Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігі Алматы облыстық И. Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернаты


Поэмаларынан философиялық тұжырым



бет16/19
Дата06.05.2020
өлшемі51,47 Kb.
#66214
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
жансая -креатив

Поэмаларынан философиялық тұжырым

Бұл үш поэманың бәрі де ақынның қазақ өмірінен, соның ішінде бұрынғы шығармаларындай, өз ортасы, өз дәуірінің болмысынан алған шығармалары емес. Үшеуі де шығыстық дастан аңыздардан немесе ертегілік тақырыптардан алынған сюжеттерге құрылады. Бірақ, шығыс версияларына қарағанда Абай версиясы адамға көбірек ой салып, тәрбиені дәріптейді.

Себебі, креативті бола білу дегеніміз, тек шексіз ойлай білу емес, ол сонымен қатар адал, адамгершілікті бойға сіңіре білу екенін жоғарыда айта өткен болатынмын.

Бірінші поэмасы "мың бір түннен " алынған "Әзім әңгімесі". [6,303б]

Абайдың бастамасы: Бағдатта Мұстапа және Сана деген екі жігіт тұрады. Олар әкесі өлген, жетім, бірақ өте еңбекқор. Өсе келе Сана Шынашманға, Мұстапа Балсұраға кетеді. Мұстападан Әзім атты ұл туады. Ол медреседе оқиды. Ұлы ержете бастағанда Мұстапа дүние салады. Енді Әзім өз өнері мен еңбегінің арқасында бұрынғыдан да байи түседі.

Абай Әзім бойына адам, қоғамның қатардағы мүшесі қандай болу керек, оларға қандай қасиет қажет деген пікірін, өзінің адамгершілік қатысты түсінігі мен шарттарын сіңірген. Демек, адам қоғамға енбес бұрын алдымен адамгершілік, адалдық іспеттес қасиеттерді бойына сіңіруі қажет.1882 - 1903 жылдар аралығында жазылған Абайдың "Масғұт" поэмасы бирманың ертегісі еді. Абай оны өзгерте отырып, жаңа тың туынды алып шықты. Тегінде,  адам  баласы  адам баласынан  ақыл,  ғылым,  ар, мінез деген   нәрселермен  озбақ деген  хакім  Абайдың  сөзіне  бұл  поэмасы  дәлме-дәл  дәйекті    ғибрат  мысал  ретінде  берілген. Ежелгі  Харуан-Рашид  халифа    заманыны  кезінде,  Бағдат  шаһарында  Масғұт  атты  жігіт  көше  бойын  аяңдап  келе  жатып,  сұмақы  ұрының  дәрменсіз  шалды  тонап  жатқанын  көзі  шалып  қалады.  Ойланбастан  ұрыға  тап  беріп,  өзі  ауыр  жарақат  алғанына  қарамастан  шалды  бір  ажалдан  аман  алып  қалады.  Дән  риза  болған  шал  Масғұтты  тау    басындағы бір    ағашқа    ертіп  барып,  ондағы  өсіп  тұрған  үш  түрлі  жемісті  нұсқайды  да  :"Ағын  жесең-ақылыңнан,  сарысын  жесең-байлығыңнан,  қызылын  жесең-әйеліңнен  асып  түсер  пенде  болмас,  қалауыңды  алғайсың  балам"-деп  бір  тілегін  орындамаққа  бекінеді.

Демек, креативті ойлай білуші бір шешіммен тоқталып қалмауы тиіс. Тәуекелге барып, артының қайырын күту керек. Сонда ғана ойлаушы бір жетістікке жетуі мүмкін. Әркімнің сөзімен бір жүріп, ойыңды жан-жаққа жіберіп, адасудың орнына Абай дұрыс жолды өзің ойлап табуыңа кеңес берген.

Әрі креативті ойлай білетін автор Абай бирма ертегісі мен салыстыра алсақ, адамға басқа ой қалдырады. Себебі, "Масғұттың" бирма тілінде жазылған нұсқасын да Масғұт кәрі әйелдердің сүйіктісі болып, уәзірді өлтіріп орнына уәзір болады. Мұндай лас жолдан арылуды дұрыс шешімге айналдырған креативті ақын оны жалпы әйелдердің сүйіктісі қылғанымен, ол уәзірлікті өз еңбегімен алады. Адал жолмен талмай еңбек ету арқасында биікке көтерілуге болатындығын шығармаға осылай енгізіп, жасампаздыққа керек тағы бір қырын көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет