Өмір сүру әрекеті - адам ағзасында жүретін күрделі биологиялық үрдіс, ол адамның денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігінің сақталуына мүмкіндік береді. Биологиялық үрдістің жүруінің қажетті әрі міндетті шартты, әрекеті болып табылады.
«Әрекет» сөзі қоғамдық субъект «адамның» тіршілік eтyiндeгi жан-жақты үрдістерді, жекелеген қажеттіліктеріне, мақсаттары мен міндеттеріне орай табиғи және әлеуметтік нақтылықтарды өзгерту үрдістерін білдіреді.
Тіршілік ету әрекетінің қауіпсіздігі адамның адамзат әpeкeтiнiң барлық қалалардағы қауіпті және зиянды факторлардан қорғану, тіршілік ету ортасында қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау теориясы мен тәжірибелік практикасын қамтитын ғылыми білімдер саласын білдіреді.
«Тіршілік қауіпсіздік негіздері» пәні бойынша дәрістің конспекті пәннің ақпараттық мәліметінен құрылады және адам ағзасына зиянды факторлардың әсерін алдын-ала ескеруден, бейбітшілік және төтенше жағдай пайда болу кезіндегі өндірістік, тұрмыстық ортада қауіпті факторлардың әсер етуінен пайда болатын зардаптардың жою негіздерінен, «адам – өмір сүру ортасы» жүйесіндегі қауіпті және зиянды факторлардың идентификацияның сұрақтарын баяндаудан, сонымен қатар алғашқы көмек көрсету кезіндегі қажетті медициналық қысқаша мәліметтерден тұрады.
Адамның өмір сүруінің әр түрлі жағдайларда қауіптен қорғау мәселелері әлемде біздің ата-бабамыздың пайда болуымен туындаған, әсіресе биологиялық әлемнің өкілдерінен адамдарға қауіпті табиғи құбылыстар зиян келтірген.
Қазіргі кезде адам көбінесе өзімен жасалған қауіптерден (жол-көлік оқиғалары, өндірісте қайтыс болу, алкогольдан өлім жағдайлары және т.б.) зардап шегеді. Статистикалық мәліметтер бойынша адамдар табиғи, антропогенді, биологиялық, экологиялық, қоғамдық апаттардан өледі, ауру және мүгедек болады.
Көптеген ғалымдардың еңбектерімен қазіргі уақыттағы қауіптерден адамдарды қорғау әдістерін және құралдарды әзірлеу үшін ғылыми алғышарттар жасалынған.
Тіршілік қауіпсіздік негіздері (ТҚН) қауіпті және одан адамдардың қорғауын зерттейтін кешенді ғылыми пәні болып саналады.
Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекет, қоғам, тұлға үшін міндетті болып табылады.
«Қауіпсіздік» деп қазіргі сатыдағы ғылыми және экономикалық өсуінен төнетін қауіп деңгейімен түсіндіріледі. Қауіпсіздік идеологиясын құру, қауіпсіздікті ойлауын және мінез-құлқын жасау үшін қажетті оқу пәні - «Тіршілік қауіпсіздік негіздері» болып табылады.
Тіршілік қауіпсіздік негіздерін меңгерген адам қауіптен сенімді қорғалған, басқа біреуге зиян келтірмейді, қауіпті жағдайларда сауатты іс-әрекет жасау қабілеттілігі бар болып табылады. Тіршілік қауіпсіздік негіздері адамның өмір мен қызмет үрдісіндегі кездесетін барлық қауіпті қарастырады.
Тіршілік қауіпсіздік негіздері міндеттері:
-өмір сүру ортасының жағымсыз әсерінің идентификациясы (тану және сандық баға) ;
-адам ағзасына зиянды факторлардың әсерін ескерту немесе қауіптен қорғау;
-қауіпті және зиянды әсерлердің зардаптарын жою;
-адамның дұрыс өмір сүру ортасын құру.
Тіршілік қауіпсіздік негіздері көрсеткіші өмір сүру ұзақтылығы болып табылады. Даму және жетілуімен байланысты (ғылымның, техниканың, экономиканың және т.б. дамуы) зиянды факторлардың саны өсуде, бірақ негізгі элементі одан қорғану болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |