Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі шырақбек қабылбаев атындағЫ Қостанай академиясы



бет13/50
Дата08.11.2023
өлшемі265,94 Kb.
#190248
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50
Қатты әсер етітін улы заттар жаппай қыру қаруларының біріне жатады. Бұлардын негізін хи- миялык қосындылар кұрайды. Олар адамдарды, жан-жануарларды, ауаны, жер бетін, техниканы, суды және азык-түлікті улайды.
Жаппай қыру мақсатында колданғанда олар тамшы, сұйык, тұман, түтін не бу күйінде болуы мүмкін.
Улы затпен зақымдаудың бірнеше ерекшеліктері бар:
-аз уақыт ішінде жаппай улауға болады;
-aуa, жер кеңістігінде үлкен аумакта улай алады;
-аэрозоль, бу түрінде қорғануы нашар үйлерге, бөлмелерге кіріп кетеді.
-әртүрлі жағдайда, әртүрлі орындарда (тұйық, желсіз жерлерде) ұзақ сакталуы мүмкін.
Улы заттармен зақымданудың жолдары:
-уланған ауамен демалғанда;
-улы тамшылардың теріге не көзге тиюі;
-уланған заттарды ұстағанда;
-уланған азық-түлікті не суды пайдаланғанда.
Улы заттардың ішіндегі көп кездесетіні әрі қатерлісі хлор мен аммиак.
Хлор жасыл-сары түсті өткір иісі бар газ. Хлор ауадан екі есе ауыр, сондықтан хлор бұлты жер бауырлап ұшады.
Оның қайнау температурасы — 34,6 С. Яғни, хлор қыс кезінде де газ түрінде де кала береді. 5-7 атом қысымында тез қысылып, жасыл-сары түсті сұйыкка айналады. Суда жақсы ериді. Өндірістің түрлі салаларында кеңінен қолданылады. Ауыз сулар мен ағын суларды тазарту, зиянсыздандыруға қолданылады. Адамдардың тыныс алу жолын зақымдайды және өкпені ісіндіреді. Ал мөлшері көп болғанда 5-25 минут ішінде адам өледі.
Бірінші көмек, газтұткы кигізу керек, ол аймақтан адамды тез арада таза ауаға шығарып, оттегімен демалдырган жөн. Тыныс алу жолдары зақымданғанда мүсәтір спиртін иіскеткен жөн. Көзін, мүрнын, аузын 2-пайызды соданың ерітіндісімен жуған дүрыс. Хлор ауаға тарағанын естігенде үйдің жоғарғы кабатына шығып кетуге тырысу керек. Хлор тараған аймақтан тез өтіп, жел соққан жаққа кетуге тырысыңыз, бірак жугірмеңіз. Жердің шаңын көтеруге болмайды. Хлормен уланған адамға мүсәтір спиртін иіскету керек. Ыстык сүт, шай беріп, жылы жерге науқасты орналастыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет