Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер Институты



бет26/110
Дата22.12.2021
өлшемі1,11 Mb.
#127480
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   110
Байланысты:
аза стан Республикасы ылым Академиясы М. О. уезов атында ы де

Кедейліктен жаман жоқ

Ормамбет би кеде екен, үйіне Абылай келіп, сырттан сөйлес қылғанда, би былай депті:

Мына тұрға біздің үй

Дауылда бір панасыз.

Тоқсан үйрек қамасаң,

Бірін ұстап тұрғысыз.

Астыңа салар кілем жоқ,

Текемет пен көрпеден

Сілкіп түсер сілем жоқ.

Хан Абылай келгенде

Тоқты сойсам жетпейді,

Енесін сойсам орны бітпейді.

Кедейліктен жаман жоқ,

Құтылуға амал жоқ,

Жақсыларың келгенде

Көрінеге заман жоқ.



ЖОЛДАСТЫҢ МЫҢЫН АЛМА, БІРІН АЛ!

Жәнібек батыр жас уағында білім аламын деп Қаракерей Соқыр Абыз деген кісіге іздеп баргап екен. Барса, Абыз жүз жиырма алты жасқа келіп, екі жағын жібек орамалмен таңып отыр екен. Абыз Жәнібекке: «Балам, қай ұлсың?»— дейді. Жәнібек: «Қошқар ұлымын»— дейді. «Қошқардың адам иісті бір ұлы бар деп еді, сол боларсың ба?»— дейді. «Болсақ болармыз»— дейді Жәнібек. Абыз: «Балам, қай жаққа барасың?»— дейді. «Осы жақта бір қарт атамыз бар дегенге, бір-екі ауыз ақыл-білім алайын деп келдім»— дейді Жәнібек. Сонда Соқыр Абыз аз ойланып отырып:

А, балам, болсаң боларсың!

Қол бастап жау алайын деген ұл екенсің.

Алдыңа келсе әділдігінді аяма,—

Аймағың кетпес алдыңнан.

Олжа түссе олжаңды аяма,—

Жолдасың кетпес жаныңнан. —

Жолдастың мыңын алма, бірін ал,

Мың кісіге бір кісі олжа салады.-

Жас күніңде қалың бер де қатын ал,

Жігіттің хан болатын кезі,

Қыздың ханым болатын кезі сол болады.

Қару жисаң мылтық жи,

Жаяу жүрсең таяғың,

Қарның ашса тамағың,—

депті. Жәнібек осыны олжа қылып, Абыздың батасын алып қайтқан екен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет