Ќазаќстан республикасы денсаулыќ саќтау министрлігі



бет44/208
Дата29.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#106401
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   208
Байланысты:
Мейрембаева Н.ІШКІ АҒЗА АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКАСЫ

Топографиялык перкуссия Топографиялық перкуссия әдісімен екпенің шекараларын, әсіресе оның төменгі жиегінің тыныс алуға байланысына сөйкес қимыл қабілетін анықтайды. Өкпенің маңында ауасы жоқ, тұйық дыбыс беретін тіндер мен ағзалар орналасқандықтан бұл тәсілмен тексеруді толығымен орындауға болады. Өкпенің шекараларын анықтағанда келесі ережелер сақталуы тиіс:

1)саусақ-плессиметр анықталатын тұйықтың шекарасына міндеттіі түрде параллельді орналасуы тиіс;

2)перкуссияны ашық перкугорлық дыбыстан тұйық дыбысқа қарай жасау керек;

3) шекараларды анықгаған кезде жәй ғана, әлсіздеу соққылау жасау керек;

4) шекара белгілегенде, белгіні саусақтың өкпеге қараған қырынан бастап жасау керек.

Өкпе ұшының биіктігін науқастың алдынан анықтау кезде саусақ-плессиметрді бұғананың үстіне қойып бұғананың ортасынан жоғары қарай перпендикулярлы сызық бойымен перкуссия жасау керек, плессиметр бұғанаға параллельді орналасады.

Перкуторлық дыбыс өзгергенде саусақтың ашық дыбысқа қараған шетінен белгі қойылады. Қалыпты жағдайда өкпе ұшы бұғанадан 3-4 см жоғары жатады.

Өкпе ұшының биіктігін адамньң арткы жағынан анықтау үшін жауырынның жота өсіндісінен VII мойын омыртқасының жота өсіндісінен 3-4 см сыртқа қарай жатқан нүктеге бағыттап перкуссия жасалынады. Адам басын ептеп алға қарай еңкейтеді. Плессиметр-саусақ жауырынның жота өсіндісіне параллельді орналасады. Қалыпты жағдайда бұл шекара VII мойын омыртқасының жота өсіндісі деңгейінде жатады.

Крениг кеңестігін көлденең енін анықтау үшін т. Тгареzjus-тін алдыңғы қырының ортасынан, саусақ-плессиметрді қырға перпендикулярлы орналастырып, алдымен мойынға (медиалды), одан кейін иыкқа қарай (латералды), тұйық дыбыска дейін перкуссия жасап, шекараларын белгілейді. Екі бөлігінің арасы Крениг кеңістіктің көлденеңі, қалыпты жағдайда 5—6 см-ге тең, кейде ол 3 см-ден 8 см-ге дейін жетуі де мумкін.

Өкпенің төменгі шекарасын аныктау оң жағынан алдымен төсаралық сызығы бойынша, содан кейін бұғана ортаңғы сызығы бойынша жүргізіледі.

Сол жағынан төсаралық сызығы бойынша зертгеу жасалмайды, себебі бұл жерде жүрек өкпенің төменгі шекарасын анықтауға мүмкіншілік бермейді. Әрі қарай леркуссияны екі жақтан да алдыңғы, ортаңғы, артқы қолтық асты сызықтары бойынша, сосын жауырындық сызық бойынша, ең ақырында омыртқа бағанасы маңындағы сызықтар бойынша жүргізіледі. Саусақ-плессиметр қабырға аралықтарда қабырғаларға параллельді орналасады, жай ғана әлсіз соққылар жоғарыдан төмен қарай бағытталып, тұйық дыбыс пайда болғанша жасалуы керек, Белгі саусақтың өкпеге қарай жатқан шетінен қойылады.

Өкпенің төменгі шекараларьн анықтау қиын емес, тек ғана сол жақ қолтық асты сызықтар бойынша перкуссия жасағанда Траубе кеністігінен шығатын тимпаникалық дыбысты ашык, дыбыстан ажырата білу керек, ол ушін дәрігердің перкуссия әдісінен тәжірибесі болуға тиісті. Қалыпты жағдайда өкпенің төменгі шекаралары былай орналасады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет