Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі шырақбек қабылбаев атындағЫ Қостанай академиясы


тақырып. Қауіпті және зиянды әсерлердің жіктелуі



бет9/50
Дата08.11.2023
өлшемі265,94 Kb.
#190248
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   50
Байланысты:
Бектурсунова А.МЕЙІРБИКЕ ІСІ НЕГІЗДЕРІ (копия), 0a7ef430cd483f3dcc06384fa76fa259
2 тақырып. Қауіпті және зиянды әсерлердің жіктелуі.
Радиациялық және химиялық қауіпсіздік
1. Қауіпті және зиянды әсерлерді жіктеу.
2. Радиациялық қауіпсіздік.
3. Химиялық қауіпсіздік.
1. Қауіпті және зиянды әсерлерді жіктеу
Қауіп дегеніміз - ол, жеке адам басына және елді мекендерге, олардың денсаулығына және тұрмыстарына басқа да матералдық шығын келтіретін жағымсыз әрекеттерді айтады [10, 7 б.].
«Қауіп» категориясын жіктеген кезде мына мән-жайларды ескеру керек:
1.«қауіп» - адамдарға, материалдық және табиғи ресурстарға зиян келтіретін жағымсыз әрекетері айтады.
2.«қауіп» - адамзаттың өміріне қауіп-қатер тудыратын жағымсыз әрекеттерді айтады.
3.«қауіп» - адамның жеке басына әлеуметтік және рухани қажеттілікті қанағаттауға кедергі болатын жағымсыз жайттарды айтады.
(Қосымша 3 кесте).

Қауіпсіздікті қамту үшін әбір адам қауіп-қатер тудыратын жағдайларды дер кезінде тауып оны ығыстырып, жойған кезде ғана мақсатқа жетеді.


Тіршілік қауіпсіздік негіздері - қауіп-қатерді және одан қорғанысты оқып білетін, ғылыми пән.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдары ұжымдық қорғану құралдары және жеке қорғану құралдары болып бөлінеді. Кең мағынада алсақ, қауіпсіздік құралдарына адамға қауіптерден қорғаныс болатын барлық іс-қимыл, қызметтерді жатқыза аламыз. Нақтырақ айтсақ, олар – тәрбие, білім, денсаулықты нығайту, тәртіптілік, денсаулық қорғау, мемлекеттік басқару орындары және т.б.
Қауіпсіздік құралдары ең басты қасиеттердің бірі – сенімділікке ие болуы керек. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және еңбекті қорғау бойынша жұмыс беруші мен жұмысшылардың міндеттері мемлекеттің еңбек туралы заңдылықтарында көрсетіледі.
(Қосымша 4 кесте)
Зиянды заттар дегеніміз – ол, қауіпсіздік талаптары бұзылған жағдайда пайда болатын, адамзаттың денсаулығына және өміріне, науқастар мен басқа да жағымсыз әрекеттерді тудыратын бұйымдар, әр-түрлі заттарды айтады. Оны, адам ағзасына демалу мүшелері арқылы, асқазан-ішек тракті мен тері арқылы сіңіп, оның тіршілігіне, іс-әрекетіне зиян келтіретін зиянды заттар – улы немесе уытты заттар болып табылады.
Адамның тыныс алу жолдары арқылы өте зиянды газдар мен булардан бүкіл ағза уланады немесе ағзаңым жеке бөлігі улануы мүмкін. Сондықтан, зиянды газдардың әсерінен төмендетілетін шараларды жете зерттеуден бұрын, сол газдардың және зиянды булардың түсу жолдары мен қоюлығын анықтау қажет.
Қауіптерді негізгі 3 факторларға бөлуге болады:

  1. Табиғи-экологиялық – адам өміріне апаттардың зиянды әсерінен немесе заттар миграциясының табиғи геобиохимиялық циклдерінің антропогенді бұзылуынан туындайтын қауіптер;

  2. Техногенді-өндірістік – технологиялық объектілерде жиналған энергияның қажетсіз қалдықтарынан болатын қауіптер;

  3. А нтропогенді-әлеуметтік – ақпаратты бұрмалау немесе әдейі жасырудан және де оны адамдарға жеткізу мен қабылдау ерекшеліктерінен болатын қауіптер.

Жұмыс аймағында газдар мен булардың қоюлығын төмендететін шараларға мыналар жатады: механикаландыру, автоматтар қолдану, технологиялық процестерді герметизациялау (технологиялық жабдықтардың ауамен қатынасы болмауы), жергілікті жайларда ауаны сорып шығытын жабдықтар қолдану және жалпы желдеткішті тиімді пайдалану (өндіріс процестерінің рационализациялау).


Мысалы, универсалды респираторларды, противогаздарды, арнайы киімдерді пайдалана білу керек.
Экспрестік әдіс өте жылдамдықпен зиянды газдар мен булардың қоюлығын (концентрация) анықтайды. Ол үшін тексеруге арналған ауаны индикаторлық ұнтағы бар түтікшеден сорып өткізеді.
Зиянды ауаның әсерінен түтікшедегі индикаторлық ұнтақ өз түсін басқа бояуға өзгертеді. Түсі басқа бояуға өзгерген индикаторлық ұнтақ, түтікшенің ұзындығы сол зиянды ауаның қоюлығына және ауа сору уақытына тікелей қатынаста болып табылады.
Зиянды газдар көбінесе адамның демалыс органдары арқылы түсіп қана тарайды, сондықтан да ауа бассейнінің барлық уақытта таза ұстауға арналған дер кезіндегі шаралар еңбек қорғаудың негізгі мақсаты болып табылады.
Таза да кебу ауа бірнеше газдардың қосындыларынан тұрады.Мысалы: азот (70 %), кислород (21 %), көмірқышқыл газы, басқа да активті (1 %) және күкірт (1 %) газдардың қосындылары. Ал, өндіріс жағдайларында көбіне ауа адам денсаулығына зиянды булар және газдармен ластайды. Мысалы, машиналар жүріп-тұратын жерлерінде ауа аммиякпен, күкіртті сутегі және басқа да зиянды газдармен ластайды. Сонымен қатар кейбір зиянды булар мен газдар қопарылыс беретін қоспа құруы да мүмкін. Мысалы, аммияк, бензин және басқалар.



факторлар





дәрежесі бойынша ағзаға әсері

сипаты бойынша ағзаға әсері



зиянды

қауіпті




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет