Когнитивтік компонентің критерийлері ретінде азаматтық-патриоттық мазмұндағы білімдер жүйесінің болуы, кәсіптік-патриоттық мазмұндағы білімдердің барлығы, азаматтық белсенді позициясының мәні туралы білімдердің болуы қарастырылды. Олардың көрсеткіштері ретінде ажыратылды:
Қазақстаның патриотизмнің мәнін, оның маңызын, қызметін білу және түсіну;
Қазақ халқының, Қазақстанда мекендейтін басқа халықтардың тілін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрлерін білу және түсіну;
Қазақстан Республикасының саяси рәміздерін (гербы, әнұраны, туы, Қазақстан Конституциясын) білу және түсіну;
Отандық экономикалық – саяси, әлеуметтік даму проблемаларын, Қазақстан Республикасының даму стратегиясы және тактикасын, оған өзіндік үлесін мүмкіндіктерін білу;
Кәсіптік білімдерді терең меңгерудің, жоғары білікті маман ретінде қалыптасудың қажеттілігін білу және түсіну;
Өзінің бәсекеге қабілетті, жаңа формация маманы болып қалыптасуы, үздіксіз білім алуы қажеттігін, оның тиімді жолдарын білу;
Өзіндік кәсіби жетілдіру әдіс-тәсілдерін білу;
Қоғамдық белсенді позициясының мәнін, патриоттық маңыздылығын білу;
Жоғары мектепте сапалы білім алудың патриоттық рөлін білу.
Мінездік компоненттің критерийлеріне мыналар жатады: қоғамдық-саяси қызметтің тәсілдерін меңгеру; практикалық дағдылар мен ікемділіктерін меңгеру дәрежесі; субъектік қызмет тәсілдерін меңгеру. Бұл критерийлер төмендегідей көрсеткіштерде көрініс табады:
Қазақтандық патриотизм туралы білімдерін практикада қолдана алады;
Қазақстандық патриотизм құндылықтарын іс-тәжірибеде басшылыққа алады;
Қазақ халқының тілі, мәдениеті, салт-дәстүрлеріне қызмет көрсетеді;
Қазақстанның саяси рәміздеріне құрмет көрсетеді;
Мінез-құлқында және іс-әрекетте өзінің Отан тағдырына тәуелділігін сезінуін көрсетеді;
Болашақ мамандығын меңгеруде белсенділік көрсетеді;
Мінез-құлық пен іс-әрекетте азаматтың белсенділік сапаларын көрсетеді;
Жеке мінез – қылықы, практикалық іс-әрекеттерімен өз Отанын өркендеу міндеттеріне қызмет етуін көрсетеді.
Сондықтан, оқыту процесінде студенттердің патриоттық сезімдерінің қалыптасқандығын алғашқы жағдайы және зерттеу барысында жасалынған эксперименттік әдістемені қолдану нәтижелілігін анықтау мақсатымен бұл процестің тиімділігін бағалаудың критерийлері, өлшемдері және көрсеткіштері нақтыланды (Кесте 3).
Достарыңызбен бөлісу: |