Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер Институты



бет3/110
Дата22.12.2021
өлшемі1,11 Mb.
#127480
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   110
Байланысты:
аза стан Республикасы ылым Академиясы М. О. уезов атында ы де

Майқы би мен Алаша хан

Ормамет би өліп, қырық сан қырым, отыз сан үрім, он сан оймауыт, тоғыз сан торғауыт, он сан ноғай бөлінетінде, бүкіл ноғайлының елі жау келіп қалған екен деп, бір үріккен ала тайдан бүлніпті. «Алатайдай бүлінді» делінген сөз сонан қалыпты.

Сол замандары Қотан, Қоғам, Қондыкер, Қобан деген кісілермен Майқы деген би болыпты.

Майқы тоғыз ханды қолынан таққа отырғызған кісі дейді. Бұқарадағы он бес азаншы азан айтатұғын мұнраны сол қырық ханны бірі жасатқан екен деседі. Қызыларыстанның бәйбішесінен ұл болмаған. «Қызыл аяқ» деген бір елді шауып, ат сауырына салып келген бір қызға аяқ салып, сонан сауысқанның аласындай бір бала ала туады. Бәйбіше өзінен тумай, тоқалдан туған балаға іштарлық қылып, қызғанышпен:



  • Бұл балаңды балам деп сақтама, көзін жоғалт, қарашығын батыр. Мынау өскенде жұртыңды ала қылып ұстайды, еліңді ала тайдай бүлдіреді, дейді.

Хан бәйбішесінің сөзімен қырық жігітке: «Мына баланы, тапқан шешесін Сырдариядан әрі өткізіп қоя беріңдер. Өлсе өлсін, өлмесе өз бетімен қаңғып күн көрсін» деп бұйрық беріпті. Бұлар Сыр суынан өтіп, Алатау, Қаратаудың алабынан аң аулап күнелтіпті.

Бала өз асын өзі тауып ішерлік болған соң, ешкіммен ісі болмайды, оны қырық жігіт далаға тастап кетеді.

Бала он екі жасында Майқы бидің баласы Үйсінге кез болыпты, бірақ оған бір ауыз тіл қатпайды, үн-түн жоқ қала береді. Үйсін үйіне барған соң Майқы биге: «Бір ағаштың көлеңкесінде отырған жас баланы көрдім, ай десе аузы бар күн десе көзі бар, көрген кісі қызығып, бір қасық сумен жұтып жіберерлік. Жалғыз айыбы тілі жоқ екен» депті.

Майқы би асқақ болғадықтан, өмір бойы арбамен жүреді екен және арбасына кісіжегеді екен.



  • Мені балаға алып барыңдар, оны мен көрейін, депті Майқы. Бала Майқы көргеннен-ақ орнынан ұшып тұрып:

  • Ассалаумағалейкум хан біткеннің қазығы, бұқара жұрттың азығы, деп сәлем беріпті.

  • Уағалейкуміссәлем, әмісе аман балам! Болайын деп тұрған ұл екенсің. Кел, балам, қасыма отыр, деп арбасына міңгізіп, үйіне алып келеді. Төрткүл ошақ қаздырып, төбел бие сойдырып, жоғарғы елді шақырады. Ала бие сойдырып, аймақ елді шақырып той қылады. Тойдан кейін: «Ердің ері, егеудің сынығы» деп қасына баласы Үйсінді бас қылып, жүз жігіт қосып беріп, аттандырады.

  • Қаратаудан арман қарай асыңдар, Ұлытау, Кішітау деген таулар бар, Қаракеңір, Жезікеңір, Құдайберді деген жерге барып ірге тебіңдер. Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен ел болуды, жұрт болуды ойлаңдар. Күндердің күнінде осы бала хан болады, сендер қарашы боласыңдар. «Хан әділ болса, қараша табанды болса, қара жерден кеме жүргізеді»деп, батасын беріп жөнелтеді.

Жүз жігіт Шу мен Сарысудан көктей өтіп, Ақтау, Ортауды айналып, Майқы бидің айтқан жеріне келеді. Ұйқы бұзып жылқы алды, күйме бұзып қыз алды. Көшкен елді көш-жөнекей алды, ерулі елді отырған жерінде алды. Өз алдына мал малданып, жан жанданып, үйлібаранды бола бастады. Сатусыз дүние, қалыңсыз қатын алған соң, ел болмасқа немене, жұрт болмасқа немене?! Бұлардың мұндай болғанын баяғы Қызыларыстан хан естиді. Қотан, Қоғам, Қондыкер, Қобан, Майқы билерге елші жіберіп: «Менің баламды жігіт желең ертіп желіктіріп жібергені неқылғаны? Баламды өзіме әкеп берсін, сөйтіп менен қалағанын алсын» дейді. Сонан соң бұлар: «Сендер барып, шақырып келіңдер» деп, Қотанұлы Болатты жүз жігітпен жібереді. Бұлар барға соң бұрыңғы барғанда, өздерің де қайтпаңдар, «қайт» деген сөзді бізге айтпаңдар, дейді. Шақыра барған кісі де қайтпай қалып қояды.

Қызыларыстан хан қайта-қайта кісі жібере берген соң Майқы би Қоғамұлы Алшынды бас қылып, тағы жүз кісі жібереді және «есеп-саны үш жүз он үшке жетсе, дүние жүзі жиылса да олардың күшіне шыдамайды» деп, оларға он үш ақсақал қосады. Бұлар да қайтпай қалып қояды.

«Үндемесе де, үйден шықпаса да еңбек» дегендей, Майқы би үйде жатып-ақ жұмыс тындырып жатады. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деген кісі осы екен.

Сонмен бұл үш жүз кісі: «Енді ел болғанымызды, жұрт көзіне түсірейік» деп баяғы ала баланы, алашаға отырғызып, Ұлытаудың басына көтеріп шығарып, хан сайлайды. Оған «Алашахан» деген ат қояды. Бастапқы бірге келген жүз жігітті бастығының аты Үйсін болғандықтан «Ұлы жүз Үйсін» деп атайды. «Оларды Салықшы, жауға шапқанда бұлар шаппасын, тас-түйін болып тұрсын!»деседі.

Ортада келген жүз жігітті Болатқожа болғандықтан «Орта жүз Ақжон» (Болатқожаның лақап аты Б.А.) деп атайды. «Бұлар тосқауылшы, ортада» деседі.

Соңғы келген жүз жігітті (бастығы Алшын болғандықтан) «Кіші жүз Алшын» деп атайды, бұлар алда жүрсін, жауға алдымен шабатын болсын дейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет