Везикулярлық тыныстың әлсіреуі ол тек қана физиологиялық және патологиялық жағдайларда естілуі мүмкін. Везикулярлық тыныстың физиологиялық әлсіреуі кеуде клеткасының бұлшық еттерінің немесе оның май қабатының ерекше қалыңдағанынан болады. Бұл кезде везикулярлық тыныс әлсіреуі, кеуде клеткасының екі бөлігінің де үстінен бірдей естіледі. Бұл әлсіреу тіндердің тығыз қабаты дыбыстарды нашар өткізуінен пайда болады. Везикулярлық тыныс патологиялық өзгерістердің нәтижесінде әлсіз естілуі ол өкпе аурулары мен өкпе қабының патологиялық өзгерістері кезінде болады.
Эмфизема кезінде везикулярлық тыныс кеуденің екі жағынан да әлсіз естіледі. Бұл кезде өкпенің серпімділігі төмендейді (кейде жойылады), альвеолаларда ауа артық болады, дем алуға байланысты альвеола қабырғаларының қозғалу амплитудасы төмендейді. Вези-кулярлық тыныс әлсірегенде оның ұзақтығы дем алған кезде де, дем шығарған кезде де қысқарады, дыбыстың күші әлсірейді. Бронхогенді ракпен немесе бронхының ішіне түскен бөгде затпен оның бітелуінің әсерінен пайда болған обтурациялық ателектаз кезінде везикулярлық тыныс әлсіз естіледі кейде оньң толық жойылуы да мүмкін.
Өкпенің ұсақ ошақты қабынуында және крупозды пневмонияның алғашкы кезеңінде везикулярлық тыныстың әлсіреуі патологиялық өзгерістердің әсерінен альвеолалардың тыныс алуға қатыспағандығынан және альвеолалар қабырғаларыньң кернеуінің әлсіреуі нәтижесінде пайда болады. Қабырғалар жарылған немесе сынған кезде везикулярлық тыныс нашар естіледі себебі науқас аса катты ауырғандығын сезеді, бұл рефлекторлы үстірт дем алудың әсерінен пайда болады. Плевра жапырақшалары қатпарланып қалыңдағанда (шварттар), сұйықты плевриттерден кейін плевра жапырақшаларының бір-біріне жабысқан кезінде салыстырмалы түрде тьңдағанда ауырған жердің үстінен везикулярлық тыныс әлсіз естіледі. Экссудатты плевритте, гемо, гидроторакс кезінде плевра қуысында жиналған сұйықтық везикулярлық тыныстың әлсіреуін туғызады, ал сұйықтық өте көп болса тыныс алу әбден жойылуы мүмкін. Бұл кезде везикулярлық тыныстың әлсіреуі плевра қуысында жиналған сұйықтықтың өткізгіштік қасиетінің төмендеуімен түсіндіріледі. Везикулярлық тыныстың әлсіреуі немесе толық жойылуы сонымен қатар плевра қуысында ауа жиналған жағдайда кездеседі (жабык пневмоторакс). Сонымен везикулярлық тыныстың әлсіреуі ауа өтетін жолдарының тарылуында (көмекейдің, кеңірдектің, бронхиолалардьң тарылуы, қабырғаның ісінуі, түйілуі кезінде), ауаның өкпеге кедергімен аз түсуінің әсерінен пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |