Ќазаќстан республикасы денсаулыќ саќтау министрлігі



бет118/208
Дата29.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#106401
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   208
Байланысты:
Мейрембаева Н.ІШКІ АҒЗА АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКАСЫ

Ультрадыбыстық зертгеу Соңғы жылдары асқазан ауруларын зерттеуде ультрадыбысты қолданады. Асқазан эхографиясын науқастың әр түрлі қалпында (жатып, отырып, тұрып, бұрылған кезде) өткізеді. Бұл зерттеу әдісі патологиялық ошақтардың көлемін, орналасқан жерін, науқас асқазанын сумен толтырғаннан кейін оның тонусын, толқи жиырылуын, эвакуаторлық қызметін анықтауға мүмкіндік береді.
Ішек аурулармен науқастарды сұрастыру және қарау. Іштің беткейлік және терең пальпациясы.Диагностикалық маңызы. Ішек диспепсиясы және ішектен қан қету синдромдары. Себептері. Симптомдары, олардың механизмдері. Диагностикалық маңызы.
Ішек ауруларының негізгі шағымдарына ауру сезімі, метеоризм (іштің кебуі), ішек қозғалысының бұзылуы (іштің қатуы немесе өтуі), ішектен қан ағу сияқты симптомдар жатады.

Науқастың іш ауыруына шағымдануы кезінде ауырудың таралуына, берілуіне, басымдылығына, сипатына, оның ұзақтығына және ауыруды бәсеңдететін жағдайларға көңіл бөлу қажет. Асқазан ауруларынан ішек ауруларының айырмашылығы мынада:



  1. аурудың пайда болуы тағам қабылдау уақытына тығыз байланысты емес, мысалы, көлденең тоқ ішектегі қабыну үдерісінің үдеуі кезінде ауру іште тамақтан соң пайда болады. Осы аурудың шығу механизмі асқазанға тағам түскенде, көлденең тоқ ішектің рефлекторлы толқи жиырылуына байланысты болады;

  1. ауырудың дәретке шығуымен тыбайланыстылығы, яғни ауырғаны ішекгің босау кезеңінен кейін азаяды;

  1. ауырудың дөретке шыққаннан кейін (дефекациядан) немесе газ шыққан соң басылуы.

Ішек аурулары сипатына қарай сыздап және толғақ төрізді (ішек шаншуы), үстама түрде ауыруы мүмкін. Шаншу төрізді аурулар қысқа мерзімді, қайталап соғатын үстамамен сипаггалады, яғни бірден, күтпеген жерден басталып, өздігінен аяқталады. Ауыру сезімі озінің орнын өте тез ауыстыруы мүмкін, ішек ауруының негізгі берілетін аймағы кіндік мады болып табылады. Іштің сыздап ауыруы кейде үзаққа созылып, әрі түрақты болады. Науқас жетелгенде, өсіресе бүл үдеріске шажырқай мен іш қабы қабынса ауру күшейе түседі.

Ауыру ішекгің қабыну ауруларына тән. Ауыру сезімі берілетін жерді дәл анықтаудың маңызы зор. Ауыру сезімі оң мықын аймағына аппен-дицит, қатерлі ісік, туберкулез, соқыр ішектің қабынуы тиф-лит) кезінде беріледі. Сол жак мықын аймағьпіда іш жүрмей қалған-да, сигма тәрізді ішек қа-бынғанда (сигмоидит), қатты ауру пайда болады. Кіндік аймағы-ның ауруы ащы ішек қабынғанда (энтерит), тоқ ішектің қабынуы мен қа-терлі ісік ауруында байқалады. Ауыру сезімі шат аралығына тік ішек ауру-ларына (тіх ішектің қабынуы, қатерлі ісік) байланысты таралады, ол ащы ішек зақымданғанда кеуде клеткасына, көкбауыр аумағындағы тоқ ішектің бұрышы зақым-данғанда, кеуде клеткасының сол жақ жартысына, соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндісінің аймағы шанпшғанда оң аяққа беріледі.

Төменгі өрлеме ішек қаггы зақымданғаңда (дизентерия) ауыру сезімі сегізкөз аумағына беріледі. Ауыру сезімі жылу, спазмалитика-лық дөрілер қодданғанда, газ шыққанда, ішектің босауы кезінде бөсеңдеуі немесе басылуы мүмкін.

Ішек ауруларының пайда болуына негізінен ішек қызметінің және қозғалысының бүзылуы себеп болады. Ішек ауруларының көпшілігі ішектің тегіс бүлшық етінің қатгы жиырылуынан (спастикалық ауру), не ішектің газға толуы себепті керілуінен (дистензионды ауру) пай-да болады. Кейде ауруға осы механизмнің екеуі де себеп болады.

Спастикалық түрдегі аурулар мына себептерге байланысты болуы мүмкін: 1) ішекгің (спастикалық) жиырылуы; 2) энтерит, колит, ішек ісіктері, күшөлә, қорғасынмен улану, сонымен қатар орталық жүйке жүйесіндегі ауруларға байланысты ішектен басталатын тітіркендіру.

Дистензионды аурулар ішектің газға толуына байланысты, ішек пен шажырқайдың керілуі мен тітіркенуі нәтижесінде пайда болады.



  1. ауыру үзақ болады және іштің кебуі үзаққа созылғанда, ол
    бірте-бірте бөсеңсиді;

  1. ауырудың түрақты берілу орны болады. Мысалы ішек жүрмей
    қалғанда, іште үнемі шаншу тәрізді ауыру пайда болады және осы
    ауыру бір ғана жерге беріледі (кіндік аумағы мен тоқ ішекке). Со-
    нымен қатар ауыру ішек перистальтикасына байланысты күшейеді.

Соқыр ішектің қүрт тәрізді өсіндісінің аумағында шаншу пайда болғанда, ауыру алдымен кіндік аумағы мен кіндік үсті аумағына беріледі де, сол жерде үлғаяды. Ал кейде ауыру тек оң жақ мықын аумағына беріледі.

Ақырында тік ішектің щаншуы пайда болады. Ішек пен қыс-пақтың (сфинктердің) тырысып жиырылуымен байланысты тік ішектің шаншуы жиі болады және ол төмен қарай тартып ауырады. Бүл кезде нөжіс сыртқа шықпайды, тек кілегей түйіршектері ғана шығады. Нәжіс шығарда ауырудың пайда болуына мына себептер сәйкес келеді: үлкен дөретке отырар алдындағы ауьфу — сигма тәрізді ішектің қабынуына, ал нөжіс шығар кездегі ауыру - ол геморрой, тік ішек жарығы, қатерлі Ісік ауруларына байланысты болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет