Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігі Алматы облыстық И. Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернаты



бет14/19
Дата06.05.2020
өлшемі51,47 Kb.
#66214
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
жансая -креатив

Қорыта келе айтарым, Абайдың қара сөздері — оның өнертанымының өзегін құрайтын өзгеше өнер түрі. Олардың ішкі мазмұны бірін-бірі толықтырып, бірін-бірі ашып, бірте-бірте  ауқымды кеңейе түсетін, Күннің нұрындай жарыса тарап жатқан ой сəулелері секілді. Адамның дүние есігін ашқанынан бастап, ақыретке кеткенге дейінгі аралықтағы өмір сырын жік-жікке бөліп, жүйелеп түсіндіреді. Жүйелеп түсіндіру арқылы адамды зиянды қылықтардан арашалап, болашақ креативті тұлғаны қалыптасыруда жұмыс атқарып кеткен. Онда нəпсі мен қанағаттың, бай мен кедейдің, ақ пен қараның, адал мен арамның көзге көрінбейтін, қолға ұсталмайтын нəзік пернелері рентгенмен түсіргендей аса бір дəлдікпен дөп басып ажыратылып отырады .

Сөзінің басында елді жайлаған ауыр дерттің тамырын басып, нақ айтқан Абай, келесі кезекте сол аурудың қайдан, неден пайда болғанын, себебін анықтайды. Ал одан кейінгі сөздерінде оның емін өзі де ұсынатындай, емі дегеніміз креативті адам емес пе? Креативті тұлға өзін ғана емес, қоршаған ортасын түзеп, жаңа қоғам қалыптастырады.

Абайдың әрбір қара сөзінің мəнісін түсініп, тереңіне үңіліп қарасақ жасампаздылыққа тәрбиелеуде мол мұраның қайнар көзі жатқанын ұғынуға болады. Егер де ұлы ақынның «Қара сөздері» əрбір қазақтың жүрегінен орын алса, егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жастар əлдеқайда сапалы креативті тұлға болып қалыптасатынына сенімім мол. Абай шығармалары түгел дерлік зерттелмеген мұра деуге болады. Алайда қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған уақытында адам баласының тәрбиесіне ерекше мән беру басты міндет .



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет