Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет5/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#186930
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)
ИТОГОВАЯ АТТЕСТАЦИЯ. 2020-2021 уч. год, ЖО 9, ҚРМЖҚР Силлабус 2022ж., Документ 4, îðìàí ïèðîëîãèÿñû, Тотыгу-тотыксыздану тест, 67
Жаһандық
 
экономикалық
дағдарыс аясында шиеленіскен гуманитарлық мəселелер, 
əлеуметтік
-
саяси тұрақсыздық жəне планетаның түрлі аймақтары арасындағы 
қарама
-
қайшылықтардың өсуі жағдайында Тəуелсіз Қазақстанды нығайту, 
экономикалық жəне əлеуметтік өрлеуді табысты жүзеге асыру үшін ұлттардың 
бірлігі жақсы жағдайларды қамтамасыз етеді. Елбасының Жаңа бастамасы 
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында қабылданған «Мəңгілік 
Ел» Патриоттық актісі», қазақстандықтардың біртұтас ұқсастығының бірегей 
бағдарламасы болып табылады. Патриоттық акт жəне оған бекітілген, 
қазақстандық халықтармен құрылған басты жалпыұлттық құндылықтар, ұлт 
бірлігінің маңызды факторы. Өскелең ұрпақты іргелі мемлекет құраушы 
«Мəңгілік Ел» құндылықтарында тəрбиелеу, қазақстандық халықтардың тарихы, 
мəдениеті, дəстүрінің біртұтастығының мəнін түсінетін, Қазақстанның 
отансүйгіш

азаматы тұлғасын қалыптастыру барша қазақстанықтардың 
мақсаты
болып табылады
[33, 1б.]

Астанада Бейбітшілік пен келісім сарайында өткен Қазақстан халқы 
Ассамблеясы кеңесінің «Тəуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты
XXIV сессиясында «Мəңгілік Ел» патриоттық актісі қабылданды. Толық мəтіні:
«Халық өмірі оның келесі ұрпағымен жалғасып отырады. Сондықтан 
Халықтың Мəңгілігі туралы арманнан асқақ арман жоқ. Мəңгілік Ел 

бұл ертеңгі 
күнге есік ашатын, болашаққа сенімді арттыратын идея, бұл 

кері 
қайтпайтын
жəне берік тұрақтылықтың символы...». Н.Ə. Назарбаевтың 
Қазақстан Республикасының Тəуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында 
сөйлеген сөзінен 2014 жылғы 15 желтоқсан

Біз, байырғы қазақ жерінде бір тағдыр жəне тарихи
жад арқылы 
байланысқан, Ұлы Дала Елінің даңқты тарихы мен дəстүрлерін жалғастырған 
Қазақстан азаматтары, көптеген ұрпақтың Тəуелсіздік туралы арманын іске 
асырып, болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті парызымызды, бейбітшілік пен 
келісімнің, бірлік пен тұтастықтың маңыздылығын сезініп, қоғам мен 
мемлекеттің жоғары мүдделерін негізге ала отырып, Тəуелсіздіктің 25 жылдық 
мерейлі жылында осы Мəңгілік Ел 

патриоттық актісін қабылдаймыз. Елбасы, 
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 
көшбасшылығымен жаңа Қазақстанның тарихын жазудың биік мəртебесі мен 
жауапкершілігі біздің ұрпақтың үлесіне тиді. Елбасының маңына топтасу 
арқылы біз ұлы жетістіктерге толы жолдан өттік жəне бүгінде өзімізді Тəуелсіз 
Қазақстанның 

қуатты əрі табысты мемлекеттің азаматымыз деп мақтанышпен 
айтамыз. Біз, Қазақстан азаматтары, Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи 
«Тəуелсіздік толғауын» негізге ала отырып, Болашағы Біртұтас Ел 

Мəңгілік 
Елді
құру жолында біргеміз. Мəңгілік Елдің
өзегінде қарапайым, түсінікті жəне 
біздің əрқайсымыз үшін ең қымбат ақиқаттар 

отбасымыздың амандығы, 


~11~ 
қонақжайлық жəне еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік жəне бірлік, ертеңгі 
күнге деген сенім ұғымдары орныққан. Біз
Мəңгілік Елдің мызғымас Жеті тұғы
-
рын
нығайтуға, сақтауға жəне ұрпақтан ұрпаққа аманат етуге шақырамыз. 
Мəңгілік Ел, бұл
-
Тəуелсіздік жəне Астана. Біз Тəуелсіздікті нығайтудың тарихи 
ұлы миссиясына адал боламыз. Біз Астананы халқымыздың гүлденуі мен қуа
-
тының жарқын белгісі ретінде əрқашан мақтан тұтатын боламыз. Мəңгілік Ел, 
бұл 

Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Біздің Отанымыз бір, ол 

Тəуелсіз Қазақстан, біздің еліміз бір 

тағдырымыз ортақ. Бейбітшілік пен 
келісімнің ұлы ісіне адал халықтың ғұмыры мыңжылдықтарға жалғасады. 
Мəңгілік Ел, бұл 
-
Зайырлы Мемлекет жəне
Жоғары Руханият. Азаматтық жəне 
рухани құндылықтардың бірлігі бізге өз жолымызды табуға жəне өзімізді бүкіл 
əлемге мəшһүр етуге мүмкіндік берді. Біз еліміздің бірегей рухани келбетін 
айқындайтын діндер мен өркениеттердің жаһандық үнқатысуын одан əрі жан
-
жақты дамытатын боламыз. Мəңгілік Ел, бұл 

Инновация негізіндегі тұрақты 
Экономикалық өсім. Біз мемлекеттің индустриялық жəне инновациялық күш
-
қуатын дамытып, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап, 
қоғамда білім мен ғалымдық культін елдің
зияткерлік іргетасы ретінде бекітетін 
боламыз. Мəңгілік Ел, бұл 

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. Елдің барлық 
табыстары мен жетістіктері 

барша қазақстандықтардың күн сайынғы қажырлы 
еңбегінің нəтижесі. Біз елдің əрбір азаматының жасампаздық əлеуетін жүзеге
асыру үшін жағдай жасай отырып, еңбексүйгіштік жəне жауапкершілік, Еңбек 
Адамына құрмет сынды құндылықтарымызды нығайтамыз. Мəңгілік Ел, бұл 
-
Тарихтың, Мəдениет пен Тілдің ортақтығы. Біз ортақ тарихи мұрамызды мұқият 
сақтайтын боламыз. Біз Қазақстан халқының мəдени əралуандығын арттыра 
түсеміз. Біз мемлекеттік тілді қоғамды біріктірудің негізі, үштілділікті Елдің 
бəсекеге қабілеттілігінің басты шарты ретінде дамыту қағидатын ұстанатын 
боламыз. Біз 

Үлкен Ел 

Үлкен Отбасымыз. Мəңгілік Ел, бұл 

Ұлттық 
қауіпсіздік жəне Қазақстанның жалпы əлемдік жəне өңірлік мəселелерді шешуге 
жаһандық тұрғыдан қатысуы. Біз өз жетістіктерімізді қорғауға тиіспіз. Ұлттық 
қауіпсіздікті нығайту əрбір азаматтың, өз елі патриотының қасиетті парызы 
болып саналады. Біз бейбітшілік пен келісім идеясын ілгерілете отырып, 
еліміздің халықаралық аренада мойындалған беделін нығайта түсетін боламыз. 
Біз Мəңгілік Елдің қастерлі құндылықтарын басшылыққа аламыз. Біз 
Отанымыздың көк байрағын асқақтата көтеріп, еліміз жеткен жаңа биіктерде 
желбірететін боламыз. Бұл 

біздің болашақ ұрпақ үшін, Қазақстан халқының 
амандығы мен гүлденуі үшін жасаған саналы таңдауымыз! Біртұтас Еліміз 

Мəңгілік Ел
қуатты болсын! Қазақстанның мəңгілік мекені 

Ұлы Дала 
Еліне
бата қонып, бақ дарысын! Алға,
Қазақстан!».
2014 жылдың 17
қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті 
Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын 
мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. 
Басты мақсат

Қазақстанның ең
дамыған 30
мемлекеттің қатарына қосылуы. 
Ол

«Мəңгілік Қазақстан» жобасы, ел
тарихындағы біз аяқ басатын жаңа 
дəуірдің кемел келбеті»,

деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық

тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мəңгілік
Ел» идеясының 


~12~ 
жариялануы. Бұл

Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген 
түйін
-
тұжырым. Мəңгілік Ел
отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен 
қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар 
бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тəуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі 
мен тынымсыз шығармашылығының нəтижелері арқылы қол жеткен асу. 
«Мəңгілік
ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мəселелері 
маңызды болып табылады.
Қазақстанға тəуелсіздіктің 2

жылы ішінде тартылған тікелей 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет