Зерттеудің ғылыми жаңалығы: - жоғары оқу орындарында студенттерді отансүйгіштікке тәрбиелеудің мәні, құрылымы және міндеттері айқындалды;
- оқу процесінде студенттерді отансүйгіштікке тәрбиелеудің мүмкіндік -
тері ашылды;
- оқу процесінде студенттерді отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру -
дың педагогикалық шарттары айқындалды;
- жоғары оқу орындарында педагогикалық пәндерді оқытуда студент- тердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырудың әдістемесі жасалынып тәжірибелік – эксперименттік жұмыс жүзінде дәлелденді.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы –Зерттеу жұмысымыздың нәтижелері жоғары оқу орындарында болашақ педагог мамандарды даярлауда студенттерді отансүйгіштікке тәрбиелеу үрдісінде пайдаланылуы мүмкін.
Оқу үрдісінде студенттерді отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыруға
қатысты ғылыми - әдістемелік ұсыныстар мен тұжырымдар педагогикалық пәндер ғана емес, басқа курстарды оқытуда да тәрбиелік міндеттерді іске асыруда қолданыс табуы мүмкін.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар: 1. Жоғары оқу орындарында студенттерді адамгершілікке тәрбиелеудің
мәні, құрылымы және міндетттері .
2. Қазіргі жоғары оқу орындары тәжірибесінде оқу процесінде студент -
терді отансүйгіштікке тәрбиелеудің мүмкіндіктері.
3. Оқу процесінде студенттердің отансүйгіштік сезідерін қалыптастыру тиімділігінің педагогикалық шарттары.
4. Педагогикалық пәндерді оқытуда студенттердің отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: Зерттеу нәтижелері әдіснамалық және ғылыми - әдістемелік негіздерге
сүйеніп айқындалған теориялық дәйектілігімен, кешенді әдіс – тәсілдердің қолданылуымен, зерттеу жұмысының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен педагогикалық пәндерді оқытуда студенттерді отансүйгіштік сезімдерін
қалыптастырудың педагогикалық шарттары мен әдістемесі тиімділігінің эксперименттік - тәжірибе жүзінде тексеріліп, нәтижесінің жоғары оқу орындарында оқу – тәрбие үрдістеріне енгізілуімен қамтамасыз етіледі.