Клиникалық жағдай № 13 Оқиға орны: Дүкенде
Пациент туралы мағлұмат: 55-60 жас шамасындағы, белгісіз әйел.
Шарты: көргендердің айтуы бойынша 2 минут бұрын есін жоғалтып құлаған.
Объективті: Есі жоқ, сыртқы тітіркенгіштерге әсері жоқ, көз қарашықтары кеңейген, тынысы мен ірі қан тамырларының пульсациясы анықталмайды
Студентке берілетін тапсырма: Диагноз қойыңыз,жедел көмекті көрсетіңіз.
Емтихан қабылдаушыға ақпарат:студентті төменде келтірілген әр пункт бойынша баллдық жүйемен бағалаңыз.
Сыртқы тітіркенгішке әсерін-шымшып тексерді; көз қарашығының жарыққа сезімталдығы тексерді; өздігінен тыныс алуын тексерді- кеуде экскурциясын бақылады; пульсті тексерді-4 саусағын ұйқы артериясына қойып). Клиникалық өлімді анықтады: ес-түсі жоқ, көз қарашықтары ұлғайған, ұйқы артериясында пульс жоқ, тыныс алуы жоқ-кеуде клеткасы көтерілмеді.
3
Қасындағы адамдарға жедел жәрдем шақыруын сұрады. Пациентті тегіс, қатты жерге жатқызды. Кеуде клеткасын киімдерінен босатты