Метеоризм (іш кебуі) — ішке жел толу. Науқас іштің кебуін, ішектің кернеуін сезеді. Оның себептері:
ішекте газдың көбеюі. Ол өсімдік тектес тағамдар жегенде
жөне тез ашитын тағам (капуста, көк бүршақ түқымдас) қолдан-
ғанда күшейе түседі;
ішектің қозғалу тонусы төмеңдегенде жөне іштің жүрмей қа-
луынан пайда болады;
қалыпты жағдайда ішек қабырғасының ауаны сіңіруінің
төмендеуінен;
аэрофагия - ауаны көп жүту себеб^інен (асқазан мен ішекте
ауаның көбеюі);
истериялық іш кебу - күрделі нерв механизмі өсерінен пайда
болады;
Іштің кебуі бүкіл ішіне беріле ме, өлде белгілі бір бөлігіне беріле ме, немесе үнемі бір бөлігіне беріле ме, ішгің кебуі унемі бір орын-да болады ма осыларды анықтайды. Іш жүрмей қалғанда, науқас-тың ішінің кебуі шектеулі болады. Науқас ішектің шүрылын, қүйы-луын, перстальтикалық қозғалысының күшейгенін сезеді.