Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет6/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#186930
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)
ИТОГОВАЯ АТТЕСТАЦИЯ. 2020-2021 уч. год, ЖО 9, ҚРМЖҚР Силлабус 2022ж., Документ 4, îðìàí ïèðîëîãèÿñû, Тотыгу-тотыксыздану тест, 67, Памятка 2023 г. Каз. яз., аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі
шетелдік
 
инвестициялар
 
көлемі
 255 
млрд
 
доллардан
 
асады
екен. Осы уақыт ішінде еліміз 
ірі трансұлттық компаниялармен тиімді ынтымақтастық орнатып, əлемге əйгілі 
біраз алпауыттардың сеніміне кірді. Шындығында шетелдік инвестиция 
болашағына сенімді, əсіресе бүгінгідей алмағайып заманда келешек көкжиегі 
мейлінше жарқын жаққа қарай көбірек тартылады. Осының өзі Қазақстандағы 
реформаларға халықаралық көзқарастың оң екенін білдірсе керек. Жалпы 
инвестиция 

экономикалық дамудың тірегі. Сондықтан да, Үкімет 
инвестициялық белсенділікті арттыру арқылы экономикалық өсімнің оң 
қарқынына ие болу жолдарын мейлінше назарда ұстап келеді. Инвестициялар 
жəне даму министрлігінің мəліметтеріне сүйенсек, 2016 жылдың 9 айында 
Қазақстанға тікелей инвестицияның жалпы ағыны 27,3%
-
ға өсіп, 14,5 млрд. 
АҚШ долларын құрады. Бұл 2015 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішке 
қарағанда 3 млрд. долларға артық. Яғни, əлемдік дағдарысқа қарамастан 
Қазақстан соңғы жылдары экономиканы инвестициялау бойынша оң динамика 
қарқынын сақтап тұр. Айта кетерлігі, ендігі кезекте
Қазақстан Экономикалық 
ынтымақтастық жəне даму ұйымы стандартына сəйкес инвестициялық климатты 
жетілдіру жұмыстарын жалғастырады. Тоқтала кететін жайт, былтырғы 2016 
жылдың қазанында ЭЫДҰ Инвестиция жөніндегі комитеті Ұйымның Кеңесіне 
Қазақстанды қатысушы
ретінде шақыру туралы шешім қабылдаған еді. Бұл да 
қазақстандық ілгерілеушіліктің бір мысалы.
«Барлық инвесторлар үшін «Бір 
терезе» қағидасы енгізіліп, онда 300
-
ден астам мемлекеттік қызметтер 
көрсетілуде. Бүгінде бұл үлкен сұранысқа ие болып отыр. Өткен
жылдың 
қорытындысы бойынша, 5500
-
ден астам өтініш келіп түсті жəне шамамен 8000 
мемлекеттік қызмет көрсетілді», 

дейді Инвестициялар жəне даму министрі 
Жеңіс Қасымбек. Оның айтуына қарағанда, қазіргі күні инвесторларға қолдау 
көрсететін автоматтандырылған жүйені əзірлеу бойынша жұмыстар жүріп 
жатыр. Сонымен қатар, алдағы уақытта Инвестициялық омбудсмен институты 
да қызметке кіріседі. Министрдің сөзінше, Елбасы жүктеген міндеттер аясында 
инвестиция тарту бойынша жұмыстар жоғарғы деңгейде күшейтілген. Атап 
айтқанда, басымдыққа ие 10 елде (АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Оңтүстік Корея, 
Иран, Жапония, Германия, Франция, Қытай, Үндістан) инвестиция тарту 
бойынша арнайы кеңесшілер белгіленді. Сонымен қатар, «Kaznex Invest» АҚ
-
ның шетелдерде, нақтырақ айтқанда, АҚШ, Германия, Түркия, БАƏ жəне 
Қытайда 5 аймақтық фронт
-
офисі ашылды. Ал аймақтық деңгейде облыс 
əкімдерінің басшылығымен Инвестиция тарту жөніндегі кеңес құрылды. 
Мемлекет басшысы Жолдау барысында инвестиция тарту жүйесін қайта 
форматтау бойынша бірқатар міндеттер жүктегені де белгілі. Осыған 


~13~ 
байланысты Инвестициялар жəне даму министрлігі бес негізгі бағытта 
айқындаған екен.
Инвестициялық ахуалды жақсартудың жəне бір көрінісі жеке 
инвестициялық сот өндірісін құру. Бұл ретте Жоғарғы Соттың 
мамандандырылған сот алқасы мен Жоғарғы Сот жанындағы Халықаралық 
кеңестің жұмыс істеуі Қазақстандағы инвестициялық ахуалдың жақсаруына зор 
үлес қосып отыр. Мəселен, Бүкілəлемдік банктің бизнесті жүргізу жəне 
инвестициялық ахуалды жақсарту рейтингісі бойынша Қазақстан былтырғы 
жылы 190 елдің ішінде 9
-
орынды иеленген. Дəл осы жайттар Қазақстанды 
«инвесторлар үшін жұмақ» алаңына айналдырды десек артық айтқандық емес. 
Айта кетерлігі, мұндай жұмақтар көптеген дамыған елдерде баршылық.
Еуразияның ортасында ұлан
-
байтақ жері бар, миллиондаған адам сөй
-
лейтін тілі бар, қасиетті діні бар халқымызға соңғы 2,5 ғасырда жетпегені
-
Тəуелсіздік еді. Алайда, ғаламдық жаһандану дəуірінде алыстағы алпауыт 
мемлекеттердің əсері күшейе түсуде. Оны əлемде соңғы кездерде болып жатқан 
оқиғалар мен үрдістер айғақтауда.
Сондықтан Мəңгілік Ел сөзі
-
Мəңгілік 
тəуелсіздік ұғымымен астасады.
«Қазақстан
-
2050» стратегиясы

қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси 
бағытын айқындады. Қазақстан əлемнің дамыған отыз мемлекетінің қатарына 
кіруді мақсат етіп қойды.
15 жыл ішінде қазақстандықтардың табысы 16 есе өсті, 
табысы күнкөрісі деңгейінен төмен азаматтардың саны жеті есе азайды, 
жұмыссыздар саны екі есе қысқарды.
«Қазақ елі», «Мəңгілік ел» деген атаулар бір
-
бірімен мазмұндас, бір елдің 
тағдырына байланысты ойларды жинақтап көрсететін ұғымдар. Президент 
Н.Ə.Назарбаев қазақ халқын шын мағынада ұлт болу деңгейіне көтерді. Саяси, 
əлеуметтік, ұлттық сана қалыптасты. Осы негізде елдің жері мен суы, табиғи 
байлығы, тілі мен діні бір бағытта дамып, Тəуелсіз Қазақстанды жаңа табыстарға 
жетеледі. Бұлар ұлттық мемлекет құру мен қалыптастыру жолында айрықша 
маңызды рөл атқарды.
Қазақ хандығының құрылғанының 550 жылдығын атап өтуіміздің саяси 
астары бар. Əлемге қазақ мемлекетінің тарихы туралы мəліметтер таратып, оң 
көзқарастар қалыптастыру. Атақты Мұхаммед Хайдар Дулатидің деректері 
бойынша, 1465 жылы Қозыбасы тауының етегінде тарихи саяси оқиға болды. 
Керей мен Жəнібек хандар Əбілқайыр ұлысынан бөлініп Қазақ хандығын құрды. 
Осылайша, тарих саханасына Қазақ деген халық шығып, ұлан
-
ғайыр өлке Қазақ 
жері деп атала бастады. Қазақ хандығы кезеңі
-
ат жалында күн кешкен алаш 
жұртының қаһармандық дəуірі, ел билеген хандардың өмірі майдан шебінде өтті. 
Қазақтың алғашқы он төрт ханының жетеуі жорық жолында қаза тапты.
Біз мəңгілік көршіміз Ресейдің мəдениетінен үлгі
-
өнеге алмай тұра 
алмаймыз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Президенті сыртқы 
саясатында Ресей Федерациясы арасында қарым
-
қатынасқа айрықша маңыз 
беріледі. Бұл жөніндегі даланың данасы аталған, қазақ Абай өсиеті
-
мəңгілік 
өсиет. Бізді қалай да əлемдік биік шығармалар қызықтырса ғана, соларға жетуге 
ұмтылсақ қана алға басамыз. Ал өзімізді
-
өзіміз өкірте мақтай берсек, кері 
кетеміз. Елбасымыздың «тарих толқынында» атты кітабында: «Алаш 


~14~ 
зиялылары… сол айтулы есімдердің білімдарлық һəм азаматтық тəлімдерінде 
кейде көріне бермейтін де арналар бар. Оның бағасын ұрпақтары, бүгінгі қазақ 
зиялылары беруге тиіс. Бұлар

тарих толқынындағы мəдениетіміздің кіндік 
тұлғалары» деп жазылған.
Алаш зиялыларын біз қаншалықты бағаласақ, ұлттың саяси тарихын да 
соншалықты бағалап, байыптай алғанымыз. Алаштың көріне бермейтін тұстары 
жетерлік, оған себеп дұрыс ниет, насихаттың 
жетімсіздігі. Сол кезде Алашорда 
үкіметі мен Түркістан автономиясы жарияланбағанда, қазір біз Ресей 
Федерациясының құрамындағы Татарстан, Башқұртстан сияқты автономиялық 
республика болатын ба едік. Алаш қайраткерлері Сталинмен, Ленинмен қайта
-
қайта келіссөз жүргізіп, шекарамызды анықтады, бүгінгі республиканың негізін 
қалыптастырды. Алаш 
зиялыларының дүрдараздығы белгілі бір пікірталас 
аясында ғана болды. Ал, ұлттық деңгейдегі келіспеушілік олардың арасында 
болған емес. Ұлттық ұйысудың негізі
-
Алашта жүйелі жəне айқын көрінеді.
Үкімет билігінің ескі құрылымы Қазақстанда бірден жойылған жоқ. Олар 
əуелі кеңестердің қарамағына өтіп, сосын аттарын өзгертіп, бірте
-
бірте кеңес 
қарауына алынды. Кеңестік билік тоталитарлық режимге айнала бастады, 
мемлекеттің бүкіл билігі көсем бастаған ат төбеліндей аз ғана топтың қолына 
өтті, адамдардың құқығы мен бостандығы аяққа тапталып, күштеу, қорқыту, 
үрейлендіру, бұйыру тəсілдері арқылы адамдар рухани езгіге салынып
жанышталады. Қоғамның барлық саласы түгел, оның ішінде əр адамның жеке 
тіршілігі, отбасы бəрі бар, мемлекеттің «ашса
-
алақаныңда, жұмса
-
жұдырығыңда» болды. Адам
-
жүйенің кішкентай ғана бөлігі ретінде, саяси 
мəдениеті төмен, айтқанды істеп, айдағанға жүретін құлына айналады.
КСРО
-
ның ыдырау барысын тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 
жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тəуелсіздігін 
жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өз 
тəуелсіздігін жариялады.
1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі елдің 
негізгі 
заңының 
мəтінін 
қарап

Тəуелсіз 
Қазақстанның 
алғашқы 
Конституциясын қабылдады. Жаңа Конституцияның ерекшелігі
-
оның 
Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың ажырамас бөлігі деп жариялауы еді. 
Осылайша, Қазақстан халықаралық нормалар мен демократиялық жəне 
құқықтық мемлекет құруға бағыт алғанын барша əлемге жария ету арқылы 
«Мəңгілік Ел» болуға негіз қалады.
Қазақ хандығы тұсында ұлттық идеяның өзегi
-
мемлекеттiктi нығайту, 
этникалық территорияны қалыптастыру болса, одан кейінгі кезеңде Ресей, 
Қытай, Жоңғар, Орта Азиялық мемлекеттермен оңтайлы қарым
-
қатынас 
орнатып, елдігімізді сақтап қалу болды. «Мəңгілік ел
-
ата
-
бабамыздың сан мың 
жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман əлем елдерімен 
терезесі тең қатынас құратын, əлем картасынан ойып тұрып орын алатын 
тəуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бай қуатты, түтіні түзу шыққан, 
ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Мəңгілік елдің іргесін 
қаладық. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға 
жетелейтін идея, ол қалыптасқан мемлекетің

«Мəңгілік Ел» идеясы.


~15~ 
Бір сөзбен айтқанда, «Мəңгілік Ел» идеясын ұлттық идея ретінде қабылдау 
бүгінгі Қазақстан дамуының ішкі қажеттігінен, мемлекеттің тұтастығын сақтау 
идеясынан туындап отырғаны сөзсіз. Бұл идея тəуелсіз мемлекет алдында тұрған 
басты сұраққа жауап беріп, ұлттың болашақтағы дамуына жағымды əсер етуі 
тиіс. Сонымен бірге, ұлттық идея алдыңғы қатарлы құрылып жатқан зерттеу 
университеттердің даму жоспарларының негізгі бағыттарының бірі болуы керек. 
Міне, осы тұрғыдан келгенде, «Мəңгілік Ел» ұлттық идеясы Қазақстан халқын 
біріктіретін, елдің басты мақсатынан шығатын
жəне соған толық жауап беретін 
идея. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет