ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ Коммерциялық емес акционерлік қоғам «Ғ. Ж. ДӘУКЕЕВ атындағы АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ» «IT-инжиниринг» кафедрасы
« Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері» пәні бойынша
№6 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Жұмыстың тақырыбы: СӨЗДІКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРҒА АМАЛДАР ҚОЛДАНУ Мамандығы: Электроэнергетикалық жүйелер
Орындаған: Шынбулатов Нурсат Сулименович
Тобы: ЭЭСк – 21 – 1
Тексерген:Саметова А.А.
Алматы, 2022ж.
Зертханалық жұмыс № 6. СӨЗДІКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРҒА АМАЛДАР ҚОЛДАНУ Жұмыстың мақсаты: Деректер құрылымының бір түрі – сөздіктерге орындалатын амалдармен танысу және олар үшін программалар құрастыруға машықтану.
Әдістемелік нұсқаулар мен жаттығулар. Бір-бірімен байланыстағы ақпараттарды біріктіруге арналған деректер құрылымының бірі – сөздіктер болып табылады. Сөздіктің құрамында біріктірілетін ақпараттар өте көп болуы мүмкін. Ондағы ақпаратты алу және өгерту, сөздікті тізім түрінде бейнелеу, сөздікке енгізілген басқа сөздіктерді пайдалану программа құрастыруда жеңілдіктерге келтіретін мүмкіншіліктері бар. Сөздікке қолданылатын амалдарды орындау арқылы әртүрлі объектілерді модельдеуге болады.
10. Сөздіктің құрамы. Мысал ретінде балалардың мынадай ойыны қарастырылсын: ішінде карточкалар бар қапшықтан кездейсоқ түрде алынатын әрбір карточка боялған түсі мен номері арқылы анықталады. Келесі мысалдағы сөздікте сондай карточканың бір данасы туралы ақпарат сақталынсын делік:
oiyn.py
oiyn_0 = {“color”: ‘green’, “numbers”: 7}
print (oiyn_0 [“color”])
print (oiyn_0 [“numbers”])
oiyn_0 сөздігінде екі түрлі атрибут сақталынған: color және numbers. Келесі екі команда print осындағы ақпаратты шығарады:
green
7
Python тіліндегі сөздік «кілт-мән» деген сөздердің жұбынан тұрады. Әрбір кілт белгілі бір мәнмен байланыста болады, ал программа осы мәнді кілт арқылы алады. Мән ретінде сан, жол, тізім және сөздік болуы мүмкін. Жалпы кез келген объект Python тіліндегі программада сөздіктің мәні болады.
Python тілінде сөздік фигура жақшалармен қоршалады; оның ішіне «кілт-мән» жұптарынан тұратын тізбек жазылады. Мысалы:
oiyn_0 = {“color”: ‘green’, “numbers”: 7}
Кілтпен байланыстағы мәнді алу үшін сөздіктің аты мен квадрат жақшалармен қоршалған кілт көрсетілуі тиіс болады. Кілт пен мән ортасына қос нүкте қойылған, ал әрбір жұп үтірмен бөлінген. Сөздіктегі жұптардың саны өте көп болуы мүмкін. Егер қарапайым сөздік қарастырылса, онда тек бір ғана жұп болады:
oiyn_0 = {“color”: ‘green’}
20. Сөздік деректердің динамикалық құрылымына жатады; оған кез келген уақытта жаңа «кілт-мән» жұптарын қосуға болады. Ол үшін сөздік аты мен квадрат жақшалардың ішіне жаңа жұп жазылады. Мысалы, жоғарыда келтірілген сөздікке координаталар туралы деректер енгізілу керек болсын:
oiyn_0={"color": 'green', "position": 7}
print(oiyn_0)
oiyn_0["x_position"]=0
oiyn_0["y_position"]=25
print(oiyn_0)
Осы фрагменттің орындалу нәтижесі келесі түрде шығарылады:
{'color': 'green', 'position': 7}
{'color': 'green', 'position': 7, 'x_position': 0, 'y_position': 25}
30. Бос сөздік құрастыру. Кейде бос сһздік құрастырып, содан кейін жаңа элементтер қосу қажет болады. Мысалы:
oiyn_0={}
print(oiyn_0) oiyn_0["color"]='blue'
oiyn_0["numbers"]=10
print(oiyn_0)
Осы фрагменттің орындалу нәтижесінде бос сөздік және оған енгізілген жаңа екі жұп көрсетілген:
{}
{'color': 'blue', 'numbers': 10}
40. Сөздіктегі мәнді өзгерту. Ол үшін сөздік атын және квадрат жақшалар ішіндегі кілтті көрсетіп, сонымен байланыста болатын мәнді енгізу керек. Мысалы:
oiyn_0={"color": 'green'}
print(f"The oiyn is {oiyn_0['color']}.")
oiyn_0["color"]='blue'
print(f"The oiyn is new {oiyn_0['color']}.")
Осы фрагменттің нәтижесінде жасыл (green) түстің орнына жаңа көк (blue) түспен ауыстырылды:
The oiyn is green.
The oiyn is new blue.
50. Сөздіктен «кілт-мән» жұбын алып тастау. Ақпарат қажет болмаған жағдайда кейбір «кілт-мән» жұбын алып саиау керек болады. Ол del командасының көмегімен орындалады. Мысалы:
oiyn_0={"color": 'green', "numbers": 10}
print (oiyn_0)
del oiyn_0["numbers"]
print(oiyn_0)
Фрагменттің орындалу нәтижесі:
{'color': 'green', 'numbers': 10}
{'color': 'green'}