Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі шырақбек қабылбаев атындағЫ Қостанай академиясы



бет10/50
Дата08.11.2023
өлшемі265,94 Kb.
#190248
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   50
Байланысты:
Бектурсунова А.МЕЙІРБИКЕ ІСІ НЕГІЗДЕРІ (копия), 0a7ef430cd483f3dcc06384fa76fa259
2. Радиациялық қауіпсіздік
Қазақстан Республикасында адамдардың денсаулығына өте үлкен көңіл бөлінеді, әсіресе экологиялық аппатқа ұшыраған аймақтарда да тұратын халықтардың денсаулығы қатаң бақылауға алынған. Осы айтылғандарды қорыта келе, радиация (сәуле) дертіне шалдықпау үшін халыққа, әсіресе, жеткіншіктерге радиоэкологиядан жан-жақты білім және тәрбие беру екенін естен шығармауымыз керек.
«Халықтың радиациялык қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заны 1998 жылы сәуірде кабылданды.
Осы Заң халықтың денсаулығын иондаушы сәуле соққысына ұрынудың зиянды әсерінен қорғау мақсатында оның радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындагы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Адамдарды радиациядан қорғау Қазақстан Республикасының алдында тұрған аса күрделі мәселе. Радиациялық ластанудың басқа ластанудан көп айырмашылығы бар. Қысқа толқынды электрмагниттік сәуле шығару мен зарядталған бөлшектерді бөліп шығаратын тұрақсыз химиялық элементтердің ядросы - радиактивті нуклидтер. М іне, осы бөлшектер мен шығарылған сәулелер адамның организміне түскенде жасушаларды (клеткаларды) бұзады, соның нәтижесінде түрлі аурулар пайда болады .
Радиациялық ластанудың негізгі көздері - альфа, гамма және бэтта, сияқты радиоактивті сәулелер. Ионданған сәулелер адам, жануар организмдерінде ақуыз, фермент және басқа да заттардың өзгеруіне, яғни сәуле ауруының дамуына әкеліп соғады.
Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:
- нормалау принципi - иондаушы сәулелендiрудiң барлық көздерiнен азаматтардың сәуле алуының жеке мөлшерiнiң жол берiлетiн шегiнен асырмау болып табылады.
- негiздеу принципi - иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалану жөнiндегi қызметтiң барлық түрiне тыйым салу, бұл орайда алынған пайда адам мен қоғам үшiн табиғи радиациялық ортаға қосымша сәуле алу келтiретiн ықтимал зиян қатерi болып табылады.
- оңтайлыландыру принципi - иондаушы сәулелендiрудiң кез келген көзiн пайдалану кезiнде сәуле алудың жеке мөлшерi мен сәуле алатын адамдар санының экономикалық және әлеуметтiк факторларын ескере отырып, мүмкiндiгiнше төмен және қол жетерлiк деңгейде ұстау болып табылады.
- авариялық оңтайлыландыру принципi - төтенше (авариялық) жағдайларда қолданылатын шаралардың нысаны, ауқымы мен ұзақтығы адам денсаулығына зиянды азайтудың нақты пайдасы араласуды жүзеге асырудан болатын залалға байланысты залалдан барынша көп болатындай етiп оңтайландырылуға тиiс болып табылады.
(Қосымша 5 кесте)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет