ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
|
|
|
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
|
Курс _ 2 курс_
|
|
Институт _Педагогика және психология _
|
|
Бөлім__ Бастауыш білім беру бағдарламалары кәсіби даярлау бөлімі__
|
|
Мамандығы «6B01303–Бастауыш білім ақпараттық-коммуникациялық технологияларымен»
|
|
Орындаған: Чалгымбаева Айнур.
Тексерген: Бағдат Маженов.
8-практикалық жұмыс
1.Естімейтін, нашар еститін, кейіннен естімей қалған оқушыларды оқытуды ұйымдастыру .
Естімейтін, нашар еститін, кейіннен естімей қалған оқушыларды оқытуды ұйымдастыру жолдары.
Естімейтін (саңырау) балалардың ерекшелігі.Саңыраулықта есту аппараты бөлігінің дыбысты қабылдау қызметі бұзылады, негізгі сөйлеу жиілігі 80-85 дБ-ден төмен емес орташа қабылдау шегінде аудиометрдің үнді қабылдауы көбінесе 125 – 4000 Гц арасында өзгеріп отырады. Бұл есту күйі арнайы апаратсыз баланың сөзді қабылдауына мүмкіндік бермейді. Естімеуі немесе нашар естуі баланы ең маңызды ақпарат көзінен айырады, әсiресе егер ол ерте жаста естуден айырылса сөйлеу және психикалық дамуының тежелуіне әкеледі. Қазiргi уақытта сурдопедагогикада жалпы бiлiм беру деңгейінде естімейтіндердің еститiндермен тең дәрежеде оқуына мүмкiндiк беретін, есту қабілетінің бұзылу салдарын жеңілдететін арнайы тәсілдер әзірленген. Тілдің лексикалық қорын, оның грамматикалық заңдылықтарын меңгеру, қарым-қатынас құралы ретінде тілді меңгеру естімейтін әлемдегі өмірдің әлеуметтік проблемаларын кеңінен шешуге мүмкіндік береді. Белгілі болғандай, оқу-танымдық қызмет есту қабілеті тұрақты бұзылған балаларға даму мүмкіндіктерін береді. Ол естімейтіндердің танымдық қызығушылығын және зияткерлік қабілеттерін дамытады, оқуға әлеуметтік себептерін қалыптастырады. Нашар еститін балалардың ерекшеліктері. Нашар еститін балалардың естімейтін балалардан айырмашылығы қалдық есту мүмкіндігін оқу процесінде қоршаған ортаны тану және адамдармен қарым-қатынаста жеткілікті деңгейде тиімді пайдалануы мүмкін. Есту қабілеті жоғалған бiрақ сөйлеу тілі сақталған, кейіннен естімей қалған балалардың да артықшылықтарын атап кету керек. Осы балалардың сөйлеу қабілетінің сақталу дәрежесі бірқатар төмендегі факторларға әсер етеді: естімеуі басталған уақыт, баланың өсуі мен даму ерекшеліктері, қалдық есту қабілетінің деңгейі, баланың ауызша сөйлеуін дамыту жұмысының сапасы. Дамудың кейінгі кезінде пайда болған естімей қалу, егер балада оқу және жазу дағдылары қалыптасқан болса, айтарлықтай түрде сөздік қорын бұза алмайды. Нашар еститін балалар 75 дБ аспайтын сөйлеу жиілігінің аймағында (500-ден 2000 Гц) есту қабілетінің төмендеу дәрежесінің тәуелділігіне қарай дыбысты ажыратады. Сөзді нашар еститіндердің дамымаған және бұрмаланған сөздiк
қорының жұтаңдығы байқалады, сөздердің лексикалық мағынасы дұрыс меңгерiлмеген, грамматикалық құрылымдарды дұрыс емес, мысалы: әртүрлi санаттарды араластырған, олардың мәнін дұрыс түсінбеу және соның салдары ретінде өз сөзінде оларды дұрыс пайдалана алмауы. Нашар еститіндердің ішінара естуі сөйлеуді қалыптастыруға мүмкіндік туғызады, бірақ сөйлеу қоры және сөзді түсінуі бұрмаланған. Соның салдарынан сөйлемдерді өзгеше қабылдайды және бұрмаланған түсінік пен ұғымдар қалыптасуы мүмкін. Естуі ішінара бұзылған баланың даму ерекшелігінің биологиялық (естудің физикалық ақауы) себептері әлеуметтiк зардаптарға алып келедi (қарым-қатынастың бұзылуына, психологиясының қалыптасуында ауытқуға әкеліп соқтырады). Осының салдарынан пайда болған көріністер функционалдық сипат береді (сөйлеудің дамымай қалуы, ойлау ерекшеліктері, есте сақтауы, зейіні, қабылдауы, көзқарасы). Сондықтан, кемшіліктердің дамуына тосқауыл қою, өзінің табиғаты жағынан тұлғаға тұтастай әсер ететін әлеуметтік жолдарды және арнайы құралдарды, ұйымдастырылған оқыту жағдайын талап етеді. Арнайы ұйымдастырылған педагогикалық түзету процесі кейін естімей қалған және нашар еститін оқушыны тұлғалық жанжақты қалыптастыруға бағытталған. Арнайы оқыту нәтижесінде оларда ойлау, сөздi есте сақтау қабілеті, сөйлеу тілі дамиды, компенсаторлық және потенциалдық мүмкiндiктері кеңейетін қажетті жағдай жасалады. Есту қабілеті бұзылған балаларды арнайы оқыту жағдайлары МЖБС талаптарына сәйкес естімейтін және нашар еститін оқушылар оқу материалын меңгеру үшін арнайы жағдай жасалуы мүмкін және онда арнайы сыныпта саралап оқыту арқасында нақты оқу құралдарын, арнайы оқу жоспарлары мен бағдарламаларды қолдану, оқыту уақытын арттыру, мүмкіндігі болады. Арнайы сынып жағдайында естімейтін және нашар еститін балалар негізгі орта білім беру деңгейінде білім алады . Қысқартылған білім беру бағдарламаларын пайдалануда білім алушылардың танымдық мүмкіндіктерінің деңгейі жас ерекшелік нормаларынан төмен болуы мүмкін. Есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту ұзақтығы бастауыш және негізгі мектепте - 11 жыл:
- «0» (дайындық сыныбы),
- бастауыш деңгейі (1-4 сынып),
- 1-ші негізгі деңгей (5-7 сынып),
- 2- ші негізгі деңгей (8-10 саты).
Нашар еститін және кейін естімей қалған балалардың оқыту ұзақтығы:
- бастауыш деңгейі – 0 – 4 сынып,
- негізгі деңгей – 5 – 10 сынып,
Естімейтін және нашар еститіндер оқушылар оқуын жалпы білім беретін мектептің 10-11-сыныптарында немесе кәсіптік колледждерде, жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік білім беруді арнайы мектептің кешкі бөлімде 11-12 сыныптарында жалғастыра алады. Оқытудың барлық кезінде деңгейге бөліп оқыту қарастырылады және ол естімейтін және нашар еститін балалардың жас ерекшелігінің психофизикалық мүмкіндіктеріне байланысты, сол арқылы әр оқу пәндерінің әр түрлі деңгейіндегі арнайы мазмұнын және өз кезегінде дәстүрлі түрлі қатынасты анықтайды. Сонымен қатар білім беру сабақтастығы және үздіксіздігі қағидаттарына негізделген базалық білім тұтастығын қамтамасыз етеді және біртіндеп пропедевтикалық оқу пәндерінен жүйеге көшеді (арнайы бағдарламалармен оқытудан жалпы білім беретін мектептің оқыту бағдарламаларымен оқытуға көшу). Саралап оқытудың қажеттілігі сөйлеуді дамыту ерекшеліктеріне және есту қабілеті бұзылған оқушылардың танымдық қызметіне негізделген.
Арнайы оқу -әдістемелік қамтамасыз ету
Есту қабілеті нашар балаларға арнайы сыныпта білім беру түзету
компоненті бар арнайы типтік оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Оқыту төмендегідей жүзеге асырылады:
а) естімейтін оқушылардың "0" (дайындық) және 1-7-сыныптарда –
арнайы бағдарламалар бойынша, 8-11 сыныптарда жалпы білім беру
бағдарламалары бойынша оқиды, білім беру мазмұны оқудың ұзақтығы 1 жылға артуына байланысты қайта бөлінеді және білім алушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып бағдарлама бейімделеді.
б) нашар еститін және кейіннен естімей қалған балалар «0» (дайындық)
және 1-4 сыныптарда арнайы бағдарламалар бойынша, 5-11 сыныптарда жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша, білім беру мазмұны оқудың ұзақтығы 1 жылға артуына байланысты қайта бөлінеді және білім алушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып бағдарлама бейімделеді. Арнайы бағдарламалар мазмұнында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың естуінің төмендігі және сөйлеу қабілеті дамымай қалғандығын ескерген. Ол коррекциялық бағытта сипатталады және есту түйсігін дамытуды, тілдік дағдыларды практикалық қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Есту қабілеті бұзылған балаларға білім беру мазмұнын анықтау кезінде білім алушыға жалпы білім беру және тәрбиелеудің, сондай-ақ арнайы білім берудің міндеттері есептеледі. Түзету курстары және жалпы білім беретін пәндердің құрамдас түзету бөлігі есебінен есту қабілеті бұзылған оқушыларға МЖМБС талаптарына сәйкес білім беру мүмкіндігі бар. Барлық жалпы білім беретін пәндер мен түзету курстарының
бағыттары:
- түйсініп қабылдау (сенсорлық – перцептивті) белсенділігін ынталандыру (есту-көру және естуді қоса алғанда барлық қабылдау түрлерін дамыту);
- айналадағы заттарды түрліше сезіну түйсігін (түрлі модальді), соның
ішінде дыбыстарды сезінудің көптүрлілігі ұғымын дамыту;
- қимыл-қозғалысын дамыту (моторикасын), шынайы нысандарды
зерттеу тәсілдері мен олардың кескіні мен модельдерін жасау;
- дыбыс күшейткіш құралдарды тұрақты қолдана отырып, кең ауқымда
коммуникативті практиканы дамыту үшін жағдай жасау ;
- әлеуметтік қажеттіліктерін жандандыру, дербес және түрлі бірлестікте
жұмыс жасау біліктіліктерін дамыту;
- әртүрлі сөйлеу түрін қолдану мүмкіндігін және қажеттілігін дамыту
(есту-көру, сөйлеуді естіп қабылдауы, ауызша, жазбаша , ауызша-дактильді сөйлеу түрін қолдану);
- өз іс-әрекетін жоспарлау және жобалау дағдыларын дамыту
(практикалық және сөйлеу);
- қарым-қатынасқа арналған қажетті және жалпыға ортақ сөйлеудің
білім құралын жасау арқылы, оның ішінде, терминологиялық сөздік және базалық лексика-грамматикалық құрылым арқылы қайталап өту;
- танымдық үдерістерін және эмоциональды-еріктік аймағын кеңейту. Есту қабілеті бұзылған балаларды оқытуға қолданылатын әдістемелер бірнеше қосымша жүйелерден тұрады:сөйлеуді қалыптастыру әдістемесі және мектептегі білім беруде тілге үйретуді пән ретінде оқыту , ғылым негіздерін оқыту әдістемесі, естіп қабылдауды қолдануды дамыту әдістемесі. Барлық оқыту әдістемелері есту қабілеті бұзылған оқушылардың материалды көпсенсорлық сипатта қабылдауына арналған Педагогикалық процесс естіп көру негізіне құрылған, педагогты олардың естіп қабылдауын бақылап, үнемі назарда ұстауына, түзетіп отыруға, дыбыстап-буындап сөйлеу құрылымын нақтылап отыруға міндеттейді. Естімейтін және нашар еститін балаларды оқытуда қосымша құрал ретінде сөйлеуді қабылдауын, сөздің дыбыстық құрамын түсінуді жеңілдететін дактилология тәрізді арнайы құралдарды қолдану қажет. Ымишарамен сөйлеу оқытудың негізгі емес қосымша құралы ретінде тек естімейтін балаларға қолданылады. Оқу материалын қабылдау есту-көру негізінде аудио визуальды және сурдотехникалық құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |