Оқыту процесінде студенттердің отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру технологиясы:
Қолданулы деңгейіне сай: жалпы дидактикалық және жеке пәндік;
Дамудың негізгі факторына сай: социогендік;
Меңгеру тұжырымдамасына сай: ассоциативтік-рефлекторлі кезеңді интериоризация элементтерімен бірге;
Тұлғалық құрылымдарға бағдарланғандығы бойынша: білімдер, іскерліктер, дағдылар (ЗУН) тұғаның өзіндік басқару механизмдері (СУМ) адамгершілік қасиеттері әрекеттік практикалық сала;
Мазмұнының ерекшелігіне сай: білімдік тәрбиелік, зайырлық, гуманистік, кәсіптік-тұлғалық;
Танымдық іс-әрекетті басқару типіне сәйкес: кіші топтар жүйесі «тьютор», «куратор»;
Ұйымдастыру формаларына сәйкес: альтернативтік, барлық реформалар;
Студент тұлғасына қатынас бойынша: дидакто орталықтық, тұлғалық – бағдарлық;
Басымды әдіс бойынша: белсенді, интерактивтік, өзіндік дамытушылық;
Жаңарту бағыты бойынша: «Ағылшын тілі» пәні мазмұнын қазақстандық патриотизм мазмұнындегі материалдармен толықтыру арқылы әдістемелік жетілдіру.
Тұжырымдамалық (концептуалдық негіздері):
тәрбиеге тұлғалық, іс-әрекеттік көзқарас;
патриоттық тәрбие, патриотизм туралы ең маңызды философиялық, әлеуметтанудың, психологиялық, педагогикалық ережелер;
тұлғаның әлеуметтік дамуының психологиялық теориялары;
тұлғалық-барлық қатынас теориясы;
тәрбие теориясы;
біртұтас педагогикалық процесс теориясы;
әлеуметтендіру теориясы;
тәрбиелеуші оқыту теорисясы.
Мақсаты: болашақ мамандардың бойында патриоттық сана-сезімдерді олардың кәсіптік іс-әрекетте және өмірде іс-жүзіне асыру дағдылары мен ікемділіктерін қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |