Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігі Алматы облыстық И. Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернаты



бет11/19
Дата06.05.2020
өлшемі51,47 Kb.
#66214
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Байланысты:
жансая -креатив

Он тоғызыншы қара сөзі

Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп білген жақсы нәрселерін ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, соны адам десе болады. Он тоғызыншы қара сөзінен тұлға қалыптастыруға ілік іздеп көрелік.Естілердің айтқан сөздері деп отырғаны бүгінде біз үшін Абайдың айтып отырған есті сөздері.Абайдың он тоғызыншы сөзінен былай ой қорытуға болады..Тұлға болып қалыптасуда адам өмірде артына сөз қалдырған ,табысқа жеткен адамдардың өміріне, пәлсапасына , Ұлағатты сөздеріне мән беріп, өзінше қорытынды жасап, өмірде қолдана алуы шарт.


Абай өз заманының сипатын, халқының сол кездегі жағдайы мен психологиясын, жеке адам бойындағы жақсы мен жаман ниеттерді, өзінің дүниетанымын көрсеткен. Абай «түзетпек едім заманды, өзімді тым-ақ зор тұтып»деуінде үлкен мән бар. Абай атамыз тәлімгер ұстаз болған еді.Ақын тәрбиеге көнетін жалпы халық емес, жеке адам, оның дара ерекшеліктері. Жеке адамға ақыл, мінез, іс, адамшылдықты сақтайтын ұят-намыс керек дегенді айтады. Ал осындай адамшылықты жүрекпен байланыстырады. Жүрек-адамның ішкі сезімі деген ұғымды қолданған.Абай халықтың жоғын жастанып,кемел жолға бастар жолды іздеді.Сол жолда аянбай тер төгіп,өз заманының сипатын,халқының сол кездегі жағдайы мен психологиясын, жеке адам бойындағы жаман ниеттерді, өзінің дүниетанымында бейнелейді.Артына қалдырған мол мұрасы қазақ мәдениеті мен әдеби тілінің дамуына үлкен ықпал жасады.

Бүкіл әлемге белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған:
- Әрбір жалқау кісі – қорқақ, қайратсыз тартады
- Әрбір қайратсыз – қорқақ, мақтаншақ келеді
- Әрбір мақтаншақ – қорқақ, ақылсыз, надан келеді
- Әрбір ақылсыз – надан, арсыз келеді
- Әрбір арсыз жалқаудан – сұрамсақ, өзі тойымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ, жандар шығады.

Яғни, біз ойлаған креативті тұлағаны өзімнен қалыптастыру үшін мен жалқаулықты ұмытуым керек. Көп еңбектеніп, еңбекқорлығымның арқасында креативті тұлғаның алғашқы бөлігін қалыптастыра аламын.

Жиырма бірінші сөз:

Ғұлама жиырма бірінші қарасөзінде адам бойында кездесетін «Мақтан» сезіміне арнапты.[2,312б]

Мақтан сезімін екі түрге бөліп,біреуін жай, құр кеуде толтырар мақтаншақтық десе, екіншісін үлкен мақтаншақтық деген. Сонда Абайша үлкендік деген не? Үлкендік – адам ішінен өзін өзі бағалы есеп қылмақ. Бұл мінез – ақылдылардың, арлылардың, артықтардың мінезі. Дәл осы қарасөзден креативті тұлға болып қалыптасу үшін біз осы Абай айтқан «үлкендік» мақтанын аламыз.

Ойымыз нақтырақ болу үшін табысты адамдардың өмір сүру дағдысына үңілсек, олар ар күн сайын өзіне есеп беріп, жеткен жетістіктері үшін өзін марапаттап, жете алмаған мақсатын тиянақтап жоспарлап, үздіксіз алдыға жылжу үшін жаңа мақсаттар тізбегін даярлап отырған.

Абай мақтаншақтар туралы айрықша мінездеме береді. Оларды үш түрлі топқа бөле қарастырған: алғашында ағайын ішінде атақты болғысы келетіндердің өзін-өзі мақтап жетпек болуы, екіншісі ел ішінде мақталсам дейтіндер ағайын арасында мақтау іздеуі, айтып жүрсін деп әдейі ұйымдастыруы, ал жатқа мақталғысы келетіндердің ел көзіне түсуге тырысуын әңгіме етеді.

Өзін-өзі мақтап, болмағанды бойына таңып отыратындарды Абай наданның наданы, өзі де адам емес деп бағасын береді.

Данышпан атамыздың осы ойы тым қатал емес пе екен?

Өйткені өзін-өзі мақтап отырғандар мен өзін біреуге мақтатып отыратындар тек қана биліктілер мен барлардың сүйікті ісі емес, адам баласының көпшілігі құмар қасиет секілді көрінеді маған. Демек,креативті тұлға бір жетістікке жеттім деп тоқталып қалуы дұрыс емес. Ол алға қарай ұмтыла беруі тиіс. Қолда бардың қадірін біліп, мақтан қумауы керек. Солай ол тағы да биік шыңдарды бағындыруға мүмкіндіктер алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет