Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі м. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік


Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және іс – тәжірибеге енгізу



бет6/36
Дата14.05.2023
өлшемі0,81 Mb.
#176705
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñû ?ûëûì æ?íå á³ë³ì ìèíèñòðë³ã³

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және іс – тәжірибеге енгізу:
Зерттеу жұмысының нәтижелері тәжірибелік – эксперименттік жұмыс барысында, зерттеу материалдардың «Қазіргі жағдайда салауатты өмірді қалыптастырудың инновациялық технологиялары» (Шымкент, 2006) атты халықаралық ғылыми – практикалық конференциясында, «Отандық тарихты үйрену барысында жастар патриоттық тәрбиесі» атты республикалық ғылыми - практикалық конференциясында (Алматы, 2006) баяндама түрінде жарияланды.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспе, екі тараудан, қортындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының көкейтестілігі, дәйектілігі, мақсаты, нысанасы, пәні, болжамы мен міндеттері, әдістері тұжырымдалып, оларды шешудің теориялық және практикалық маңыздылығы айқындалады.
«Оқу процесінде студенттердың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудың ғылыми – теориялық негіздері» деп аталатын бірінші бөлімде студенттерді отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық негіздері айкындалып, жоғары оқу орындары оқу үрдісінде болашақ мамандарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мүмкіндітері анықталады.
«Жоғары оқу орындарында оқу процесінде студенттерді отансүйгіштікке тәрбиелеудың әдістемесі» атты екінші бөлімде оқыту үрдісінде студенттерде отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудың
педагогикалық шарттары және әдістемесі негізделеді.
Қортындыда жүргізіліп жатқан зерттеу жүмысымыздың алғашқы нәтижелері тұжырымдалады.
Қосымшада кейбір бастапқы зерттеу материалдары ұсынылған.

  1. ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ОТАНСҮЙГІШТІК СЕЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ –ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ




    1. Педагогикалық теорияда студент-жастардың отансүйгіштік

тәрбиесі мәселесі

Еліміздің презіденті Н. Ә. Назарбаев « Қазақстанның болашағы- қоғам-ның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде «Әрбір адам біздің мемлекетімізге,


Соның бай да даңқты тарихын, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс - қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдың проблемалары да, келешегіде, барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс .... Әрбір адам бала кезінен Қазақстан-менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойда бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн» - деген болатын [4].
Қазақстанның тәуелсіздік алып, егеменді ел ретінде жаңа даму жолына түсуі қоғамның жалпыадамзаттық құндылыққа бағдарлаған жаңа идеологиясын қалыптастыруды қажет етеді. Бұған патриотизмді де жатқызуға болады.
Патриотизм – жаңа түсінік емес, ол-қоғамдық сана нысандарының бірі, бұл тарихи және таптық санат қоғам дамуымен бірге дамып, жаңа мазмұнмен толығып отырады.
Ғылыми әдебиеттерге жасаған талдау «патриотизм» ұғымына көптеген анықтамалар берілгендігін айғақтайды. Келтірілген анықтамалар адамгершілік қасиет ретінде патриотизмнің мәнін неғұрлым дәл ой елегінен
өткізуге мүмкіндік береді. Мәселен, философиялық түсіндірмеде «патриотизм мазмұны – Отанға сүйіспеншілік, оған шынайы берілгендік, оның өткені мен бүгінгісі үшін мақтаныш, Отан мүдделерін қорғауға ұмтылу болып табылатын адамгершілік және саяси принцип, әлеуметтік сезім» делінсе, лексикалық мағынада- патриотизм «Отанға сүйіспеншілікті, өз Отанына, өз халқына берілгендікті» білдіреді [5,417]. Ұлттық энциклопедиялық сөздікте патриотизм – адамның Отанына, тұған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезім деп қарастырылады [6, 130].
Патриотизм ұғымы азаматтардың қоғамдық өмірдің саяси құрылымына және басқа да компоненттеріне деген идеологиялық қарым-қатынасын білдіреді. Әрбір адам осы бір жоғары да ізгілікті сезімді әр түрлі түсінетіні белгілі: бірі бұл ұғымды өз отбасы, істеп жүрген жұмысы, туып-өскен және мекен ететін жерімен астастыраса, ал екіншісі үшін бұл мемлекет, ел, қоғам, қоршаған ортаны тұтасымен қамтитын аса кең мағыналы ұғым.
Патриотизм, жалпы алғанда ұлттық мәдениеттің, ал жекелей алып қарағанда саяси мәдениеттің элементі болып табылады. Патриотизмнің
мазмұнына мыналарды жатқызған жөн: адамның өзі туып - өскен жеріне сүйіспеншілік сезімі; ана тіліне құрметпен қарау; Отан мүдделеріне қамқорлық жасау; азаматтық сезімдердің көрініс беруі және Отанға адалдықты сақтау, оның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғау; әлеуметтік
және мәдени жетістіктерге деген мақтаныш; Отанның тарихи өткеніне және одан қалған мұраларға, дәстүрлерге құрметпен қарау; өз еңбегін, күш-жігері мен қабілеттерін Отанның гүлденуіне арнауға ұмтылу [7;8;9;10;11].
Патриотизмнің мәні туралы сөз еткенде, патриотизм идеялары бағзы замандардан-ақ қалыптасқанын және бұл прогресшіл идеяларды игерудің патриоттық тәрбиеде маңызды мәні бар екенін атап өткен жөн.
Патриотизм идеясының дамуы, ең алдымен, Аристотель, Платон, Цицерон, Әл-Фараби, Ж. Баласағұн секілді ежелгі ойшылардың есімімен байланысты. Олар патриоттық сана-сезімдегі басты мәселе Отанға деген
көзқарас, өйткені Отан ең алдымен саяси ортаны, құқықтық қатынастарымен байланысты адамдардың бірігуін және мемлекетті қамтиды, деп есептеді [12;13].
Біздің зерттеуіміздің контекстінде тәрбиенің психологиялық нысаны тұлғаның ой сферасы болып табылатынын атап өткен жөн, бір жағынан ол оқу мен тәрбие процессі арасындағы интеграцияны айқын аңдауға, екінші жағынан-тұлғамен тиімді тәрбие жұмысына ықпал ететін әдістемелік ұстанымдар, формалар тәсіл-амалдардың негізгі белгілерін сипаттауға мүмкіндік береді.
Қазіргі заманғы педагогикалық ғылымда, адамзаттың дамуы туралы педагогикалық ойдың көптеген ғасырлық іргетасымен қаланған «тәрбие» категориясы туралы өте белгілі көзқарас қалыптасты.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдары ғалымдар, В.А. Сухомлинский, А.С. Макаренко, А.В. Луначарский, т.б. ғалымдар «жаңа адам», «үйлесімді дамыған тұлға» проблемасы мен тәжірибесін оқып зерттеді. А.С. Макаренко тұлғаның ұжымдағы тәрбиесі теориясын жасап, іс жүзіне асырды. Осы айтылған жөнінде ол «Ұжымды тұлға эгоизмі мен жанасатын барлық нүктелерінде қорғай отырып, ұжым мұнымен әрбір тұлғаны да қорғайды және оның дамуына ең қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді ... Ұжымның талаптары тәрбиелеуші болып табылады ... талапқа қатысушыларға қатысты... тұлға тәрбиелік әсер нысаны емес, оның иеленуші – субъекті, бірақ ол бүкіл ұжымның мүддесін білдіре отырып, субъект болады», - дейді. Тәрбиелік процесстің мәні туралы айтқанда «... тәрбие мәселесін, тәрбие әдістерін сабақ берумен шектеуге болмайды,-дейді. А.С. Макаренко – « ... тәрбие процессі тек сыныпта ғана өтпейді, ол жер бетінің әрбір шаршы метрінде жасалады» [14, 131-132].
В.А. Сухомлинскийдің тәрбие концепциясында тұлғамен жеке жұмысты тереңдету қажеттілігін үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыратын айтылады. «Тәрбие» - деп көрсетеді В.А. Сухомлинский – «бұл тәрбиеленушілердің де, тәрбиелеушілердің де тұрақты рухани баюы мен
жаңаруының, көп қырлы процессі» [15, 71].
Тәрбиеге кешенді қарауды А.В. Луначарский тұлғаның жан-жақты даму қажеттілігіне негіздеді, «... адам – үш өзара аралас, бірақ ... бөлек көзқарастар тұрғысынан қарастырыла алады. Бір жағынан бұл ақыл, ол фактілер мен идеяларды сіңіріп, адам неге ұмтылатынын және неден қашатынын көрсетеді: бұл сезім, ой тудырып фактілер мен идеяларды меңгертуші,
адамда ынталандыратын және оның жүріс-тұрысын анықтайтын бағыттаушы күші; сонан соң техника яғни, білгірлік, білім мен сезімдер басшылыққа алып белгілі нәтижелерге жету. Тәрбие жұмысы барлық жағынан жүреді. Ол идеялы - теориялық техникалық оқытудан және тәрбиелеуден тұрады »
[16, 14].
Қазіргі заманда жоғарыда аталған ғалымдардың тәжірибесі мына педагогтар мен психологтардың: П.П.Блонский, Л.С.Выготский, С.А. Рубинштейн, Н.И. Болдырев, А.А. Леонтьев, К.Д. Ушинский, П.Ф. Каптерев, Б.Т.Лихачев, Ю.К.Бабанский, В.А. Сластенин, А.В. Мудрик, И.Ф. Мищенко, Е.Н. Шиянов, Л.Д. Столяренко, А.А. Реан, Н.В. Бордовская, Н.В. Басова, Н.И. Рожков, С.С. Селиванов, Л.В. Байбородова т.б. еңбектерінде ғылыми өз жолын тапты.
Тәрбие қоғам мүддесі және оның даму деңгейіне сәйкес жүзеге асырылды, басқаша айтқанда, тәрбие бұл жеткіншек ұрпақты өмірге дайындау, балалар мен жастарды және ересектерді өмір сүру жағдайларына бейімдеу мен осы жағдайларды жетілдіру. Бұл жөнінде В.С.Селиванов былай деп атап көрсетеді: «Тәрбие ... табиғаты жағынан әлеуметтік құбылыс болып табылады, оған барлық әлеуметтік – экономикалық және саяси құрылымдар қамтылған: тәрбие өмір үшін, оны жалғастыру үшін үйымдастырылады, ал өмір педагогтандырылады» [17].
П.П.Блонскийдің ойынша «Тәрбиелену дегеніміз- өзін-өзі анықтау, жаңа адам өмірдің болашақ жасаушысын тәрбиелеуде оның өзін тәрбиелеуін ұйымдастыру » [18, 21]. Ал Н.И.Болдыревтің пікірі бойынша «Тәрбие - бұл бүтін бір процесс. Адам мақсатты тұлға ретінде тәрбиеленеді. Әуелі музыкалық қабілеттерді қалыптастырып, сонан соң еңбекке үйретуге; әуелі эстетикалық тәрбиемен айналысып, сонан соң дене тәрбиесіне өтуге болмайды. Мұның бәрі бір мезгілде жасалады. Тұлға бөлшектеніп емес, бүтіндей дамиды» [19, 110].
Бізге В.С. Селивановтың мынадай пікірі ұнайды: «Тәрбие тұлғаны мақсатты дамытуға бағытталған процесс, ол кең әлеуметтік түрде тәрбиеленушінің өзінің қатысуымен барлық тұлғалық қасиеттері мен қабілеттерін дамытуға бағытталған, әртүрлі әрекеттерде жүзеге асырылады» [17, 23].
Солай болса «Тәрбие» түсінігі педагогика категорияларының негізгілерінің бірі екендігі жалпыға белгілі, ал ол оның барлық ғылыми мәнін бір жүйеге, нақты жағдайда тәрбие жүйесіне біріктіреді. «Тәрбие» - қоғамдық өмірге және өндірістік еңбекке дайындау мақсатында жаңа ұрпақтық қоғамдық тарихи тәжірибиені игеруі үшін әлеуметтік мақсатқа бағытталған жағдайлар жасау,-дейді Л.Д. Столяренко [20, 211].
Сонымен педагогика ғылымында осы ұғымның белгілі анықтамасы құрылды, кең әлеуметтік мағынада, қоғамның әсер күшімен тұлғаның мақсатты қалыптасуын білдіреді, ал тар ұғымда-тұлға қасиеттерінің көзқарастарының сенімдерінің қалыптасуына ықпал етуші мақсатты іс-әрекеттер нақты осы жағдайда тұлғаның патриоттық сезімдерін тәрбиелеу көптеген ғылымдардың пікірі бір тәрбие екі аспектіде көрініс тапқан: теориялық және тәжірибиелік. Осы феномен, ғылыми-педагогикалық зерттеу құралы болып табылады, яғни теориялық ғылым, пркатикалық іс-әрекеті де, оны жүзеге асыру талабы, тиісті тәрбиелік ебдейлікті және өнер есебінде, педагогикалықшеберлік дағдыларын игеруді талап етеді.
Жеке адам тұлғасы көптеген факторлардың әсерімен қалыптасып, дамитыны белгілі: объективті жіне субъективті, табиғи және қоғамдық, ішкі және сыртқы, адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз және тәуелді, стихиялы түрде немесе белгілі мақсаттарға сәйкес әрекеттегі, бұл кезде адам тұлғасы өз дамуында субъект ретінде қабылданады.
Осы тұрғыдан алғанда Л.Д.Столяренконың мына пікірін айта кеткен жөн: «Педагогика – бұл тәрбие, білім және оқытудың өзін-өзі тәрбиелеу, білім алу және өз бетінше оқудың өзара байланыс процессі кезінде туындайтын тәрбиелік қатынастар туралы ғылым» [20, 105]. Демек, автордың пікірі бойынша, педагогика, тәрбие мәнін, оның заңдылықтарын, даму тенденциялары мен перспективаларын зерттейді, тәрбиенің теориялары мен технологияларын жасайды, оның ұстанымдарын, мазмұнын, формалары мен әдістерін анықтайды.
«Тұлғаның қалыптасу процессі ретінде тәрбиенің мәні»,-деп көрсетеді В.С.Селиванов,- « Тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара әрекеттері, оның барысында тәрбиеленуші тұлғасы өзгереді» [17, 26]. Басқаша айтқанда, тәрбиені тұлғаның дамуы, жетілуі деп анықтауға болады, ал оның нәтижесі тәрбиеленушінің ішкі рухани дүниесінің іс-әрекеті.
Тәрбие процессі диалектикалы және үздіксіз дамуда, динамикада, қозғалыста, өзгерте білінеді,- деп көрсетеді И.П. Подласый – « тәрбиенің міндеті – тұлғаның қалаптасуын дұрыс жолға қою терең білім негізінде тәрбиеленушілердің қозғаушы күштерін, мүдделерін, қажеттіліктерін, өмірлік жоспарлары мен құнды бағыттылығын табу[21, 115].
Жоғарыда айтылған пікірлер негізінде айта кететін нәрсе, ғалымдар В.А. Сластениннің, А.И. Исаевтың, И.Ф. Мищенконың, Е.Н. Шияновтың, М.И. Рожковтың, А.И. Байбородованың да «Тәрбие» ұғымында дуализм бар деген пікірлері бір жерден шығады, яғни екі жақты сипат алады[22;23].Кең мағынада ол қоғамдық құбылыс ретінде айтылды және іс жүзінде социализациялаумен теңестіріледі, ал тар мағынада-педагогтық білім беру жағдайында, білім беру мақсатын жүзеге асыру жөніндегі педагогтар мен тәрбиеленушілердің арнайы ұйымдастырылған қызметі нақты жағдайда ол тәрбие жұмысы деп көзқарасымыз бойынша ғалымдар С.А. Смирнов, Б.И. Котова, Е.Н. Шиянов беретін сияқты: «Тәрбие» мақсатқа бағытталған ықпалды процесс, оның мақсаты баланың өмір үшін қажет қоғамдығы әлеуметтік тәжірибені және қоғамның қабылдайтын құндылықтар жүйесінің қалыптасуын игеруі [23, 211].
Жоғарыда айтылғандарды түйіндей келе, «Тәрбие» - бұл әлеуметтік құбылыс, ал қоғам дамитындықтан тәрбие де дамушы құбылыс,-деп атап өтуге болады. «Тәрбие» - деп көрсетеді С.А. Смирнов «бірқатар ерекшеліктері бар салыстырмалы өздігінше жүретін процесс»: біріншіден, тәрбие мақсаттты бағыттағы процесс, онда негізгі жол көрсетуші болып қоғамдық бағыт қызмет етеді; екіншіден, көп факторлы. Тұлға көптеген түрлі сипатты әсерлерге ұшырайды және тек оң ғана емес теріс тәжірибені де жинайды;
соңғысы, түзетуді талап етеді. Тәрбие нәтижелерінің көп мағыналық эффекті көп факторлықты айқындайды; үшіншіден, педаготың және оның тұлғасы тәрбиелеудегі рөлі мен педагогикалық шеберлігі; төртіншіден, тәрбие бір мезетте нәтиже бермейді; бесіншіден, үздіксіздігі [23, 214].
Бүтіндей алғанда ғылыми-педагогикалық әдебиеттің сараптамасы бізге тәрбие процесінің құрылымындағы белгілі градициялардың барын нақтылауға мүмкіндік береді. Олар негізгі элементтердің өзара байланысынан тұрады: мақсаттар мен мазмұннан; әдістер мен құралдардан; жеткен нәтижелерді бағалаудан; бағыттарды жіктеуден; ой, сана, еңбек, күш; жалпы білім беру мекемелерінде; азаматтық, саяси, интернациональдық, сапалы, эстетикалық, еңбектік, экономикалық, экологиялық; институттық белгілері бойынша; отбасылық, мектептік, мектептен тыс, діни; мектептен тыс: балалар, жасөспірімдер ұйымдары; мамандандырылған мектептер; қатынастар типі – авториторлық, демократиялық, либералды, еркін; концепциялы философиялық бағыттар; прагметикалық, аксиологиялық, ұжымдық, индивидті (жеке); этаптылығы (сатылығы); «эмоциялық жол (бағдар) – ебдігейлік елесті қалыптастыру және әдеттерге шығару – түсінікті игеру және қоғамдық тәртіп тәжірибиесін ұйымдастыру – көзқарасты қалыптастыру мен қоғам туралы ғылым негіздерін игеру». Деңгейлер: «әлеуметтік, институттық, әлеуметті-психологиялық, тұлға-аралық, интерперсональды». Тәрбиелеу жұмысы білім беру мекемелерінде жеке адамдардың арасындағы қарым-қатынастар мен шыдамдылықтың күшеюіне, сонымен қатар этникалық, әлеуметтік, мәдени, діндік және тілдік топтардың, ұлттардың өзара түсінушілікті жақсартуға септігін тигізуі қажет. Өзара түсінушілікке деген жол тек білім арқылы ғана емес, сезімдер мен әдемілікті көруге құштарлық арқылы да өтеді.
Сонымен, «Тәрбие» ұғымына қатысты ғылыми жұмыстардың талдауы, бізге мынадай тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Оның анықтамасының негізінде ғалымдардың позицияларының бір пікірлерінде қоғамның мақсатты әрекеті, өз бетінше өмір сүруге және өмірдің қазіргі заманғы бәсекелі жағдайларында, жан-жақты әрекет етуге дайын дамыған адамды қалыптастыру нақты осы тұрғыдан біздің ойымызша «Патриотизм» феноменіне көңіл аудару қажет. Өйткені, сындарлы кезеңде, қазіргі заманғы педагогика тұрғысынан оның көкейкестілігін ойдан өткізу аса маңызды.
«Патриотизм рухындағы халықтар достығының діни шыдамдылығындағы тәрбие» атты мақаласында п. ғ. д., профессор
Р.Д. Никандров айтқаны: « Тәуелсіз Ресейдің алғашқы жылдары патриотизм кенеттен национализмге, тіпті фашизммен теңдес ұрысқақ сөз болып қалды. Бұл сол кезде мектепте тәрбиелеу керек емес, тек оқыту керек, тәрбие – бұл тұлғаны зорлау ... деген мезгіл». Мұндай түсініктің пайда болуы коммунистік тәрбие, советтік патриотизмде. Көпшілік қауым неғұрлым тезірек, бар бүкіл ескі дүниені түбіріне дейін бұзып, оның үстіне жаңаны орнатқысы келеді дей отырып, міне енді 10 жыл бойы Ресей тәуелсіз мемлекет болып дамуда, осы жылдарда шаруашылық күштің 60 % жоғалттық, білім беру мақсатында
тәрбиені жойдық, балалар мен жасөспірімдер ұйымдарын бұздық ... тек енді ғана қайтадан кемсітпей дұрыс мағынада патриотизм туралы айтудамыз, - дейді автор [24].
Келісесіздер ғой, осы мәселелер біздің Қазақстанда да бар. Ұлттық білім беруді жаңарту, жоғары оқу орындарының оқу процесіне міндетті және білім стандарттарын енгізу, сонымен қатар он екі жылдық мектепте білім беруді енгізу, ғылымның өзінде пісіп жетілген инновациялық түбірлі өзгерістер, қазақстандық патриотизмнің қалыптасуы мен дамуы приориеті, өзіне ғылыми мағына беруді талап етуде.
Бірнеше жүздеген жылдар бойы «патриотизм» ұғымы, әртүрлі өзгерістерге ұшырап, халыққа қымзет етуде патриоттық сезімдердің жоғарғы көрінісін тудыратын, әр қоғамның алдыңғы қатарлы өкілдері ұсынған идеялармен байытылды.
В.И. Дальдің сөздігінде «патриот» сөзі қоғамды сүюші, отансүйгіш, отаншыл дегенді білдіреді [25]. Патриотизм тұлғаның қасиеті, өзінің Отанына деген сүйіспеншілігі мен қызмет етуге дайындағымен көрінеді. Қазақ – халқы рухани зор байлықтың мұрагері. Ежелгі ата – бабаларымыздың күмбірлеген күміс күйі, сыбызғы – сырнайының үні, асқақтата салған әсем әні, ғашықтық жырлары, шешендік сөз, айтыс өлеңдері мен қастандық үшін жері мен елін қорғаған батыр бабаларымыз туралы тарихи дастандары ғасырлар бойы өз ұрпағын өнегелі де, өнерлі адамгершілік ар – ожданы жоғары намысқой азамат етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық. Олай болса тәуелсіздік туы желбіреген егеменді еліміздің болашақ патриот ұрпағын тәрбиелеуде оқушылардың бойына ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін, жерін, отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерді қаны мен жанына сіңіруде осы ата-бабамыздың салт-дәстүрін негізге ұстансақ, өте ұғымды болар еді [26;27;28;29].
Туған жерге деген ыстық сезім, Отанға деген құрмет пен қадыр-қасиет тұтуды дала ойшылдары Қорқыт ата, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмуд Қашғари т.б. айтып өткен болатын.
Ықылым заманнан бізге жеткен «Қорқыт ата кітабында» тәлімдік мәні күшті, қанатты сөздер мен ұстаздық ұлағаттар көптен кездеседі. Мысалы: «Қолына өткір қылыш алып, соны жұмсай білмеген қорқаққа қылыш сермеп, күшіңді сарп етпе Батыр болып туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі. Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан
жаралып, ана құрсағында шырланып тумағаны жақсы. Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді. Өтірік өрге баспайды, өтірікші болғаннан жарық көріп, өмір сүрмеген көп артық»,- деген екен [30, 71 ].
Әл-Фараби өзінің «Азаматтық саясат», «Поэзия өнері туралы», «Бақытқа жол сілтеу», «Риторика», «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері» атты трактаттарында этикалық, эстетикалық мәселелермен бірге көркемдік, сұлулық, мейірбандық, білім категорияларының бетін ашып, олардың негізін дәлелдеп берген. Сонымен бірге Әл-Фарабидің Отанына деген сүйіспеншілігін сағынышын мына бір өлеңінен байқаймыз.
Өткенім жоқ, елім сенен, Атақ, бақыт, тақ іздеп,
Шықтым жалғыз, жұртым шалғай, Ғылым атты шам іздеп,
Ақтадым мен ақ сүтіңді, Келгенімше шамамның,
Ассам дағы сексен жастан. Сәбиіңмін балаңмын...
Айналайын, атам қыпшақ. Туған жерді сағындым.
Өз атыңа құрметіңе. Қайда жүрсем табындым ! [31, 82 ].
М.Қашғаридің – «Отан дәстүр мен ұлттық мәдениеттен тұрады. Отаннан күдерүзу болғанмен, дәстүр салтты аттап кетуге жол жоқ» -деген мақалы ұлттық дәстүр мен ұлттық мәдениетті аңғартады [32, 67 ].
Жонғар шапқыншылығы кезендегі халықтың береке бірлігін, ат жалын тартып мінуге жарайтын қазақ баласының қасиетті борышы - өз Отанын жаудан қорғау екендігін Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар жырау, Шал ақынның өлең – жырларынан көре аламыз [33; 34; 35].
Бұқар жырау: Ер жігітке жарасар,
Қолына алған найзасы,
Би жігітке жарасар,
Халқына тиген пайдасы,- деген екен [35, 81].
Қазақ даласының айбынды ақындарының бірі Махамбет қазақ шаруаларын бостандық үшін күреске шақырып, қара халықты бақытқа жеткізуді өмір бойы армандап кеткен. Ол өзінің үзеңгілес серігі Исатай мен халықтың ерлігі, олардың адамгершілік қасиеттерін жыр етеді.
Осы жобада әдебиеттердің ғылыми теориялық талдауы мынаны көрсетеді, бұл мәселенің түрлі аспектілері Аристотельдің, Платонның, Цицеронның, ХVІІІ ғ. француз материалистерінің, неміс философтарының, орыс революционер – демократтарының сонымен қатар өз халқына, ұлтына деген сезімді қазақ ағартушылары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиевтің т.б. еңбектерінде зерттелген.
«Қазақтар патриотизмі» дегеніміз Мұстафа Шоқайұлының айтуынша өз еліне, осы жердің негізгі қожасы, елді – мемлекет құраушы қазақ халқына сүйіспеншілік жолына қолда барын, өмірін аямайтын адам [37]. Ал осындай адамдарды тәрбиелеу – қазіргі кезеңнің, әсіресе әрісін айтпағанда берісі 2030 жылдың төңірегіндегі тәлім – тәрбие саласында қызмет істеп жүргендердің ардақты борышы, міндеті болуы керек.
Ш.Уалиханов патриотизм халықты ағарту ісі жолындағы жалынды
күресінен көрінеді: «Европаның жалпы адамзаттық ағарту ісін игеруі, оның осы мақсатқа жету үшін белсенді күресі, даму мен мәдениетке қабілетті кез-келген халықтың түпкі мақсаты, тек шынайы білім ғана күмәннен қорғаушы рухы, тек сол ғана адамды өмір мен жақсы тұрмыс жағдайды бағалауға үйретеді, дегенмен халықтың қалыпты өсіп дамуы үшін ең алдымен еркіндік және білім қажет...», - дей келе «Менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай мен ең алдымен отбасымды, туған туыстарымды қадірлеймін», - деген екен [38, 214 ].
Ал қазақтың ақыны ағартушы, философ А.Құнанбаев еңбектерін зерделеп қарайтын болсақ жастарды ерлікке, патриотизмге баулап, намысын, ар -ожданын, адамгершілік қасиеттерін тудыратын жыр жолдарын кездестіреміз [39; 40]. Оның «Адамзаттың бәрін сүй бауырым», - деген сөзі барша жұртты жауласу, күш көрсету дегенді білместен тек тату – тәтті өмір сүруге шақырады. Жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу туралы және қазақ халқының гуманистік мұраттарын «Сөздер кітабы» еңбегінде адамгершілік туралы көзқарастарын білдірген. Ол өз заманы үшін прогрессивті адамгершілік этикасы идеяларын ұсынды: адамгершілік ұстанымдардың қалыптасуы және мінез-құлықтың адамгершілік нормалары: «Орта, дәуірі» адамзаттық заңнама және адамдардың өмір тіршілігі адамгершіліктің жалпы алғы шарттарының көзі: «Адамды заман қалыптастырады және егер де адамгершілігі болмаса, онда оған замандастары кінәлі», - деп атап көрсеткен [40, 66].
Ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин адамгершілік тәрбиенің негізгі қасиеттеріне патриотизм, гуманизм, адалдық, еңбек сүйгіштік, қарапайымдылық, әделеттілік жатқызады [41]. «Патриотизм және гуманизм – адамгершілігі мол адамның маңызды белгілері», - деп «Қырғыз хрестоматиясы» еңбегінде атап өткен [42, 122]. Соған қоса Ш. Құдайбердиевтің пікірі: адамгершілік адамның мейрімділік, ұят, ар, еңбек сүйгіш, адамды тұлға ретінде бағалай білу, терең сыйластық секілді гумандық сезімдерінен көреді [43, 81 ].
Жоғарыда аталған қазақ ағартушыларының ілімдері мен әрекеттерінде патриоттық сезім дегеніміз – Отанын, өз елін сүю, Отан үшін күресу, еңбек ету. Өсіп келе жатқан ұрпақты ұлттық тәрбиелеу патриотизммен азаматтықтың қалыптасуымен тығыз байланысты. Ғалымдардың көрсетуінше, біздің елімізде қазіргі заманғы шарттарда адамға қазақстандық мәдениеттің, өнер мен білімнің тәрбиелік әсері төмендеп отыр. Қоғамның санасында дәстүрлі патриоттық сезімнің жоғалуы, ал керісінше шыдамсыздық, өзімшілдік, жекелік, ашуланшақтық, мемлекетке деген оның рәсімдеріне және әлеуметтік институттарға деген сыйламаушылық пайда болуы байқалып отыр, әскери және мемлекеттік қызметтердің (престижность) төмендеп отыр. Елімізде азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеу жүйесінің жаңа түрін қалыптастыру мен дамыту қажеттілігі туды. Ол жүйе әлеуметтік мағыналы байлықтарды қалыптастыруға және барлық дәрежелі мемлекеттік органдардың, ғылыми және білім беру мекемелерінің қызметтерін біріктіруге бағытталған.
Біздің ғылыми жұмысымыздың контекстінде «Патриотизм» ұғымы
А.С. Макаренконың, А.В. Луначарскийдің, В.А. Сухомлинскийдің, С.Т. Щацкиидің, А.А. Данилов, Н.И. Скаткин, И.Я. Лерне, Ю.К. Бабанский, В.И. Харламов, Ю.П. Азаров, В.С.Селивановтың және қазақстандық ғалымдар Б.Қ.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев, Ә.А.Қалыбекова, М.С. Жүнісов, А.Г. Бижанов, У. Қасенов, М.М. Скибицкий, И.П. Камарин, А. Бектуров, А. Бейсенбаев, Л. Сейдахметова, Ә. Жұмаханов, Б. Мұзаппарова, А. Құсайынов, П. Жаманқұл т.б. ғылыми еңбектерінде өз көрінісін тапты.
Оның методологиялық негізі – жаңа қоғам құрушыларды тәрбиелеудегі педагогика классиктерінің ілімінде, олар патриотизм мен интернационализмнің тарихи сипатын, мәнін, мағынасын ғылыми негіздеп, нағыз патриотизмнің тамыры олардың деалектикалық бірлігінде екенін
дәлелдеді [44; 45; 46; 47].
Сол себепті материалистердің ойынша «Патриотизм» ғасырлар және мыңдаған жылдар бойы бекіген ең бір терең сезімдерінің бірі... патриотизм әртүрлі класстардың мүддесі, олардың нақты ойы қоғамға деген қатынасын білдереді», - дейді [48, 111].
Біз «патриотизм», «Кеңестік патриотизм» ұғымдарының анықтамасын ҮСЭ, философиялық, педагогикалық сөздіктерде «Патриотизм ... адамгершілік және саяси ұстаным, әлеуметтік сезім, оның мазмұны Отанға деген сүйіспеншілік, оның өткені мен қазіргісіне мақтаныш, Отанның барын қорғауға ұмтылу сезімі болып табылады» [49, 335]. «Патриотизм (грек тілінен patriots- отандас, patrio-отан) Отанды сүю, оған берілгендік іс-әрекеттерімен қызмет етуге ұмтылу». «Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік сезімі, оның мүддесі үшін қызмет ету. Нағыз патриотизм отанды жәй ғана сүю сезімі емес, Отан тағдыры үшін жоғары саналы азаматтық жауапкершілік» екенін оқимыз [50, 86].
Қазан революциясы тарихынан біздің білетініміз, патриотизмның жаңа түрі – кеңестік патриотизммен байланысты туды. Материалистер патриотизмнің мәніне анықтама беріп, теориялық жағына негіздеді: ол қоғамдық саяси және өнегелі құбылыс, әлеуметтік ортамен және тәрбиемен егіледі, париотизм қоғам дамуының әлеуметтік – экономикалық және саяси жағдайларының өнімі болып табылады. Сонымен «патриотизм» феноменінің социализм дәуірінде социалистікке айналғанын айту керек, сонымен қоса, кеңесті патриотизм социалистік Отанды сүю, барлық ұлттардың еңбекшілеріне деген құрметті бейбіт өмір жолындағы күресті білдіреді.
Бүтіндей алғанда, социализм патриотизмнің жаңа түрін туғызды, ол интернационализммен қосылған қоғамдық табиғи қатынас. Социалистік патриотизм – пролетарлық интернационализмнің жоғарғы көрінісі, олар өз дамуында өзара байланысқан. К.Маркс пен В.И.Ленин тарихтың даму логикасы тұрғысынан адамзат дамуының бір деңгейінен екіншісіне, неғұрлым жетілген жоғарғысына өтуі әлеуметтік – экономикалық тұрғыдан – бұл объективті заң, - дей, Д.Ф.Злобин соған сәйкес «деңгейлердің ауысуы өтпелі, әрбір жаңасы ескінің негізінде туады», - дейді [51].
Бұл позициядан лағанда, қазақстандық патриотизмнің қалыптасуы заңды құбылыс, ол тәуелсіз Қазақстанның идеялогиясы мен мемлекеттік саясатының жаңа парадигмаларын ендіру мен бекітуге негізделеді. Сол себепті «Қазақстандық патриотизм» дегеніміз кеңестік патриотизм мен интернационализм негізінде өсіп шыққан, оған азаматтық сезімді қосқан, жаңа қоғамның адамгершілігі саналы тұлғаның рухани тірегі болып табылатын ұғым деп түсінеміз.
Зерттеушілер А. Бижановтың, пікірінше «Қазақстандық патриотизм» негіздері болып табылатындар: «Қазақстан халықтарын құрайтын этностарының тарихи тағдырының жалпылылығы, қазақстандықтардың менталитетіндегі жалпы белгілер, олардың республиканың экономикалық потенциалын құруға қосқаны, табиғи ортаның ортақтылығы» [52]. Авторлардың ой-пікірі бойынша, бұл негіздердің потенциалы бүкіл халықты мемлекетпен теңестіру жолындағы әрекетіне Қазақстанның бүтіндігін сақтау мен нығайтуға ұмтылу, оның экономикалық қуатына, халықаралық абыройы мен әсерін нығайтуға ықпал жасауында.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халықтарының ассамблеясында ІІІ сессиясында Мемлекетаралық интеграцияның тереңдету, тәуелсіздікті нығайту, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру туралы сөйлеген сөзінде атап өткені: «Біз бүгін кез-келген диалогқа дайынбыз құрылып кейбір мемлекеттік шенеуніктер секілді мен жаңа қоғамда құрылып жатқан, жаңа саяси қозғалыстардан қорықпаймын. Егер осы бағыт шын мәнінде, біздің болашақ қоғамның дамуында бағытталған болса, онда ол әдеттегі процесс болып табылады. Біздің интелегенцияның халықты, Отанды сүюге, оны қадірлеу, құрметтеу жолына, ұлттық патриотизмді көтеруге бағыттайтын кез келді» [53].
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында, «Ең маңыздысы - өз-өзіңді тану, жас ұрпақты Отанға деген шынайы сезімге тәрбиелеу, жалпы адамзаттық құндылық – демократияландыру мен тәуелсіздік әкелген бостандық, едәуір дәрежеде тұлғаның құқықтары мен бостандығын көтеріп, бір құнды бағытқа біріктірді ол еркіндік пен жауапкершілік» [54].
Тұғаның азаматтық жауапкершілік сезімі рухында, Қазақстандық патриотизмнің дамуына көңіл бөле отырып өзінің «ХХІ ғасыр табалдырығында» атты еңбегінде Н.Ә. Назарбаев былай дейді: «Егер әр адам бала кезінен Қазақстан менің Отаным, ол мен үшін жауапты, мен ол үшін жауаптымын», ол идеяны жүзеге асырысамын-деп өссе [54, 95]
Сол себепті біздің елімізде өткен кеңес дәуірінен қалған бірқатар ұғымдарды қосып демократиялық нормативтердің енгізгенін атағанымыз өте маңызды. Өткен рухани дәстүрлер жаңа арнамен дами бастады. Сонымен бірге әлемдік нарық экономикасының теориясы және оны Қазақстан экономикасына енгізу тәжірибиесі, біздің қоғамның дамуына әсіресе білім мен тәрбие саласына өзіндік түзетулерін әкеледі.
Ол білім беру саласындағы ұлттық саясат, өзінің позитивті жеңістерін қосты, «білім кеңестігін сақтауға және оған әлемдік тенденцияларды ескере ілгері жылжуға мүмкіндік береді» - деп көрсетеді зерттеушілер Ш.Т. Таубаева, С.Н. Лактионова [55, 7]. Мұнда патриотизм тәрбиесінің мәселелері біздің пікірімізше жаңа ғылыми оқылым табуда.
Осы зерттеу контекстінде Л.Байсеркеев «қазақстандық патриотизмның қалыптасуы аса маңызды әлеуметтік педагогикалық міндет, оны біздің көп ұлтты қоғам шешеді», - дей, Қазақстан халқы өзіне лайық ересек ұрпақтың патриоттық сезімдерін сәтті жалғастыруға, қоғам байлығын көбейтуге, ғылымды, көп ұлттық мәдениетті және өзара қарым-қатынас дәстүрлерін дамытуға қабілетті ұрпаққа құштар. Әрі қарай автор тұлғаның азаматтық жауапкершілігін дамыту туралы ойын көрсете отырып былай дейді: «өзіңді тәуелсіз қоғамның азаматты сезіну үшін, аса өнегелі азаматтық, патриоттық
және интернационалдық тұрғында дамыған балаларда, жеткіншектерде патриоттық сезімдердің қалыптасуына ар-намыс , ұят, абырой, азаматтық борыш, жауапкершілік сезімдерінің, адамгершілік міндет пен жауапкершілік сезімдерінің қалыптасуына ерекше көңіл бөлу керек», - дейді [56, 129].
Ал зерттеуші Г.Р. Айтхожинаның пікірі бойынша «қазақстандық патриотизм жаратылысында патриотизм сезімі, толеранттық және ұлттық келісім жатыр» [57]. Оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру негіздерін зерттеген Е.Утегенов «Қазақстандық патриотизм тәуелсіз Қазақстан мелекетінің азаматтарының... Отанға деген сүйіспеншілігін және Отан қорғаушыларының азаматтық жауапкершілігі арқылы рухани күш – қуатын көтеру мүмкін» [58.].
«Қазақстан патриотизм» негізі жеке тұлғаның оң өнегелі рухани қасиеттері дамуында жатыр, олар адамда жаңа қасиеттерді дамытатын тәрбиелеуші ортада белсенді болады, - деп санайды Д.М.Жусубалиева және т.б. [59, 111].
Зерттеуші Б.Абуова «патриоттық тәрбие жүйесін құруда ұлттық менталитет, ұлттық мәдени құндылықтарға, халықтық тәрбие дәстүрлеріне сүйену керек», - дейді [60, 216].
Сонымен, осы ұғымның сипаттамасы жөніндегі ғылымдардың пікірлерімен келісе отырып біз өз тарапымыздан былай дейміз: «Қазақстандық патриотизм жоғары азаматтық сезім, ол жаңа уақыттың нақтыласақ, жаңа оқушылар ұрпағының тұлға адамгершілігін қалыптастырудың рухани тірегі болып табылады».
«Патриотизм», «Советтік патриотизм», «Қазақстандық патриотизм» ұғымдарының әртүрлі баяндауларының өзара байланысы мен сіңісуі әрекеттік себептерден құрылады, жер бетіндегі бейбітшілік пен тіршілік үшін елді, Отанды қорғау ниеті. «Патриотизм» және «Тәрбие» ұғымдарының интеграциясы мақсатқа бағытталған бір «Патриоттық тәрбие» педагогика ұғымын құрайды. Сол себепті тұлғаны дамытудың маңызды импульсы ретінде «Патриоттық тәрбие» феномені екі бағытта жүзеге асады: жалпы
адамдықта, не болмаса эмоциональды – психологиялық сезімдегі білім беретіні практикалық іс-әрекетте көрінуі және саясатта рациональды – идеялогиялық, мақсатқа бағытталған әлеуметті – педагогикалық ықпал жасау барысында жеткен тәрбие-идеялық жұмыстар нәтижесі. Біздің пікірімізше, тәрбие жүйесіндегі барлық компоненттерінің бірлігін, соның ішінде патриотизмді де айқындайды.
Педагогикалық ғылым мен мектеп тәжірибиесі өскелең ұрпаққа патриоттық және эмоциональдық тәрбие беру теориясы мен әдістемесін дамытуда үлкен үлес қосты. Патриоттық тәрбие проблемасы өзекті және ары қарай зерттеуді талап етеді, өйткені қазіргі кезеңде өскелең ұрпақтың нағыз адамгершілік қасиеттері мен сезімдерін қалыптастыру және дамыту міндеті өте маңызды рөлге ие болып отырғанда, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу приоритеттік бастамасы.
Қазіргі кезеңдегі орасан жылдамдық алған өркендеу заманында жас
ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру мәселесін қазақстандық қоғамның сезіне білуі және өз бетінше өмір сүруге дайындауды ұғынуы, тәрбиені ұйымдастырудың жаңашыл жолдарын жасауға мүмкіндік туғызады. Атап айтқанда, қазіргі нарықтық замандағы бәсекелестік жағдайға бейім, рухани дамыған жеке тұлға тәрбиелеуде қоғамның тапсырыстары мен сұраныстарын қанағаттандыру мәселесі, ауыспалы жағдайда жылдам шешім қабылдай білетін, өз білімін, біліктілігін дұрыс іске асыра алатын, барлық жағдайда, іс-әрекетке даяр болуға, шығармашыл тұлғаның дамуына бағытталған тәрбиелеу мәселесі.
Бұл жерде Н.В. Бордовская, А.А. Реан сынды ғалымдардың азаматтық қасиеттері тәрбиелеуді «отбасы, өзге адамдар, өз халқына, туғаг жеріне, әлемзат тағдырына деген жауапкершілікті қалыптастыру азаматы болып қалыптасу» деп түсінеді [61, 88].
Жоғарыда айтылғандармен келісе отырып, біз жеке тұлғаның осындай қасиеттерін тәрбиелеу, мысалы, әділдік үшін күресе білу, жауапкершілік, ашық айту, ынтымақтастық және т.б. «Патриоттық тәрбие» феноменін қарайтын жеке-әлеуметтік бағытты құндылықтар деп айта аламыз.
Біздің зерттеуімізде келешек ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мәселесі . К.Д. Ушинский, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский, А.В. Луначарский және т.б. ғалымдар еңбектерінде қозғалғанын, өз ойларын айтып, олардың әр қайсысы кеңестік педагогиканың қалыптасуы мен дамуына үлес қосқанын анықтадық.
К.Д. Ушинскийдің ойынша, «халықтыққа негізделген тәрбие келешек ұрпақтық Отан алдындағы борышы сезуге, ұлттық намысы мен өзге халықты сыйлауға бағытталуы керек» [62, 29].
Ал А.С. Макаренко: «егер адамға өз ерлігін көрсете білу жағдайын жасамаса, оның төзімділігін, батылдығын, ұстамдылығын қиыншылықта байқамаса, онда ерлікке тәрбилеу мүмкін емес» - деді [63, 21]. Соған қоса ұлы педагог-ғалым А.В. Луначарскийдің айтқаны: «Азаматтық ойлар, сезімдер, қобалжулар, азаматтық борыш, азаматтық жауапкершілік – адамгершілік сезімінің негізі. Осы қасиеттер қалыптасқан адам ғана, өзін біздің идеяға, біздің қоғамға шын берілген азаматы ретінде көрсете алады деген сөздерін құптай отырып патриоттық сезімді тәрбиелеу мен Отанының болашағына жауапкершілікті сезіну туралы А.В.Луначарский «жауапкершілік пен азаматтықты біртұтас», - деп қарады [16, 66].
В.А. Сухомлинский патриоттық сезім мен моральдық ерік-жігерлік қасие – Отан идеяларын түсіну, оның бүгінгісі мен болашағын ойлау, оған деген сүйіспеншілік, мақтаныш, алғыс сезімі, жауына деген өшпенділік, Отаны үшін жанын беру сезімі арқылы жасөспірім шағында өзін-өзі таниды, өз беделін бекітеді осы арқылы тәрбиеленеді,- деп есептейді [64, 111].
Автордың, «қоршаған әлемнің сұсулығын қабылдамай, сезінбей, Отанға деген сезімді ояту мүмкін емес. Оқушыларға аға ұрпақтың бақытты балалық шаққа қандай қиыншылықпен қол жеткізгені туралы айтпас бұрын, олардың назарын алдымен туған табиғаттың әсемдігіне аудару керек. Кішкентай сәбидің жүрегінде туған жері туралы естелік мәнгі қалады, ұлы
Отанға деген сүйіспеншілік осыдан басталады деген ойлары ерекше көңіл аударады.
Соңғы кездері адамқоғамының дамуының жаңа бағытында патроттық тәрбие мәселесі өзекті және оның адамгершілік негіздерін ғылыми зерттеуді талап етуде. Адамның рухани қалыптасуы мен даму заңдылықтарының түрлі салалары туралы Л.М. Архангельский [65], А.И. Титоренко [66] еңбектерінде, жеке тұлғаның адамгершілігінің құрылымдық бөлшектері, мақсаттары мен міндеттері, көрсеткіштерінің деңгейлері О.С.Богданова [67], Н.И.Болдырев [68], Е.В.Бондаревская [69], Л.Ю.Гордин [70], М.В.Коротов [71], Е.В.Квятковский [72], Б.Т.Лихачев [73], И.С.Марьенко [74], И.Ф.Харламов [75] және т.б. зерттеді.
А.А.Бейсенбаева патриоттық тәрбие мәселесін зерттей келе, «дүниетану көзқарастары, идеялық сенім, рухани тазалық, еңбекқорлық, күш-жігер, психологиялық дайындық патриоттық тәрбиенің құрамдық бөліміне кіре отырып, жеке адамның көзқарасын қалыптастыра отырып оның азаматтық бағытының белсенді негізі болып қалыптасады», - деп анықтама береді [76, 23 ].
Зерттеуші Д.С. Құсайынованың көзқарасы бойынша, «патриотизм» - адамның туа біткен биологиялық қасиеті емес, ол-әлеуметтік, тарихи қалыптасқан Отанға деген сүйіспеншілік сезім, ол Отанға қызмет етуден көрінеді, - деп түсініктеме берілген [77, 31 ].
С. Нүрмұқашева [78] патриоттық тәрбиенің тек әсері астектісін басты нысанаға алған. Оның құрамына, түріне, әдіс-амалдарына тоқталып, 60-80 жылдар аралығындағы әскери-патриоттық тәрбиеге талдау жүргізілген.
С. Иманбаеваның «Оқушыларды ұлттық жауынгерлік дәстүр арқылы ерлікке баулаудың педагогикалық негіздері» атты зерттеу жұмысында [79] ата – бабаларымыздың дәстүрлі бесік жырлары арқылы бала бойындағы ұлттық ерлік сезімді ояту тәлім-тәрбиенің алғашқы шамдарынан бастап, бізге жеткен ақын-жыраулар шығармалары, нақыл сөздері, мақал-мәтелдері, бата-тілектері арқылы оқушылардың бойында елін, жерін сүйетін отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру мүмкіндіктерінің мол екенін дәлелдеген.
Жұмыста қазақ халқының басынан қаншалықты ауыртпалық тауқымет, соғыс зардабын өткерсе де, өздерінің жауынгерлік дәстүрлерін жоғары ұстап, елін, жерін жауға бермей, ұлан-байтақ өлкесін артындағы ұрпағына мәңгі қоныс еткен түркі халқының батыры Күлтегін, Алтын Орда батыры Ер Едігеден, «Ақтабан шұбырынды, алакөл сұлама» заманындағы ерліктің өшпес мұрасы қалдырған Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Хангелді, Көкжал Барақ, Қарабай, Баян, Райымбек сынды ерлердің ерен ерліктері қазақ деген атқа сай екеніне тоқтала келе, оның бүгінгі ұрпақты тәрбиелеуде басты орын алатыны ғылыми – теориялық тұрғыда негізделген. Зерттеу жұмысында әскери әндердің шығу тарихы және олардың тәрбиелік мәнін ашып көрсеткен.
Е.Жұматаеваның диссертациялық жұмысында [80] Қазақстан майдангер жазушыларының шығармалары арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру мәселелерін қарастырған.
Ал, С.Е.Ешімханов [81] Ұлы Отан соғысы жылдарындағы сыныптан тыс уақыттағы тәрбие жұмыстарда оқушыларға патриоттық тәрбие берудегі халқымыздың ерлігінің олардың шыңдалуына, есеюіне үлкен әсер еткендігін ашып көрсетеді. Соғыс жылдарындағы майнандағы және елдегі халқымыздың қаһармандық қасиеттері арқылы бүгінгі ұрпақты тәрбиелеуді алдына мақсат етіп қояды. Аталған еңбекте де пән сабақтары мен сыныптан тыс жүргізілетін шараларды өзара сабақтастыра жүргізгенде жақсы нәтижеге жетуге болатынын байқау жұмыстарының негізінде береді.
Ғылми-зерттеу жұмысы патриоттық – интернационалдық тәрбие мәселесіне арналған ӘЖұмақановтың еңбектерінде тәрбие мәселесін кешенді, тәрбие бағыттарын бір - бірімен ұштастыра отырып жүргізу көзделеді. Патриоттық-интернационалдық тәрбиені адамгершілік, саяси-идеялық тәрбиелермен және пән сабақтарының мазмұнымен байланыстыра
жүргізу қарастырылады. Ғылымның соңғы шыққан еңбегінде аға ұрпақты ерлік және еңбек дәстүрі арқылы жоғары сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін жетілдіру, дамыту мәселесіне айрықша көңіл бөлінген [82].
Патриотизмде өз Отанына, отандастарына деген сүйіспеншілік және сый-құтмет; интернационализмде - өзге ұлттармен ынтымақтастық және оларға деген сый-сияпат идеясының негізі қаланған. «Өз Отанының игілігі үшін белсенді түрде аянбай қызмет етуге кіріскенде, өз Отанының тарихына, мұрасына, халқының салт-дәстүріне сақ болу және ұқыптылықпен қарау; кіші отанын, туған жерін сүйе білуге тәрбиелеу; Отанын қорғауға даярлануға, оның ар-намысын және абыройын нығайтуға, өзге елдермен халықтардың өкілдерімен бауырластық және достық қарым-қатынасты орнатуға және әр түрлі ұлттардың салт-дәстүрі мен мәдениетін оқып білуге тәрбиелеу процесінде патриоттық тәрбие және халықаралық қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуы іске асады», - деп патриоттық тәрбиенің маңыздылығын атап өткен ғалымдардың В.А. Сластениннің [22, 111] пікірлерімен біз еш күмәнсіз келісеміз.
Отансүйгіштікке тәрбиелеудегі ана тілінің маңызын көрсете келіп, С. Қалиев: «патриоттық сезім ана тілін қадірлеуден басталады. Сондықтан,
бұған кеңес мектебінде орысша оқыған ата-аналардың өздерін үйрету керек. Бұл орайда олар әр мектепте ата-аналар лекторийлері мен университеттерін ұйымдастыруды, радио-телехабар редакциялары арқылы ұлттық музыкалық шығармашылығымыз және салт-дәстүрлердің шығу тарихының тәлімдік мәнін ашуға арналған сұхбат-хабар циклдерін үздіксіз беруді ойластыру қажет. Оснда ғана ұлттық тәлім - тәрбие өріс алып, өркен жаяды, патриоттық сезімнің қалыптасуына септігін тигізеді», - деп ұсыным берген.
Сонымен, жоғарыда аталған ғалымдардың ғылыми жұмыстарының талдауы, қазіргі кезді жаңа білім беру парадигмасында патриоттық тәрбие кеңінен түсіндірілуде, деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Мектептердің жаңа типтерінің пайда болуы: гимназиялар, лицейлер, элиттік колледждер, жекеменшік мектептер, рухани жаңару мектебі, білім беру бағыттарына еркін таңдау жасауын қарастыра отырып гуманизм, гуманизация, гуманитаризация қағидасына негізделген білім беру процестері, оқытуға дифференцияланған ықпал жасауын нығайтады. Біздің көзқарасымыз бойынша, жоғарыда айтылғандар білімнің құндылығын бағалап, білім алуға ұмтылатын, сонымен қатар өзінің жоғарғы деңгейдегі мәдениет, азаматтық жауапкершілігін, ерлігін, Отанына деген патриоттық сезімдегі сүйіспеншілігін көрсете білетін жаңа оқушылар буынының қалыптасуына әсер ететіні сөзсіз.
Г.Б. Карнетовтың [83] айтуынша «ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында гуманистік педагогика парадигмасының қалыптасуына және оның көпшілік мектеп тәжірибесіне енуіне барлық қажетті алғы шарттар қалыптасып бітті». Есепке алар болсақ, гуманистік педагогика Ж.Ж. Руссо парадигмасы, И.Г. Песталоцци, Л.Н. Толстой, Я.К. Коменский, В.А. Сухомлинскийдің
еңбектерінде қарастырылған гуманистік педагогика мақсаты, әлеуметік — мәдени ортада өздігінен дамитын және өзін-өзі жетілдіретін, өзін идентификациялауға және өзін-өзі бағалауға қабілетті, еркін ойлайтын, шығармашыл жеке тулғаны толыққанды дамыту. Сондықтан «Гуманизм — тарихи ауыспалы көзқарастар жүйесі Ол адамды жеке тулға ретіне бағалайтын, оның еркіндікке деген қуқығын, бақытын және өзінің қабілеттілігін дамытуға, оны көрсетуге, әлеуметтік институттардьң іс-әрекетінің бағалайтын критерилер адам ігілігі үшін деп саналатынын, теңдік қағидасы, әділдік, адамдар арасындағы қалыпты қарым-қатынасты қалайды» - деп, философияльқ сөздікте қарастырылған. [83, 130].
Қ. Атемованың [84] көзқарасы бойынша «Гуманизм идеалық - құндылық комплекс ретінде барлық жоғарғы құндылықтарды енгізді, яғни адамзаттың ұзақ қарама-кайшы даму жасында өңделген және жалпы адамға тән атауларға ие болған: адамзатты сүю еркіндік және әделдік, жеке тұлғаның ар-намысы, еңбексүйгіштік, теңдік пен бауырластық, ұжымшылдық және интернационализм т.б.» [84. 32].
Біздің зерттеуіміздің мақсатын аньқтай отырып, жоғарыда айтылған қарама-қайшылықтарға қарамастан гуманизмнің маңыздылығы мен құндылығын, тұлғаны адамгершілік және эстетикалық тәрбиелеу негізінде қалыптасатынын атап өтеміз. Сонымен қатар гуманизм инновациялық педагогикалық ойлаудың негізгі элементі бола тұра, баланың жеке тұлғалық құндылығын дамытатын түрлі әдіс-тәсілдерге әсер етеді деп айтуға болады. Білім берудегі және тәрбиелеудегі гуманистік аспект адамның рухани қалыптасуының және дамуының, оның шығармашылық қабілеттерінің ашылуына негізгі факторы болып табылатыны сөзсіз.
Казіргі уақытта гуманистік педагогикалық дәстүр дамудың жаңа этаптарына қол жеткізіп отыра, қазіргі педагогикалық идеялар мен теорияларды енгізген В.Г. Бондарев [85], В.А.Сластенин [86], Е.Н. Шиянов [87], В.А. Сериков [88] т.б. еңбектерінде сипатталған. Бұл мағынада білім беру гуманизациясының мақсаты, жеке тұлғаның өзіндік құндылықтары ұстанымы басым болуын, рухани дүниесін байлыту, қоғам жағынан оған мұқият көңіл аудару және тәрбиешілердің жеке тұлғаға адамгершілік тәрбиесін үйрету.
Бұл позиция жағынан алып қарастыратын болсақ, оқушының жеке тұлғасын адамгершілікке тәрбиелеу деген оқушыларды өмірлік ұстанымның белсенді болуына баулу азаматтық, адамгершілік нормаларды сақтауға даярлық: қоғамдық, мәдени құлық, ар намыс сезімі, ұжымшылдық, жолдастық, өзара түсінушлік, адамдық, сезімталдық, адамдарға деген қарым-қатынас қалыптастыру.Қорыта келе адамгершілік тәрбиесінің негізін құрайтындар - азаматтық жауапкершілік пен оқушылардағы патриоттық сезімді дамыту. Соған қоса білім берудегі гуманизмнің мақсаты, гуманитарлық пәндер дәрежесәнің жоғарлатуын қажет ету және жаңарту, олардың жалпы адами және рухани құндылықтарын анықтауын талап ететін әлемдік мәдениетке қосу, жеке тұлғаның өзін-өзі тануын анықтауымен ұйғарылады. Бұл жеке тұлғаның кәсіби және әлеуметті өнегелі дамуы ішкі және сыртқы механизмдердің дамытылуына мумкіндік беретіні сөзсіз.
Гумандылық - «жеке тұлғаның интегралды мінездемесі», адамның адамға қатынасын сипаттайтын қасиеттер жиынтығын құрайтын болғандықтан, педагогикалық білім берудегі гуманистік мақсат, ол үздіксіз мәдени мұғалім жеке тұлғасының кәсіби және мәдени дамуын жобалайды, сонымен қатар мұғалім - адам, адамзат және муұғалім - маман арасындағы алшақтықты қысқартады. Сол себепті педагогикалық технологияның негізін - болашақ мұғалімнің жекелік ұстанымы, оның кәсіби білімі, икемі, дағдысы құрайды деп түсінеміз.
«Білім берудегі гуманизация маңыздылығы жөнінде білімдерді интеграциялау және оның заңдылықтары мен қағидаларын теориялық ұғыну - білім беру процесіндегі стратегиялық бағытты анықтап ғана қоймай, сонымен қатар гуманистік мақсаттарды жүзеге асырудың тактикалық бағдарламасын меңзейді» [89; 90].
Бұл тұрғыда гуманитарлық білім берудегі және тәрбиелеудегі адамдық, педагогтар мен оқушылардың әрбір адамды тұлға ретінде қабылдауы ал нақты
жағдайда оқушын өзінің жетістіктеріне жету нысаны емес, дербес құндылық деп түсіну өзіндік білім алу адамзаттың алдағы дамуына ықпал ететін негізгі құндылықтардың бірі деп қарастыруға болады. Ең маңыздысы мемлекеттік құрылыстық моделін модернизациялаудағы барлық құрылымдық салаларды реформалау, соның ішінде білім беру моделі және жаңа азаматтық өзіндік сананы қалыптастыруды жеделдету процесі, мемлекеттік — патриоттық негізгі бағдарламаның жүзеге асуы және енуі жас ұрпақты тәрбиелеудегі гуманизация процесіне негізделген, ол Қазақстан Республикасының ресми заң құжаттарында аталып өткен.
Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. (1994); Қазақстан Республикасының білім беру мекемелеріндегі кешенді тәрбие беру бағдарламасы (2000); Қазақстан Республикасының элеуметтік -мәдени тұжырымдамасы (1993); Қазақстан Республикасының білім берудегі этномәдени тұжырымдамасы (1996); Қазақстан Республикасының білім беру туралы заңы (1999); Қазақстан Республикасының заңы « Қазақстан Республикасының мемлекетік жастар саясаты» (1999); Педагогикалық білім тұжырымдамасы. (2001); 2015 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының білім беру дамыту тұжырымдамасы (2003); Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы; Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жеделдету модернизация жолында (2005). Мысалы, Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңында (1999) білім беру және тәрбиелеу жүйесінің басты міндеті өз Отанын - Қазақстан Республикасын сүйе білуге, азаматтылық пен патриоттыққа, мемлекеттің рәміздерін қадірлеуге, салт-дәстүрлерін сыйлауға, кез-келген конститутцияға қарсы және қоғамға қарсы көріністерге төзімсіздік танытуға, отандық және әлемдік мәдениет жетістіктерін игеру, қазақ халқының және өзге ұлттардың салт-дәстүрін, тарихын оқып білуге, сонымен қатар мемлкеттік тілді, орыс және шет тілдерін меңгеруге тәрбиелеу болып табылады.
Соған қоса «Қазақстан Республикасыньң гуманитарлық білім беру концепциясының» негізгі мақсаты жеке тұлғаның гуманистік бағдарының қалыптасуына білім беру мен тәрбиелеу, ағарту және мәдениеттің комплексті тұрғыдан ықпал жасау. Атап айтсақ, гуманитарлық білім беру тұлғаны дамытуда «біржақтылық пен жуйесіздікті» әсер етеді және де азаматтық ұстанымға ие болуға бағытталып, индивидтіің өзіндік ішкі творчестволық потенциалын ашуға, кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар құжатта келесі жағдай аталып өткен, қоғамды демократиялық ағарту мақсатында гуманитарлық білім беру адамдардың әлеуметті - экономикалық әдептілігіне ұлтаралық жағдайға, әлеуметтік топтық, мемлекет аралық қарым-қатынасқа, жаңа мемлекеттік тепе-теңдікті қалыптастыруға, азаматтық өмірлік бағдарына және құндылықтар қалау жүйесіне гуманды қоғамдық менталитетке әсер етеді [89].
«Қазақстан Республикасының білім беру мекемелеріндегі кешенді тәрбие беру бағдарламасының» жобасында (2000) әртүрлі типтегі және әртүрлі білім беру мекемелерінде тәрбиелеу жүйесін дамыту үшін ғылыми-әдістемелік, ұйымдық, кадрлық, ақпараттық және басқа да қажетті жағдайлармен қамтамасыз
етуге ерекше көңіл бөлінген [91]. Нақтыласақ, жоғарыда аталған құжатта: «ғылыми негізде тәрбиеге концептуалды ықпал ету қажеттілігі аталып, жеке тұлғаның творчествалық ойлауын, дамыған мәдени дүниетанымын, әлеуметтік экономикалық тапсырмаларды жүзеге асруға себепші болуын, қоғамға адамгершілік өнегілік білім беруін, Қазақстан Республикасы халықтарының арасында бейбітшілікпен тыныштықты сақатуға қабілетті болуын қалыптастыруға стратегиялық бағдары болып табылады. Республиканың нарықтық қатынасқа өту алдында мынадай көкейкесті мәселелер тұр. Ашып айтсақ, олар бәсекелестікке қабілетті, эконономикалық санасы дамыған, азаматтық құндылықтарды игеруге творчествалық дағдылар мен ептіліктерді меңгерген, әртүрлі кәсіптерді меңгеруге бейім, өмірлік қиын мәселлерді шешуде жылдам әрі тапқыр болуға тұлғаны жан-жақты мәдениетке тәрбиелеу».
Біздің ойымызша соңғы уақытта жастардың азаматтық борышқа, жауапкершілікке, ұжымдық іс-әрекетке немқұрайлықпен қарайтыны жалпыға мәлім, бұған, құжатта көрсетілген келесі факторлар қатары өз ықпалдарын тигізгені күмән келтірмейді: мектептеп тәрбие жұмысындағы формализм, жеке тұлғаның индивидуалды ерекшеліктерінің мәніне жеңіл көзқарас мектептің тәрбие жұмысының сыртқы формаларын ған құптау, тәрбие жұмысында әкімшілік командалық басқару. Біздің ойымызша, осы факторлар жастарды тәрбиеге, тәрбие проблемеларына жастардың теріс көз қатынас жасауын туындатады.
Міне, осы сөздің өзі жеке тұлғаның қазақстандық патриотизмге деген
сезімін оятуға өз септігін тигізеді деп ойлаймыз. Бірақ дал қазіргі кезде патриоттық тәрбие актуалды мәселе болып отыр. Ағартушы педагогтар өскелең ұрпақты оқу-білімге , адамгершілікке тәрбиелеп өз Отанының патриоты болуға шақырады. Біздің елімізде оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігі қандай дәрежеде қалыптасқан? Патриоттық сезімнің қа-лыптасуна кері әсерін тигізіп отырған ақпарат құралдары, шет елдің мән-мағынасы жоқ музыкалары, сонымен қатар түрлі жарнамалар жас балалардың психологиясына кері әсер етіп қызығушылығы басым бола-ды. Ал, осы патриоттық тәрбиеның бұрыс немесе дұрыс жолға қойыл -
ғаны ма? Оған біз кімді кінәлай аламыз?
Патриоттық сезім оқушылардың бойында бір күнде даритын қасиет емес. Ол тұрақты, әрі терең болуы үшін мазмұндылық, жүйелілік, бірізділік, өмірмен ұштастыру секілді педагогикалық қағидалармен бірге патриоттық іс-әрекеттерді нысана етіп алуы бүгінгі күннің басты мәселесі екені белгілі.Біздің пікірімізше осы бағытпен мемлекет түбегелі шұғылдануы керек деп ойлаймыз. Адамның болашақ мінезі мен моральдық бейнесінің алғашқы ұрығы балалық шақта себілетіні белгілі. Осы жылдарда баланың миы мен сезім органдары қар-
қынды дамиды. Жас кезінде көргені мен сезгені олардың жан дүниесінде терең өшпейтін із қалдырады.
А. С. Макаренко ата-аналарға былай деген: « Баланың қандай адам болатыны негізінен оны сен бес жасқа дейін қалай тәрбиелегеніне байланысты. Егер бес жасқа дейін дұрыс тәрбие бермесең, кейін оны қайта тәрбиелеуге мәжбүр боласың ». Осыған сәйкес біздің қазақтың
« Тәрбие бастауы бесіктен », « Баланы жастан » деген пікірі А. С. Макаренконың сөзіның дәлелі іспеттес секілді [63,42-43].
Енді біз жалпы біршама патриотизм анықтамасына тоқталып өтейік: «Патриотизм » - (грек тілінен patriotes- Отандас patrio- Отан, туған жер ) Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш – қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана- тілін, елдің әдет-ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту сияқты патриотизм элементтері ерте заманнан қалыптаса бастайды- деп көрсеткен [92, 168].
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8 бабында білім беру жүйесінің басым міндеттерінің қатарында жеке тұлғаны « ... азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны- Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамда қарсы кез- келген көрі-ністерге төзбеуге тәрбиелеу » - деп корсетілген [93, 9].
Ю.К. Бабанскийдың « Педагогика оқулығында « Патриотизм ... ( грек тілінен аударғанда Отан) әдетте Отанға деген сүйіспеншілік деп күрделі жиынтығында көрініс беретін балаларының Отан-анаға деген көзқарасын сипаттайтын қоғамдық және адамгершілік принцип»,- деп көрсетілген [94, 163].
Б. Т. Лихачевтің « Педагогика» лекциялар курсында « Социалистік Отанына, оның мәдениетіне, дәстүріне деген сүйіспеншілік, социализм
жеңістеріне деген мақтаныш өз мемлекетінің экономикалық және саяси қуатын арттыруға бағытталған әлеуметтік белсенділік, Отанын оның бостандығын тәуелсіздігін аянбай қорғауға даяр болу тән », - деп көрсе-
тілген [95, 240].
Б. Момышұлы « Патриотизм - Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман - саулығы, қоғамдық мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылыған тікелей сезіну өзінің мемлекетке тәуелді екеніңді , мемлекетті нығайту дегеніміз - жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз - мемлекет деген ұғымды, оның жеке адаммен барлық жағынан : өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым - қатынасын білдіреді», - деп атап көрсеткен [3, 109; 96, 72].
Біздің ойымызша жоғарыда айтылған анықтамалардың барлығы белгілі бір іс - әрекетке, өз Отанының мүддесін қорғауда көрінетін патриотизм әсершілдігі баса айтылған .
Патриотизмге тәрбиелеу проблемаларын зерттеушілер : С.Әбілдина, Г.Белгібаева, [97], Қалмырзаев Э. [98], Л.Т.Сейдахметова [99], А.К.Калимолдаева, [100], Р.А.Джанабаева [101] т.б. еңбектерінде көрсетілген. Олар берілген проблеманың дамуына түрліше өз үлестерін қосты. Авторлар Отанға деген сүйіспеншілік халықтың өз жеріне қатысын , бір-біріне құрметін айта отырып, әрқашан мынаны есте ұстау міндетіміз деп санайды. Кең байтақ жеріміздің және барлық адамзат баласының үлкен бір бөлігін біздің халық құрайды және сондықтан Отан деген тек ғана оның үйі ғана емес, ол барлық адамдарымен, ғажайып тамаша табиғатымен берілген ғаламшар. Америкадағы патриотизмге тәрбиелеудің үлгі моделін ала отырып, мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу пропагандасын ақпарат құралдары мен теледидар арқылы белседіру деп ұсыныс жасайды.
Бірақ, біздің көзқарасымыз бойынша зерттеуші қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу технологиясын дамытудағы әсер ету мотивациясын ескермеген. Патриоттық сезімді жеке тұлға әр түрлі түсінуін, соған қарамастан дүние жаратылыс қаншама алуан – алуан болса, адамдардың Отанға деген сүйіспеншілігі де әр түрлі болатындығын көрсетеді. Біреулері өз Отанын қамқорлықпен, өз анасын сүйгендей сүйсе, басқа біреулері одан әр нәрсе талап етеді,
сұрайды, ал үшіншілері бұл сөзді жиі айта жүріп өз мақсаттарына,
саяси ойындарға пайдаланады, - деп Отан туралы әрбір жеке тұлғаның түсінуін меңзейді [101, 13 ; 102].
А. Құсайыновтың еңбегінде жоғары сынып оқушыларын тәрбиелеуде сынып сағаттарының және осыған орай жарыстардың өткізілуі, қазақ зиялылары мен батырларының мұражайына апару, сонымен қатар жалпы орта білім беретін мектепте сабақ басталарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын айтылуын енгізу керек деп ойлайды. « Патриотизм » - дегеніміз адамның туа біткен, биологиялық қасиеті емес, ол әлеуметтік, тарихи ортада қалыптасқан, Отанға деген сүйіспеншілік сезім, ол Отанға қызмет етуден көрінеді, - деп атап көрсеткен [103, 58-70 ].
Ғылыми еңбектерде, белгілі бір түсіндірме сөздіктерде, әдістемелік құралдарда бірқатар түсінік анықтамалар беріп, қазақстандық патриотизмнің негізгі бағыттарына тоқталған. Зерттелген еңбектерді қорытындылай келе, қазақстандық патриотизмге тән ерекшеліктерді мынадай деп есептейді: Отанды қорғауға даяр болу; гуманизм қағидаларын берік ұстану; моральдік оптимизм; бейбітшілік сүйгіштік, бейбіт өмір және әлеуметтік прогресс; Отанға деген махаббат, сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімі; туған өлкені, оның табиғатын аялау; ана – тілін қадірлеу, қастерлеу; ар мен ұятты сақтау; елдің өркендеуіне, туған өлкенің гүлденуіне үлес қосу; ата – бабалардың өшпес ерліктерін үлгі тұту. Зерттеуші қазақстандық патриотизмнің даму жолдарын әскери патриоттық сезімдерді ояту арқылы жетілдіріп жатқандығын атап кетуіміз керек.
Бірақ, бұл жүйеде біздің көзқарасымыз бойынша қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу проблемасы жалпылама алынған. Біздің ойымызша автор патриотизмге тәрбиелеу технологиясын қарастырмаған. Технология өзіне дүниені бар күйінде қабылдауға қатысты барлық сезімдердің түрлері және құбылыстарды тартады. Баланың қалыптаспаған психикасына жүйелендіріген педагогикалық әсер ету арқылы оқушылардың Отанға деген сүйіспешілігін тәрбиелеуіміз қажет.
Студенттерге патриоттық тәрбие беруде өнердің алатын орны ерекше. Кез – келген мемлекетте әнұран үлкен рөл атқарады. Моральдық ұйымдастырушылық маңызы бар әнұран азаматтарды Конституция мен байланысты жаңа қоғамға қарай жетелейді. Сондықтан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын қабылдау маңызды және жауапты кезең болады. Әнұран – күрделі музыкалы өлеңдік шығарма. Онда соғыс қиыншылықтары, Ұлы Жеңіс рухы, фашизмге қарсы бүкіл халықтық қозғалыстың белсенеді күші, халықтар достығы, еңбекқорлығы көрініс тапқан. Әнұранның әуенді дамуына қатысын айта келе егеменді Қазақстанның тарихи даму этаптарын кең әуенді интервал, ұстамды әуенді құрылымды жолымен эмоцианалды көріністе көрсетілген. Біздің көзқарасымыз бойынша әуеннің қайырмасы толқын түрдегі қозғалысы қазақ халқының гүлдену жолындағы толық он жылдарды қамтиды. Әні мен сөздері біркелкі ажырымас музыкалық полотнада бірге үлесімін тапқан. Міне , осыны оқушының қабылдауы мен дамуына әсер ететін әнұранның бағалы негізі қортындыланады.
Болашақ мамандарды патриотизмге тәрбиелеуде күнделікті сабақ басталарда әнұранның айтылуын енгізу керек деп ойлаймыз. әнұранды орындау кезінде Отанға деген сүйіспеншілік сезімін, оның екпінін мақтанышпен, салтанатты жеткізе білуі, сонымен бірге Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға тәрбиелеуміз керек. Біздің ойымызша
әнұранның музыкалық суреттемесі нақты музыкалық құрылымы мен адамның жаны мен жүрегіне кіріп, миллиондаған Қазақстандықтарды биік самғауға шақырады. Жаһандану кезінде біздің әнұран Қазақстан территориясында барлық ұлт өкілдерінің демократиялық атмосферасын сақтап, дүние жүзі елдері арасында жас Қазақстан Республикасының әлемдік шығармашылық миссиясына жағдай жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет