Халқымыздың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы заңы Қазақстан Республикасы азаматтардың денсаулық сақтауға конституциялық құқығын іске асыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. Денсаулық дегеніміз аурулар мен дене кемістіктерінің болмауы ғана емес, тұтастай тәни, рухани (психикалық) және әлеуметтік саламаттылық жағдайы болып табылады [7].
Адамның денсаулығын биологиялық (іштен туа біткен және жүре пайда болған сырқат белгілеріне қарап) және әлеуметтік факторларды ескере отырып, кешенді түрде анықтайды. Денсаулықты жеке адамның денсаулығы және жалпы халықтың денсаулығы деп бөледі. Жеке адамның денсаулығын, яғни оныңорганизмінің клиникалықфизиологиялық және биохимиялық көрсеткіштерінің жиынтығын адамның жынысына, жасына, сондай-ақ климаттық және географиялық жағдайларына байланыстыра отырып анықтайды. Ал жалпы халықтың денсаулығы санитарлық-статистикалық кешенді көрсеткіштермен, яғни халықтың өсімі, өлуі, балалар өлімі, әр түрлі ауруларға шалдығуы, адамның дұрыс өсіп дамуы, орташа жасы, т.б. факторлар арқылы анықталады. Жалпы халықтың денсаулығының қалыпты болуы – жеке адамдардың ай сайынғы алатын еңбеқ ақысына, жұмыс уақытының ұзақтығына, еңбек және тұрмыс жағдайларына, дұрыс тамақтануына, денсаулық сақтау ісінің даму барысына, елдің жалпы санитарлық жағдайына тікелей байланысты. Адам денсаулығының мән-маңызына қазақ халқы ежелден көп көңіл бөлген; күнделікті өмірде денені күтіп ұстауға, тазалық сақтауға, дұрыс тамақтануға да өте қатты мән берген. Қазақ халқының «Бірінші байлық – денсаулық», «Дені саудың – жаны сау», «Жаны саудың – тәні сау» деген мақал-мәтелдері адам денсаулығын күтуде терең тәрбиелік және философиялық маңызын осы күнге дейін жойған жоқ.
Денсаулық сақтауға аурулардың алдын алуға және оларды емдеуге, қоғамдық гигиена мен санитарияны қолдауға, әрбір адамның тәни және психикалық саулығын сақтап, нығайтуға, оның ұзақ жыл белсенді өмір сүруін қолдауға, денсаулығынан айырылған жағдайда оған медициналық көмек ұсынуға бағытталған саяси, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, мәдени, медициналық сипаттағы шаралар жүйесін жатқызады.
Денсаулық сақтау жүйесі дегеніміз қызметі азаматтардың денсаулық сақтау құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органдар мен денсаулық сақтау субъектілерінің жиынтығы болып табылады.
Денсаулық сақтау саласындағы сараптамаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау қызметінің әртүрлі салаларындағы құралдардың, әдістердің, технологиялардың, білім беру бағдарламаларының, көрсетілетін қызметтердің деңгейі мен сапасын белгілеуге бағытталған ұйымдастырушылық, талдамалық және практикалық іс-шаралар жиынтығын жатқызады.
Денсаулық сақтау ұйымына денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға жатады.
Мемлекетіміздің жол жүрісі туралы заңы жол жүрісінің жұмыс істеуі мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздері мен жалпы шарттарын белгілейді. Жол дегеніміз көлік құралдарының жүрісіне арналып жасалған немесе икемделген және пайдаланылатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен мемлекеттік есепке алынуға жататын, бөліп берілген жердің бүкіл белдеуі не жасанды ғимараттың үсті болып табылады,сонымен қатар жол жүрісі дегеніміз адамдар мен жүктің жолдар шегінде көлік құралдарының көмегімен немесе оларсыз орын ауыстыруы процесінде, сондай-ақ осы орын ауыстыру шарттарын реттеу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастар жиынтығы болып табылады.
Оған жататын келесі негізгі ұғымдар.
Жол жүрісінің қағидаларына Қазақстан Республикасының аумағындағы жол жүрісінің бірыңғай тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық актілерды жатқызады болып табылады.
Жол жүрісіне қатысушы дегеніміз жол қозғалысы процесіне жаяу жүргінші, жолаушы немесе жүргізуші ретінде тікелей қатысатын адам болып табылады, ал жолаушы деп,көлік құралының ішіндегі (үстіндегі) және оны басқармайтын адам, жүргізуші ол, көлік құралын (велосипедтерді қоса алғанда) басқаратын адам, жүгі бар немесе салт жануарларды немесе табынды жол бойымен айдап бара жатқан адамды айтады.
Жол-көлік оқиғасы дегеніміз көлік құралының жолдағы жүрісі процесінде және оның қатысуымен туындаған, адамдар қаза тапқан немесе жараланған, көлік құралдары, құрылыстар, жүктер зақымданған не өзге материалдық залал келтірілген оқиға болып табылады [8].
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарына тікелей байланысты өзге де қатынастарды еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға, еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтардың ең төмен кепілдіктерін белгілеуге бағытталған құқықтық реттеу болып табылады. Еңбек дегеніміз адам мен қоғамның өміріне және қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметін айтады.
Оған жататын келесі негізгі ұғымдар.
Демалыс дегеніміз жұмыс орны (лауазымы) мен осы Кодексте белгіленген жағдайларда орташа жалақысын сақтай отырып, қызметкердің жыл сайынғы тынығуын қамтамасыз ету немесе әлеуметтік мақсаттар үшін қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату болып табылады.
Жалақы дегеніміз қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайына байланысты еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер болып табылады.
Жұмыс беруші дегеніміз қызметкер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға болып табылады.
Жұмыс уақыты дегеніміз қызметкер жұмыс берушінің актілеріне және еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт, сондай - ақ осы Кодекске сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған өзге де уақыт кезеңдері болып табылады [9].