздарында жақсы ериді:
MnCl 2 + 2NH 4 ОН = Mn(OН) 2 ↓ + 2NH 4 С1
Mn(OН)2 + 2NH4 + = Mn2+ + 2NH3
2. Сілтілік металдар гидроксидтерінің әсері. Сілтілік металдар гидроксидтерінің ерітінділері (NaOH, КОН) Мn2+ тұздарының ерітінділерінен (Мn2+ тұздарының ерітінділері солғын-қызғылт түсті) ақ марганец(II) гидроксидін Мn(ОН)2 тұнбаға түсіреді, ол қышқылдарда ериді де, сілтілерде ерімейді:
МnС13 + 2NaOH = Мn(ОН)2 ↓ + 2NaCl
Мn(ОН)2 тұнбасы ауадағы оттекпен біртіндеп қоңыр түсті марганец(IV) оксиді-гидроксидіне МnО(ОН)2 дейін тотығады, ол сонымен қатар Mn 2+ ерітінділерін сутек пероксидімен Н2 О2 тотықтырғанда да оңай түзіледі:
Мn(ОН)2 + Н2 O2 = MnO(OH)2 ↓ + Н2 O
3. Mn2+ катионын MnO4 ˉ анионына дейін тотықтыру . Күшті тотықтырғыштардың әсерінен (PbO2 , (NH4 )2 S2 O8 , KBiO3 ) қышқылдық ортада түссіз Mn2+ катионы өзіне тән күлгін түске боялған перманганат-ионына өтеді:
2Mn(NO3 )2 + 5 PbO2 + 6HNO3 = 2HMnO4 + 5 Pb(NO3 )2 + 2H2 O
Темір(ІІ) иондарын Fe 2 + анықтау реакциялары
1. Аммиак NH4 OН ерітінділерден Fe 2+ иондарын темір(II) гидроксиді түрінде тұндырады, тұнба реактивтің артық мөлшерінде мардымсыз ериді:
FeCl3 + NH4 OH = Fe(OH)2 ↓ + 3NH4 Cl
Fe(OH)2 + 2NH4 + = Fe2+ + 2NH3 + 2H2 O
2. Гексацианоферрат(III) калий K3 [Fe(CN)6 ] әсері . Гексацианоферрат(Ш) калий Fe2+ ионын Fe3+ ионына дейін тотықтырады:
Fe2+ + [Fe(CN)6 ]3- = Fe3+ + [Fe(CN)6 ]4-
Пайда болған Fe3+ иондары гексацианоферрат(II) аниондарымен жаңа кешенді анион түзеді:
Fe3+ + К+ + [Fe(CN)6 ]4- = KFe3+ [Fe2+ (CN)6 ]
KFe3+ [Fe2 + (CN)6 ] қосылысы турнбуль көгі деп аталады.
3. Сілтілік металдар гидроксидтерінің әсері. Сілтілік металдар гидроксидтерінің (NaOH, КОН) ерітінділері Fe 3+ тұздарының ерітінділерінен темір(II) гидроксидін Fе(ОН)2 тұндырады. Ол кәдімгі жағдайда ауада Fе(ОН)3 -ке дейін біртіндеп тотығып, лай жасыл түсті тұнбаға өтеді:
FeCl2 + 2NaOH = Fe(OH)2 ↓ + 2NaCl
4Fe(OH)2 + О2 + 2H2 O = 4Fе(ОН)3
Темір(ІІІ) иондарын Fe 3+ анықтау реакциялары
1. Гексацианоферрат(II) калий K4 [Fe(CN)6 ] әсері . Гексацианоферрат(II) калий K4 [Fe(CN)6 ] Fe3+ тұздарының ерітінділерімен (сары түсі бар) қою-көк түсті темір(III) гексацианоферратының(II) (берлин көгілдірі) тұнбасын береді, ол рентгенқұрылымдық талдау мәліметтері бойынша турнбуль көгіне сәйкес болып келеді:
FеС13 + К4 [Fе(СN)6 ] = KFe[Fe(CN)6 ] + 3КС1
2. Сілтілік металдар гидроксидтері мен аммиактың әсері. Сілтілік металдар (NaOH, КОН) мен аммоний гидроксидтерінің ерітінділері Fe3+ тұздарының ерітінділерімен темір(III) гидроксидінің Fе(ОН)3 қызыл-қоңыр түсті тұнбасын береді, ол екідайлық қасиеттер көрсетпейді:
FеС13 + 3NaOH = Fе(ОН)3 ↓ + 3NaCl
3. Калий мен аммоний роданидтері (KSNC, NH4 SNC) Fe3+ иондарымен суда еритін қанқызыл түсті темір роданидін түзеді:
3KSNC + FеС13 = 3KС1 + Fе(SNC)3
Висмут иондарын Bi 3+ анықтау реакциялары
1. Аммоний гидроксиді NH4 OН Bi3+ иондарымен негіздік тұздың ақ тұнбасын береді, оның құрамы ерітіндінің концентрациясы мен температурасына қарай өзгеріп отырады:
Bi(NO3 )3 + NH4 OH = Bi(OH)(NO3 )2 ↓ + NH4 NO3
Тұнба реактивтің артық мөлшерінде ерімейді (Cu2+ иондарынан ерекшелігі).
2. Сілтілік ортада Sn 2+ иондарымен висмуттың тұздары тотықсызданған висмуттың қара тұнбасын береді:
3Sn(OH)2 + 2Bi(NO3 )3 + 12NaOH = 2Bi↓ +3Na2 [Sn(OH)6 ] + 6NaNO3
3. Судың әсері (гидролиз) . Висмут тұздарын сумен қатты сұйылтқанда негіздік тұздардың тұнбасы пайда болады:
BiCl3 + 2 H2 O = Bi(OH)2 Cl ↓+ 2 HCl
Тұнба түзілу барысында судың молекуласын бөліп, құрамы BiOCl негіздік тұз береді:
Bi(OH)2 Cl = BiOCl + H2 O
Реактивтер
Mg2+
Mn2+
Fe2+
Fe3+
Bi3+
SbIII
SbV
NaOH немесе KOH,
NH4 OH
Достарыңызбен бөлісу: