Ќазаќстан республикасы денсаулыќ саќтау министрлігі


Аускультация жасау ережесі



бет47/208
Дата29.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#106401
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   208
Байланысты:
Мейрембаева Н.ІШКІ АҒЗА АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКАСЫ

Аускультация жасау ережесі. Өкпені тыңдағанда алдымен науқастың оң және сол жақтан естілген дыбыстарды салыстыра отырып, алдынан өкпенің екі ұшын тындайды. Содан кейін тыңдайтын аспабын тереңірек қойып, қабырға аралықтарынан тындайды. Одан әрі қолтық асты, жауырынның жоғарғы, екі жауырын аралық, астыңғы аймақтарын салыстырмалы тындау арқылы жүргізеді

Тыныс алу нәтижесінде пайда болған өкпедегі дыбыстарды тыңдағанда, дыбыстың түріне, күшіне, орналасуына және дыбыстардың дем алған кезінде, оның жалпы сипатына назар аудару қажет. Алынған мөліметтерді бағалаудың клиника үшін үлкен төжірибелік маңызы бар. Өкпені тыңдағаңда тағы да бір ережені сақтау керек: алдымен естілген негізгі тыныс дыбыстарының түрін, кейін қосымша дыбыстарды (сырыл, сықыр, плевра үйкеліс шуылы) бар-жоқтығын анықтау керек.

Қалыпты жағдайда өкпені тындағанда везикулярлы тьныс естіледі. Ве-зикулярлық тынысты альвеолалар ішіне ауа кіргенде оның қабырғалары созылып, ауа шыққанда жиырылғандықтан альвеолярлық тыныс деп те атайды. Тыныс алғанда альвеолалардың қабырғалары керіліп тербеліс жа-сағандықтан везикулярлық тынысқа тән дыбыс туады. Везикулярлық ты-нысқа мынандай ерекшеліктер тән. Біріншіден, ол бұл жұмсақ шуыл, «Ф» дыбысын айтқандағы дыбыс сияқты; екіншіден — ол бүкіл ауа жұтқан фа-засы кезінде және ауа шығарғанда тек оның 1/3-де естіледі. Дем алу фаза-сы белсеңді болғандықтан альвеолалар қабырғалары біртіндеп жазыла-ды немесе керіледі, сондықтан везикулярлық тыныс толық естіледі. Ал, тыныс шығару фазасы пассивті болғаңдықтан оның кеңеюі басылады, сондықтан ол тыныс шығару ауа шығару фазасының бас кезіндегі 1/3 ғана естіледі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет