Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


Шаруашылық серіктестіктер



Pdf көрінісі
бет19/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#186930
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)
ИТОГОВАЯ АТТЕСТАЦИЯ. 2020-2021 уч. год, ЖО 9, ҚРМЖҚР Силлабус 2022ж., Документ 4, îðìàí ïèðîëîãèÿñû, Тотыгу-тотыксыздану тест, 67, Памятка 2023 г. Каз. яз., аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі
Шаруашылық серіктестіктер
 

коммерциялық ұйым, заңды тұлға, 
жарғылық қоры салымшыларының үлесіне бөлінген жəне басты мақсаттары 
пайда алу болатын кəсіпорындар.
Шаруашылық серіктестіктер түрлері: толық 
серіктестіктер

кем дегенде 2 қатысушы болу керек; жеке меншік серіктестіктер

қосымша жəне т.б. серіктестіктердің қатысулары, азаматтар жəне заңды тұлғалар 
бола алады; командиттік серіктестіктер

толық жəне жеке меншік 
серіктестіктерінің бірігуі.
Өндірістік кооперативтер
 

заңды тұлға, коммерциялық ұйым, заттай 
немесе қаржылай бірігуі негізінде құрылады. Құрылтайшылары кем дегенде 2 
адамнан тұрады. Өндірістік кооперативтің басшысы 16 жасқа толған кез келген 
азамат бола алады.
Шаруа жəне фермер қожалығын
 

жеке тұлға, жанұя еңбек бірлестігі 
жəне жеке кəсіпкерлер құрайды.
Денсаулық сақтау саласындағы кəсіпкерлік. 
Денсаулық сақтаудағы 
нарықтық қатынастардың дамуымен қатар бұл салада медициналық субъект 
жəне медициналық қызметті өндіруші түсінігі пайда болды. Нарықтық қатынас 
жағдайындағы медициналық қызмет көрсету

экономикалық қатысушылардың, 


~35~ 
яғни тұтынушы мен өндірушінің мүдделерінің тоғысуы. Осы тұрғыда науқас 
өзінің қажеттілігін қанағаттандаруға мүдделі болса, дəрігер өз алдында қызмет 
көрсетіп өз еңбегі үшін ақы алуға қызығушылық танытады. Денсаулық сақтау 
саласынада кəсіпкерліктің дамуы, денсаулық сақтауда нарықтық қатынастардың 
дамуының маңызды аспектілерінің бірі. Жалпы кəсіпкерлік түсінігі бойынша 
медициналық қызмет көрсету

пайда табу мақсатындағы экономикалық іс

əрекет. Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық қатынастардың ерекшелігі 
қоғамның əлеуметтік саясатымен тығыз байланысты. 
Денсаулық сақтаудағы шағын жəне орта бизнестің дамуы жалпы 
экономикаға жəне халық үшін əкелетін пайдасы көп:
-
науқастардың қалауларын қанағаттандару үшін дəрігерлердің бəсекеге 
түсуі;
-
экономиканың құрылымдық өзгеруіне əсер етеді, шағын бизнес 
экономикаға өтімділік, икемділік береді;
-
өндірісті дамытуға халықтың өз ақшаларын тартуы, шағын кəсіпорын өз 
істеріне өз ақшаларын үлкен қызығушылықпен салады;
-
қосымша жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздық деңгейінің 
қысқаруы;
-
жалға алу немесе сатып алу арқылы төмен рентабельді жəне 
тоқыраудағы кəсіпорындардан мемлекетті босату.
1998 жылғы
9 шілдеде Республика Үкіметі «ҚР Президентінің 1998 жылы 
27 сəуірдегі «Азаматтар мен заңды тұлғалардың кəсіпкерлікпен айналысу 
еркіндігін қорғау туралы» Жарлығын жүзеге асыру туралы» қаулы қабылдады. 
Осы кезде мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің ақылы қызмет көрсету 
түрлері қарастырылды жəне медициналық қызмет түрлері анықталып, олардың 
ақысы белгіленді. Елімізде кəсіпкерлерге ерекше көңіл бөлініп отыр, яғни 
жеңілдетілген салықтар салу немес уақытша салықтан босату, субсидия беру
мемлекеттік ұйымдар тарапынан тексеруге тыйым салу, жеңілдетілген несиелер 
беру, кəсіпкер ретінде тіркелуді жеңілдету. Қазақстандағы денсаулық сақтау 
саласы өміршеңдігі мен бəсекеге қабілеттілігі жағынан серпінді дамып жатқанын 
көрсетіп келеді. Сарапшылардың пайымдауынша, бұл сала медицинада осы 
уақытқа дейін қалыптасқан емделушілерге бағытталған түрінен бүкіл əлем 
тəжірибесіне сай клиентке бағытталған түріне бірті

бірте көше бастағанын 
айтады. Еліміз тəуелсіздік алып, тарихтың жаңа дəуіріне аяқ басқалы бері жеке 
меншік медицина өз дамуының бірнеше кезеңінен, өз бетімен болған күйінен 
мемлекеттік

жекеменшік əріптестік сатысына дейін өтіп үлгерді. Дəл осы 
мемлекеттік

жекеменшік əріптестік

мемлекет пен кəсіпкерліктің өзара 
ықпалдасуының ең тиімді жолы болып қарастырылады. Жеке меншіктің өз 
бетінше дамығанынан гөрі мемлекетпен ықпалдаса дамуы əлде қайда 
тиімді.мемлекет денсаулық сақтау саласына аса мəн беріп, айтарлықтай қолдау 
көрсетеді.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы болса кəсіпкерлікті тұрақты 
жəне үйлесімді түрде дамытуға жағдай жасайтын бірден

бір құрал. Аталмыш 
бағдарлама ҚР үдемелі индустриялық
-
инновациялық дамыту жөніндегі 
мемлекеттік бағдараламаға сай жүзеге асырылып жатқан жобаларға мемлекеттік 


~36~ 
қолдау көрсетуді көздейді. Бизнес

қайымдастық осы ұсынылып отырған 
бағдарлама мүмкіндіктерін барынша пайдалануға ұмтылады. Мемлекеттік

жекеменшік əріптестіктің құқығы мен əрекет ету аясы кең, əлеуметтік маңызы 
бар жобаларды жүзеге асыру барысында барлық тараптардың тең дəрежеде 
қатысатын үлгісі ретінде қабылдайды. Ал бұл қоғам үшін қызмет етуді білдіреді.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласындағы 
кəсіпкерлік дамуда. Соның ішінде жекеменшік клиникалар дамуда. Себебі: 
мемлекеттік клиникаларда дəрігерлерге төленетін жалақы мөлшері аз. Ал 
жоғары оқу орнын аяқтаған
дəрігерлер, шет елде оқыған білікті мамандар жеке 
клиникалар ашып алуға көшкен. Уақыт өткен сайын жеке меншік 
клиникалардың көбеюі медициналық қызмет саласындағы көрсетілетін 
қызметтің сапасын жəне мəдениетін жоғарлатады. Мемлекеттік емханалардағы 
халықтың ұзын сонар кезекке тұрғысы келмегеннің есесінен аурудың асқынуына 
əкелуі мүмкін. Ал жеке клиникаларда науқастың ыңғайына қарай жұмыс 
жасайды, себебі көрсететін қызметі ақылы. Жеке клиниканың мақсаты пайда 
табу болғаннан кейін кімнің ақшасы бар соларға ғана қызмет көрсетеді, яғни 
ақылы қызметті кез келген науқастың қалтасы көтере бермейді. Осы жерден 
нарықтық
экономиканың бір кемшілігін көруге болады ақшасы барлар ғана 
қызмет көрсету. Жеке клиникалар мемлекеттік емханаларда, ауруханаларда 
жұмыс жасайтын біліктілігі жоғары мамандарды жоғары жалақымен өздеріне 
тарта алады, соңғы үлгідегі медициналық құрал жабдықтармен жабдықталуға 
ұмтылады, бұл да қызмет көрсету кезінде науқастың диагнозын нақты қоюға 
жағдай жасайды. Қазіргі уақытта медициналық құралдырдаң өзі аз ақша 
тұрмайды. Дəрігерге төленетін жоғарғы жалақы жəне қымбат медициналық 
құрал жабдық, бұл жеке меншік клиника үшін шығын тек көрсетілетін қызметті 
ақылы еткен жағдайда ғана орнын толтыра алады. Науқастың құқығы бұзылған 
жағдайда мемлекеттік мекеме сияқты жеке меншікте де жауапкершілік бірдей. 
Жеке меншік клиникада науқастың шағымы оның нарықтаға беделіне нұсқан 
келтіреді, сондықтан науқасқа ілтипатпен қарап барынша сапалы қызмет 
көрсетуге ұмтылады.
Қазақстандағы 
медициналық 
кəсіпкерліктер:
жеке
меншіктегі
ауруханалар;
стоматологиялық клиникалар;
медициналық техника шығару;
медициналық сервистік;
медициналық киімдер шығару;
медициналық 
сақтандыру;
таза кешенді ғимараттардың құрылысы (ота жасайтын кабинеттер);
фармацевтикалық сала

медициналық құралдар шығару.
Қазақстанда отандық өнімдерге сұраныс артып келеді. Нарық сапалы əрі 
қымбат өнімдерге толып келеді. Ірі қалалармен қатар облыс орталықтары да 
компьютерлік томографтар, рентген құрылғылары, дыбыстық техникамен 
қамтылған. Сондай

ақ қазір орта жəне арзан сегменттегі өнімдерге сұраныс өсіп 
отыр. Ота жасайтын үстелдер, жарық бергіш қондырғылар, емдейтін газдар, 
оптикалық линзалар, медициналық лазерлер, эндоскоптар, тіс емдеуге қажет 
өнімдер өз елімізде шыға бастады.
Денсаулық сақтаудың, мемлекеттік жəне жеке инвесторлардың 
арасындағы тəуекелді бөлудің, өзара тəжірибе алмасу негізінде, халықаралық 
стандарттарға сəйкес келетін қазіргі заманғы технологияларды енгізудің 


~37~ 
тиімділігін арттыру үшін, сондай
-
ақ мемлекеттік бюджетке жүктемені азайту 
үшін жеке компанияларды мемлекеттік жəне ведомстволық медициналық 
объектілерді басқаруға тарту жəне жекеменшік секторды дамыту қажет. 
Мемлекеттік

жеке меншік əріптестік, объектілерді, жабдықтарды жалға жəне 
жеке компанияларға сенімгерлікке басқаруға беру тиімді. Əкімшілік кедергілер 
жойылады, корпоративтік медициналық ұйымдар мен қызметтерге қолдау 
көрсетіліп, ынталандырылады. 
Жеке меншік клиникалардың көбеюі халыққа қызмет көрсетуде 
бəсекелестік ортаны қалыптастырып ҚР медицинасының
дамуына əсер етеді. 
Нарықты экономика үшін бəсекенің болғаны тиімді. Қызмет көрсетушілердің 
саны көбейген сайын сапа жақсарады, бағасы да арзандай түседі.
Бірақ мемлекеттік клиникаларда қызмет көрсету тегін болғанымен 
мамандар жетіспейді жəне білікті мамандар жеткіліксіз. Мемлекеттік 
клиникалар арасында да бəсекелестік орта қалыптастыру керек. Əрине ол үшін 
мемелекет бұл бағытта тиімді бағдарлама ұсыну арқылы мемлекеттік 
клиникаларға өзін өзі басқарудың тиімді жүйесін ұсыну арқылы бəсекелестік 
орта орнатуға болады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет