Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер Институты



бет68/110
Дата22.12.2021
өлшемі1,11 Mb.
#127480
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   110
Байланысты:
аза стан Республикасы ылым Академиясы М. О. уезов атында ы де

АБАЙ МЕН ШӘКІ ШЕШЕННІҢ КЕЗДЕСУІ

Найманның ішінде Саңқабай деген болыпты, мұның жинаған көп ақшасьг бар екен, шамасы қырық мың сомдай болса керек. бсы ақшасын үйінде жұмыс істеп жүрген бір Самалық деген жігіт ұрлапты. Осының дауы Арғын — Найманның арасында неше рет бас қосыста шешілмепті. Ақша иесі Саңқабай оязға арыз беріп, екі уездің адамын шақырыпты. Ояз алдында Саңқабай қырық мың сом ақшам жоғалды десе, Самалық ұрыны жақтағандар оязға:

— Сіз осыған нанасыз ба? Көшіп-қонып жүрген дала-дағы қазақта мұнша ақша бола ма? Бұл өтірік, қазақ елінің арасында даужанжал бола береді, соның кегін алам деп жала жауып отыр,— депті!



— Бұл да дұрыс, дала қазағында мұнша ақша болушы ма еді)?— депті де, ояз істі қысқартыпты. Саңқабай: «Уа, тірнектеп жинаған дүнием-ай, бекерге кете ме, жоқ осы арызымды губернаторға жеткізетін адам болар ма?»— екен деп мұңайыпты, Сөйтіп жер ауып келген, әр істен хабары бар Мүсәпір Байтулақ баласына айтады. Мүсәпір «біздің елде ақшалы екі адам еді: бір Маманбай, екіншісі осы Саңқабай көпес. Мұның ақшасының көбін жұрт біле-тін-ді. Қолы қысқалар бұдан ақша алып отырушы еді»— деп губернаторға барып арыз етеді. Бұл істі ел адамдары сөйлесід шешсін деғен бұйрық алады. Губернатордың бұйрығы бойынша екі уездің бас қосыс жері Балдыбек сайьі болсын деп белгіленеді. (Өйткені бұл жер үш уездің аралығы екен). Осы жерге бірнеше үй тігіледі, ёкі уездің адамдары шақырьыады, арғыннан Абайға хабар етіліп, ол келмекші болады. Найман өз елінің білгіштерін жинайды. Абаймен сөйлесуге әуелі Әріп Тәңірберген баласын шығармақшы болады, бірақ Абайдан Әріп жеңіліп қалады деп қауіптеніп, өр наймандағы Шәкі шешенді алғызады. Шәкі жиынға Абайдан бұрын келеді, Абаи келгенде ІІІакінің үстіне түсіреді. Абайға ерген топ отырғандарға сәлем беріп кіргенде, Шәкі шеген сәлем алып, Абайды бұрын көрмеген екен, сырт пошымынан танып:

  • Уа, сыртыңнан атыңа қаның, жүзіңе танық едім, сен, шырағым, Абай баласың ба?— Ел-жұртың аман ба? .Кешегі Кеңгірбайдың-ұрпағы еді, Базаралы аман ба?— депті. Базаралы сол жылы ғйна сотталған екен.

Абай сөзден тосылып қалып, дауысын ақырын шығарып «аман» дей салыпты. Отырғандар Шәкі шешен мен Абайдың аузына қарап, үндемей отырып қалыпты. Абай да сөйлей қоймапты.

Біраз үнсіз отырғаң соң Шәкі шешен:

  • Уа, Абай шырағым, бұрынғының мынадай бір сөзі бар еді: «Бір бала атадан асып туады, бір бала атамен тең туады, бір бала көптен кейін туады» деген, сені жұрт көтеріп мақтайды, сен осы үшеуінің қайсысысың?— депті. »

Абай үндемей отырып қалыпты, даулы іске келгенде де Абай Шәкіге қарсы шықпай, арғын ақшаны төлемекші болыпты. Даудан қайтқаң соң арғынның адамдары Абайға:

— Ей, Шәкі өте айтқыр — шешен екен, ол келген жерден, Базаралыйы сұрап сөз қозғады. Оны өзіміз тұтқынға беріп отырып не дерміз. Екінші — сен әкең Құнанбайдың қандай баласысың? деді. Мен үндемей қалдым. Үндегеңде -әкемнен асып тудым деймін бе? Әкем дүние жүзін кезіді "Байтуллаға үй салдырды, мен оны істегем жоқ. Ал кем тудым десем, мына сендер: «Абай — Абай» деп атымдм шығарып жібердіңдер... Соған жауап бере алмай тоқтағаным осы. Ал мына істің жөніне келсек, Найман елі нақақтан бізге жабысып отырған жоқ, кінә бізде. «Істің ағы, жігіттің бағы» деген бар ғой, сондықтан ел болып мына істі бітірген жөн»—депті.

Сонымен арғын болып найманның ақшасын төлеп, ел арасы тынышталыпты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет