Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі



бет48/82
Дата05.11.2022
өлшемі2,07 Mb.
#156697
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   82
Байланысты:
аза стан Республикасы ылым ж не жо ары білім министрлігі

Әдебиеттер:
1.Реале Дж. Батыс философиясы: бастауынан бүгінгі күнге Оқулық / Ауд. Т.Х.Ғабитов. - Алматы: ҚР Жоғары оқу орынд. қауымдастығы, 2012.
2. Мырзалы С. Философия. - Алматы: Бастау, 2014. - 448 с.
3.Хесс Р. Философияның таңдаулы 25 кітабы. А.,2018. https://openu.kz/ru/book/filosofiyanyng-tangdauly-25-kitaby


Дәріс 15.16. Өмір және өлім. Өмірдің мәні.
Негізгі мақсаты: Философиядағы адам оның өмірі, өлім, өмірдің мәні туралы пайымдаулармен таныстыру.
Негізгі түсініктер: заман, зар-заман, сенім және парасат, адамшылық, тарих философиясы, билер философиясы, әлеуметтік философиясы, дін философиясы, жеті жарғы.

1. Адам болмысы. Адам болмысының маңызды категориялары: бақыт, сенім, өмір және өлім, жалпы сипаты және философиялық мәні.
2. Өмір ұғымы, философиялық мәні. Өмірдің онтологиялық және аксиологиялық мазмұны. Өмірдің мәні – оның шектеулілігін ұғыну.
3. Уақыт, мәңгілік және мақсат. Өмірдің мәні. Өмірдің мәнін іздеу. Философиялық ойлар тарихындағы өмірдің мәні мәселесі: фатализм, гедонизм, волюнтаризм, функционализм.
4. Өмірдің мәні – қазақ философиясының негізгі категориясы. Өмірмәндік құндылықтар туралы ілім.
5. Адам қажеттіліктерінің пирамидасы, жалпы сипаты. Махаббат – адамның өмір сүру мәні.

1. Адам болмысы. Адам болмысының маңызды категориялары: бақыт, сенім, өмір және өлім, жалпы сипаты және философиялық мәні.
Адам болмысының, адам өмірінің мәні мәселесі – философиядағы ең күрделі және бір мәнді шешілмейтін мәселелердің бірі. Әңгіме ең алдымен өмірге деген қарым-қатынастың жеке сипаттамасы, адам өмірінің мақсаттары мен міндеттерін түсіну туралы, индивидтің өз ұстанымын қоғамда қалыптасқан құндылықтар жүйесімен арақатынасы туралы, өзін әлеуметтік өмірге қосу (немесе қосылмау) дәрежесі туралы болып отыр.
Барлық осы мәселелерді қарау кезінде адам болмысының мәнінің қандай да бір нұсқасын мойындайтын ұстаныммен қатар оның бар болуын жоққа шығаратын ұстанымдардың да бар екенін естен шығармау осы тақырыпты талқылауда маңызды.
Адам болмысының оның өмірін анықтайтын негізгі категориялары – бұл ең алдымен еркіндік, өмірдің мәнін іздеу, шығармашылық, махаббат, бақыт, сенім, өлім. Жалпы маңызды қасиеттер мен сапаларды көрсететін негізгі ұғымдар, қатынастар – категориялар деп аталады.
«Бақытты адам» болмысының аса маңызды философиялық категориясы ретінде, төрт түрлі қырынан қарастыруға болады:

  • Бақыт – тағдырдың адамға мейірімділігі, сәттілік;

  • Бақыт – қуаныщ күйі, қарқынды қуаныштағы жағдайы;

  • Бақыт – ең жақсы игіліктерге ие болу, өмірдің жағымды көрінісі;

  • Бақыт – өмірге қанағаттану сезімі.

Бақыт дегеніміз – адамның өзінің болмысының шарттары мен кең ауқымды ішкі қанағаттанушылығына сәйкес келетін, өмірінің толыққандылығы мен маңыздылығының көрсеткіші болатын, адамдық мұратына жету күйін көрсететін моральдық сана ұғымы.
Өмір және оның мәні туралы ой қозғаған ұлылардың бәрі бақытты еңбекпен байланыстырады. Осы бағытты қуаттайтын ойшылдарды, ғұламаларды, өнер қайраткерлерін көптеп кездестіруге болады. Көпке танымал болмаса да, қатардағы салауатты адамдар да осыны мақұлдайды. «Бақыт тек еңбекпен келеді» деген тұжырым әлімсақтан келе жатқан ақиқат, белгілі аксиома ретінде әлі күшін жойған жоқ.
Ал шығармашылық жұмыстармен айналысатын адамдардың өз бақытын ерінбей, жалықпай, маңдай терін сыпыра еткен еңбегінен табуының мысалдары айшықтырақ көрінеді.
«Бақыт» – адамға оның өзінен жоғары тұрған, белгісіз бір күштердің сыйы емес. Бақытты болу немесе бола алмау – адамның маңдайына бұйырған үлес немесе тағдырына алдын ала жазылып қойылған бағдарлама да емес. Бақытты болу – әр адамның өз еркі, демек, бақытты бола білу әр адамның өз қолында. Шын махаббат екі жақтың психологиялық үйлесуінен, олардың бірін-бірі үнемі аңсап тұруынан, түптеп келгенде, өмірге ұрпақ келтіруге бастап апаратын жұптасқан тұрмыс құруынан көрініс береді. «Махаббат» – адам өмірінің тым шетін, аса нәзік, оның бақытына тура қатысты бір маңызды қыры.
«Еркіндік» – адамның мәні мен өмір сүруін сипаттайтын философиялық категория ретінде. Еркіндік индивидтің моральдық және құқықтық жауапкершілігімен байланысты. Бостандық пен жауапкершілік – біртұтас-саналы адам қызметінің екі жағы. Жауапкершілік қоғамдық сананың алға даму, әлеуметтік қатынастары дәрежесімен, қазіргі әлеуметтік әрекеттермен байланысты.
Өмір мен өлім – адамзаттың рухани мәдениетінің мәңгілік тақырыптары.
Өмір – әлемде болу ретінде. Өмір өлімге және өлместікке дайындық ретінде. Өмір сүру – бұл өмірді сезіну, өмір сүруді сезіну. Өмір сүру – адамның әлемде болуын, толық қатысуын талап етеді. Өмір – бұл болашақпен қақтығысы, онда өткен және қазіргі өзінің мәні мен мәнін ашатын іс-әрекет. Өмір әлемнің үнемі қайталап туылатын туындысы.
Өлім – адам өмірінің маңызды факторы. Тек өлімге қарап, біз өмірді сүйе бастаймыз. Егер өлім болмаса, өмір мағынасыз болар еді. «Өлімді шынайы гений, философияны шабыттандырушы» деп тұжырымдаған Сократ. Стоиктер өлім туралы өмірдің ең маңызды оқиғасы ретінде айтты, оның мәні: «жақсы өмір сүруді үйрену – бұл жақсы өлуді үйрену». Өз өлімінде адам өз даралығын ашады. Өлім – адамның тегі тең болатын жалғыз нәрсе.
Өмірдің мәнін таңдау – күрделі мәселе. Мұндай таңдаудың алдында болғандарды үйрете отырып, ежелгі Рим ойшылы Сенека адамдар пайымдаудан гөрі басқаларға сенуге бейім екенін әділ атап өтті. Сонымен қатар, мұндай таңдау ұзақ және ұнды ойлардың жемісі де болып табылады.
Өмірдің мәні, болмыстың мәні – өмір сүрудің түпкі мақсатын, адамзаттың, адамның биологиялық түрі ретінде қарастырылады, сондай-ақ адамның индивидум ретінде мақсатын айқындауға қатысы бар философиялық және рухани проблема және тұлғаның рухани-адамгершілік бейнесін қалыптастыру үшін үлкен маңызы бар негізгі дүниетанымдық ұғымдардың бірі.
Шығармашылық – адам болмысының ең жұмбақ, толғандыратын және өзекті мәселелерінің бірі. Шығармашылық болмыстың объективті заңдары негізінде адам мен адамзаттың мақсаттары мен қажеттіліктеріне сәйкес табиғи және әлеуметтік әлемді өзгертеді.
2 Өмір ұғымы, философиялық мәні. Өмірдің онтологиялық және аксиологиялық мазмұны.. Өмірдің мәні – оның шектеулілігін ұғыну.
Адам өмірінің мәні оның қызметінің негізгі мақсаты мен мұратынан тұрады. Тарихтаң түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыратын адам өмірінің мәнін, құндылығын айқындаушы-сол адамның өзі. Және ол жеке адамнан, қоғамнан тыс ұғым емес, адамның мақсаттары мен қоғамды диалектикалық тұрғыдан біріктіретін ұғым.
Француз ғалымы және философы Блез Паскаль (1623-1662): «Адам – бар болғаны құрақ, табиғат жаратылыстарының ішіндегі ең әлсізі, бірақ ол – ойланушы құрақ. Оны жою үшін бүкіл Ғаламның тіпті де керегі жоқ: желдің соғуы, су тамшысы да жеткілікті. Алайда, тіпті оны Ғалам жойса да, адам бәрібір де одан гөрі асқақтау, өйткені өмірмен қош айтысатынын және Ғаламнан әлсіздеу екендігін ұғынады, ал Ғалам ештеңені ұғынбайды» деп жазған. Басқа тірі жаратылыстардан айырмашылығы – адам өз өмірін ұғынады. Адамның саналы жаратылыс ретіндегі өз өмірі мен өзді-өзіне қатынасы оның өмірінің мағынасы мен мақсатында өрнектеледі.
Өмірдің мәні туралы айтқанда, біз тоқталмай өте алмайтын бір ұғым бар. Ол өзіміз жоғарыда талқылап кеткен бақыт ұғымы. «Өмірдің мәні оны бақытты етіп өткізуде» деген тұжырымның кез келген адамға түсінікті әрі жылы естілетіні содан болса керек.
Өмірдің мәні мен мақсаты неде? Неге бұл сұрақтың жауабын білу маңызды? Себебі, өміріңнің мәнсіз, мақсатсыз өтіп жатқанын білуден жаман нәрсе кемде-кем. Мұндай ой жаныңды жегідей жеп, күйзеліске ұшыратады. Ал керісінше, адам не үшін өмір сүріп жатқанын анық білсе, өзін әлдеқайда бақытты сезінеді. Холокосты басынан кешірген Виктор Франкл есімді невролог былай деп жазды: «Не үшін өмір сүріп жатқаныңды білу ең сұрапыл жағдайда да аман қалуға көмектеседі деп сеніммен айта аламын».
Бірақ, назар аударыңыз:
- «Адам өз еркімен туылмайды». Ол әлемдегі өзінің пайда болу актісіне жеке қатыспайды;
- «Адам өз еркімен өмір сүрмейді». Ол өз еркі бойынша өмірді тоқтата алады, бірақ өзінің өмірлік күшінің алғашқы себебі емес. Адамның барлық физиологиясы, қан айналымы, ас қорыту, тыныс алу, жүйке жүйесі және басқа органдар дербес жұмыс істейді;
- «Адам өз еркімен өлмейді». Өмірлі сақтау инстинктісі өте күшті және адам мәңгі өмір сүргісі келеді, дегенмен өлуге тура келеді.
Мұны түсінбей, адам бірден белсенділікті дамыта бастайды, өзін өмірдің толық иесі ретінде сезінеді, тағдырды «өз қолына» алуға тырысады және осы әлемде қалай «мәңгі» орнығуға болады.
Сол кезде де жаһандық сұрақ туындайды: перзентханадан зиратқа дейінгі барлық өмір процесі адамға не үшін берілді? Егер соңында өлсе, онда не үшін туу керек? Егер туған болса, неге өлу керек?
Өмір осылайша ештеңемен аяқталады ма?!
Сонымен, адамның өмір сүруі, оның туылуы мен өлімінің құпиясы оның өмір сүру мәні туралы сұраққа жауап береді және талап етеді. Оған және бүкіл адамзатқа не үшін өмір берілді? Өмір не үшін бұл әлемде бар?
Адам – өз өмірінің мәні туралы сұрақ қойып қана қоймай, оған жауап іздейді,сонымен қатар онсыз өмір сүре алмайды. Өз өмірлерін ұғыну адамның ақыл-ойы мен оның «менінің» болуын талап етеді. Сол себепті, ақыл-ой өз өмірінің мәнін іздейді. Өйткені, адамның барлық құрамдас бөліктерінің мақсаты бар; демек, жалпы адамда да мағынасы болуы керек. Алайда, бұл жайлы адамдар түрлі әрі қарама-қайшы пікірлер айтады. Көпшілік өмірдің мәні мен мақсаты неде екенін әр адам өзі үшін өзі шешуі керек деп ойлайды. Ал эволюция теориясына сенетіндер өмірдің нақты бір мақсаты жоқ дегенді үйретеді.
3 Уақыт, мәңгілік және мақсат. Өмірдің мәні. Өмірдің мәнін іздеу. Философиялық ойлар тарихындағы өмірдің мәні мәселесі: фатализм, гедонизм, волюнтаризм.
Адамзаттың өмір сүру кезінен бастап өмірдің мәні, уақыт және мәңгілік мәселелері философтар мен ойшылдарды терең толғандырды. Әрқайсысы бұл мәселені көптеген объективті және субъективті факторларға байланысты өзінше, өз заманына сай шешті.
Мысалы, ежелгі Грецияда Аристотель өмірдің мәнін ойлау мен танымда, мейірімді адам және жауапты азамат болуға ұмтылуда; Платон – жанға қамқорлық жасауда; стоиктер – тағдырға бағынуда, тағдырдың жазғанын тік тұрып қарсы алуда; Пифагор – ғылыми білімде; Эпикур – өмірден тек рахат, ләззат алуда, рухани мазасыздықтан құтылып, жеке тыныштық пен игілікке қол жеткізуде; Диоген – ішкі еркіндік пен тәуелсіздікке қол жеткізуде, аздықты қанағат етіп, байлық жек көре білуде деп түсінген және осы принциптерін өмірде ұстанған.
Және бізге жақын дәуірлерде де көптеген пікірлер айтылды. Мәселен, Кант адам өмірінің мәні – адамгершілік борыш принциптерін ұстануда, Маркс – коммунизм үшін күресте, Фейербах – адамдардың бір-біріне ортақ махаббатында, Ницше – билікке ұмтылуда деп тұжырымдаса, ал Стюарт Милль – пайда мен табысқа жетуде өмір мәнін көрді.
Қазіргі уақытта жаңа гуманизм ұстанымы кең таралған, оған сәйкес өмірдің жалпы мәні жоқ және әрбір адам өмірдің жеке мәнін табуы тиіс. Сондықтан біреуге егін салып, бақшаға ағаш отырғызса жеткілікті, екіншісі – ғылыми мәселені шешу, үшіншісі – сурет жазу, төртіншісі – қайырымдылық қорын құру және т.б. Ең бастысы – өмірдің бар игілігіне барынша қанағаттануға ұмтылу.
Өмірдің мәні – адам өзін және өзінің іс-әрекеттерін жалпыадамзаттық құндылықтар мен абсолюттік ақиқатқа сәйкестендіретін этиканың негізгі ұғымдарының бірі. Жалпыадамзаттық құндылықтардың мазмұны тұрғысынан өмірдің мәнін негіздеудің мынадай қырларын бөліп көрсетеді:
- Гедонизм (грек тіл. hedone-рақаттану), онда өмірдің мәні ләззат алумен байланысты;
- Фатализм бойынша, бұл әлемде барлығын Құдай алдын-ала анықтап қойған, адам өз болашағы туралы ештеңе шешпейді;
- Волюнтаризм – біздің тағдырымыз біздің қолымызда және адам өз болашағын өзі құратынын айтады;
- Прагматизм (грек. pragma-іс, әрекет), онда өмірдің мәні табысқа жетумен байланысты деп түсіндіреді;
- Перфекционизм (лат. Perfectio-туған, petfectionis-кемелдік), онда өмірдің мәні жеке өзін-өзі жетілдірумен байланысты;
- Гуманизм (лат. humanus-адамдық), онда өмірдің мәні басқа адамдарға қызмет көрсетумен, оларға деген сүйіспеншілікпен, адамның қадір-қасиетіне құрметпен және адамдардың игілігіне қамқорлықпен байланысады.
4 сұрақ. Өмірдің мәні – қазақ философиясының негізгі категориясы. Өмірмәндік құндылықтар туралы ілім.
Адам мен адамзаттың алдында барлық уақыттарада тұрған толып жатқан проблемалардың ең мәнділерінің бірі – ол өмірдің мағынасы мәселесі. Қалай өмір сүру керек? Не үшін өмір сүру керек? Бұл сұрақтар адамдарды барлық тарихи дәуірлерде тоғандырған. Оларды сезіну мен дұрыс түсіну адамға мінез-құлық пен қызметте сенімді бағдар береді, өз күшіне сенімділікті арттырады, өмірінің мақсаттары мен құндылықтарына тиісті қатынастарын жасақтауға жағдай жасайды.
Адам феноменін және оның даму деңгейіне қол жеткізу шарттарын түсіну талпынысымен тығыз байланысты адам даралығының мәніне деген қызығушылықты адамзат қоғамының барлық даму кезеңінде көруге болады. Қазақ философиясында қандай да бір ойшылға қатысы жоқ іргелі сұрақ табу қиын. Адам кім? Ол қалай пайда болды және әлеммен байланысты? Оның болмысының мәні неде және оған қалай өмір сүру керек? - қазақ дәстүріне тән мысалдар.
Қазақ философиясының мыңжылдығы ішінде жүздеген түрлі философиялық ілімдер, жүйелер, мектептер қамтылған, тиісті ұғымдық аппаратты, кең көлемді арнайы терминологияны және материалды талқылау мен баяндаудың әртүрлі стильдерін дамытқан үлкен, іс жүзінде қолданылмайтын философиялық әдебиет жинақталған. Бірегей тәжірибесі пайымдау ұлы қазақ мыслителями өткен идеялар даралығын қабілетті қызмет көрсетер жіппен құралы, ынталандыру жолдарын іздестіру одан әрі түсіну проблемалар даралығын.
Қазақ ғылымында қалыптасқан Қазақ ұлттық сипаты туралы ұғымдардың жалпы көрінісін этнопсихологиялық зерттеулердің келесі сипаттамаларын жинақтап жасауға болады.
1 Тазалыққа деген махаббат, дәстүрлерге бейімділік, табиғатпен үйлесімді бірге болу сезімі, жыл мезгілінің өзгерістеріне сезімталдық, өмір сұлулығын қабылдай білу.
2 Сыпайылық, құрмет, сөзге адалдық.
3 Ұмтылысын болдырмау үшін шектен, умеренность, жұмсақтық, шыдамдылық.
4 Шынайылық, шыдамдылық, өзін-өзі бақылау.
5 Бейбіт өмірге деген махаббат, сонымен қатар шайқаста батылдық, егер шайқас ашық болса, жеңімпаздың құқығын мойындай білу, жеңіліс тапқан кездегі қадір-қасиетін сақтау.
6 Басқа халықтардың ойына сезімталдық, еліктеу, икемділік, тез ұстай білу қабілеті.
7 Тәртіптілік және тәртіпке деген махаббат, отбасылық тұрақтылыққа адалдық, ананың әйеліне қарағанда жоғары жағдайын тану, балаларға деген сүйіспеншілік, ата-аналардың жауапкершілігі.
8 Басшыларға бағыныштыларға қамқорлық жасау, билікті құрметтеу.
Сонымен, қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы адамның еркіндігі мен жеке бастауын мойындаумен сипатталады. Антропоцентризм – қазақ философиясының маңызды белгісі.
Мұның мәні адам тұлғасының, оның өмірінің, оның ішкі дүниесінің абсолюттік маңыздылығын, яғни тұлғаның сынып, тектік, ұлттық және т.б. бағаларынан тәуелсіз екенін Тану болып табылады. Әрбір тұлға абсолютті және маңызды, оның әлемдегі жағдайына қарамастан өзі құнды. Бұл абсолютті мән осы тұлғаны абсолюттік құндылықтарға тартуда, яғни. жеке тұлға тек қана ішкі жұмыс арқылы жақсылық, ақиқат, әділдік, Сұлулық құндылықтарына баулу арқылы жеке тұлға болады. Барлық осы құндылықтар абсолютті сипатқа ие және әр түрлі дәуірлерге, мәдениеттерге, мүдделерге тәуелді емес. Қазақ философтарының пікірінше, адам үздіксіз құрылады, өздігінен көрінеді. Бұл өзін-өзі көрсету ішкі еркіндікке әкелетін адамның ішкі күш-жігеріне байланысты. Гуманизм адамның жеке бастауын, болмысының бірегейлігін бекітуде, қоғамдағы адам рөлінің маңыздылығын мойындауда көрінеді. Сондықтан, адамның үздіксіз қозғалысы, қабілеттерінің дамуы мен еркін көрінуі, бостандыққа және жетілдіруге, өзін-өзі өмір сүруге және өзін-өзі анықтауға ұмтылуы дайын екендігі туралы қорытынды бұл жерде әбден табиғи және негізді болып табылады.
Өмірдің мағынасы – бұл санамен қабылданған құндылық (құндылықтар), оған адам өз өмірін бағындырады, сол үшін өмірлік мақсаттар қойып, ол жүзеге асырады. Онда қызметтік-құндылықтық сипат бар, ол кімде-кім «жай ғана өмір сүрмей», қандай да бір нәрсе үшін өмір сүру керектігін ойлайтын, сезінетін болса, сонда ғана пайда болады. Мағына – адамның рухани өмірінің құндылықтық –уәжделген саласының элементі.
«Өмір мағынасы» категориясы адам өмір сүруінің сапалық жағын сипаттайды. Ол адам үшін жоғары мақсаттар мен құндылықтардың жиынтығын көрсетеді. Сондай-ақ онда адамның тіршілік қарекетіндегі жалпы адамилықтың, тарихилықтың, әлеуметтік-топтылықтың және жекетұлғалықтың диалектикалық өзара байланысы өз өрнегін табады.
Адамдар олардан өмір мағынасын көре отырып өздерінің жеке мақсаттарына ұмтылады. Және де көбінде адамға өзінің мақсаттары дүниеге байланысты еместей болып көрінеді. Әрине, мақсаттардың сипаты көп дәрежеде нақты адамға, оның тәжірибесіне, біліміне, қоғамдық жағдайына және т.б. байланысты. Алайда бұл өмір мағынасының таза субъективті нәрсе екендігін әсте білдірмейді. Өйткені адамның мақсаттары ол үшін объективті табиғи және әлеуметтік дүниеден туындайды.
Адам – қоғамдық (әлеуметтік) жаратылыс, ал бүкілқоғамдық өмір – адамдардың өз қызметі. Жеке және қоғамдық міндеттер адам қызметіне енеді, оларды ол өз өмірінің мақсаттары ретінде ұғынады. Міне, осы мақсаттар мен құндылықтардың ұғынылатындығы өмір мағынасының субъективтік жағын, яғни оны адамның өзі қалай көретінін құрайды. Өмір мағынасының объективтік жағы – бұл оны қоғамның қалай көретіндігі. Қоғам адамның өз өмірінің мағынасын оның (қоғамның) стратегиялық мақсаттарына барынша қолдау жасауынан көруіне мүдделі, алайда бұл ретте адам, тіпті гуманистік мақсаттарға қол жеткізуде болсын, құрал ретінде ғана пайдаланылмауы тиіс.
Өмір мағынасы туралы айтқан кезде, әдетте, өмірдегі қандай да бір басты, негізгі, неғұрлым маңызды мақсат еске түседі. Адам өмірінің мағынасындағы бастыны, негізгіні бөліп көрсету тұрмыстың ұсақ-түйектеріне мән бермеуге, өз күшін аса маңызды мақсатты шешуге жұмылдыруға мүмкіндік береді. Егер бұл мақсатты оның барынша жалпыланғандығында қарайтын болсақ, онда адамзаттың бүкіл тарихында, соған сәйкес философиялық ой тарихында өмір мағынасының бір-біріне қарама-қарсы екі тұғырнамасы байқалады. Бұл қарама-қайшылық былайша: «ие болу» немесе «болу» нұсқасында тұжырымдалуы мүмкін.
Тарихи тәжірибе көрсеткендей, қоғамда қандай да бір құндылықтық қондырғының таратылуы көптеген факторларға, бірақ бәрінен бұрын онда орныққан қоғамдық қатынастар типіне байланысты болады.
5 Адам қажеттіліктерінің пирамидасы, жалпы сипаты. Махаббат – адамның өмір сүру мәні.
Адамның қажеттіліктері – бүгінде көптеген ғылымдар қарастырып отырған күрделі мәселелердің бірі. Кез келген адамға қалыпты өмір сүру және даму үшін белгілі бір материалдық және рухани игіліктер қажет. Олардың қатарына: азық, киім, баспана, білім, өнер, музыка, дін, тіл және тағы басқалар жатады. Сонымен қатар адамға өзге адамдармен жүздесу, танысу, сыйласу, сүйіспеншілік сезімдері де қажет. Осының бәрін біз қажеттілік дейміз. Қажеттіліктер адамның тілек-қалауын, эмоциясын, ойы мен еркінің бағыттарын айқындай отырып, оны белсенді әрекетке итермелейді.
«Қажеттілік» – организмнің қалыпты өмірлік қызметін қамтамасыз ету үшін керекті талаптарының қанағаттаңдырылмауымен шартталған және сол қажеттілікті өтеуге бағытталған.
Адам тек материалдық қажеттіліктерін қанағаттандырумен шектеліп қалмайды. Қоғамның дамуы адамның әлеуметтік қажеттіліктерін үнемі алға тартып отырады. Белгілі америкалық ғалым А. Маслоудың ілімі бойынша қажеттіліктердің иерархиясына тоқталып кетуді жөн көрдік.
Себебі, казіргі концепциялардың негіздерін салуда Абрахам Маслоу, Фредерик Герцберг және Дэвид Мак-Клелланд еңбектері бүгінде үлкен маңызға ие. Маслоу пирамидасының жалпы құрылымына сыншылар тарапынан түрлі пікірлер айтылады. Оның теориясында қате жақтары болуы, ұсыныстарының бәрі бірдей жүзеге аса бермеуі мүмкін, алайда көптеген ой-пікірлерінің айрықша маңызы бар екендігі сөзсіз.
Дегенмен, Маслоу теориясына сәйкес қажеттіліктердің бес тобы бар.
1 Физиологиялық қажеттіліктер. Олар адам организмінің тамаққа, суға, жылуға, ұйқыға деген қажеттіліктері.
2 Өзіне физиологиялык және психологиялық факторларды кіргізетін қаупсіздіктегі қажеттілік. Адам денсаулығы мен жұмысқа қабілетгілігін сақтап қалу үшін жарақаттанудан қашық болуға тырысады. Адам қауіпсіздікте және жинағының сақталуында психологиялық қажеттілікті сезеді. Қажеттіліктің осы түрі адамдарды өрттен сақтану келісімдерін жасауға немесе өзінің ақшасын банкте сақтауға итермелейді.
3 Әлеуметтік топқа жату кажеттілігі. Адам басқалардың жағынан достық қатынасты кажетсінеді және белгілі әлеуметтік топқа жатуға тырысады.
4 Сыйластық кажеттілігі өзіне өзіндік құндылық сезімінде, сыйласу және топтың басқа мүшелерінің жағынан қадірін арту қажеттілігін енгізеді. Көптеген басқарушылардың іс-әрекеттерінің себебі болып дәл осы қажеттілікті қанағаттандыруға тырысу болып табылады.
5 Өзін таныту қажеттілігі – өзінің мүмкіндіктерін толық көрсету, ол адамның оған деген басқалардың көзкарастарына қарамай өзімен өзі болуға ұмтылу.
Қорыта келгенде, қажеттілік әрқашанда қоғамдық сипатқа ие және қатынастардың барлық саласын қамтитындығын ескеруіміз қажет. Ол адамдардың табиғатқа қатынасын білдіреді де, табиғатты өзгертуге бағытталған адамның дене және рухани күші ретінде көрініс те береді және адамдардың өзара қатынастары болып та табылады.
«Махаббат» – адам болмысының маңызды құрамдас бөлігі. Ол адамның өмір сүруінің ең бастауында, оның психикалық қорғанысы мен тепе-теңдігі, оның қабілеті мен талантында тұр. Махаббат – адамның рухани өзін-өзі жүзеге асыру үрдісінің мағыналы негізі ретінде. Махаббат – бұл адам болмысының экзистенциалы. Махаббат – бұл адамдардың рухани, мағыналық Өлшем деңгейіндегі өзара қарым-қатынасы. Басқа адамның қайталанбас және бірегейлігі, оның терең мәнін тану.
Сенім, үміт және махаббат – біздің өміріміздің іргелі сипаттамаларын білдіретін үш маңызды «оң» экзистенциал. Бұл тұлғаның эмоционалдық-психологиялық жағдайы мен дүниетанымдық құрылымы ғана емес, сонымен қатар қоғамдық және жеке болмыс негізі. Олар адамның өзінде және тұлғаның «өмір әлемінде» қалыптасады. Сенім – өзарасенім негізі. Өзарасенім – адамның басқа тұлғаға қатысты адамгершіліктік құндылығы. Сенім-күрделі және көп өлшемді құбылыс. Онтологиялық тұрғыдан сенім белгілі бір шындық ретінде әрекет етеді. Бұл субъективті шындық. Мұндай нысанда ол жеке субъект деңгейінде бар. Алайда, сенім ұжымдық және институционалдық субъектілерге тән.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
1 «Бақыт» категориясын қалай түсінесіз?
3 «Өмірдің мәні – оның шектеулілігін ұғынудың» сіздің ойыңыздағы көрінісі?
4 Философия тарихындағы өмір туралы ілімнің қайсысы жақын қабылдай алдыңыз және неге?
8 Адамның қажеттіліктері неге үнемі өсіп отырады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет