Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі м. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік


ІІ. ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ



бет9/36
Дата14.05.2023
өлшемі0,81 Mb.
#176705
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36
Байланысты:
?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñû ?ûëûì æ?íå á³ë³ì ìèíèñòðë³ã³

ІІ. ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ


2.1 Оқыту процесінде студенттердің отансүйгіштік сезімдерін
қалыптастырудың педагогикалық шарттары

Кешенді патриоттық тәрбиенің ұйымдастыру принциптері – тәрбиені басқаруды ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Кез-келген өз ге де әлеуметтік жүйе секілді, патриоттық тәрбие жүйесі де басқаруды қажет етеді.


Басқару ұйымдарының құрылымы, олардың қызметі, құқықтары мен міндеттері патриоттық тәрбие жүйесі басқару бөлімінің құрылымы мен атқаратын қызметтерімен және оның негізгі бағыттарымен айқындалады.
Патриоттық тәрбиенің жүйелілігі, оның құрылымдығы мен біртұтастығы барлық деңгейде және барлық буындарда тиімді басқару мүмкіндігін қамтамасыз етеді, бүкіл тәрбиелеуші факторларды ескеруге мүмкіндік береді. Басқарудың қажеттілігі объект пен субъектінің, макро және микроортаның оңтайлы өзара қатынастарын сақтау қажеттігімен айқындалады [112, 70].
Патриоттық тәрбие жүйесін басқару ұйымдары қызметтің мынадай түрлерін өзіне қамтиды:

  • жоспарлау;

  • тәрбиешілер қызметі мен кіші жүйелердің өз міндеттерін атқаруын үйлестіру;

  • қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау мен тексеру;

  • тәрбиеде дербес негіздерді дамыту және пайдалану;

  • идеологиялық мамандарды іріктеу мен даярлау;

  • басшылық ұйымдарды ақпаратпен қамтамасыз ету;

  • патриоттық тәрбие нәтижелерін зерттеу және түзету [101, 38].

Басқару объектілеріне – тәрбиешілер, тәрбиеленушілер, патриоттық тәрбиенің негізгі түрлерін, қызметі, мазмұны, бағыты, құралдары, түрлері мен әдістері жатады. Сондықтан кешенді көзқарас тұрғысынан басқаруды жетілдіру, сонымен бірге патриоттық тәрбиені дамытудың және оның тиімділігін арттырудың аса маңызды факторы болып табылады.
Патриоттық тәрбиені жоспарлаудағы нысаналы көзқарас принципі Президент Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан 2030 стратегиясының ережелеріне негізделеді, әрі ағымдық және болашақтық жоспарлауды жетілдіру, тиімді патриоттық тәрбиені күшейтудің құралы болып табылады.
Болашақтық жоспарлау патриоттық тәрбиеде кешенді көзқарасты жүзеге асыруда маңызды болып табылады және оның кешендік сипаты болуы тиіс. Кешенді жоспарлау, ең алдымен тәрбие ықпалын дұрыс бағдарлауға, патриоттық тәрбиенің барлық күштері мен құралдарын, бағыттарын, нысандары мен әдістерін ұтымды пайдалануға бағытталған. Енді кешен деген
ұғымның мәнін ашатын болсақ, оған ұлттық энциклопедиялық сөздікте мынадай анықтама берілген: латын тілінен енген, байланыс, үйлесім яғни, біртұтастықты құрайтын заттардың, белгілердің, т.б. жиынтығы дегенді білдіреді. Жүйелікті, жиынтықты білдіретін бұл ұғым саясатта, әлеуметтік және рухани салаларда, философия мен ғылымда жиі қолданылады.
Ал, жоспарлау, ұғымына тоқталатын болсақ, осы аталмыш энциклопедияда: мақсаты, мазмұны, көлемі, әдістері мен құралдары, орындалу мерзімі көрсетіліп, нақты кезеңге межеленген шараларды жүзеге асырудың белгіленген тәртібі мен реті деп берілген. Жоспарлаудың бірнеше түрі бар: болашақтық (ұзақ мерзімге арналғаны 10-15 жылға, орташа мерзімге арналғаны 3-5 жылға лайықталған), ағымдағы (жылдық), нысаналы деп аталатын бірнеше түрі бар.
Сонымен, жоспарлау деп, патриоттық тәрбие жүйесін басқарудың ұйымдастырушы бастамасы мен негізін айтамыз.
Жоспарлауға нысаналы көзқарас тәрбиенің барлық негізгі бағыттарында патриоттық тәрбие бірлігін, болашақтық және ағымдық жоспарлау бірлігін қамтамасыз етеді, барлық тәрбиелеуші бөлімшелердің күш-жігерін үйлестіруді жеңілдетеді. Нысаналы жоспарлаудың артықшылығы мынада: жоспарларда патриоттық тәрбиенің жалпы мазмұны, бағыты және барлық бағыттарының өзара байланысы ғана емес, сонымен қатар олардың нақты өткірлігі, нақты міндеттерді шешуге бел шешуі көрінуге тиіс.
Біздің еліміздің жоғары оқу орындары болашақтық жоспарлау тәжірибесі сексенінші жылдары жоғары және арнаулы орта білім Министрлігінің Алқасы «Оқудың бүкіл кезеңіне арналған жоғары оқу орындары студенттерін тәрбиелеудің кешенді үлгі жоспарында» мақұлданып, қорытындыланды. Осы болашақтық жоспарлаудың нысаналы сипатын қазіргі жоғары оқу орындарының көпшілігі қабылдағаны, идеялық-тәрбие жұмысының кешенді бағдарламаларын талдау кезінде айқын көрінеді.
Болашақтық нысаналы жоспарлаудың күрделілігі жоғары білікті қазіргі заманғы мамандарға қойылатын үкіметтің талаптары, жоғары оқу орындарының әлеуметтік қызметі мен бағыт-бағдары, барлық тәрбие міндеттерін іске асырудың бір мезгілділігі, факультеттер мен оқыту курстарының өзіндік ерекшіліктері және т.б. сияқты көптеген факторларды ескеру қажеттігінде жатыр. Сонымен бірге, нысаналы кешенді жоспардың тиімді ұйымдастырылуы, негізгі ағымдық жоспарлаудың қызметін атқаруға, тәрбиенің түпкі нәтижелерін болжауға, оның жеткілікті түрде жинақы және көрнекі болуына әсер етеді.
Жоғары оқу орындарының болашақтық жоспарларының жалпы бөлімінде, әдетте, тәрбие жұмысының мақсаттары мен міндеттері, еліміздің «Білім туралы» Заңындағы [93] нұсқауларын ескере отырып, жоғары оқу орнындағы тәрбие жұмысының негізгі принциптері айқындалады. Осы арада тәрбие объектісінің – студенттік аудиторияның, студенттік жеке басының сипаттамасы берілуі мүмкін. Жоспардың екінші негізгі бөлімі – тәрбие
жұмысының мазмұны мен оның факультеттер және оқыту курстары бойынша ерекшіліктері деп аталады.
Оқыту кезеңдері әрбір курс бойынша олардың ерекшіліктері ескеріле отырып айқындалады.
Тәрбие жұмысының негізгі бағыттарын бөлу де түрліше жүргізіледі. Ақыл-ой, атеистік, гигиеналық, демографиялық, педагогикалық, идеялық-саяси, кәсіптік еңбек, адамгершілік және дене тәрбие т.б. патриоттық тәрбие жүйелілігінің ықпалдасу сипатын негізге ала отырып жоспарлау, теориялық жағынан алғанда тәрбиенің негізгі бағыттарын, оның кіші жүйелерін бөліп шығару арқылы жүзеге асырған дұрыс болар еді [122; 123; 124].
Алайда патриоттық және интернационалдық тәрбие түрлерінің, нысандарының, құралдарының, әдістері мен тиімділік өлшемдерінің маңыздылығын ескере отырып, бірқатар жоғары оқу орындарында бұл бағыт ерекше бөлек жүргізіледі. Егер тек бұл орайда патриотизм мен интернационализмді қалыптастыру жөніндегі негізгі шаралар тәрбиенің басқа бағыттарында бөлігі алынып, олардың бәрі жүйеге біріктірілсе, мұндай көзқарас орынды деп есептеледі.
Патриоттық тәрбиенің басты бағыттарын анықтаумен қатар жоспарда негізгі шаралар бөліп көрсетіліп, олар да бөлімдер бойынша топтастырылады. Мысалы, идеялық-саяси тәрбиенің кіші жүйесіндегі негізгі шаралар мынадай тарауларды қамтиды:
1) студенттердің жинаған материалдарын зерттеу (дүниетанымдық даярлығын, патриоттық тәрбиелілігін, кәсіби бағытын анықтау);
2) қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардағы патриоттық тәрбиенің қыр-сыры (халықтың Отан қорғау туралы ілімімен танысу, патриотизм проблемалары жөніндегі ғылыми зерттеу талдамасына қатысу);
3) әскери, жалпы ғылыми және арнаулы даярлықтық дүниетанымдық-тәрбиелік бағыты (ғылымдардың дүниетанымдық қырларын және т.б. бөліп көрсету);
4) патриоттық тақырыптар бойынша саяси ағарту (лекциялар, саяси ақпарат, әскери басылымдарға жазылу көрнекі үгіт және т.б.);
5) кітапхана жұмысы (кітаптарды талқылау, жазушылармен және т.б. кездесу);
6) қоғамдық-саяси қызмет (қоғамдық-саяси аттестаттаулар, жиналыстар, мұражайлар және жауынгерлік даңқ бөлмелерін жасау, әскери-басшылық жұмыс және т.б.);
7) патриоттық тәрбиенің тиімділігін (Отанды дамыту және қорғау саласындағы үкімет саясатын түсіну деңгейін, жоғары оқу орнында, практикада, жаратылыстану факультетінде және оңды жағдайлар жасалған кезде тәжірибеден өтуде танымдық, қыметтік және қоғамдық-саяси белсенділік дәрежелерін зерттеу) [101, 20-21].
Мысал ретінде студенттерді патриоттық тәрбиелеу жөніндегі кеңестік болашақтық жоспарын қарап көрелік. Жоспар мынадай бөлімдерден тұрады:

  1. Ауызша патриоттық насихат («Отан от басынан басталады», «Отанды

қорғау ел салты», «Тәрбиенің түп тамыры ерлік», «Отаншылдық ұрпақтар ұраны» т.б. тақырыптық кештер, пікірталастар, конференциялар, лекциялар, баяндамалар, әскери-патриоттық тақырыптарға әңгімелесулер өткізу);
2. Көрнекі насихат;
3. Бұқаралық ақпарат құралдарын, баспаларды, газеттерді, оқырмандар, конференцияларын пайдалану;
4. Соғыс ардагерлерімен кездесулер өткізу;
5. Спорттық-олимпиадалық ойындар өткізу;
6. Ерлік патриоттық тақырыпқа студенттерге ғылыми жұмыс, оқу ізденіс жұмысын жаздыру. Мысалы: «Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы патриоттық тәрбие», «Ә.Нұршайықов шығармаларының оқушыларға патриоттық тәрбие берудегі мәні» және т.б.
Болашақтық жоспардың үшінші бөліміне патриоттық тәрбиенің жүйелік сипаты негізге алына отырып, осы жүйені жетілдірудің жолдары енгізілуге тиіс. Дәлірек айтқанда, дүниенің түрлі элементтерінің атқаратын қызметіне бақылауды дамыту жоғары оқу орнының бөлімшелері мен қоғамдық ұйымдарының қызметін үйлестіру, өлшемдердің, көрсеткіштерді талдап жасау және тиімділікті, тәрбие мақсаттарына жету дәрежесін зерделеу қажет.
Жоспарлау барысында барлық нақты мүмкіндіктерді: тәрбие объектісінің жай-күйін, тәрбиешілердің даярлығын, сондай-ақ университет, факультеттің мүмкіндігін, материалдық базасының жай-күйін ескеру маңызды.
Тек осы негізде ғана патриоттық тәрбие мақсатының нақтылығын дұрыс анықтауға, дұрыс нысандарды, тәрбие ықпалының құралдары мен әдістерін оңтайлы жоспарлауға болады. Осы проблемалардың барлығы болашақтық жоспардың соңғы төртінші бөліміне енгізіледі.
Кешенді көзқарас жылына, немесе айына бір рет жүзеге асырылатын болашақтық (оқытудың бүкіл кезеңіне) және ағымдық (күнпарақтық) жоспарлауды табиғи үйлестіруді талап етеді. Ағымдық жоспарлау патриоттық тәрбиенің жалпы стратегиясы негізде жүзеге асырылады, ал патриоттық тәрбиенің жалпы стратегиясы тәрбие жұмысының іскерлік ырғағына ауысады [111].
Сонымен патриоттық тәрбиені нысаналы жоспарлау принципін іске асыру;
1. ортақ мақсатқа жету үшін патриоттық тәрбиенің барлық кіші жүйелерінің қызметін үйлестіруге;
2. барлық бөлімшелердің, ұйымдар мен идеологиялық кадрлардың күш-жігерін патриоттық тәрбиенің негізгі түрлерін барынша жұмылдыруға;
3. патриоттық тәрбиенің барлық субъектілерінің қызметін үйлестіруге;
4. патриоттық тәрбие құралдарын, нысандары мен әдістерін олардың бірлігінде мақсатты түрде қолдануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Демек, патриоттық тәрбиені нысаналы жоспарлау тәрбиенің барлық бағыттарында оларды іске асыру үшін мақсаттарды, міндеттер мен негізгі
тарауларды айқындауды, тәрбиенің болжанып отырған нәтижелері мен оларды бағалау өлшемдерін айқындай отырып тәрбиеленушілердің өмірі мен қызметінің барлық салаларында барлық тәрбиешілермен тәрбиелік ықпалдың тиімді құралдары мен әдістерін таңдауды көздейді.
Барлық қалыптастырушы факторлардың келісілген ықпал ету принципі бүкіл тәрбие субъектілері қызметін үйлестіруді, сыртқы орта, патриоттық тәрбиенің барлық кіші жүйелері, түрлері, нысандары, құралдары мен әдістері атқаратын қызметті ретке келтіруді және теңдестіруді білдіреді.
Бұл принцип әкімшіліктің, біріншіден, кәсіподақ, жастар ұйымдары мен бүкіл жұртшылықтың патриоттық тәрбие мақсаттарын, міндеттері мен проблемаларын үнемі талқылап отыруын көздейді.
Екіншіден, әрбір бөлімше мен қоғамдық ұйым қызметтерін өзара келісуді, патриоттық тәрбиенің негізгі құралдары мен арналарын, олардың қызметінің сабақтастығын, қарқыны мен бағытын айқындауды көздейді. Патриоттық тәрбиенің әрбір субъектісі мен құралдарының атқаратын қызметтерін үнемі келісіп отыру «көлбеу сызық бойымен де (субординациялық, иерархиялық қатынастар, мысалы: жастар тобындағы патриоттық тәрбие үшін жауапты, жастар комитетіндегі патриоттық тәрбие жөніндегі кеңес) жүзеге асырылады. Мұндай көзқарас Қазақстанның бірқатар жоғары оқу орындарында жүзеге асырылуда және шаралардың қосарласа қайталануын болдырмауға, студенттер өмірі мен қызметінің барлық салаларын тәрбие жұмысымен қамтуға, қолда бар мүмкіндіктерді жан-жақты пайдалануға септігін тиігізеді.
Үшіншіден, принцип сондай-ақ патриоттық тәрбие жүйесіндегі атқаратын қызметін сыртқы факторлармен, жүйелермен үйлестіруді көздейді. Жоғары оқу орны, факультет кеңесі мен жастар ұйымдары қызметін, қалалық, облыстық, халықаралық жастар ұйымдарының қызметімен үйлестірудің және бұл ұйымдардың мүмкіндіктерін мейлінше толық пайдаланудың патриоттық тәрбие мәселелерінде ерекше маңызы бар. Мәселен, Алматыда патриоттық тәрбие мәселелері аудандық және қалалық жастар комитеттерінің, жастар кәсіподағының және т.б. үнемі басты назарында болып отыр. Жоғары тұрған жастар ұйымдары өз шешімдерін жоғары оқу орындарының басшылығы ең алдымен, тәрбие жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыруға кешенді көзқарасты қамтамасыз ету, жалпы ғылыми және арнаулы пәндердің тәрбиелік ықпалын, жеке тәрбиелік жұмысты және жатақханалардың жұмысын күшейту арқылы студенттердің үлгерімі мен тәртібі сапасын арттыруға бағыттап отырады. (Өлкетану мұражайы, Абай мұражайы, Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайына саяхат және т.б.).
Төртіншіден, қалыптастырушы факторлардың үйлесімді ықпалы принципі тәрбиені жүзеге асырушы мамандармен тұрақты жұмыс жүргізуді, патриоттық тәрбие жүйесінің жұмысын мұқият талдауды талап етеді. Мұндай талдау өткізілген шаралардың сапасын және патриоттық тәрбие
жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асыруды, оның тиімділігін зерттеуді, кері әсер ететін арналарды жолға қоюды.
Патриоттық тәрбие жүйесінің нақты және дұрыс жұмыс істеуі көп жағдайда тәрбиешілердің шығармашылықтарына, шеберліктеріне, жеке тұлғалық қасиеттеріне, ұйымдастырушылық қабілеттеріне байланысты.
Қазақстанның жоғары оқу орындарында профессор-оқытушы құрамы, белсенді студенттер ішінен тәрбиешілердің шеберлігін жетілдіру, семинарларға, курстарға, конференцияларға тұрақты қатыстыру, олардың дербес жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы да жүзеге асырылады. Мәселен, Алматы жоғары оқу орындары оқытушыларының жастар одағы ұйымдастырған әдістемелік семинарға қатысуға мүмкіндігі бар. Мұнда халықаралық жастар қозғалысы, Қазақстан үкіметі ішкі және сыртқы саясаты проблемалары қарастырылады.
Қызметтің барлық салаларында жастарды патриоттық тәрбиемен қамту принципі арнайы қарауды қажет етпейді, бірақ патриоттық тәрбие мақсаттарына жету үшін айтарлықтай маңызды. Сондықтан патриоттық тәрбиеде істі бірде бір адам одан тыс қалмайтындай етіп ұйымдастыру маңызды. Оның үстіне, осы принцип адамдар қызметінің барлық салаларында: оқу, еңбек, қоғамдық және өзіне-өзі қызметі көрсету салаларында патриоттық тәрбиені жүзеге асыруды көздейді. Лекциялардағы, семинарлардағы, теориялық конференциялардағы тәрбие ықпалы тұрғылықты жері, демалыс орны бойынша өзгеше нысандарда, шағын топтарда және т.б. жалғасып жатуға тиіс.
Патриоттық тәрбиеге кешенді көзқарастың қаралған ұйымдық принциптері тәрбие жұмысының практикасында тиімді қолданылуда. Қолда бар тәжірибе сондай-ақ кешенді көзқарастың неғұрлым әдістемелік принциптерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Зерттеу проблемасы бойынша философиялық , психологиялық , педагогикалық және арнаулы әдебиеттерді [77; 78; 79; 80; 82; 99; 100; 101] теориялық тұрғыдан талдау, жоғары оқу орындарының озық педагогикалық іс – тәжірибесін оқып – үйрену және қорыту студенттерде отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудың бүгінгі күнге дейін ғалымдар назарынан сыртта қалған кейбір мүмкіндіктерін анықтауға жағдай жасады. Алынған нәтижелерді біз болашақ мамандарды отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттары ретінде тұжырымдадық.
Оқу процесінде студенттерде отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру- дың педагогикалық шарттарын атап өтеміз:
1. Оқу пәндері мазмұнының отансүйгіштікке тәрбиелеу мүмкіндіктерін анықтау және олардан мақсатты түрде пайдалану.
2. Тәрбиелеуші оқыту принципін іске асырып оқу үрдісінде отансүйгіштікке тәрбиелеудын арнаулы әдіс – тәсілдерінен пайдалану.
3. Болашақ мамандарды кәсіптік тәрбиелеуді отансүйгіштік бағдарда жүзеге асыру.
4. Мотивациялық, когнитивтік және мінез-құлықтық компоненттерінің өзара бірлігі негізінде қалыптасатын, студенттердің жеке тұлғасын интегративтік қасиеті ретіндегі отансүйгіштікті қалыптастыру технологиясын пайдалану;
5. Оқыту процесінде отансүйгіштікке тәрбиелеудің этникалық – аймақтық ерекшеліктерін есепке алу, халықтық салт-дәстүрлерді пайдалану;
6. Болашақ мамандардың кәсіптік қалыптасуы және азаматтық – субъектілігін позициясының жан-жақты даму контексінде отансүйгіштік сезімдерін (отансүйгіштігін) тәрбиелеу;
Жоғарыда атап өтілген педагогикалық шарттарға сипаттама береміз.
Бірінші педагогикалық шартты іске асыру үшін мынандай өзара байланысты мәселелерді шешу қажет:
- жоғары оқу орнында оқытылатын негізгі пәндердің студенттерде отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудағы мүмкіндіктерін анықтау мақсатымен оқу бағдарламаларына , оқу - әдістемелік кешендерге , оқулықтар мен оқу құралдарына теориялық талдау жасау;
- оқу пәндерінің нақты бөлімдері , тақырыптары мазмұнының отансүйгіштікке тәрбиелеу мүмкіндіктерін іске асырудың жолдары мен әдіс – тәсілдерін айқындау;
- студенттерді отансүйгіштікке тәрбиелеуді күтілетін нәтижелері жоспарлау , патриоттық сезімдердің тәрбиеленгендік көрсеткіштерін және деңгелерін белгілеу.
Екінші педагогикалық шартты іске асыру тәрбиелеуші оқыту принципін қолдану барысында отансүйгіштікке тәрбиелеу міндеттерін шешеу мен байланысты. Тәрбиелеуші оқыту жоғары оқу орныда сабақ барысында бірнеше бағыттағы тәрбиелік міндеттерді орындауды көздейді . Бұл принципке сәйкес барлық пәндерді оқу бағдарламалары белгілі тәрбиелік міндеттерді атқаруы тиіс. Оқытудың тәрбиелік әсерін күшейтудың алғашқы шарты оқытушылар тарапынан әр бір пәндің тәрбиелік мүмкіндіктерін мұқиятмен талдануы.
Бұл педагогикалық шарттың жүзеге асырылуы сондайақ отансүйгіштікке тәрбиелеудің арнайы әдіс – тәсілдерінен пайдалануды талап етеді. Студенттердің отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру мақсатымен оқу мәтіндерінің тәрбиелік мәні түсіндіру, сендіру, пікірталас т.б. әдістер арқылы жеткезіледі.
Үшінші педагогикалық шартты жүзеге асыру үшін мынандай міндеттерді шешу керек :
- студенттерді болашақ мамандыққа баулу отансүйгіштік бағдарда іске асырылады;
- студенттер болашақ мамандықтары саласының тарихи, оның бүгүні және даму болашағымен таныса отырып сол саладағы отандық жетістіктері туралы мәлімет алады , бұл жетістіктерден мақтаныш сезімі оятылады;
- болашақ мамандың кәсіптік – тұлғалық қәсиеттерін қалыптастыру олардың патриоттық сезімдерін дамытумен ұштастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет